Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет73/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107
СОРЛЫ САУЫТ
Пыласкеуден аттанғаннан кейін, біз менің жездем Сауыт үйі отырған
Құсайын хажының аулына тарттық та, оған ымырттатып жеттік. Күйеудің.
қайны, — сол ауылдың əрі байсымағы, əрі бишігеші — Құсайын хажының
Оспаны деген кісі екен. Мен ол үйге күйеумен еріп бармай, жолдағы
Сауыттың үйіне түсіп қалдым. Бастаған балаға еріп, қора -қопсысы
шағындау үйдің шарбағына кірсем, Қаракөлеңке шақта кішірек бойлы,
сақалды əлдекім сыпырып жүр екен, қасында шамасы жеті-сегіз жастағы
еркек бала ойнап жүр.
— Ассалаумағалайкүм,— деп мен сақалды адамға сəлем беріп, қол
ұсынғанымда ол:
— Уағалайкүмүссəлем, — деп қолымды алды да жатырқағандай
кескініме үңіле қарады.
— Ия, қайдағы баласың? — деп сұрады ол.
— Бұл үй Сауыт деген кісінікі ме? — дедім мен.
— Ия.
— Ендеше, мен сол Сауыт деген кісінің балдызы болам, Мұқан деген
кісінің баласымын.
— Өй, бала, не деп тұрсың? — деді сақалды адам селт ете қап,
таңданған дауыспен.— Рас, Мұқанның баласымысың?
— Рас.
— Қарағым - ау, не дейді?!.. Нанайын ба, нанбайын ба?!. деп кескініме
төне қараған сақалды адамға қысқаша мəн - жайымды айта бастап ем:
— Ендігісін айтпай-ақ қой! Келе ғой, жетім бақыр! — деп сақалды адам
мені құшақтай ап бауырына қатты қысты да, екі жақ бетімнен құшырлана
иіскеді.
— Ой, астапралла - ай! — деді ол құшағын жазғасын, — құлақ естігенді
көз көреді деген рас екен-ау! Өткен күз Омбыға оқуға кетіп баратқаныңды
Мəулітте тұратын бір танысымнан естігенде нанбап едік, енді міне көрдік
те!..
Сақалды адам жылаған қалпын көрсетіп, жеңімен көзін сүртті.
Қасындағы кішкене бала маған таңдана қарап үңіле түсті.
— Кім деп тұрсын, мені? —деді сақалды адам қоңқақ ұзын мұрнын


сіңбіріп ап.
— Білмей тұрмын...
— Ендеше, Сауыт деген жаман жезден, мен боламын, шырағым.. Мынау
кішкентай,— деді ол қасындағы баланы нұсқап,— кіші жиенің. Бара ғой,
Ғабдеш, нағашыңа! — деп, Сауыт баланы бері қарай итеріп еді, жатырқады
ма, əлде қымсынды ма,— бала шегіншектеп жоламады.
— Апаң үйде,— деді маған Сауыт.— Сенің барыңды естігелі көрер
күнім бола ма, деп ағыл-тегіл жылауда. Ал, енді, сені ол ойда жоқта көрсе
жүрегі жарылып кетер. Мен əуелі айтып шығайын.
Үйіне жүгіре басып кеткен Сауыт, төз қайта шықты. Оған ере ұзын
бойлылау əйел шықты да, жыламсырағаң дауыспен.
— Бетім - ау, не дейді, осы тұрған бала ма? — деп қарсы жүрген мені
құшақтай алды да, сыңсыған дауыспен, төркінін сағынған кеп сөздерін
айтып, ұзақ уақыт жылады. Егер, сол араға жинала қалған əркімдер,
«Дəмеш о неғылғаның сонша жылап? Іздеп келер інің, болмаса қайтер
едің? Бұ да құдайдың, саған бергені,— артыңнан қара ергені! Қой,
жылама!..» деп айырмаса, Дəмеш құшағын əлі де біраз уақытқа дейін
жазбас па еді, қайтер еді... Дəмеш құшағын жаза берген кезде:
— Біздің əлгі Əшкəр күйеу келген үйде жүр-ау,— деді Сауыт,—
нағашысының келгенін білмейді - ау, ол. Жүгіріңдерші біреуің, барып
шақырыңдаршы!..
Ересектеу бір бала жүгіріп кетті, біз үйге кірдік, Ағаштан салынған бұл
үй, шағындау ғана жалғыз бөлме екен. Үйдің бір бұрышындағы пеште
лаулап жанған оттың қызғылт сəулесі, бөлме ішіндегі көлеңкені жеңе алмай
тұр.
— Кəне, шам жақсаңдаршы! — деген біреуге:
— Осы үйде кəрəсін жоқ шығар,— деді Сауыт,— білтең қайда, Дəмеш?
Соны тұтат!
— Құда келгенде білте шам жағу ұят болар,— деді бір шал қалжыңды
дауыспен.— Біреуің біздің үйге барып, кəрəсін лампыны əкеле қойыңдар.
Шамнан бұрын топырлап кіріп жатқан жұртқа араласа, жасы мен
шамалас, кескіні де маған ұқсастау, бірақ бойы менен сұңғағырақ, мұрны
менен гөрі қырлырақ бір жас жігіт «кəне, нағашым?» деп қуана кірді де,
ешкім «мынау» демей-ақ, менімен құшақтаса кетті.
— Əшкəр деген жиенің осы,— десті əркімдер.
— Екеуінің қаны бір - ау, қанша айтқанмен, жобаларының, ыңғайлас


келуін қарашы! — деп таңдана күлісіп ж атты біреулер.
Кешікпей басқа үйден əкелген шам да жағылды. Мен апамның шын
бейнесін енді ғана айқын көрдім. Тек, бетінің сүйектілігі, орта
жасағандықтан бет ажарының əжімденуі, денесінің толықтығы болмаса,
бұл апайдың кескін - кейпі мен тұлғасы менің тетелес апам Ұлтуғаннан
аумайды. Бұл да заманында сымбатты, көркем кісі болған.
Жездем Сауыт күйкілеу, еңістеу кішірек денелі, қоңқайған зор жəне ұшы
ерніне асыңқырап тұратын ұзын мұрынды, сопақтау ұзын бетті, шоқша
ұзын қара сақалды адам екен. Жүріс-тұрысына, сөз əлпетіне қарағанда
бұйығылау, момындау біреу сияқты, билігі менің апамда сияқты. Мəна,
тыста көбірек сөйлеген қартаңдау адам — Сауыттың інісі Сəду екен. Ол
əуелі, «Дəмеш інісінен бүгін бар дəмді аяйды деймісің» деп қалжыңдады
да, артынан шайға жасалған дастарқанның үстіне нан мен май молырақ
келе бастағанда:
— Əу, Дəмеш, сен ініңнен аянбайды дегенге, кебежеңді тақырлап, бұдан
кейінгі қонағыңа ештеңе таба алмай жүрме! — деп еді:
— Табылмаса, ештеңе етпес. Баяғыдан бері осы үйдің асын ішкен
қонаққа мүйіз шыққан жоқ. Бар болса ішер, жоқ болса қояр. Көрдегім
тіріліп келмеді демесең, төрдегі барым осы. Бұдан аяғанымды ит жесін,—
деді.
Біраздан кейін шөгенге піскен ет те түсірілді. Ескілеу кең ағаш табаққа
салынып біздің ортамызға келген ет семіздеу торпақтікі екен. Бұл үйдің
шаруа күйін əлі сұрастырмағаныммен, мына етке қарап шамалай қойдым.
Соғымы бұзау-торпақ болған үйдің, шаруасы одан артықты көтере
алмайтынын, мен бұдан бұрын да талай кедей қазақтың үй тұрмысынан
көретінмін.
Ертеңіне мал жайлауға ерте тұрған жездеме еріп тысқа шықсам, түндегі
жобам дұрыс екен. Бұл үйдің бар малы бұзаулайтын екі сиыр жəне бір
құнажын байтал. Қой-ешкісінің бар саны бесеу – алтау - ақ. Солардың
қорасын күреп, жемін беріп жүріп Сауыт жездем маған шаруа күйін
қысқаша таныстырады.
— Бұрынғылар айтады екен,— дейді ол ұзын мұрнын, қора ішін басына
көтере бір сіңбіріп қойып,— «сыпайы сырын жасырмайды, пұшық мұрнын
жасырмайды, жақсы таз басын жасырмайды, жақсы кісі асын жасырмайды»
деп. Сол айтқандай, сенен несін жасырайын, шырағым, мен он жасымнан
бастап жалшылыққа тұрған адаммын. Апаңа үйленген соң, екеуміз де
жалшылыққа тұрдық,- Содан босанып шыққанымызға бес – алты - ақ жыл
болды. Бір ретте есептеп көрсем, мен кісі есігінде қырық екі жыл тұрған
екем. Апаң отыз жылдан артық тұрған екен. Сонда осы маңайда біз
жұмысын істемеген қазақтың да, орыстың да байы жоқ. Орыс арасында да
көп жүрдім. Бірақ, құданың құдіреті, ақпа құлақпын ба, немене, əлі күнге


дейін орыстың «но» дегенін білмеймін. Өзім қазақша да оқыған кісі
емеспін, əліпті таяқ деп білген емен.
— Сонан,—- дейді Сауыт, істеп жүрген жұмысын біраз меңгеріп ап,
күрегіне сүйеніп тұрып, — əлгі бір Əшкəр деген жаман жиенің туды. Сен
туған жылы мен сенің үйіңе барып қайтқам. Біздің Əшкəр да сол жылы
туған, екеуің құрдассыңдар, жылдарын, «сиыр». Əшкəрдің артынан ұзақ
уақыт ұл тумай жүріп, əлгі бір Ғабдеш деген кішкентайды көрдік. Ол екі
арада туған бес қыздың үшеуін өсіріп ұзаттық, екеуі кішкентай күнінде
өлді. Сонан мынау Əшкəр ер жете бастаған соң, өзімнің қаршадайымнан
кісі есігінде жүргенім жетер, мұны да кісі есігіне сап, тесік екпе қылмайын
дедім де, туған ауылыма көшіп келдім...
— Бұрынғылар айтқан емес пе,— деді Сауыт күрсініп ап,— «ағайын
малын, болса көре алмайды, кедей болсаң үлесіп бере алмайды» деп,
«жыласуға өзі жақсы, сыйласуға жат жақсы» деген екен. Сол сөз рас екен.
Алыста, жалшылықта жүргенде бауырсырап кісінесетін туыстар, енді
мұнда кеп, ауыл-үй қонғанда, тістесуге айналды. Мен дау -шардың кісісі
емеспін. Ұя бөрік, жуан қоныш қана, момын шаруаның біреуімін. Біреу
айтқан екен «момын дегенше, б... десейші» деп, сен момынсың деп ешкім
аямайды екен! Момынның ақысын күшті жей береді екен, күшті туысын,
саған алыста жүргенде ғана «ағайын» екен. Жақындасып кетсе, ең алдымен
желкеңе сол мінеді екен...
— Олай дейтінім,— деді Сауыт тағы бір күрсініп ап,— біздің бұл
ауылдың дəулет жағынан да, атқа мінерлі жағынан да шек - шығары
Құсайын хажының Оспаны. Андағұл руының ішінде бізді Өтеміс дейді,
Оспан да, мен де Өтемістен тараймыз, арамыз төрт-бес - ақ атаға келеді.
Бірақ, менің, қас жауым сол Оспанның өзі боп шықты. Алыста жүргенімде
бауырсырап кеп, «қасыма кеш, ашты-тоқты болсақ та бірге отырайық»
дейтін Оспан, енді, көшіп келгенде, өзге жақсылығы былай тұрсын, осы
бір-екі қарама шөп шауып алатын жер де бермейді. Біздің бұл арада
шабындық жер— Есіл бойында ғана. Оған біздің қол жетпейді, жетпейді
емес-ау, жеткізбейді.
— Біздей кедейлер,— деді Сауыт күрсініп ап,— осы маңайдағы бозды,
жарықшаларды, томардың төңірегін ғана шабады. Ал, маған тиген жерді
өзіңе көрсетсем, зəрең кетіп, жағаңды ұстар ең: айналасы бірер шошақ шеп
жаңбырлы жылы ғана шығады, жаңбырсыз жылы бірер арба шөпті
ұстарамен қырған шаштай ғып əрең қырып аласың.
— Сол жердің өзі де елдің жайлауға көшетін жолында.. Ел жайлауға
көшіп бара жатқанда үстін баса өрген мал, ол араны бір таптап өтеді. Оған
кейін тірілген шөпті, ел жайлаудан қайтқанша шауып, қораңа тасып
алмасаң, қайтқан елдің малы тағы да тапап кетеді...
— Биыл сондай күйге ұшырадым, шырағым. Əлгі Əшкəр деген жиенің
жасы жетіп қалғанмен, жұмысқа жалқаулау жəне жалғыз бала болған соң,


жанын ауыртып жұмысқа да салғым келмейді. Апаң болса, қартайды. Ол
енді, бел буып шалғыға түсе алмайды, сондықтан, осы үйдің азың – аулақ
шаруасын бағып-қағатын менмін.
— Мен де қайбір құлан-таза сау кісімін. Қырық жыл тұрған
жалшылықтың сарқыншағы денеде қалмады деймісің. Бойымда сарсығым
көп, кейде тер қысып, домаланып жатып та қалам. Құяң ба, немене, кейде
жұлын тұтам да көтертпей, белім де бастырмай қалады. Сарсық түскені ме,
немене, буындарым да баяғыдай емес, кейде кілтілдеп жүргізбей қояды.
Оның үстіне жас та жетіп қалды, жəне қай бір жас ол,— ылғи бейнетте
өткен жас!..
— Соның бəрінің кесірінен биыл сыбағалы жерімді көзінде шауып ала
алмай, айналасы бірер арба ғана шөп жинап алуға құдіретім əрең жетті.
Онымен мынау азғантай малды асырап шыға алмайтын болған соң
күздігүні əлгі Əшкəр жиеніңді, мына жақын жердегі Арқалық аталатын
орыс қаласының бір байына егін жинасар кезде жұмысқа беріп, малымды
соңын, ақысына алған сабанмен ғана асырап келем.
— Əме бір,— деді Сауыт, шарбағының түбінде шоқиып үюлі тұрған
азын-аулақ шөпті саусағымен нұсқап,— азғантай жоңышқаны ертең
малдың жас теліне керек болар деп сары майдай сақтап тістелеп отырмын...
Сəду айтқандай, апам Дəмеш өткен түні менің келуімді қуаныш
көргендіктен, расында бар етін асып бітірген екен. Одан кейінгі қалған-
құтқаны бірер күн турамшылап сорпа болуға əрең жетті. Оның артынан
Сауыт менен ұялғандай əр жерден ет іздеген болып еді, ақысыз ет қайдан
табады!..
Біздің одан кейінгі күн көрісіміз шайда ғана қалды. Ол да сүтсіз қара
шəй. Жəне тағы да шай алуға қалтасы қағылып отырғандықтан, апам
шүмегі кетік аққұманға ақ судың түсін ғана өзгертерліктей ғып шайды
сұйық шығарады... Сонда, тойып жейтін нан жетіп тұрса бір сəрі ғой. Бұл
үйдің шағынсынуынан емес, ұнының тапшылығынан, тағы да ұн сатып ала
қоюға күшінің жоқтығынан нанға көбінесе тақыл-тұқыл боп қаламыз...
Жездем үйінің осындай əлсіз халін көргеннен кейін, масыл боп отыра
беруге ұялып, мен кəсіп іздеуге тырыстым, ойым егер ретті ауыл табыла
қалса мұғалім боп балаларын оқыту. Сұрастыра келе ондай ауыл табылды
да. Оған барардың алдында, мен бұл маңайдағы ен, қарт туысым деп
естіген Жабайды көріп, сəлемдесуге аттандым
.
Естуімше, Жабай менің əкем Мұқанның шешесі — Қағазбен бірге
туысқан адам. Сауыттың айтуынша ол қазір тоқсан жастан асып отыр,
бірақ, есі де, жүрісі де тын, шаруасы өте нашар... Ол тұратын Сақтаған
ауылы Сауыттың аулынан жеті-сегіз шақырым.


Сондай жақын жерге, менің Сауыт үйіне келген соң-ақ барып қайтқым
келді, бірақ оған ат табылмады. Сауытта жалғыз-ақ жылқы бар, о да болса
көтеремнің аз-ақ алдындағы арық. Мен Сауыт үйіне келе қар еріп дүние
ылайсаң болып кетті. Ондай кезде Сауыттың көріп кісі көтермек түгіл
аяғын да алып жүре алар емес.
Қар кетіп, жер дегдігенше біраз уақыт өтіп кетті. Жер құрғап кек шығуға
айналған кезде, Сауыттың керігін мініп, көптен көруге аңсаған Жабай
қартқа аттандым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет