ШƏЙІН АҒАЙ
Баланың да, əрине, өзінше қиялы болады. Ол да өз ұғымында үлгілі-ау
деп ойлаған адамдарына жетуді арман етеді.
Менің де балалық шақта бірнеше армандарым болды.
Жаманшұбарда Тоғанастың Қанапиясы дейтін балуан болды. Ауылда
онымен күресуге жарайтын жігіт жоқ. Естуімізше, ол Жаманшұбарда ғана
емес, құлақ естір жердегі » балyaндapдың бəрін жығып болған. Дене
жағынан ол орта бойлы, бірақ жауырыны кең, төсі шалқақ, бұлшық еттері
түйін-түйін. Мен сондай балуан болуды арман етем, бірақ оған жаспын.
Жаманшүбарда көзді қызықтыратын жігіттің бірі Аткелтір. Қалың қара
мұртты, шоқша сақалды, көркем кескінді, ықшам, жеңіл денелі, шағын
дəулетті оның кəсібі аңшылық. Жаз айларында ол құс атады, қыс
айларында аң қуады. Дəулеті шағын бола тұра, ер-тоқымы əдемі бір жүйрік
ат оның астынан кетпейді. Ол мінген ат əрдайым бəйгеден келеді. Киімдері
ықшам, таза, сəнді болады. Қанипа атты сұлу кескінді, сұлу тұлғалы əйелі
бар. Үй ішің ыдыс-аяғын Қанипа таза ұстайды, асы дəмді болады. Бақытты
бұл семьяны көргенде, менің бір арманым — ер жеткенде Аткелтірге ұқсау.
Жаманшұбардың ең əншісі Қабамбайдың Ғабдолы. Со кезде отыздарға
тақалған, сұлу кескінді, қырбық қара мұртты ол, ойын-сауықтың гүлі. Оны
төңіректегі ауылдар да шақырып əкетеді. Менің бір арманым сондай əнші
болу.
Жұрттың айтуынша бес болыс Керей, Уақ аталатын елде, біздің
ауылдағы Нұртазадан шешен адам жоқ. Ол менің əкеммен немере. Жасы со
кезде алпысқа таялған, көксау ол, егер ел ішінде дау-шар болса, соны
шешуде жүреді, билік айтады. Ол кездегі қазақта биліктің ең қасиеті сөзге
алдырмау. Кім сөзге алдырмаса, дауда сол жеңеді. Нұртаза сондай адам
деседі. Ендеше, менің бір арманым — Нұртазадай шешен болу.
Жаманшұбарда: темірдің ұстасы Қожахмет, ағаштың ұстасы Құрмаңке,
етіктің шебері Құсайын өрімнің, шебері Кəсен... Мен осы өнерлердің бəрін
үйренуге де құмартам, оқудан босағанда, олардың қасында сағаттап
отырам, бірақ үйреніп шебер болуға əлі жаспын...
Жаманшұбардағы өнерпаздардың ішіне, менің сəбилік сезіміме ең
ұнайтыны Шəйін ағай. Қазір, жасы жетпісті орталаған, бастауыш
мектептерде қырық жылдай мұғалім болған ақ шашты, ақ сақалды бұл қарт,
менің есімде мəңгі сақталатын адамның бірі.
Менің бала кезімде ол сипарын жоғары қарай ширатқан, қысқалау қара
мұртты, иек тұсына ғана əкеп қоятын шоқшалау қара сақалды, қызыл
шырай өңді, дөңгелек жүзді, имектеу қыр мұрынды, қою қара қасты,
толықша орта .бойлы көркем жігіт еді. Шəйін ағаймен бірге жасасып келе
жатқан Зылиқа жеңгей де ол кезде талдырмаш, кішірек денелі, бет сүйегі
батыңқы біткен сопақтау көркем келбетті, «қан мен сүт ақ жүзінде
араласқан» дегендей, қызғылттау шырайы, құлпырған ашаң өңді,
маңдайдан төмен қарай тік біткен əдемі қыр мұрынды, қолмен қатарлап
тізгендей жіңішке қиғаш қара қасты, мөлдіреген орташалау томпақ қара
көзді, бүрілген оймақ ауызды, ұшы сүйірлеу кішірек иекті, үріп ауызға
салғандай сұлу келіншек!..
Кезеңі келгенде айта кетейік: қызды қалыңмалға сататын ол кездің
ауылында, қалыңмалсыз үйленген бірінші адам — Шəйін ағай.
Ел аралап тігіншілікті кəсіп етіп жүрген кезінде (ол туралы төменде
толық жазылады), Шəйін ағай мен Зылиқа жеңгей танысады да, бірін-бірі
сүйеді. Қалыңмалшыл ауылда олардың қосылуына жол жоқ, Зылиқаны
əкесі əлдекімге атастырып қойған...
Ендігі жол біреу ғана: ұрланып қашу. Олар сөйтеді. Паналаған жері —
Бағлан. Заң білмейтін надан ауыл, қалаға барған жастарды қуа алмайды,
бармағын тістеп қала береді. Балалы-шағалы болғанша, Шəйін мен Зылиқа
бұл елге жоламайды...
Шəйін ағай фамилиясын «Тілегенов» деп, ұлы атасы Тілегеннен алған.
Өз əкесі — Қожахмет. Ол кісі — өмір бойы дүкен ұстап темір соғуды кəсіп
еткен кедей адам болды. Одан туған бес баланың Шəйіннен өзгесі советтік
дəуірге дейін жалшы боп келді.
Шəйін ағайдың өмірбаяны қызық: Бағланнан біздің елге жыл сайын кеп
ұсақ-түйекпен сауда жүргізетін бір татар Қожахметпен дос болады да,
«бақыршым болсын» деп Шəйінді ол үш жасында сұрап ап, өзімен бірге
алып кетеді. Татар оны жаз айларында қасына алып жүріп, қысқы уақытта
қаласындағы медресеге оқуға береді. Ол — қандай оқу?
Ислам «дүниесінде» өткен ғасырдың орта шенінен бастап, оқу
мəселесінде «жадид»
15
аталатын ағым шыққан ғой. Жадид оқуының қадым
оқуынан айырмасы: қадым дін сабағынан басқаны оқытпайды, жадид те
дінді (əрине, ислам дінін) қуаттай отырып, оны ғылыммен жағыстырады,
«дуния» оқуы мен «ахрет» оқуын қатар жүргізеді. Оқыту əдісінде, жадид
қадымнен мүлде айырылады. Қадымша оқытудың əдісі, «қадым оқуы»
деген бөлімде айтылғандай болса, жадидше оқыту əдісі ғылымға
байланысты, ол əр дыбысты ғылымдық таңбасымен танытады. Негізі
буржуазиялық идеядан туған бұл оқу, пан-исламдықты
16
қолдап, араб пен
фарсы тілдерінен де қашпайды. Бірақ жадид біз жоғарыда үлгісін
көрсеткен қадым əдісінше, араб пен фарсы тілдерін балаға түсініксіз түрде
емес, түсінікті түрде, əр ұлттың баласына өз тілінде айтып береді.
Жадидтік
əдіспен
жазылған
араб
пен
фарсы
тілінің
сарфын
(грамматикасын),
нахуын
(синтаксисін),
дурусо-ашшифаһиясын
(хрестоматиясын), өз ұлтының тіліндегі сауатты бала өз бетімен де үйреніп
кетуге болады.
Исламдық шығыста туа бастаған бұл ағым əуелі Мысырдан өрбиді де,
Русияға өткен ғасырдың аяқ кезінде жетіп, қанатын кең масштабта, 1905
жылдың революциясынан кейін ғана жаяды. Жадидтың, «туын» Русия
мұсылмандарының ішінде өзге ұлттардың буржуазиясынан бұрынырақ
татар буржуазиясы кетерді. Алғашқы ұшқыны XIX ғасырдың сексенінші
жылдарында,
татарлардың,
алғашқы
просветительдерінің
бірі
—
Шиһабыддин
Маржанидан
шашыраған
бұл
ағым,
1905
жылғы
буржуазиялық революциядан кейін қабындай кетеді. Жадидтік бағытта:
Қазанда «Мұхаммадия», Уфада «Ғалия», Орымборда «Хұсаиния»,,
Троицкіде «Уазифа» атты орта жəне жоғарғы дəрежелі біліп беретін
медреселер
ашылады.
Бұларға
бағыттас
медреселер,
Русияның
мұсылмандар тұратын қалаларының көбінде туады. Татар тілінің негізінде
құрылған бұл мəселелерден татарлардың ғана емес, Русиядағы басқа
мұсылмандық елдердің де азды-көпті балалары оқиды, бірақ өз тілдерінде
емес, татар тілінде... сондықтан өзін өзге ұлттардың буржуазиясынан
алдамын деп санайтын татар буржуазиясы, сойылдарын соғатын «Уақыт»
газеті, «Шура» журналы сияқты баспасөз орындары арқылы, «Русиядағы
мұсылмандардың тілдері татар тіліне құйылып, бір-ақ тіл жасау керек»
деген пікірді тарата бастайды...
Қадыммен салыстырғанда, оқыту əдісінде де, ғылымға жанастыруда да,
Октябрь Революциясына дейін біраз прогрестік мəні болған бұл жадид —
идеологиялық негізінде барып тұрған кертартпа ағым. Оның негізгі ұраны:
пан-азияшылдық, пан-исламшылдық, пан-түрікшілдік. Бұл ағым —
коммунизм идеясына түбірімен қарсы.
Негізі солай бола тұра, қадыммен салыстырғанда, жадид өз тұсында
ислам дініндегі елдер үшін прогресс болды, онысы заңды да, өйткені,
марксизм-ленинизм ғылымының үйретуінше, феодализммен күрескен
кезінде, буржуазия табы прогрестік роль атқарды ғой. Қадым, əрине,
феодализм тілегінен туған оқу; жадид — буржуазияның оқуы, ендеше
соңғысы — өз тұсында прогресс. Шындығында да солай болды. Жадид
шыққан кезде, қадымның өре-бойы тік тұрып, жаны түршіге қарсы тұрды.
Қадымшілдер мен жадидшілердің дұшпандығы сондай, екеуінің молдасы
бір дастарқаннан ас іше алмай, бір орында жүре алмай, кездессе сөзбен
ғана емес, қолмен де төбелесетін халге жетті. Бұл əрине, феодализм мен
капитализм арасындағы тартыс еді. Бірақ екеуі де қанаушы таптар
болғандықтан, феодализмге қарсы шыққан əрекетінде прогресшіл бола
тұра, идеялық негізінде буржуазия да коммунизмнің қас дұшпаны ғой,
сондықтан да олар — еңбекші көпшіліктің дұшпаны, халықтар
достығының дұшпаны, сондықтан да жадидшілдер — коммунизм идеясына
қарсылар, пан-исламдық, пан-түрікшілдік сияқты кертартпа жолды
түтынушылар...
Əрине, жадидшілдер де бір түсті болмай, ала-құла жікке бөлінді: бір
жүйесі ірі буржуазияның (капиталистердің, помещиктердің, кулактардың)
сойылын соқса, енді бір жүйесі ұсақ буржуазияның (ауыл, қала
кедейлерінің) сойылын соғып, еңбекші көпшіліктің мүддесіне жақын
болды. Бірақ соңғысынан бастапқысы басым еді, сондықтан соңғысы халық
мүддесін орындауда құнарлы ештеңе істей алмай, бастапқының ықпалынан
шыға алмады, бар мəселе ірі буржуазияның пайдасына шешілді.
Жадидті бұл арада еске түсірудегі мақсатымыз — оның қазақ аулына
қалай келуін көрсету. Ол қазақ ауылдарына 1905 жылдан кейін келе
бастады да, оныншы жылдардың ішінде көбейіп кетті, əкелушілер — татар
медреселерінен оқушылар, көпшілігі — татарлар, араларында аздаған
қазақтар да бар, бірақ олар да қазақ балаларын қазақ тіліне емес, татар
тілінде оқытады...
Біздің Шəйін ағай да осы жадидшілдердің қазақ арасынан шыққан
біріншілерінің қатарына жатады, бірақ ол байшылдардың емес,
демократтардың қатарына қосылады. Жоғарыда аталған Бағланда ол
қадымша емес, жадидше бастауыш мектептен оқиды да, оны бітіргеннен
кейін со маңайдағы қазақ ауылдарына мұғалім бола бастайды. Бірақ
қадымның қараңғы түнегі басып жатқан ауыл, оның «дүния оқуын»
балаларға сабақ қып беруіне төзбей, оқыту жобасын көрген соң-ақ қуады...
Енді не істеу керек?
Бағланда тұрған күндерінде Шəйін ағай киім тігуді де үйренген екен.
Жəне матаны ауыл шеберіндей қалай болса солай кесе бермей, киетін
адамның денесіне өлшеп, ғылым жолымен пішеді екен. Бұған жұрт екі
жақтан таңданады: бірінші - ол кездегі ауыл адамдарының ұғымында, киім
тігу əйелдің сыбағасындағы ғана іс, еркектің ине мен қайшы ұстап киім
тігуі ұят. Шəйің олардың ұғымынша, жап-жас, сап-cay еркек қалпымен
əйелдің қызметін атқарады; екінші — ол тігетін киім, ауылдың жабайы
тігіншісінен мүлдем басқа, ауыл шебері тіккен барлық киім сəнсіз, олпы-
солпы, денеге қонымсыз болса, Шəйін тіккен киім, əрі сұлу, əрі денеге
қонымды, əрі пішкен матадан кеп қиқым қалмайды, əрі ықшам
тігілгендіктен, киімді қол инемен емес, аяқ машинамен тігеді... Біздің елге
«Компания зингер» аталатын іс машинасын алғаш əкелген адам — Шəйін...
Қолмен атқаратын істі машинаның атқаруы жəне қолдан əлдеқайда жылдам
атқаруы көшпелі надан ауылды қайран қалдырған...
Киімді бұлай тігу, ауылдың кейбір адамдарының, əсіресе жастардың
көзін қызықтырады. Күші бар адамдар, сыртқы киімдерін Шəйінге
тіктіреді. Ол тіккен киімдер ауылға жаңалық болады. Бұл мəселеде де,
ауылда ескішілдер мен жаңашылдар табылып, ескішілдер Шəйінді
ауылына жолатпай қуады.
Жаңа тігіншінің атағы елге тез тарап кетеді. Оған енді, біздің ауылдың
ғана емес, құлақ естір жердегі ауылдардың адамдары да құмартып, əдейі
іздеп кеп киімдерін тіктіреді, кейбіреулер, əсіресе байлар үйіне алдырып,
айлап жатқызады. Қысқасы, біздің арада, құлақ естір жердегі қазақ
ауылдарының арасына «ноғайша» жəне «орысша» аталатын, қалаша сəнді
тігілген киімдерді бірінші рет тігіп, өзгеге үлгі көрсетуші — Шəйін ағай.
Киім тігіп ел аралап жүретін Шəйін ағай, туған аулына біз есімізді білген
кезде кеп орнықты. Біз көргенде ол: жаз кішірек бозғылт кигізді жазғы
отауы бар, тақтайдан сəкі төсеген кішірек қысқы шым үйі бар, киімді сəнді
киінетін, үй іші жасаулы жəне таза үй болатын; сауындық, міністік,
сойыстық малы өзіне жететін...
Бұл кезде Шəйін ағай киім тігумен ғана шұғылданды, бала оқытуына
ауылдың басқарушы адамдары ұлықсат бермеді, олар, əрине, атқамінер,
байлар, молдалар.
Біз — балалар бұған қайран қалатын ек. Ғазизуллиннен оның əлдеқайда
білімді екендігі кезге бадырайып көрініп тұрады. Оқуды да жеңіл
оқытатыны ап-айқын. Ғазизуллиннен əлденеше жыл оқып, өзге хат түгіл өз
атын жазуды білмейтін ересек балалар, Шəйінге жұғысса-ақ, аз күнде хат
жазуға
үйреніп
кетеді.
Соншалық
пайдалылығын
көре
тұра
жаманшұбарлықтардың оған бала оқыттырмау себебін мен кейін ес білген
соң ғана түсіндім.
Ең алдымен, Шəйін дінді танымайтын атеист екен табиғат
құбылысының, қоғам өмірінің көріністерін ғылым жолымен ұғады екен.
Молдалардың айтуынша — жер жалпақ стол сияқты, оны «көк егіз»
мүйізімен көтеріп тұр. Өгіздің астында кеме, кеме астында су, оның
астында бу, одан арғысын «тəңірім» біледі...
«Жер жалпақ емес, домалақ, ешбір көк өгіз жоқ, күн айналмайды, жер
айналады...» деген сияқты географиялық сөздерді біздің ел ең алғаш
Шəйіннің аузынан естіген... «Ахирет деген жоқ, адамның рахаты осы
дүниеде ғана» дегенді де біздің елге алғаш Шейін айтқан... «Қадым» оқуын
да алғаш біздің, елде сол мінеген... Осы қылықтарымен ол, діндар қанаушы
таптың көзінде жексұрын көрініп, біраздан кейін тігіншілік кəсібімен ел
аралап кетуге мəжбүр болған...
Шəйіннің досы балалар болатын еді. Əлі есімде: жаз киіз үйінде, қыс
жылы шым үйінде Шəйін ағай жеңі шолақ көйлекпен, иығына подтяжка
салған шалбармен, аяқ машинаның қасында, өлеңдете іс тігіп отырады. Түн
болса, оның алдында, ауылда оның үйінде ғана болатың дөңгелек сəулесі
толған айға ұқсайтын айналма кəрəсін шам жанып тұрады.
«Ə, келіңдер!» деп үйіне барған балаларды ол жылы шыраймен қарсы
алып, ісін доғармастан олармен əңгімеге кіріседі... Ол аса əңгімеші кісі.
Сонда көбінесе айтатыны ертегі.
Қазақ ертегілерің жалпы ауыз əдебиетін жақсы білудің үстіне, ол
шығыстық əдебиетті де көп біледі. Мысалы, «Мың бір түн», «Тотының
тарауы» сияқты шығыстың классикалық ертегілерін біз бірінші рет Шəйін
ағайдан естідік. Араб, Иран, Шағатай ақындарының өлеңдерін ол өз
тілдерінде жатқа айтып, қазақша түсіндіріп отырады жəне дін поэзиясына
жоламай, үнемі тіршілік поэзиясымен ғана таныстырады. Əңгімешілдігінің
үстіне ол бір сыдырғы əнші де жəне домбырашы да...
Ол жіңішке дауысты адам. Əнді ол биік шырқамай, сəнмен ақырын
айтуды жақсы көреді. Кейде термелеп «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» сияқты
халықтық поэмаларды айтып кетеді.
Ересектеу балалар одан:
— Шəйін ағай, бала неге оқытпайсыз?—десе:
— Оның күні туған жоқ,— дейді Шəйін ағай.
Қашан туады ондай күн? — деген сұрауға ол кейде күмілжіп жауап
бермейді, кейде: «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болады»—
деп, ол заманды сипаттай бастайды.
Біздің балалық сана-сезімімізге оның сипаттауы қона қоймайды, біз оны
ертегі көреміз...
Кейін білсем, Шəйін ағай ол кездегі саясаттан хабардар екен. Орыс тілін
жөнді білмейтін ол, татар тілінде шығатын газет, журналдарды үздіксіз
оқиды екен. 1905 жылдың революциясың оның арты қайда өрбіп бара
жатқаның Россияда нендей саяси партиялар барың олардың бағытын
түсінеді екен.
— Өзім большевик болған жоқпын, — дейді Шəйін ағай бертін
сөйлескенде, — бірақ тілегім, жас күнімнен большевиктер жағында болды,
өйткені ол еңбекші халықтың мұң-мұқтажын көздейді ғой. Ол менің де
мұң-мұқтажым емес пе? Еңбекші халықпен бірге өсіп, біте қайнап келе
жатқан кісі емеспін бе мен?..
Коммунист партиясының қатарына ол кісі, Ұлы Отан соғысының
алдында ғана мүше болды...
«Жылы-жылы сөйлесе, жылан іннен шығады» дейді қазақ мақалы,
жылы жүзді, жылы сөзді адамға кім жанаспайды!... Жылы жүзді, жылы
сөзді Шəйін ағайға мен де үйір болдым. Оның қызық əңгімелерін де, əдемі
əнін де талай тыңдадым.
Өзге кейбір балалардай мен де Шəйін ағайдан жасымда хат таныр ма ем,
қайтер ем, егер мен ондай жасқа келген шақта Шəйін ағай ауылдан кетіп
қалмаса.
Кейін білсем, ауылдан ол кетейін деп кетпеген, сол маңдағы полиция
уряднигінің дүмпуімен кеткен.
Сол тұсты аралап жүретін урядник 1910 жылы Шəйінге кеп:
— Сіз мұнда тұрмайсыз! — деген.
— Неге?— десе:
— Газет, журнал оқисыз да, үкіметке қарсы үгіт таратады екенсіз, —
деген.
— Дəлеліңіз? — десе:
— Оның сізге керегі жоқ, егер өз бетіңізбен бұл маңнан кетпесеңіз, мен
сізді тұтқынға алып кетірем, — деген.
Ақыры, Шəйін ағай тігіншілік қызметімен ел аралап алысқа кетуге
мəжбүр болады... Сол бетінен ол, мен Жаманшұбардан 1913 жылы біржола
кеткенше оралған жоқ...
Тығылудан Октябрь революциясы құтқарған Шəйін ағай, советтік
дəуірдің алғашқы күндерінен бастап, пенсияға шыққанға дейін ауылдың
бастауыш мектебінде үздіксіз мұғалім болды. Оның игілікті қызметін
қыздары — Зəйра мен Зəкəз, ұлдары — Бұрқат пен Дуду жалғастырып
əкетті. 83 жасының қалған уақытын қоғамдық істерге араласумен өткізіп,
Шəйін ағай 1960 жылы тіршілікпен қоштасты. Оның қазір сексеннен асқан,
əжімсіз кезінде «Зылиқа сұлу» атанған жұбайы, балаларының жəне
немерелерінің қызығына рахаттануда. Менің «жалаңбұт» кезімде түскен ол
жеңгей, əлі күнге дейін мені «бала» көріп, жолыққан сайын «айналайын-
ау!» деп, құшақтап бетімнен сүйеді. Сондай адамның бары да жақсы-ау!..
|