Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет106/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

Екінші кітаптың соңы
1949-1955 жылдар.


ҮШІНШІ КІТАП
БІРІНШІ ТАРАУ
(Роман)
ӨМІРДІҢ ӨРІНЕ
СƏКЕННІҢ САЛТТАРЫНАН
Лениннің азалы күндері алыстаған сайын, менің сырқатым да күннен
күнге тəуірленуге айналды. Шамасы он шақты күнде таяққа сүйеніп,
тарлау, оңаша палата ішінде жылжып жүруге іліктім.
Білетін адамдардың айтуынша, Жайық өзенінің жағасындағы шоқша
ағаш ішіне орналасқан бұл емхана, XVII ғасырдың бас кезінде, Орынбор
қаласымен қатар салынған, алғашқы жүз жылда ол шекаралық
комиссияның əскери госпиталы болып келген де, одан кейін азаматтық
емханаға ауысқан. Алғашқы кезде емхана қалың орманның ішінде екен.
Қаланын, тұрғын халқы ол орманды жыл сайын құрылысқа, отынға кесіп,
шексіз қалын, жыныс кейінгі кезде сиреген, шағын шоқшаға айналған,
шегіне жеткенше жуандаған қайын, мен теректердің басқы бұтақтары
молтақтанып қуарған, олардың басы толған қарғалардың ұялары.
Мен алғаш он шақты күнімді осы кең палатаның ішінде, тығыз
орналасқан сырқаттардың арасында өткіздім. Оқушыларға ескерте кететін
бір нəрсе — емханаға түскен кездегі денемнің қызуы əдетте, сырқат кісінің
дене қызуы «40»-қа жетуі, өміріне қауіп туғызады. Ал менің алғашқы екі-
үш күндегі қызуым «41»-ден асып, төрт ондыққа барған. Бұны мен кейін
сауыға бастағанда ғана білдім. Осы жайды кеңес қылған емдеуші дəрігер:
— Бұндай қызуды көтере алатын жүрек өте сирек кездеседі,— дей келіп,
— себебін білуге тырысқанда,— бір ғана жорамал табылды, ол — менің
балалық шақта өте ауыр тұрмыста болуым.
Шамасы он екі, он үш жасымда, қар аласапыран болып еріп жатқан
кезде, өмірдің талқысымен, алысырақ ауылдағы бір туысыма жаяу баруға
тура келді. Ауа райы «қара дауыл» аталатын суық. Үстімде жамаулы жұқа
киім. Аяғымда жұлығы жыртылған сірі етік. Осы киіммен еріп жатқан
соқта қарды кешіп туысымның үйіне жеткенде, өтіп кеткен ызғардан
аяқтарым түгіл, бар денем долыра қызарып ісініп кеткен екен. Содан тек
қана тамағымның безі көтерілгені болмаса, ауырмай аман өтіп кеттім. Сол
сияқты жайларымды тыңдаған дəрігер:
— Қырық бір жарым градустық қызуды көтеруіңе себеп, денеңнің солай


шынығуынан екен,— деді.
Емханаға түскен күндерден бастап, менің қамқоршым — обкомның
екінші секретары Абдолла Асылбеков болды. Ауыр күндерде де, жеңіл
күндерде де ол күн сайын келіп, емханадан табылмайтын дəрі-дəрмекті,
көңіл шабатын ас-суды жеткізіп тұрады. Өзінің қолы тимеген күндері,
басқа біреулерді жұмсайды.
Аузымның дəмі кіріп, асқа қараған соң-ақ, мен тез торалуға бет алдым.
Аз күнде төсектен тұрып, палата ішінде таяқпен жылжып жүруге
айналдым. Бұл күндері жалғыз ғана ыңғайсыз нəрсе—маған сырттан дəмді
астардың келуі. Отанның шаруашылық күйі биыл жақсарғанмен, ас-су
молайғанмен, емханадағы сырқаттарға берілетін тамақ əлі жайсыздау екен.
Соған ренжитін олар, маған келетін тəуір тамақтарды көріп, күндеуге
айналды. Осындай сөз қарсаңында, оларға «өкімет мүшесімін, қаражатым
жетеді» десем, «ə солай ма?» деп тіпті даурығатын түрлері бар. Сондықтан
«қайдан 
келіп 
жатыр, 
бұл 
дəмді 
астар?» 
деген 
сұрауларына,
«жақындарымнан» дей салам, олардың кім екенін айтпаймын. Асылбековті
«кім?» деп сұраса, «туысым» деймін. Оған емхананың жайын айтсам,
«тиісті жерлерге жеткізіп көрейін» дейді, кейін — шара қолданбақ болды
дейді. Бірақ, ол шарадан хабар жоқ.
Сондай күндердің біреуінде, сестра келді де:
— Саған жолығуға совнаркомның председателі Сəкен Сейфуллин келді,
— деп хабарлады.
— Ə-ə,— деп, шу ете түсті сырқаттар,— Мұқановқа дəмді астың қайдан
келетіні енді ғана мəлім болды.
— Ол кімің еді? — деген сұрау қойды сырқаттар маған. Мен шынымды
айтып, Сəкенге жазушылық жағынан жақындығымды білдірдім.
— Сондайың бар жігіт пе едің? — деп таңданды олар. Мен сестраға еріп
палатадан шығарда,-— өз қамыңды ғана ойламай, бізді де ескер, бұндағы
ауыр жайды айт, жеңілдетуге жəрдемдессін,— десті.
— Мақұл,— дедім мен.
Бас дəрігердің кабинетіне барсам (бірінші баруым), Сəкен құндыз
жағалы пальтосының түймелерін ағытып, құндыз бөркін қолына ұстап, кең
бөлмеде ерсілі-қарсылы жүр екен, бірер рет қана алыстан көрген қоңқақ
мұрын, ақ мұрт, көзіне шынысы қалың пенсне киген бас дəрігер орындықта
отыр екен. Ленин өлген хабары жарияланғаннан кейін, оның азалы
күндеріне қатынаспақ боп, Сəкеннің Қазақстан өкілдерін бастап Москваға
кеткенін білем, одан қашан оралғанын білмеймін. Мені көріп тоқтай қалған
Сəкен, сəлемімді беріп үлгірмей:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет