Хабаршы. Тарих сериясы. №1 (92). 2019
154
Өмірлік ұстанымы – ұрпақ тәрбиесі
Ұстаздық тәлімі
Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық
ғылыми-зерттеу институтында қызмет ет-
кен жылдары Б. Баймұратқызы мол тәжірибе
жинақтады. Оған балабақшалармен тығыз бай-
ланыс орнату барысында қол жеткізді. Сонымен
қатар балабақшаларда эксперименттер жүргізді.
1981 жылдың қыркүйек айынан бастап бұрынғы
Талдықорған облысы Панфилов ауданының төрт
мектебінде және екі балабақшада эксперимент
жасады (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 159). Экспери-
мент нәтижесінде алынған ғылыми жаңалықтар
жаңа оқу және әдістемелік құралдарға мұрындық
болды. Балабақша мен бастауыш мектептегі
білім беру және тәрбиені ұштастыра алды, осы
бағытта бірқатар еңбектер дайындады. Солардың
бірінде автор: «Балалар ауызша әңгімелеу, әңгіме
құрастыру, диалог түрінде сөйлеу, сөйлесу
тәсілдеріне 6 жасқа дейін-ақ төселеді. Бұл
жұмыс балалар бақшасына арналған программа
мазмұнына сәйкес жүзеге асады. Ал, мектептің
міндеті – осы білім дағдыларды бір жүйеге
түсіру, оқу-жазу тәсілін меңгерту, жазбаша, ау-
ызша мазмұндау, шығарма жазу дағдыларын
қалыптастыру. Оқушының сөйлемді дұрыс құрап
айтуға үйренуі,
мазмұндама, шығарма жазу
жұмысының негізгі факторы болып табылады
(АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 159:20), – деп жазды.
Зерттеулерінде ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы
әдебиетті, М. Әуезовтің, С. Дөнентаевтың, ХХ
ғасырдағы балалар әдебиетін, С. Торайғыровтың,
І. Жансүгіровтің, С. Сейфуллиннің, Б. Майлин-
нің, С. Бегалиннің, С. Көбеевтің, М. Дулатовтың,
А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердіұлының, М.
Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың шығар ма-
ларын (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 51:1-2) қол-
данды, олардың тәрбиелік маңызын көрсетті.
Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу
институтының аға ғылыми қызметкері ретінде
Б. Баймұратова 1981 жылы «Балабақшадағы
ересек балаларды мектепке шығарып салу
ертеңгілігін
әзірлеу
жөнінде
(балалар
бақшасының тәрбие шілеріне көмекші құрал)»
дайындап, жариялады. Мұның өзі ұстаздың бала
бақшасының жұмысына, сәбилердің тәрбиесіне
ерекше мән бергенін көрсетеді.
Осы орай-
да қордағы машинкаға терілген «Сәбилердің
бірінші тобына арналған әдеби шығармалар
фонохрестоматиясы» (көмекші құрал) на-
зар аударарлық. Көмекші құрал «Жан-жақты
жетілген, рухани байлығы, дүние танымы
қалыптасқан зерделі азамат тәрбиелеу, олар-
ды өнерге, шығармашылыққа баулу мектепке
дейінгі тәрбиеден басталады» (АқОМА. – 540-қ.
– 1-т. – 19:3), – деген тұжырымнан басталады.
Қазір гі кезеңде бұл тұжырымның маңызы артып
отыр, өйт кені жаһандану етек жайған уақытта ба-
ланы ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеп,
бойына халықтың салт-дәстүрін сіңіріп өсіретін
болса, мемлекеттің өзіндік ұстанымдарын
жоғалтпайтыны хақ. Ата-бабаларымыздың «ба-
ланы бастан» деген даналық сөзін отбасында да,
балабақшада да әсте есте ұстау өзектілігін бүгін
де жоймай келеді. Сәбилерді әдеби шығармалар
арқылы тәрбиелеуде шығарманы таңдауға баса
назар аударылатындығын автор: «Оны сөзге
ынтықтырып, ойнату, сөйлету, әдеби тілге үйре-
ту, әдептілік, үлкенді
сыйлауға, кішіні қам қор-
лыққа баулу, тазалыққа, эстетикалық талғам-
паз дыққа, еңбекке баулу, жағымды іс-әрекетті
бойына дарытып, тапқырлыққа, өздігінен ой-
лау, шешім табуға үйрету көзделіп, шығармалар
осы аталғандарға орай іріктеледі. Қысқа өлең-
тақпақтарды сәбилер жатқа айтуға үйренсе,
қысқа ертегі әңгімелерді ата-анасының, тәрбие-
шінің жәрдеміне сүйеніп, әңгімелеп беруге
жатты ғады» (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 19:4), –
деп жазды. Көмекші құрал осыдан жарты ғасыр-
ға жуық уақыт бұрын дайындалса да онда ай-
тыл ған Б. Баймұратқызының
ойы әлі де өзінің
көкейкестілігін сақтап келеді. Балабақшаларда
сәбилерді осындай бағытта тәрбиелеу бүгін
де күн тәртібінде тұр. Автор сәбилерді әдеби
шығармалар арқылы тәрбиелеудің жолдары-
на да назар аударып, көрсетіп берді. Осыны
мына ұсыныстарынан көруге болады: «Бала-
ны сөз өнеріне қызықтыра білу тәрбиешінің,
ата-аналарының өз ана тілін жетік білуіне, тіл
шеберлігіне, шығарымпаздық ізденістеріне тіке -
лей байланысты. Сол себепті тәрбиешілер көр -
кем өнер шеберлерінің оқуын өздері жиі рек
тыңдап, балаларға да тыңдатуды естен шығар-
маны жөн. Мысалы, «Кешкі ертегі», «Ойлан, тап»
хабарлары, таспаға жазылған әндер мен күй лерді
тыңдатып отырса, баланың бал тіліне тілашар
болары сөзсіз» (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 19:5).
Осы көмекші оқу құралы 1984 жылы «Сурет -
ті әліппе» (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 96) деген атау-
мен толықтырылып, өңделіп, оқу құралы түрін де
жарияланды. Ал «Оқып, ойнап, ән шыр қайық»
(АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 95) деген Б. Баймұрато-
ваның және Ы.
Алтынсарин атындағы ғылыми-
зерттеу институты қызметкерлері бірлесіп
дайындаған кітап аталған еңбектерге қосымша
ретінде балабақшаларда қолданыста болды.
Балабақша және бастауыш мектептегі оқыту
мен тәрбиеден алшақ сырт көзге осының барлығы
ISSN 1563-0269 Journal of history. №1 (92). 2019
еISSN 2617-8893
155
Мұхатова О. Х.
еріккеннің ермегі болып көрінуі мүмкін, алайда
қазіргі кезеңде балабақшалар мен мектептер-
де орын алып отырған келеңсіз жағдайлар бұл
мәселені қайта күн тәртібіне шығарып, проб-
леманы шешуді талап етеді. Өйткені ұрпақ
тәрбиесінің қоғам үшін маңыздылы дау тудыр-
майды. Осы орайда заманауи мектептердегі са-
уат ашу сабағының да, оқу құралының да «жер-
ден жік шықты, екі құлағы тік шықты» емес
екендігін дәйектейді.
Бәшен Баймұратова өзінің педагогикалық
шеберлігін кеңестік кезеңде шетелде де таны-
та білді.1983 жылы күзде Монғолияның Баян-
үлгі аймағына барып, мұғалімдерге дәріс оқып,
тәжірибелік
сабақтар, семинарлар өткізді. Осы
еңбегі үшін Баян-үлгі аймақтық кеңесі төрағасы
О. Хапсатор қол қойған алғыс хатын алды
(АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 61:3).
1988 жылы «Мектеп» баспасынан Қазақ
ССР Халыққа білім беру министрлігі бекіткен
Б. Баймұратованың Г. Дүкенбаева және М. Сәтім -
бековамен бірлескен «Суретті сөздік. Орыс ті-
лінде жұмыс істейтін балабақшаларға арналған
қазақ тілі» оқу құралы жарыққа шықты(АқОМА.
– 540-қ. – 1-т. – 97). Оқу құралында қазақ тілін
үйрету бағдарламасына сәйкес иллюстрациялық
материалдар қамтылды. Суреттер оңайдан
қиынға қарай жүргізілетін дидактикалық прин-
ципке сай орналастырылды. Оқу құралының
соңында балаларға бұрыннан таныс ертегілер
бойынша сюжеттік суреттер берілді. Оның ал-
дында бір жыл бұрын «Орыс
тілінде жұмыс
істейтін балабақшаларға арналған қазақ тілі
программасы» (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 100)
дайын далды.
Бағдарлама
қазақша-орысша
сөздік пен бірге ұсынылды. Бұдан басқа «Балалар
бақшасындағы дайындық топтағы балалардың
тілін дамыту» (типтік программаға нұсқау)
және «Қазақ балалар бақшасындағы даярлық
топтарға арналған программа» (АқОМА. –
540- қ. – 1-т. – 94) дайындалды. Аталған бағдар-
ла ма лардың негізінде Б. Баймұратова, Ұ. Бота-
баева, Қ. Қасабекова «Даярлық курстарда ана
тілін оқыту» (АқОМА. – 540-қ. – 1-т. – 93) де-
ген кітапты «Мектеп» баспасынан шығарды.
Еңбектердің барлығы дерлік орыс тілінде жа-
рияланып отырылды. Мәселен, «Азбука в кар-
тинках», «Руководство к учебнику «Суретті
әліппе» для подготовительных классов», «Мы
поем и рассказываем», «Раздаточно-дидакти-
ческий материал по развитию речи и обучение
грамоте», «Методические разработки занятий
развитию речи» деген оқу және әдістемелік
құралдар балабақшалардағы тәрбиешілердің
үстел кітабына айналды (АқОМА. 540-қ. – 1-т. –
43:12). Сонымен қатар Г.К. Жұмалиева, Н.Х. Ни-
кипорецпен бірлескен «Тәй-Тәй (Шаг за ша-
гом») атты қазақша-орысша тілашар 1990 жылы
«Рауан» баспасынан жарық көрді (АқОМА.
– 540-қ. – 1-т. -102). Бұдан кейін 1991 жылы
«Өзіміз оқып-үйренеміз» (АқОМА. – 540-қ. –
1-т. – 103) деген жинақ шығарылды. Бұл жинақ
«Әліппені»
оқыту кезінде, сондай-ақ бастауыш
сыныптарға арналған «Ана тілі» оқулықтарына
қосымша оқушылардың өз беттерімен оқуы үшін
ұсынылды. Жинаққа балалардың жасына лайық
жеңіл өлең, әңгіме, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш
мәтіндері топтастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: