Өмірзақ айтбайұлы



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата05.02.2017
өлшемі1,46 Mb.
#3428
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

тӘлКЕККЕ Сала бЕрЕміз?
«Тіл  туралы»  Заң,  Мемлекеттік  бағдарлама,  Президент 
тұжырымдамасы  жұртшылық  сұранысына  сай  дер  кезінде 
ұсынылған  өте  құнды  құжаттар  болатын.  Мемлекеттік  тілі- 
міздің көркейіп, дами түсуіне едәуір септігі тие бастаған бұл 
құжаттар талабын жан-жаққа жалтақтатпай, жүйелі де саналы 
түрде рет-ретімен іске асыра бергенде тәуелсіз еліміздің басты 
рәмізінің  бір  де  болса  бірегейі  мемлекеттік  тіліміздің  бүгінгі 
күйі бұдан әлдеқайда ілгері кеткен болар еді. Өкінішті жері сол, 
бізде кейде бастаған істі баянды етіп бітіру мәдениеті әлі күнге 
қалыптаспай жатыр. Игі істі бітірмей жатып, тастай салу ауруы 
жазылмайтын дертке айналды. 
Тіліміздің  тағдырын  сан-саққа  жүгіртіп  келіп,  тағы  бір 
он жылдық бәйге алаңына тастадық. Он бес, жиырма жылда 
қазіргі  заманда  әрбір  адам  ең  кемі  4  университет  бітіріп, 
мамандық  алып  жатады.  Тіпті  шет  тілдерін  түсінде  ғана 
көретін қазақ баласының талайы 4 жылда ағылшын, неміс, 
француз, араб, испан т.б. тілдерін игеріп алатыны мәлім. Ал 
ана тілін үйренуге он жылдан, жиырма жылдан уақыт бөліп 
жату, шамасы намыссыз қазақтың ғана еншісіне тиген үлес болу 
керек. Бірақ бұл ескіретін, тозатын немесе алмастыра салатын 
мүлік,  зат  емес  қой,  мәңгі-бақи  маңдайымызға  жазылған 
мәдени мұра, ұлттық құндылығымыз болғандықтан айбынуға, 
арлануға, тіпті бастаған істен бас тартып шегінуге жол жоқ. 
Опындыратыны,  қазақ  ұлтына  қызмет  етіп,  ұлттық 
мүддені қорғайды деген атқа мініп, таққа көтерілген белгілі 
бектеріміз  бен  беделді  билеріміздің  (депутат  ретінде  алып 
отырмыз) кеше ана тілге ашық қарсылық көрсеткені. Саралай 
түссең, ұлттық намысқа тиер талай сорақылықтардың беті 
ашыла  бермек.  Онсыз  да  жаныңа  батып  тұрған  жараның 
аузын  тырнай  беруден  мән  шығар  болса,  ұғар  құлақ  болса 
талай сөз айтылды. Әйтсе де әрбір қазақ азаматына ұлттық 
мүдде,  ұлттық  тіл  үшін  айрықша  белсенділік  танытар 
кезең  келді.  Енді  бұйығы  өмір  кешіп,  ұрпағын  қай  тілде 
сөйлеп кетсе де бәрібір дейтін заман емес. «Елді билесем, 

109
жерді  иеленсем,  сөйтіп  өз  мүддемді  орындап,  қалтамды 
тығындасам,  мәртебе  осы  емес  пе?»  –  дейтін  тоғышарлық 
пайымның  басыбайлы  құлына  айналған  «сауаттылардың» 
сыйқы  осылай  болып  тұрғанда  айрықша  жігерлі  әрекеттер 
қажет-ақ. 
1960 жылдардың бас кезінде қазақ мектептерінің жаппай 
жабылып,  дұрысында,  оларды  жаптырып  жатқан  кезде, 
қазақ  мектептерінің  келешегіне  балта  шапқызбай,  қазақ 
тілінде балабақша ашу үшін жасалған талай әрекеттің куәсі 
болдым. Сол кезде астанамыз болған Алматыда жалғыз-ақ 
қазақ мектебі – №12 мектеп бар еді. Маңдайға басқан жар 
дегенде  жалғыз  мектептің  жағдайы  тым  нашар  болатын, 
қаладан тысқары жерге шеттетіліп кеткен-тін. 
Аталған  мектептің  ата-аналар  комитеті  атынан  біздің 
шағымданбаған  жеріміз  қалмады.  Бұнымыздан  нәтиже 
шыға қоймады. Бірақ осы мәселеге орай Алматы обкомының 
хатшысы К. Ахметов бастаған топ, оның ішінде қалалық оқу 
бөлімінің  меңгерушісі  Бимендин  және  сол  мекемелердің 
жауапты  қызметкерлері  жиналыс  өткізді.  Ахметовтың 
айтуынша,  қазіргі  кезде  қазақ  мектебін  ешкім  де  қудалап 
отырған  жоқ,  оның  оқушы  саны  өте  аз,  қазақтардың 
өздері балаларын қазақша оқытқысы келмей, жаппай орыс 
мектептеріне  беріп  отыр,  оларға  балаларыңды  қайтсе  де 
қазақ мектебіне беріңдер деп ешкім зорлық жасай алмайды. 
Ызғарлы дауыл бет қаратпайтындай, айтылған сөзге қарсы 
аталы  сөз  шықпай  жатты  сол  жиында.  Бір  кезде  мінбеге 
қаңбақ  шалға  ұқсаған  шоқша  сақалды,  шағын  денелі 
ақсақал  шықты.  Көп  сөз  айтты.  Соғыста  болғанын  айтты. 
Көп  адаммен,  әртүрлі  ұлт  өкілдерімен  бірге  болғанын, 
достасып кеткенін айтты. Сол ұлттардың қайсысы да өз ана 
тілін  жақсы  білетінін,  анасындай  қадірлеп,  қастерлейтінін 
айтты. Сөз аяғында: «Әй, Ахметов, сендер мені баламнан, 
немерелерімнен айырдыңдар», – деді. Жұрт жым боп тына 
қалды. Әлгі қарт жалт етіп Ахметовке, президиумға қарады. 
Екі көзі от шашып тұр. 
«Менің  немерем  әскерде.  Хат  жазады,  орысша  жазады. 
Мен  оны  оқи  алмаймын.  Мен  қазақша  хат  жазсам,  ол 

110
түсінбейді.  Алыста,  шетте  жүрген  бала  ата  сезімін 
сезіне  алмаса,  қалай  ол  ертең  мейірімді  болмақ?  Өзі  ана 
тілін  білмесе,  ол  ертең  кімді  тәрбиелемек?  Осыны  неге 
түсінбейсіңдер? Ахметов, сен – обком хатшысысың. Сонда 
сен  елден  ақылың  асқандықтан  білімің  артық,  іскерлігің 
ерекше болғандықтан хатшы болып отырған жоқсың. Сен ең 
алдымен қазақ болғандықтан сені хатшы қойып отыр. Тым 
болмаса соны ақтауың керек еді ғой...». Қарияның бұл ашулы 
сөздерді Ахметовке оңай тимесе де, бұл жиыннан еш нәрсе 
өнбеді.  Дегенмен,  алған  бағытымыздан  таймай,  Мәскеуде, 
СОКП Орталық комитетіне өз ішімізден бір адамды жібердік. 
Мән-жайға  егжей-тегжейлі  қаныққан  Орталық  комитеттің 
жауапты қызметкері бұған таң-тамаша қалыпты. «Украинада 
орыс мектептері жеткіліксіз» деген арыз-шағымдар келуші 
еді. Ал қазақтың астанасында жалғыз-ақ қазақ мектебі бар 
екенін,  оның  өзінің  халі  мүшкіл  болып  тұрғанын  бірінші 
рет  естіп  тұрмын»,  –  депті  ол.  Бұнымыз  нәтижесіз  болған 
жоқ.  Бірнеше  күннен  соң  бізді  Қазақстан  Компартиясы 
Орталық  комитетінің  хатшысы  Н.Жанділдин  қабылдап, 
мәселенің  алдағы  жиында  талқыланатынын,  тиісті  шешім 
қабылданатынын айтып шығарып салды. Сөйтіп 1963 жылы 
обкомның  бюросы  өтіп,  онда  №12  мектепті  орталыққа 
қарай  көшіруді,  қалада  бірнеше  балабақша,  әр  ауданнан 
жекелеген  балабақша  қасынан  қазақша  бірнеше  топ  ашу 
жайында  қаулы  қабылданды.  Бұл  кеңестік  темірдей  берік 
идеологияның  дәурендеп  тұрған  кезі  болатын.  Ал  қазір, 
шүкіршілік, қазақша балабақша, мектеп ашуды қажет етуді 
ұлтшылдық деп айыптамайды, айдар тақпайды. Сондықтан 
бүгінде оны өтініш емес, талап етуге болады. 
Жалпы,  сан  жылдар  бойы  шемен  болып  қатқан, 
қалыптасқан  көнбістік  пен  именшектіктің,  жерімізді 
жайлатып, төрімізден орын беріп, оның салдарын ойламаған 
келтелік  пен  жалпақшешейлік  зардабын  енді  ғана  сезе 
бастағандаймыз.  Әйтсе  де,  бұл  қылықтан  әлі  де  ада-күде 
арылып  болғанымыз  жоқ.  Төрдегі  қонаққа  барымызды 
ұсынып, бас шұлғып баққан әсіре ізетшілдік мінез-құлықтан 
арылуымыз  қиынға  соғуда.  өзге  елде,  бөтен  жерде  баян 

111
тауып, сіңе бастаған түрлі халық сол өздері өркен жайып 
отырған  елдің  тілін,  мәдениетін,  өнерін  білмегеніне 
қысылудың  орнына,  «қазақстанда  орыс  тілі  қағажу 
көріп  отыр»  дейтінді  шығарды.  бұдан  асқан  өктемдік, 
бұдан сорақы басыну бола ма? 
Қазақтардың бар «жазығы» – құртып ала жаздаған тілін өз 
жерінде, өз елінде қайта тірілткісі келіп отырғаны ғана. Өзге 
халықтың бір де біріне зорлықпен тіл үйреткісі келмейді. Ол 
әркімнің ар-ожданына, ішкі интеллектісіне, мәдени-рухани 
жан дүниесінің сапасы мен азаматтың санасына байланысты 
жетілетін нәрсе ғой. 
Алақанға  салып  әздектете  сыйлап,  жүрек  төрінен  орын 
берген  қонағы  қазекеме  «өз  үйіңде  өз  тіліңде  сөйлеме, 
оның қажеті не?» деп бұйрық берсе, бұл қай әділетке, қай 
бауырмалдыққа  жатады?  Мұндай  да  болғанын  көзімізбен 
көріп,  құлағымызбен  есіткен  едік.  Мен  мұны  жеке  бастың 
мәселесімен айтып отырғаным жоқ. Тіліміздің әлі де білікті 
азаматтар  тарапынан  қолдау  таба  алмай  жатқанын  айтып, 
сәл  де  болса  ой  салу  еді.  біз  қазір  ұлт  ретінде  үш  киелі 
ұғымды қастерлей білуіміз керек. Ол – Жер, Ел, тіл. бұл 
үш ұлы ұғым алдында бәріміз де кішіміз, бәріміз де соған 
қызмет етуге міндеттіміз. Үлкеніміз бар, кішіміз бар, бұл 
қағиданы  бәріміз  тік  тұрып  мойындауымыз  қажет.  Әрине, 
егер өзімізді қазақ ұлтын құрметтейтін, Қазақстанның тең, 
құқықты азаматы деп есептесек. 
Жазып алған Қуат Әуесбай
«қазақ тілі» қОҒамыНыҢ ЖұмыСы 
бҮКілқазақСтаНДықтар қазақ тіліНДЕ 
СөйлЕГЕНГЕ ДЕйіН ЖалҒаСа бЕрЕДі»
Биыл  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  ие 
болуына  20  жыл  толып  отыр.  Бұл  ел  тарихындағы  ең 
бір елеулі оқиға. Өйткені еліміздің тәуелсіздігі тіліміздің 
тәуелсіздігінен бастау алған еді. Тарих үшін 20 жыл деген 

112
қас-қағым ғана сәт. Ал еліміз үшін бұл 20 жылдың салмағы 
орасан  зор.  Бұл  кезеңді  тіліміз  ғана  емес,  ұлтымыздың 
да,  мемлекетіміздің  де  қанаты  қатаю  кезеңі  десек, 
қателесе қоймаймыз. Осынау мерейлі оқиғаға орай біз тіл 
майданының  көшбасшысы,  Халықаралық  «Қазақ  тілі» 
қоғамының президенті, белгілі ғалым, академик Өмірзақ 
Айтбайұлымен аз-кем ой бөліскен едік.
 – Өмірзақ Айтбайұлы, биыл қазақ тілінің мемлекеттік 
тіл  мәртебесін  алғанына  20  жыл  толғалы  отыр. 
Сонымен  бірге  Өзіңіз  жетекшілік  етіп  келе  жатқан 
Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  құрылғанына 
да  20  жыл  толады  екен.  Әрине,  бұл  екі  оқиғаның  бір-
бірімен  тығыз  байланысты  екендігі  сөзсіз.  Бұл  айтулы 
дата  мемлекет  тарапынан  да,  өздеріңіз  тараптары- 
ңыздан  да  атаусыз  қалмайтын  шығар.  Әлде  былтырғы 
Алаштың 90 жылдығының кебін құша ма?
–  Сұрақтың  астарын  түсіндім.  Ел  Үкіметі  азуын  айға 
білеген  Алаш  азаматтарының  өзін  елемегенде,  тіліңізді 
жарылқай  қояр  ма  екен  дегіңіз  келіп  тұр  ғой.  Ашығын 
айтуымыз керек, Алаштың 90 жылдығын жоғары деңгейде 
лайықты  атап  өте  алмағанымыз  елдігімізге  сын  болды. 
Мемлекеттің  ғана  емес,  әрбір  қазақ  баласының  міні 
болды.  Құлдық  сананың  әбден  сіңісті  болғандығының, 
елдік,  ұлттық  мәселеге  келгенде  кежегеміздің  кейін  тарта 
беретіндігінің көрінісі бұл. Батпандап кірген ауру мысқалдап 
шығады емес пе. Санымыз көбейіп келе жатыр. Сан сапаға 
айналмай  қоймайды.  Біртіндеп  бодандық  кезеңнің  қалды- 
ғы – жалтақтық, ұлтсыздық, табансыздық секілді әдеттерден 
де  арылармыз  деп  ойлаймын.  Сол  кезде  мұндай  кесір 
мінездердің барлығы да өткеннің еншісіне айналмақ.
Ал  қазақ  тілінің  және  Қоғамның  20  жылдығына  келер 
болсақ, мәселенің басы ашық. Сөз жоқ, бұл ұлт өміріндегі 
ұлы  күннің  бірі  деп  білемін.  Мұны  елеусіз  қалдыруға 
болмайды. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал халық, оның тілі –  
мәңгілік.  Дағдарысты  сылтау  етіп,  тілімізді  төрге  шығара 
алмасақ, басқа істеріміздің барлығының да мәні шамалы. 

113
Қазақ  тілінің  қалай  мемлекеттік  тіл  мәртебесін  алғаны 
күні  бүгінгідей  көз  алдымызда.  Ол  оңайлықпен  келген 
жоқ.  Талай  талас-тартыс  болды.  Өйткені  тілдің  тағдыры  –  
қазақтың  тағдыры  еді.  Тегеурінді  қарсылықтарға  да 
ұшырастық.  Әйтеуір,  түбі  қайыр.  Қазақ  тілі  мемлекеттік 
мәртебе  алды.  Енді  алдымызда  сол  жетістікті  баянды  ету, 
іске  асыру  міндеті  тұрды.  Бұған  қоса  елдің  көңіл  күйі  де, 
рухы  да  түлеп,  үлкен  қозғалысты  қажет  етті.  Сол  жылы 
академик Әбдуәли Қайдаровтың бастамасымен «Қазақ тілі» 
қоғамы осылай құрылған еді. 
Содан бері тіл майданында толассыз күрес жүргізіп келе 
жатқан «Қазақ тілі» қоғамына да биыл 20 жыл толайын деп 
отыр. Осыған орай мен Елбасының атына хат жолдаған едім. 
Жуырда ғана Елбасының тапсырмасымен мені Мемлекеттік 
хатшы  Қанат  Саудабаев  қабылдап,  осы  мәселелерді  жан-
жақты  талқыладық.  Қанат  мырза  Елбасының  ана  тілімізге 
ықыласының ерекше екендігін және атаулы күндерді тиісті 
деңгейде  атап  өтуге  қолдау  білдіретінін  жеткізді.  Әлбетте, 
бұл  шара  аясында  ат  шаптырып,  аста-төк  ас  берілмейді. 
Мәнді,  мағыналы  шаралармен  шектелген  жөн  деп  білеміз. 
Сөйтіп,  біз  Қанат  Бекмырзаұлымен  биыл  күзге  салым 
Астана қаласында тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 
20 жыл толуына орай республикалық конференция өткізбек 
болып бәтуаластық. Оған дейін облыс орталықтарында тілге 
арналған жиындар өткізіледі. Ал Қоғамның 20 жылдығын да 
осыған орайластырмақпыз. 
–  Жиырма  жыл  деген  аз  уақыт  емес  қой.  Осы  кезеңді 
көктей  шолғанда,  елімізде  қазақ  тілінің  өрісін  кеңейту 
бойынша атқарылған істерге көңіліңіз тола ма?
–  Көңілдің  толатын  да,  толмайтын  да  жақтары  бар.  Тіл 
саясаты бойынша мемлекетіміз ешнәрсе жасамай отыр деп 
ауызды  қу  шөппен  сүртуге  болмайды.  Үкіметтің  соңғы 
жылдары  қазақ  тіліне  шындап  ден  қоя  бастауы,  Үкімет, 
Парламент  отырыстарының  қазақ  тілінде  өтуі,  қазақша 
дайындалатын  ісқағаздарының  үлес  салмағының  артуы 
үлкен үміт күттіреді. Бұл өзі бұрыннан да солай болуы тиіс 
жағдай ғой. 

114
–  Демек,  билік  тарапынан  қазақ  тіліне  қатысты 
атқарылып отырған істер жеткілікті деп санайсыз ғой?
–  Мәселе,  жеткілікті,  жеткіліксіздігінде  емес.  Барды 
бар,  жоқты  жоқ  деп  айтуда.  Егер  қазақ  тілі  өзіне  лайықты 
тұғырына көтеріліп, бүкіл мәселесі шешімін тапқан болса, 
өзімізге  тиісті  ғылыми  жұмысымызбен  ғана  айналысып 
жүре бермей, қоғам құрып, тіл майданына шығып неміз бар? 
Мақсат – атқа мініп, атақ шығару ма?! Ашығын айтсақ, әлі де 
ана тілімізге қатысты шешімін тапқан істерден гөрі, шешімін 
таппағандары  шаш  етектен.  Көзіміз  танып,  намысымыз 
жанып  тұрған  соң,  ана  тіліміздің  адымын  ұзартуға  аз  да 
болса  үлесімізді  қоссақ  деп  әрекет  етіп  келеміз.  Құдайға 
шүкір, ісіміз нәтижесіз емес. Оларды тізбелеудің басы артық. 
Көпшіліктің көз алдындағы дүние ғой. 
Ал,  қазақ  тілінің  қолданылу  аясын  кеңейту  үшін  еліміз 
не  атқарып  келе  жатыр  дегенге  келсек,  мемлекеттік  тіл 
мәртебесіне ие болған қазақ тілінің мәселесі әлі күн тәртібінен 
түскен жоқ. Азды-көпті шаруалар атқарылып жатыр. Мысалы, 
ана тілімізді ардақтау мақсатында 17 жылдың ішінде Елбасы 
5  жарлық,  3  өкімге  қол  қойса,  Үкімет  мемлекеттік  тілді 
өркендету  тұрғысында  22  қаулы  қабылдапты.  Арнайы  Заң, 
мемлекеттік  бағдарлама  бар.  Тіл  комитеті,  облыстық  тіл 
басқармалары  қызмет  етуде.  Осы  кезең  аралығында  елімізде 
883 қазақ мектебі ашылыпты. Алайда бұл әлі де аз. Осы бағытта 
тұрақты жұмыс істей беру керек. Меніңше, Қазақстанда қазақ, 
орыс мектебі дегенді қоятын кез жетті. Бір ғана мемлекеттік 
мектеп болу керек. Оны бітіріп шыққан барша оқушы ұлтына 
қарамай, қазақ тілін жақсы меңгеріп шығуы тиіс. Барлығына 
талап  бірдей  болуы  керек.  Сонда  біз  бүгінгідей  мемлекеттік 
қызметкерлерге қазақ тілін үйрету үшін қыруар қаржы шашып 
әуре болмайтын едік. Маған салса, сол қаржыны сүйегі қатып 
кеткен  азаматтарды  оқытамын  деп  әуре-сарсаңға  түспей, 
балабақшалар  мен  мектептерде  қазақ  тілін  оқыту  жүйесін 
жетілдіруге жұмсаған жөн. Бұл әлдеқайда тиімді әрі нәтижелі 
болар еді. 
Жоғарыдағы жәйттерді айтып отырғаным, қалай болғанда 
да  ілгерілеушіліктердің  бар  екендігін  көрсету.  Дегенмен, 

115
қазақта  «жыламаған  балаға  емшек  бермейді»  деген  сөз 
бар.  Қол  жеткен  нәтижелеріміз  тілім,  елім  деген  асыл 
азаматтардың  намысқа  шауып,  жан-жақтан  тіл  мәселесін 
тұрақты  көтеруінің,  табандылық  танытуының,  мәселені 
Елбасының түсіністікпен қабылдауының арқасы. Қазір айтуға 
оңай. Әрбір қазақ мектебін ашу, қазақ тілін мемлекеттік тіл 
ету  қаншалықты  күшке  түскені  жұртшылықтың  жадынан 
шыға  қоймаған  болар.  Бұл  бағыттағы  істерді  тоқтатуға 
болмайды. 
–  «Қазақ  тілі»  қоғамы  бекерден-бекер  «халықаралық» 
деп  аталмаған  болар.  Халықаралық  өреде  не  тындырып 
жатырсыздар?
–  Халықаралық  деп  аталу  себебіміз  Қоғам  құрылған 
күнінен  бастап  алыс-жақын  шетелдерде  мекендеп  жатқан 
қазақтарды түгендей бастадық. Қоғамның бір бөлімі арнайы 
осы  мәселемен  шұғылданды.  Осы  мақсатта  Өзбекстан, 
Ресей, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Украина, Латвия, Литва, 
Эстония  елдеріне  сапарға  шықтық,  ондағы  қазақтардың 
өмірімен таныстық. Сол өңірлерде «Қазақ тілі» қоғамының 
бөлімшелерін аштық. Шетелдердегі қазақтардың Германия- 
да, Түркияда өткен кіші құрылтайларына қатысып, ондағы 
қандастарымыздың жай-күйімен хабардар болып отырамыз. 
Мұқтаждықтарына биліктің назарын аудартамыз. 
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесе отырып, 
жұмыс істеу жолдарын қарастырудамыз.
–  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қорының  директоры 
Б.Әбдіғали  жақында  бір  басылымға  берген  сұхбатында 
«мәселе  тілде  емес,  қазақтың  өзінде  екен.  Қазақ  өзін 
сыйлаудан,  құрметтеуден  қалған  екен.  Қазақтың  ұлттық 
сапасын  көтермей,  қазақ  тілі  оңалмайды»  деген  сыңайда 
пікір білдірді. Осыған алып-қосарыңыз бар ма?
–  Қазақтың  сапасын  көтеру  үшін  де  тілді  игеру,  тілді 
үйрету  керек.  Тіл  білмесе,  сапа  көтерілуі  қиын.  Мәселе 
жалғыз қазақта ғана емес, оның рухында, жан-дүниесінде. 
Егер  ұлттық  рухы  болмаса,  жан-дүниесінде  өзін  ұлттың 
бір бөлшегі ретінде сезіну түйсігі болмаса, онда қазақ тілін 
білетін  қазақтан  да  қайыр  шамалы.  Сондықтан  тілді  де, 
рухты да тең ұстау керек деп есептеймін.

116
–  «Қазақ  тілі»  қоғамы  соңғы  жылдар  әлетінде  нақты 
қандай  істермен  айналысты?  Сонымен  бірге  алдағы 
жоспарларыңызбен де бөлісе отырсаңыз. 
–  Мемлекеттік  тілге  қатысты  қандай  проблемалар 
туындаса, Қоғамның сол жерден табылмай қалған кезі жоқ. 
Естеріңізде  болса,  бұрнағы  жылы  Байқоңыр  қаласындағы 
орта  мектептердің  Ресей  оқулықтары  негізінде  білім  алып 
жүргені  туралы  үлкен  шу  шықты.  Бұрынғы  Білім  және 
ғылым  министрінің  ұлттық  мүддеге  салғырт  қарауынан 
орын алған осынау келеңсіздікті дер кезінде көтеріп, тиісті 
органдардың  назарын  аударған  «Қазақ  тілі»  қоғамының 
Байқоңыр  қаласындағы  бөлімшесі  болатын.  Білім  және 
ғылым министрлігінен бұл мәселені оң шешуге тырысамыз 
деген жауап алдық. Бақылауда ұстап отырмыз.
Сол секілді 2007 жылғы ақпан айында қазіргі Премьер-
министріміз  Кәрім  Мәсімовтің  министрліктер  мен 
әкімдіктерге Үкімет кеңсесіне беретін ақпараттарын алдағы 
уақытта  қос  тілде,  орыс  және  мемлекеттік  тілде  бер  деген 
нұсқауының  орынсыздығын  дәлелдеп,  бұған  тосқауыл  қоя 
алдық. 
Бұл  мәселе  жөнінде  Мемлекеттік  хатшыға  арнайы  хат 
жолдаумен  бірге  өзім  мүшесі  болып  саналатын  Үкімет 
жанындағы  мемлекеттік  тіл  саясаты  жөніндегі  тұрақты 
кеңесте де бұл әрекетінің заңға қайшы, қазақ тілінің тынысын 
тарылтуға бағытталған зиянды әрекет екендігін Мәсімовтің 
өзіне де айттым. Сөйтіп, мәселенің дұрыс арнаға түсуіне қол 
жеткіздік.
Алматы  қаласының  орта  білім  беру  жүйесіне  талдау 
жүргізіп, қазақ мектептерінің санын арттыру туралы Ғылым 
және  білім  министрлігінің  алдына  мәселе  қойып,  ол  ми- 
нистрлік тарапынан түсіністік тапты. 
Сол  секілді  Елбасыға,  Мемлекеттік  хатшыға,  Премьер-
министрге,  салалық  министрліктер  мен  облыстық  әкімдік- 
терге  қазақ  халқының  толғақты  мәселелері,  қазақ  тілі 
туралы  ұсыныстарымызды  тұрақты  түрде  жолдап  отыра- 
мыз.  Олардың  көпшілігі  ілтипатқа  алынып,  ретімен 
шешімін табуда. Бір ғана мысал. Былтырғы мамыр айында 

117
Президент  әкімшілігіне  қазақ  тілінің  ауқымын  кеңейту 
бойынша  ұтымды  ұсыныстар  мен  тиімді  қоғамдық  баста- 
маларды қаржыландыратын арнайы қор құру қажеттігі пісіп 
жетілді деген ұсыныс берген болатынбыз. Бұл ұсынысымыз 
Елбасы тарапынан қолдауға ие болып, оның қандай нәтиже 
беріп  жатқанын  өздеріңіз  көріп  отырсыздар.  Өзбекстаннан 
қоныс  аударып  Шымкент  қаласының  іргесіне  жайғасқан 
20  мыңдай  қазақтың  «Асар»  атты  ұйым  құрып,  арнайы 
қалашық салғаны туралы Елбасына түсініктеме хат жаздым. 
Елге келіп жатқан өзге ағайындарға үлгі болар осы игі істі 
Елбасы  арнайы  барып  көріп,  қолдау  көрсетті.  Жаңа  пайда 
болған қалашық иелерінің Елбасы мен Халықаралық «Қазақ 
тілі» қоғамына деген алғысы зор. 
Бұлар  әңгіме  ауанына  қарай  ойыма  түскендері  ғана. 
Бірақ  сауапты  істі  санамас  болар.  Бұл  еліміздің,  тіліміздің 
алдындағы перзенттік те, азаматтық та парызымыз ғой. Ал 
парызды адам есеппен істей ме?! Алдағы уақытта да аталған 
жұмыстардан аянып қалмаспыз.
–  Қазіргі  таңда  мемлекеттік  тілге  қатысты  қандай 
мәселелерге көңіл аудару қажет деп санайсыз?
–  Әрине,  бәріміз  де  қазақ  тілінің  барынша  тез  қоғам 
өмірінің  бар  саласында  үстемдік  еткенін  көргіміз  келеді. 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры, ұлттық бірлігіміз тілдік тұтастыққа 
негізделсе деп тілейміз. Бұл заңды да. Дегенмен, уақыт дейтін 
құдіретті әміршінің де бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Жылдар 
бойы  қалыптасқан  үрдісті,  сіресіп  қалған  сананы  аз  уақыт 
ішінде өзгерте қою қиын. Қазақ тілінің қолданысын кеңейту 
аясындағы  жасап  жатқан  амалдарымыздың  екпін  алып 
кете  алмай  отыруы  да  елімізде  жетпіс  жыл  бойы  үстемдік 
құрған саясаттың санаға әбден сіңісті болып қалғандығын, 
инерциясының әлі де жалғасып келе жатқандығын көрсетеді. 
Сондықтан да бұған неғұрлым тез тосқауыл қойып, ел сана- 
сын жаңа бағытқа қарай икемдей түскеніміз абзал. Өйткені 
ұлы  жазушымыз  Мұхтар  Әуезов  айтқандай,  «Төзім  деген 
жақсы қасиет. Бірақ ұзақ төзуге адамның ғұмыры жете ме?». 
Ал  нақты  шараларға  келетін  болсақ,  мемлекеттік 
тіліміздің  өрісін  ашар  нормативтік-құқықтық  базамыз  әлі 

118
де әлсіздік етіп отыр. «Мемлекеттік тіл туралы» Заң жобасы 
әзірленгенімен,  оның  қабылдануы  кейінге  ысырылып  қала 
беруде. Осыған күш салуымыз қажет. Өйткені Заң пәрменді 
болмай, тиісті нәтижеге қол жеткізу қиын. 
Сонымен бірге қазіргі кезде бүкіл қазақ баласының аты-
жөні қате жазылып жүр. Осыған байланысты қазақтар түрлі 
қиыншылықтар  мен  кедергілерге  ұшырасуда.  Сондықтан 
ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін ұлттық дәстүр мен қазақ 
тілінің емле-ережелеріне сай ресімдеудің тәртібін реттейтін 
Үкіметтің арнайы қаулысы қажет. Аты-жөніміздегі -ов, -ев, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет