Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет96/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

БОЛЫСТЫҚ РЕВКОМДА
Көкшетау қаласында біз қар аласапыран боп ери бастаған кезде жеттік.
Омбы мен Қызылжарға көзім үйренген мен, Көкшетау қаласын менсінген
жоқпын. Оның атағына көлемі де, көшелері де, үйлері де үйлеспейді екен.
«Көкшетау» деген атағын естігенде, ең алдымен, мен қаланың қасында
алыстан көгеріп көрінетін тауы болар деп жорамалдайтынмын. Бұған дейін
менің керген тауымның биігі «Сырымбет». Көкшетау қаласының сыртын
ала біткен таусымақты «Бұқпа» дейді екен, Сырымбетпен салыстырғанда,
ол Бұқпа тау ем.ес, »;ай ғана бір адыр сияқты. Анда - санда сидия өскен
сирек қарағайы болмаса, үстінде тауларға тəуелді жыныс орман жоқ.
Қаланың қасында көз толатын табиғат,— шалқар көл ғана. О шеті мен бұ
шетіне көз əрең жететін, қамыссыз жалтыр бұл көлдей көлді, мен бұған
дейін көрген емен.
Кең,- кең көшелері тік тартылған қаланың ұзын тұрқы ол кезде екі
шақырымдай, көлденеңі бір шақырымдай. Екі этажды үйлер қаланың анда-
санда бір жерінде ғана ұшырасады, олар өзге жатаған кішкене үйлердің
арасында, жайылған жылқы арасындағы бірен-саран оттаған түйедей
сораяды.
Электростанция жоқ. Қаладан оғашырақ салынған кішкентай екі завод
бар, бірі — былғары илейді, бірі пима басады. Қаланың, орта тұсында
кішкене көлемді бақша бар, неге екенін кім білсін, ағаштары тырбиып
аласа еседі. Бұдан басқа «байлық»,— ағаштан қиған кішірек бір шіркеу мен
бір мешіт.
О жылғы Көкшетаудың бар көрінгісі осы. Бір ғасырдың, бойына əуелі
округтік, одан кейін ояздық əкімшілік орны боп келген қаланың бұл
көрінісіне көңіл қандай тояды?..
Трибуналдың Көкшетаудағы қызметі ұзаққа созылмады, өйткені ол
атқаратын қызметтің көпшілігін, жергілікті советтік заң мекемелердің
өздері-ақ орындап қойған екен...
Партия комитетінің мұсылмандар секциясы аталатын бөлімін, жасы мен
шамалас, Хамза Жүсіпбеков басқарады екен. Біз барған кезде секретары
əлдеқайда жолаушылап, комитетті Хамза басқарады екен.
Ол Абдолла Асылбековтың жерлесі жəне шəкірті болып шықты. Əуелі
Ақмола қаласының төңірегіндегі қазақ аулында Сəкен Сейфуллиннен
орысша хат таныған ол, одан кейін Ақмоланың «екі класты» аталатын алты
жылдық школасын бітірген, орысша өте сауатты екен, қазақша да жақсы
біледі. Жастығына қарамай, ол байсалды саяси қызметкер екен. Сол жылы


үйленген. Қайын атасы Ахметжан Бекмұхамбетов татар зиялыларынан,
пікіршілдерінен саналатын ауқатты кісі екен.
Мейманханасы жоқ қалада, біз Хамзаның пəтеріне орналастық. Үйіндегі
жəне кеңседегі сөздеріне қарағанда Хамза бар мəселеде сауатты, пікірлі
коммунист сияқты, сондықтан да ол 1937 жылы халық жауы аталғанша
республикадағы партиялық қызметтердің жоғарғы жақтарында жүрді.
Журналистік таланты да бар ол əдебиеттік мəселелерге араласып,
отызыншы жылдардың басында Қазақстан жазушылар ұйымын басқарды.
Уездік ревкомның орынбасары Хамидолла Серғазин деген жігіт екен. Ол
да сауатты, парасатты, іскер адам. Жасы мен құралыпты.
Хамза мен Хамидолланы көргеннен кейін, мен өзімнің шала
сауаттылығыма қорланып, Абдолланың «оқу керек» деген сөзіне ойымды
бекіте түстім.
Көкшетаудағы азын-аулақ қазақ қызметкерлерінен жасы менен егде
болғанмен, білімі қатарлас адам.
Ояздық политбюрода Сейфолла Қасқарбаев деген жолдас қызмет
атқарады екен. 1924 жылы туберкулез сырқатынан қайтыс болған бұл
жолдаспен таныссам, арғы тегі жетісулық, Дулат руынан, оның ішіндегі
Қасқарау бөлімінен шыққан. Фамилиясын ол ру аты «Қасқараудан» алып,
«Қасқарбаев» боп кеткен.
Со кезде жасы отыз бестер шамасындағы ол, революция алдында он
шақты жыл Семейдің, Керекудің, Омбының пристаньдарында жұмысшы
боп қызмет атқарыпты. Сөйтіп жүріп, 1916 жылдардан бастап
революциялық жұмыстарға араласыпты. Көкшетау қаласына ол Омбыдағы
сібірлік Ревкомның жұмсауымен, өткен 1920 жылдың күзінде келген екен.
Қыс бойы ол да продразверстка жұмысында жүріп, политбюро қызметіне
бандиттер көтерілісі шыққаннан кейін ғана ауысыпты.
Ортадан жоғары денелі, ақ сарғылт өңді, еріндері қалың жəйін ауызды,
тыпырықтау жалпақ мұрынды, айрандау қаршыға көзді, қара сары мұртты
бұл жолдастың бір қызығы,— орысша «глагол», қазақша «етістік» аталатын
сөздердің бəрінін, орнына жалғыз ғана «нетіп» деген сөзді қолданады.
Жəне бір қызығы, сөз арасында əлсін-əлсін: «сонан соң, содан кейін, сол
себептен, сөйтіп тұрғанда, əлгідей кетіпті» қайталай береді.
Бандылар Көкшетауға жақындап қалғанмен, дəл қаланың өзіне кіре
алмай алыстан тайқып кетіпті. Сейфолланың айтуынша, бандитизм бұл
ояздың теріскей жағындағы болыстарының бəрін қамтыған жəне орыстың
кулактарымен қатар, қазақтың көп байлары банды болған, əсіресе:
Айыртау, Көкшетау, Қотыркөл аталатын болыстарда... Бұл болыстарда
бандитизм жұмысын көбінесе кейбір алашордашыл қазақ интеллигенттері
басқарған.


Бандылар көтерілісі басталғанда Сейфолла Айыртау жақта жүр екен.
Жаманат хабарды естігеннен кейін, ол Көкшетауға «еледі де, тиісті
орындарға мəлімдейді. Кешікпей қалаға қауып төніп қалады.
Осы уақиғаны Сейфолла өз тілімен былайша баяндап кетеді: «Сонан
соң, содан кейін, сол себептен, сөйтіп тұрғанда, əлгіндей нетіп, Омбыда
Ревком жұмысында нетіп ем, бір күні Ревком маған сен Көкшетауға кетесің
деді. Ревком кет деген соң, кетпеуге амал қанша, Көкшетауға кеттім. Мұнда
кетсем, разверстканың жұмысы мүлдем кетілмепті. Крестьяндар астықты
да кетпейді екен, етті де кетпейді екен, тері-терсекті де кетпейді екен.
Сонымен, содан соң, содан кейін, сол себептен, байлар мен кулактар
əлгіндей өйткенде, қалада қалай кетсең?.. Ревкомның мені де кеткісі келді,
кетілмеймін деуге ұят... содан соң, содан кейін, сол себепті, əлгіндей нетіп,
мен Айыртауға кеттім...»
Міне, осы «нетіп» пен оған «сонан соң сонан кейін, сол себептен, сөйтіп
тұрғанда, əлгіндейді...» қосып, Сефең Көкшетауға келгеннен бастап,
менімен көріскенге шейін басынан өткерген бар уақиғасын айтып береді....
Разверстка жұмысында да, бандымен күрескенде де, оның басынан нелер
ауырлықтар өткен, талай жерде өліп те қала жаздаған.. Сефеңнің «нетіп»
пен «сонан соң, сонан кейіндері...» осының бəрін тыңдаушының құлағына
жеңілдетіп, қайғыру не аяу орнына еріксіз көңілденесің, көбіне күлкің кеп,
сыйлайтын Сефеңнен ұялғаннан өзіңді өзің əрең тоқтатасың!..
Қызық еді-ау, Сефеңнің «нетіптері» мен, «сонан соңдарын...» тыңдау!..
Үш жылдан кейін (1923 жылы), Орынбор Рабфагінде оқып жүріп, жазғы
каникулға Көкшетауға бара қалсам, Сефең жəбірленіп жүр екен: оның 15 —
16 жастағы көркемше қызы, Мүкəтайды, əке-шешесінің ризалығын
алмастан Қоянбаев Садық деген жігіт алып қашыпты. Қызды əкетер
алдында 
Қоянбаев 
Сефеңді 
əйелі 
Бəдіғұлмен, 
Ғалиасқар 
молда
Айтхожиннің үйіне қонаққа шақыртады. Қайтып келсе қызы жоқ!..
Қоянбаевтан күдікті Сефең іздеп жүріп тауып алады...
Осы уақиғаны Сефеңнің дəл өзіндей ғып айтса, жазуға болмас еді...
Тыңдаушының күлкіден шегі қатар еді.
Трибунал қызметін бітіріп кейін оралғанда, Қызылжарда құрылған
Ақмола облысының губерниялық Ревкомының бұйрығы бойынша мен
Көкшетауда қалып қойдым. Ояздық Ревком мені «Көкшетау» аталатын
қазақ болысының Ревком председательдігіне тағайындады. Мен əрі
жастығымды (со жылы 21 жасқа шығуым оқушылардың есінде болуға
тиісті), əрі тəжірибесіздігімді айтып ризаласпаған едім, Ревкомның приказы
еріксіз көндірді.
Сефеңнің жəне басқа білетін адамдардың айтуынша бұл болыстың шеті
Көкшетау қаласынын, шығыс жағында жиырма шақырым жерден
басталады да, ар жақ шеті жүз шақырымға кетеді.


Көтеріліске дейін бұл болыстық Ревком председателі Нұржан
Неғметжанов дейтін бай екен, ол бандыларға қосылады да, көтеріліс
басылған кезде, біздің отрядтың қолына түсіп, атылып қалады. Оның əкесі
Неғметжан мен немере ағасы Мұқылай да бандылар жұмысына араласып,
көтеріліс басылғаннан кейін, тау мен орманға сіңіп қашып жүр.
Бұл болыста сол сияқты бірнеше бандылар тобы бар, біреуін басқаратын
Баскөздің Сағиті дейтін жігіт... Көкшетаумен іргелес Қотыркөл болысында
Жұманның Иеламбегі, Дəуіттің Балташы, Тілеулі балалары дейтін адамдар
басқаратын бандылар тобы бар, олар да тау мен орман арасында...
Соншалық қатерлі жерге Ревкомның председателі бон бару оңай боп
па!.. Бірақ, қиын болғанда амал нешік. Ревком айтты, партия айтты, бару
керек.
Мен баратын болыстың жұмысын тəртіпке қою жөнінде жəрдем көрсету
үшін, ояздық Ревком қасыма Əбутəлігі Масғұтов деген инструкторын
қосты. Тыртиған ұзын арық денелі, сопақ бетті, имиген ұзын мұрынды
Масғұтов, орысшаға менен əлдеқайда сауатты, бірақ жобасына қарағанда,
аяғының астынан үркетін қорқақ. Одан басқа серігім Наурызбаев Əміржан.
Бұл жігітпен мен қызық жағдайда кездестім: трибунал қарамағындағы
біздің отряд Көкшетауға беттеп келе жатып, жолда «Азат» (Алексеевка)
аталатын поселокке жақындағанда, осы Əміржанды біздің разведканың бір
адамы бандылардың тыңшысына жорып, ұстап əкелді. Жай-күйін сұрасақ,
Азаттағы орыс кулактарында жалшылықта жүретін жігіт екен. Жас шамасы
22—23 те. Грамматикасын бұрмалағанмен орысша сөйлеуге жүйрік. Отряд
осы жайларын естіп сенді де босатты. Ойнарқы мінезді ол, менімен төз
шүйіркелесе кетіп, Көкшетауда табыспақ болды.
Ол уəдесіне жетті де, Көкшетау болысына жүрер алдында менімен кеп
табысты. Енді байқасам ойнарқы, қалжыңшыл мінезінің үстіне, ол осы
маңайдағы елді жақсы біледі. Қай жерде қандай байлар болғаны туралы,
олардың əлсіздерге қандай зорлық - зомбылық істеуі туралы, қай байдың
бандылар көтерілісіне қалай қатынасып, нендей қылмас істеуі туралы
маған ол толып жатқан мəліметтер берді.
Ол өзі, мен Ревкомына председатель боп баратын Көкшетау болысынын,
жігіті екен, сондықтан, бұл болыстың ұңғыл-шұңғылын тіпті жақсы біледі
екен. Оның үстіне өзі тəп-тəуір домбыра да тартады, қазақша, татарша
жəне орысша өлең де айтады. Даусы пəлендей болмағанмен, ол айтатын
өлеңдердің қызығы денесінің қимылында. Қай тілде өлең айтса да, ол
тышқанға ұмтылар алдындағы мысықтай жаурынын ырғай бүлкілдетіп
алады да, иегін ырғай, аузын қайшыландырып, көзін сүзілдіре, басын
шайқап, денесін де, бет - пернесін де құбылтып жібереді. Татардың əнін ол
біледі де, тілін білмейді. Сондықтан, мысалы, татардың:
Сикіріп түстім бақчаларға


Құйным тулды жилəккə,—
деген сөздерінен:
—Секіріп түстім бақшаға мен,
Қойным толды жидекке,—
деп қазақшылап жібереді. Орыс сөздерінің, де көп əрпін ол қазақ тілінін,
заңына бағындырып, өзі кеп айтатын:
Эх, зачем эта ночь
Так была хороша.
Не болела бы грудь,
Не страдала б душа,—
деген өлеңді:
Ах, зашем аята нош,
Так была короша.
Не болела бы грудь,
Не ыстрадала бы душа,—
деген түрде айтады.
Мұндай, мен баратын болыстың жерін, суын, елін білетін жігіт, маған
əрине, қажет. Оған мен, бірге жүруді айтып ем, «жарайды» деп көне кетті.
Қар еріп боп, жер дегди бастаған күндердің біреуінде, Əбутəліп,
Əміржан үшеуіміз пар ат жектірдік те, Көкшетау болысына жүріп бердік.
— Жолда ала кететін бір кісі бар,— деді маған Əміржан, былай шыға.—
Оны жұрт «Шолақ Шəймерден» дейді. Олай дейтіні, оң жақ қолының
бармағы жоқ. Фамилиясы Райымбеков. Жасы елулер шамасында. Өзі қазір
қазақша «Сөзді», орысша «Трофимовка» аталатын поселокте тұрады.
Марфа дейтін орыс əйелі бар, одан туған Хасен, Сəрсенбай дейтін екі ұлы,
Сара дейтін қызы бар. Шəймерден бала жігіт көзінде Ир-кут жаққа кетіп,
шахтыда көп жыл жұмысшы болыпты. Елге оралғанына он шақты жыл.
Байларға қаны қас. Орыс тілін жақсы біледі. Өзім деген кісіге қон, етін
кесіп беретін, мейлінше адал адам. Кезекпен оқтан тайсалмайтын өткір.
Осы адамды ерте кету керек. Оның көп пайдасы тиеді...
Шəймерденді біз үйінен таптық, крестьянның кішкене ғана избушкасы
екен, қора -қопсысы жоқ, оған қамайтын малдары да жоқ, ең аяғы тауығы


да жоқ. Өзі жуан сүйекті, орта денелі, сүйегі шығыңқы қара, бұжыр бетті,
қалын, қара мұртты, қырма сақалды, түсі суық кісі екен.
Əйелі Марфа тапалдақтау, семіз денелі, ақ сары адам. Балаларының бəрі
Шəймерденге тартыпты. Мінезі солай ма, əлде Əміржанның бұрын кіріп
таныстырып шығуынан ба, Шолақ Шəймерден бізді көңілді кескінмен
қарсы алды. Мəн-жайды біраз сөйлесіп ұғысқаннан кейін, Шəймерденді
ертіп, біз ілгері тарттық.
Неғметжанның аулы, созыла біткен қалың жалағаштың ығында екен,
соған кіре бергенде, менің есіме Əлти байдың аулы түсті: сол ауылдағыдай
мұнда да қаз-қатар салынған ағаш үйлер мен ұзын-ұзын сарайлар, кең -
кең, қоралар... Бəрінің де төбесі қаңылтырмен жабылып, сырланған.
Жалғыз ғана айырмасы,— бұл ауылдың орталық көзінде, екі мұнаралы биік
мешіт тұр...
Қашан, қалай хабарланып қалғанын кім білсін,— бізді қара мұрт əдемі
жігіт жылы шыраймен қарсы алды, сұрастырсақ, Неғметжанның баласы
Ғалымжан екен.
— Ревком кеңсесі осы ауылда ма? — деп сұрадық біз одан.
— Осында. Біздің үйде.
— Қызметкері бар ма?
— Хатшысы бар.
— Орыс па? Қазақ па?
— Орыс. Шал адам.
— Аты, фамилиясы кім?
— Федор Лысов. Қазақтар «Шодыр» дейді.
«Кеңсе осы» деп Ғалымжан бізді, Неғметжанның үлкен қарағай үйінің
бір бөлмесіне алып кірді. Бөлменің бұрышында, сəкіге жайған көрпенің
үстінде, тұмсығын жастыққа көме, денесі дəкідей бүктетіліп, кішкене арық
денелі, ақ сақалды біреу ұйықтап жатыр. Төрде тақтайдан жасай салған
тұрпайы кішкене стол, қасында соған ұқсас табуретка, бір бұрышта
мыжырайған қазақы ескі шкаф... Басқа ештеңе жоқ...
— Осы ма кеңсе? — дедік біз.
— Осы,— деді Ғалымжан ыңғайсызданған пішінмен.
— Шодыры қайда мұның?


— Мынау жатқан...
— Қаусаған шал ғой, мынау бір?..
— Сексеннен асқан кісі...
— Неге оянбай жатыр, өзі осынша дабырға?!..
— Құлағының мүкісі бар, жөнді естімейді.
— Қашанғы хатшы бұл?
— Кептен дəмдес кісі еді, — деді Ғалымжан күмілжіп.
— Несін күмілжисің? — деді Əміржан,— «əуелі атам Баймағамбетке,
одан, оның үлкен баласы Тəшенге, одан, əкем Неғметжанға, одан, ағам
Нұржанға хатшы болды» деуге аузың бармай тұр ма? Өтірік пе, осы?
— Рас.
— Осы үйге он бес жасында кеп хатшы бопты дейді ғой, рас па?—деді
Шəймерден.
— Солай деседі үлкендер.
— Биыл нешеде?
— Сексен төрттемін деп отыр еді əнеугүні.
— Көрдің бе, Сəбит,— деді Шəймерден,— алпыс тоғыз жыл болған!..
Елді қасқырдай талағанның бірі осы. Бекмағамбет тұқымының ырысы бұл.
Ымы-жымы бір бəрінің. Айрылмай жүруі де сондықтан. Енді, міне, апан
түбінен шығуға əлі келмей қартайып жатқан түрі мынау.
— Олай деме, Шəке,— деді Əміржан,— амалсыздан жатыр бұлайша
бұғып. Ерік беріп көрші, мұқылданған азуымен əлі де қалай тістелер екен.
— Оят! — дедім мен Ғалымжанға.
Ғалымжан оны əрең оятып, біздің кім екенімізді қазақ жанын ала келген
əзірейіл сияқты жаман көзбен қарады да, сұрауымызға жауап бере бастады:
— Кеңсе осында ғой?
— Осында.
— Істері қайда оның?
— He іс?


— Мекеме болған соң істері болмай ма? Кірген-шыққан қағаздары?
— А-а-а, ондай кіріс, шығыс журналдары бар.
— Əкеліңіз!
Шалдың ескі шкафтан əкеп берген «кіріс» пен «шығыс» журналы
дегендері,— тілдей ғана тетрадьтар, оларға кipген, шыққан қағаздардың
саны бармақпен ғана санарлық.
— Тіркелген істерді əкеліңіз!
— Жоқ, олар.
— Сапырылысып жүріп жатқан əскерлер алып кетіпті.
— Ақ па, қызыл ма?
— Өзім де білмеймін...
— Мөр мен штамп қайда?
— Советтікі əлі берілген жоқ.
— Қағазға не басып жүрсіңдер?
— Ескіні...
— Николайдікін бе?
— Бары сол.
— Əкеліңіз, мұнда!..
Шал əкеп көрсетсе, əріптері тозып болған, тек резеңкесі ғана қалған мөр
мен штамп...
— Жарықтықтардың, тозғаны - ай?!—деді Əміржан мырс етіп.
— Сімілтірі қалған, қайта! — деді Əбутəліп,— Николай марқұмның
қираған ордасының жұртында қалған өлекселер ғой бұлар. Бəрін жаңарту
керек.
Ревком жұмысын біз жаңадан бастадық: председателі менмін, хатшысы
Əбутəліп, Əміржан мен Шəймерден поштабай. Кезекте тұрған міндетіміз
екеу: бірі қаладан əкелген үндеу қағазды ел арасында тарату, бірі жергілікті
Ревкомдарды тəртіпке салу.
Сібірлік Ревкомның жəне облыстық партия комитетінін, атынан
жазылып, орысша, қазақша текст! типографияда басылып шыққан бұл


Үндеуде, ақтар мен алашордашылдардың азғыруына еріп, көтеріліске
қатынасқан адамдарға құралдарын тастау туралы, мекеніне қайту туралы
айтылған. Егер оны істесе ешбір жаза қолданылмайды, істемесе мал-мүлкі
қазынаға алынады, өздеріне қатаң жаза беріледі..
Болыстың хал-жайын байқап көрсек, көтерілістің қызу ортасында
болыпты, 
басқарушы,— 
«Ревкомның» 
атылған 
председателі 

Неғметжавов 
Нұржанның 
өзі. 
Оған 
бірнеше 
ауылдық 
«ревком
председательдері де» еріпті. Нұржан Қызыл Армия бөлімімен соғыста онда
ұшыпты. Бұл болыстағы сегіз ауылдық «ревком председательдерінен»
бесеуі Нұржанның жолын құшқан, қалған үшеуінің екеуі бандыға
қатынасқан кінəсімен қашып жүр. Қызметінде отырған жалғыз «ауылдық
ревком»— Телемісов Сыздық . Советке адал қызмет атқарған ол, көтеріліс
күндері бандылардан тығылып қапты.
Сызаң мен біз аз күнде сеніскен дос боп алдық. Ауыл арасының саяси
жəне шаруашылық халінен ол бізге көп мəлімет берді. Орта дəулетті
семьяда туып-өскен ол, ана шеті — Омбы, мына шеті — Қызылжар, бір
шеті — Ақмола, осы араларды көп кезіп, көпті көрген, коп адаммен
жолыққан, ұққаны көп, көрген білгенін əдемілеп айтып беретін кеңесшіл
адам екен. Оның үстіне — қаршығашы. Біз Неғметжан аулына тоқыраған
күннен бастап, қызметтен тысқары уақытта ол бізді салт атпен ертіп
шығып, қаршығасына үйрек, қоян алдыру сияқты қызықтарға батырып
жүрді.
Оның Жақан деген баласы барын мен сол кезде білдім. Сызаң менің
жасымды сұрайды да:
— Оның да жылы сиыр,— сенімен жасты екен,— дейді.
Менің өлең жазатынымды білгеннен кейін:
— Менің Жақыжаным да өлең жазады,— дейді.
Сызаңның айтуынша, 1920 жылдың басынан, Жақан Қотыркөл
болысындағы Əлжан деген байдың аулында мұғалім екен. Көтеріліс
алдында да солай екен. Қазір баласының қайда жəне не халде екенін ол
білмейді.
— Əлжан да, оның баласы Исламбек те атақты бандылар ғой,— деймін
мен Сызаңа,— екеуі де əлі күнге дейін қолға түспей, Бурабай тауының
ішінде қашып жүр дейді ғой. Өзге Совет адамдарын өлтіргенде, Жақайды
да өлтіріп тастамады ма екен олар?
— Қайдам,— дейді Сызаң, күрсініп,— өлтіріп тастады ма? Əлде еріксіз
алып кетіп жібермей жүр ме,-—оншасын алла білмесе, мен қайдан
білейін!..


Мүмкін, бандылардан тығылып қалған болар?
— Мүмкін. Бірақ, тығылса, ендігі келсе керек еді, əзірге хабар-ошар жоқ.
Жап-жақын жерден неге хабарласпай жүргенін кім білсін!..
Көтеріліс басылғаннан кейін, бандыға қатынасқан байлар тауға, орманға
тығылып, əлі де құралын тастамай, кездескен совет адамдарына қастық
жасайды екен, сондықтан, Ояздық Ревкоммен байланысып, біз əуелі
соларды ыдыратпақ, үйлеріне қайтармақ болдық, сондағы құралымыз,—
жоғарыда айтылған Үндеу.
Үндеу де тарап жатты. Аздаған бандылар жергілікті Ревкомдарға кеп,
құралдарын тастап көрініп жатты. Бірақ, біразы əлі қашуда. Мен тұрған
ауылдан Неғметжан мен Мұқылай да, көрші ауылдан Сегізкөздің Сағиты да
жүр. Оларды еркімен келтіру үшін, реквизиция жасаймыз деп, мал-мүлкін
есепке ала бастау керек.
Біз ең алдымен, Неғметжан мен Мұқылайдың малдарын есепке алдық.
Өзге м.алдарын былай қойғанда, ол екеуінде со жылы үш мыңдай жылқы
бар екен. Бас жылқышысы Қуаттың Жұмабайы деген кісі. Оның өзі түгіл
əкесі Қуат та өмір бойы осы үйде жылқышы бопты.
Екі байдың жылқысын біз есепке алғанда, Жұмабайдың өз басында
жетпіс - сексендей жылқы бар екен, бірақ, ол өмір бойы өз жылқысының
біреуіне аяқ артпайды екен, не сауып ішіп, не сойып жеп қызығын көрмейді
екен, тек есіре береді екен!.. Қарттардың айтуынша, осылай өсірумен, Қуат
жылқысының санын жүзге апарған кезде жұтқа ұшырап, жүген ұстап
қалған Жұмабайдың мына сексен жылқысы содан кейін бір тайдан өскен...
Көкшетау болысында жылқылы бай көп екен. Онда, мысалы:
Қарамырзаның Шекімі деген байда мың жарым жылқы, Есдəулет дейтін
байдың екі баласы Жұсып пен Ерденде екі мың жылқы, Хасен хажының
бір өзінде үш мың жылқы, Бəйтіктің екі баласында екі жарым мың
жылқы... Қысқасы, тоғыз жүздей ғана үйі бар болыстың ішінде жылқысы
жүзден асатын байлардың, бəрін қосқанда, бұл болыстағы байларда
жиырма мыңға тарта жылқы бар екен...
Малдары қазынаға кетер деп қорықты ма, əлде, күштері біткендігіне
кездері жетті ме,— айдан артық уақыт өткенде, бұл болыстан банды боп
жүргендерден Неғметжан, Мұқылай, Сағит үшеуінен басқалары түгел
үйлеріне қайтты...
Аталған үш адамның көріне қоюға беті де жоқ екен. Көтеріліс,
күндерінде, бұл ауылда бандылардың штабы тұрады да, Неғметжан мүшесі
болған бандылар «соты», қолға түскен жиырма бір коммунисті (орысы,
қазағы, татары аралас) өлім жазасына бұйырады.
Осы ауылдың қотанында қазына қаздырған шыңырау құдық болады


екен, білетіндердін, айтуынша, тереңдігі отыз көз, суының тереңдігі
жиырма көз. Осы құдықта жиырмасыншы жылдық жазында бір атан өгіз
түсіп кетеді де, оның өлімтігін ауыл адамдары ала алмай, өлімтік сасып
кеткен соң суын ешкім ішпейтін болады.
Өлім жазасына бұйырылған коммунистердің бандиттер аяқ-қолдарын
байлайды да, мойындарына тас байлап, тірідей осы құдыққа тастайды. Сол
«үкімді» орындаудың ішінде Мұқылай мен Сағит болады. Бандылар
жеңіліп қашарда, құдықтағы өліктерді шығарып жасыру, оларға ауыр азап
болады, бірақ, шығармауға шарасы жоқ, қызылдар тауып алады деп
қорқады...
Бұл уақиғаны бізге баяндаушылар, шығарылған өліктердің қайда
тығылғанын біле алмады...
Осындай қылмысы бар бандылар болыстық Ревкомға келіп қалай
көрінсін!..
Ревкомның жұмысы біріндеп жөнге қойыла бастады.
Ояздық Ревкоммен келісіп, Ревком председателінің орынбасарлығына
Асан Болатов дейтін орта жастағы, кедейден шыққан актив тағайындалды.
Земотдел бастығына Балтаның Мұқаны дейтін орта шаруалы адамды
алдық. Оқу бөлімінің бастығы — жиырмасыншы — отызыншы жылдары
кейбір шығармаларымен оқушыларға аты мəлім болған Елжас Бекенов. Бұл
бөлімдер өздеріне тиісті қызметтерін атқаруға кірісті.
Ендігі міндет — ауылдық ревкомдарды дұрыстау. Олардың халі қандай
екені жоғарыда айтылды.
Біз болыстық көлемде батрактар курсын ашып, ауылдық жəне болыстық
мекемелерге қызметкерлер даярлауды ұйғардық. Бұл, əрине, игілікті іс.
Егер жағдай көтерсе, бұндай курстың ашылуына ешкім қарсы болмауға
тиісті. Бірақ, бұл сияқты маңызды мəселені, алдын ала ояздық
мекемелермен келісіп алуымыз керек қой.
Жастық па, тəжірибесіздік пе,— оны істеместен, болыстық Ревкомның
қаулысымен курсты аштық, мезгілі — ай жарым, континентіміз жиырма
бес адам. Бұл курсқа байдың не өзі, құйыршығы кіріп кетпеу үшін, күн
бұрын байқау жүргізіп, батрактардан жастауын, пысықтауын, аз да болса
сауаттысын таңдап алдық. Программаны да өзіміз жасаған болдық. Шала
сауатты адамдар, қай бір оңған программа жасай алды дейсіз...
сауатсыздықты ғана жоюға арналған бірдеме де!..
Бұның бəрі, орысша айтқанда — полубеда. Зор «пəлесі» артында жатыр:
бізде курсты қамтамасыз ететін ешбір қаражат жоқ. Не істеу керек?.. Тағы
да болыстық Ревкомның қаулысымен, жылқысы бес жүзден асатын байдың
тізімін жасадық та, əрқайсысы 25 курсантқа бір жұмалық азық (қымыз, ет,


нан) əкеп тұруға міндеттедік. Олар кідіріссіз əкеп тұрды!..
Қазіргі күннің көзімен қарағанда, бұлай істеу, бас кететін - ақ
заңсыздық!.. Революцияның алғашқы жылдарында біз соған да бардық!..
Ояздық Ревком онымызды артынан білді, бірақ, «болып қалған іс екен» деді
де ұрыспады!..
Курстың сабағы да, Ревкомның қызметі де шама - шарқынша жүріп
жатты. Ревкомда көбірек қаралатын мəселе үшеу: бірі — жалшылардың
байлардан еңбек ақы даулауы жəне олар бір жылдың емес, əлденеше
жылдың ақысын даулауы жəне тұқым қуалаған батрақтардың өз ақысын
ғана емес, ата - бабаларының ақысын даулауы. Жалшылардың бұл тілегін
байларға біз бұлжытпай орындатамыз, еркімен бермесе, зорлықпен
əпереміз.
Екінші мəселе—теңдік сұраушы əйелдердің арыздары. Бұл мəселені - біз
несиеге қаратпай, қолма-қол шешеміз, арыз түскен күннің ертеңінде,
белсенділердің біреуін қарумен аттандырамыз да, теңдік сұраған əйелді
кеңсеге алдырып, егер сөзін бекітсе, табан аузында босатамыз да, сұраған
мал - мүлкін алып береміз. Бұдан таптық мəселе де келіп шығады: теңдік
сұрайтын əйелдердің бір жүйесі - тоқалдар. Олар, əрине, қартаң байлар
екінші, үшінші əйелдікке сатып алған кедейдің қыздары... Əдетте, ондай
жас тоқалдардың көңілдес жігіттері болады, олар, көбінесе, сол байдың
батрағы болады. Бұндай жағдайда біз баса қимылдаймыз да, екі жасты
табан аузында қосып, табан аузында байдан мал-мүлік əпереміз...
Үшінші - жер мəселесі. Мал отына бұл болыста жер кең. Ол жөнде арыз
түспейді. Егін кəсібі бұл болыстың дағдысына кірмеген. Мысалы, со жылы
бүкіл болыста бір десятина егін себілген жоқ, сондықтан, ол жөнде де арыз
түспейді. Арыздың көбі шабындық жер туралы. Болыстағы шабындық
жердің көпшілігі — қау. Оны машина ғана шаба алады. Қол шалғы қауға
дəрменсіз. Кедейлерде машина жоқ, сондықтан олар, шалғы түсетін
жоңышқалы, өлеңті жерді сұрап арыз береді, ондай жерлер,— байларда.
Бұл мəселеде біз байларды тырп еткізбейміз.
Маңызы зор, көлемі үлкен болғанмен, продналогке айналған
продразверстканың жиналуы төз. Өткен көтерілістен кейін, жүрегі қатты
шайлыққан байлар, заңды мөлшерде төлейтін салығына мойын толғамай
апар .деген жеріңе тиісті санды малын айдап апарады.
Шамамыз келгенше өкіметтік қызметті атқара отыра, біз сауық-
сайранымызды да ұмытпаймыз. Сайран дегенде менің көбірек ермек
ететінім Бөрішінің Ахметі деген шал. Бұл аса құсбегі кісі. Ақ буырыл
сақалды, кішірек, арық денелі, былшықтаныңқырап жүретін қызыл көзді,
жасы жетпістерді алқымдап қалған бұл шалдың жүріс-тұрысымен қимылы
əлі жас жігіттей. Салт атқа ол жастан кем ырғы - майды, мінген атынын,
үстінде ұршықтай үйіріледі. Жұрттың айтуынша оның баптаған құсы аң
алмай, құс ілмей қойған емес. Расында да ол шал солай екен. Со жылы


оның қолында тұрған қара тарлан қаршыға, ұмтылған құсын босатпайды.
Қызметтен бос уақытының көбін мен осы шалдың қасында өткізем...
Менің маңыма үйірілген бірнеше əнші - домбырашылар бар. Солардың
ішінде ерекше орын алатыны, бір көзі соқыр Ғаббас дейтін жас жігіт.
Өзінін, айтуынша, ол ес білгеннен бергі өмірін жалшылықта өткізген. Мен
оны Қантай аталатын орыс поселкесінде жалшылықта жүрген жерінен
алып келгем. Ғаббастың бар айыбы,— домбыра білмейді, ал əншілігіне
жəне даусының биіктігіне келгенде, одан зор əншіні о кезде көрмегендіктен
бе, əлде, расы солай ма — күні бүгінге дейін ол маған, менің əр уақытта
кездестіретін ірі əншілермнің бəрінен де жоғары сияқтанады да тұрады. Ол
Біржанның жəне Балуан Шолақтың əндерін көп айтады, солардың ішінде
ең сүйсініп айтатыны — Балуан Шолақтың «Ғалиясы».
Нұрымның Беркімбайы дейтін, со кезде отыздың толық ортасына кірген
бір əнші бар. Даусы шағындау ол, əннің ырғағын келтіруге шебер. Ол да
халық əндерін көп біледі. Өзі ағып тұрған домбырашы.
Аз сөз, Шолақ Шəймерденнің, əн айтуы туралы. Онда берекелі дауыс та
жоқ, берекелі ырғақ та жоқ. Сөйте тұра барқыраңқыраған тұрпайы
даусымен, ол өлең айтқыш - ақ жəне екпіндей айтады. Қазақ өлеңдерінен
оның бар білетіні — Біржан мен Сараның айтысы. Бұл ұзақ айтысты
өлеңдете жөнелгенде, табаннан тік қояды ол. Орысшадан оның үнемі
құмарта айтатын əні «Ухарь купец». Оның сөзін орыс поэты Никитин
жазған. Ауызша сөйлеуге жүйрік Шəймерден бұл əннің сөздерін мейлінше
бұзып орындайды.
Шолақ Шəймерден татарша əн айтуға да құмар, əсіресе частушкаға...
«Бала Мишкин» əнімен ол айтатын частушканың əнінен сөзі қызық.
Шəкеңнің өз аузынан жазып алған ол өлең былай:
Большой селен иді Тоқмақ,
Гильді оптарой купец
Омскийге килəмін дип
Болдым первый и подлец
Арғы яқтан бірəу килə,
Едвали и пешком.
Сіздің қолда бар душенка,
Полтора аршын с вершком.
Аяғыңа уəй кигəнің,


Шигреновой батинка.
Сізінің қолда бар душенка
Очень просто картинка.
Осы аталған өлеңшілер бар, курсқа келген батрактардың ішінде өлең
айтып, домбыра тартатындары бар - біз кешке Неғметжанның, зор қарағай
үйінін, кең, бөлмесіне жиналамыз да əндетіп, өлеңдетіп сауық құрамыз,
оған ауыл адамдары да қатынасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет