Өмірзақ айтбайұлы


тілДЕГі тыНымСыз тірліКтЕр



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата05.02.2017
өлшемі1,46 Mb.
#3428
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

тілДЕГі тыНымСыз тірліКтЕр
Жас  қазақ:  Өмірзақ  Айтбайұлы,  осыдан  бір  ай  бұрын 
Үкімет  басшысы:  «Он  жылдан  кейін  әрбір  азаматымыз 
мемлекеттік тілде сөйлеуге тиіс», – деді. Мәсімовтың бұл 
мәлімдемесіне «мәләдес» дескендер болды. «Үкіметтегілер 
тіл саясатына тікелей қатысты кілтипандарды шешуді көп 
жылға шегеріп қойды», – деген күдікті ойлар да айтылды. 
Қалай ойлайсыз, бұл бастама қаншалықты жүзеге асады? 
Он жылдан кейін елімізде қазақ тілі толық үстемдік құрады 
дегенге сенесіз бе? 
өмірзақ  айтбайұлы:  Қазақтың  ардақты  ақыны  Абай 
ғылым-білім,  өнер  орыс  тілінде  екенін  айтып  кетті.  Бірақ 
Абай қазақ тілінен жеріп, орыс тілін меңгеріңдер демеді. Өз 
тіліңді сақтап, өзге тілді үйрен деді. Біз данышпан ақынның 
айтайын дегенін осылай түсінуіміз керек. Жоқ, кейбір шолақ 
белсенділер:  «Абай  бүй  деді,  Абай  сүй  деді»,  –  деп  оның 
сөзін  пайдаланып,  бастамашыл  боп,  қисық  пікір  айтқысы 
келеді. Бұл, әрине, дұрыс емес. 
К. Мәсімовтың ниетіне рахмет. Бірақ біз неге тіл мәселесін 
он жылға кейінге қалдыра береміз? Әу баста қабылданған тіл 
туралы бағдарламаға сәйкес, 2000 жылға дейін мемлекеттік 
мекемелер  түгел  қазақ  тіліне  көшуі  тиіс-тұғын.  Тіпті  қай 
облыс  қай  мерзімде  іс-қағазды  қазақ  тілінде  жүргізетініне 
дейін көрсетіліп, анықталып, сарапталып қойған-тын. Тілдің 

98
тағдыры сөзбұйдағы салынып кетті. «Ойпырмау, мынау бір 
бағдарлама өзге ұлттардың тіліне нұқсан келтірмей ме?» – 
деген сөз шықты. Сөйтіп, тәп-тәуір жұмыс істеп келе жатқан 
бағдарламаның  қарқыны  су  сепкендей  басылып  қалды. 
Жұрттың екпіні басылды да қалды. Ықыласы да өзгерді. Бұл 
бізді өте ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Керексіз пікірлердің 
туындап,  керексіз  шешімдердің  қабылдану  себебінен 
тілімізде тындырымсыз тірліктер пайда болды. 
Е-е-е,  толғауы  тоқсан  қызыл  тілді  айта-айта  шаршадық 
қой.
Жас  қазақ:  Әлі  күнге  дейін  «Айта-айта  Алтайды, 
Жамал апай қартайдымен» келеміз дейсіз ғой?!
өмірзақ  айтбайұлы:  Иә.  Қазақ  тілінің  даму  өрісін 
байқасақ, тынысы әбден тарылған. Қолданыс аясынан шыға 
бастаған,  тек  отбасы,  ошақ  қасында  ғана  пайдаланылатын 
тілге айналып барады. Біз осыған көніп отыра береміз бе? Ел 
емеспіз бе? Ұлт, халық емеспіз бе? Қапқаз аймағында, Батыста 
тілдің  жағдайы  басқаша.  Олар  өздерінің  іс-қағаздарын  ана 
тілдерінде  жүргізеді.  Бізге  не  көрінді  соншама?!  Тілдің 
мәселесін  көтеретін  тұлғалардың  шықпағаны  ма?  Жоқ. 
Шықты. Бір Ахмет Байтұрсынұлының өзі неге тұрады? Қазақ 
тілін планетарлық деңгейге жеткізді. Екі ауыз сөзбен ердің 
құнын шешетін халық екенімізді әлемге паш етті. Ал қазір 
ше? Орыс тілінсіз адам болу қиын дегенді санамызға сіңіріп, 
қабілет-қарымымыздың  жоғарылағаны  соншалық,  орыс 
тілін орыстардан артық үйреніп алдық. Тәуелсіздік алғаннан 
кейін тілде тұяқ серіппе тірлік болды. Оған да шүкір демеске 
лажымыз жоқ. Жеткен жетістігіміз баршылық. Алайда әлі де 
болса қазақ тілі еркін тыныстай алмай келеді. Биліктегілер 
қазақ тілінде бір емес, үш телеарна ашамыз деп уәде берді. 
Ол  да  орындалмай  қалды.  Таңнан  кешке  дейін  қазақша 
сайрайтын үш емес, бір телеарна ашып берсінші алдымен.
Жас  қазақ:  Мемлекеттік  тілді  қолдау  Президенттік 
қорының  бұрынғы  директоры  Берік  Әбдіғали  бір  сөзінде: 
«Қазақ  тілін  білмейтін  шенеуніктерге  жігер  жетіспей 
жатыр»,  –  деп  еді.  Мүмкін  бізге  жетіспей  жатқаны  – 
жігер мен ниет шығар.

99
өмірзақ  айтбайұлы:  Кез  келген  ұлттық  мәселеде 
намыс,  ар-ұят  бірінші  орында  тұруы  тиіс.  Ұлттық  намыс, 
жігер  табанымызда  тапталып  қалды.  Ұлт  зиялылары, 
елдің  тұтқасы  деген  қайраткерлеріміздің  ұрпағын  алыңыз. 
Олардың көбі орысша тәлім-тәрбие алуды мақсат етті. Содан 
олардың  біразының  ұлттық  намыспен,  жігермен  шатағы 
жоқ, ісі болмай қалды. 
Жас  қазақ:  Өзіңізді  мысал  етсеңіз.  Балаларыңыздың 
қазақша тәрбиесі қалай? 
өмірзақ айтбайұлы: Мен балаларыма ешқашан орысша 
сөйлеген емеспін. Бала ғой, анау-мынау әпер дейді. Шаруасы 
түспей  тұрмайды.  Қазақша  сұраса  ғана  жауап  беретінімді 
біледі. Осы тәсілді қолдандым. Бірақ бұл жақсы нәтиже бере 
қоймады.  Сөйтіп,  ойлана  келе  туған  күндеріне  орай  өлең 
шығарып  бердім.  Бір-бірін  осы  өлеңмен  құттықтайтынды 
шығарды. Әлі күнге дейін жатқа айтып келеді. Мұнымен де 
мәселе шешілмейтініне көзім жетті. Баланы бала-бақшадан 
бастап үйрету керек екен.
Жас қазақ: Қазақ тілі аударма тілі болып қалды деген 
пікір бар...
өмірзақ айтбаев: Иә. Онымен келісемін. Қазір министр- 
ліктерімізде  аудармашылар  тобы  жұмыс  істейді.  Қаулы, 
қарарларды  қазақшалау  –  солардың  мойнында.  Министр- 
ліктегілер мемлекеттік тілдің мәселесін осылай шешкенсіп, 
жұмыс  жасап  жатқан  сыңай  танытқысы  келеді.  Мұнымен 
тіл  мәселесін  ешуақытта  шеше  алмаймыз.  Мемлекеттік 
қызметкерлер  қазақ  тілін  меңгермейінше,  жұмысқа 
қабылданар  алдында  емтихан  тапсырмайынша,  көсегеміз 
көгермейді.  Олар  Президенттен  асқан  әулие  ме?  Елбасы 
президент  сайлауы  алдында  екі  рет  емтиханнан  өтті.  Ана 
тілдің  алдында  перзенттік  парызын  өтеді.  Мемлекетті 
басқарғысы  келген  адам  мемлекеттік  тілде  жақсы  сөйлеп, 
жаза  білуі  тиіс.  Жазып  қана  қоймай,  сауатты  оқи  да  алуы 
керек.
Жас қазақ: Жуырда Microsoft компаниясының еліміздегі 
бөлімінің  бас  директоры  Гюнтер  Дам  қазақша  Windows-
қа  сұраныс  бір-ақ  пайыз  екенін  айтып  қалды.  Бұл  нені 

100
көрсетеді?  Қазақ  тілі  неге  технология  тілі  бола  алмай 
отыр?
өмірзақ  айтбайұлы:  Қазақ  тілінің  технология  тіліне 
айналмай жатқан себебі – бұл саладағы мамандарды дұрыс 
дайындай алмай жатырмыз. Мысалы, бір кездері механика-
математика  саласында  Өмірбек  Жолдасбеков  сынды 
мықты мамандарымыз болды. Ол кісі осы салада бірқанша 
түсіндірме  сөздіктер  жазып  шықты.  Ғылымды  жасайтын  –  
ғалым.  Ол  қандай  ғалым?  Қазақ  па,  әлде  шала  қазақ  па? 
Техника саласында қазақ тіліне жетік ғалымдар аз. Демек, 
бұл технократтың өзі жоқ деген сөз. Елімізде жаратылыстану 
ғылымында ісқағаздардың бәрі әлі күнге орыс тілінде жүреді. 
Бір кездері қазақтар Лениннің 50 томдығын қазақшалады. 
Сол 50 томдықта техника саласына қатысты атаулар болмады 
деп айта аламыз ба? Әрине, болды. Соншама кітапты аудару 
оңай  шаруа  емес.  Қазақ  тілі  –  бай  тіл.  Талай  туындыны 
аударуға  қауқары  жетеді.  Академик  Әбдуәлі  Қайдардың 
айтуынша,  қазақ  тілінде  миллионнан  астам  сөз  бар  екен. 
Бұл тұшымсыз тұжырым емес. Ол қазақ тілін жіті зерттеген 
ғалым.  Қазақ  тілінің  он  томдық  түсіндірме  сөздігі  жарық 
көрді. Енді оның он бес томдығы шығарылмақшы. Оның сегіз 
томдығы шығып қойды. Түрік әлемінде мұндай түсіндірме 
сөздік  бұрын-соңды  шықпаған.  Бұл  нені  көрсетеді?  Қазақ 
тілі әлі толық зерттеліп біткен жоқ деген сөз. Қазақтың өмір 
тарихында мыңдаған би, шешендер өткен. Неге көп дейсіз 
ғой? Себебі, қазақ сөз қадірін білген халық. Сөзге тоқтаған 
ұлт. Сондықтан қазақ тілді технократтардың қатары көбейсе, 
тіліміздің мерейі үстем бола түсері сөзсіз. 
Жас қазақ: Жақында Мәжіліс депутаты Жақып Асанов 
қазақ тілін үйренгісі келетін мемлекеттік қызметкерлерді 
Қызылорда  облысына  жіберу  керектігін  мәлімдеді.  Тілдің 
түйінін шешуде бұл қаншалықты тиімді жоба?
өмірзақ айтбайұлы: Ол депутатымызға да рахмет. Бірақ 
бұл мәселені шешудің тиімді жолы емес. Сыныққа сылтау 
іздемейік. Қазақ тілін үйренем деген адамда себеп болмауы 
керек. Тіпті сол Астананың өзінде отырып, мемлекеттік тілді 
меңгеруге әбден болады. Ол үшін уақытын кетіріп, қаржы-

101
қаражат  бөліп,  Қызылордаға,  Шымкентке  жіберу  деген 
менің ақылыма сыймайтын тірлік. Мен мұны дұрыс пікір деп 
есептемеймін. Депутаттың ниеті дұрыс шығар. Бірақ мұның 
сауатты, салмақты жолдарын іздестіргеніміз жөн. Мысалы, 
еліміздегі  армяндарды,  немістерді,  әзірбайжандарды, 
еврейлерді  алыңыз.  Тәуелсіздік  алған  жылдарға  дейін  біз 
қазақ  балабақшасын  ашумен  айналысып  жүргенде,  сол 
бірен-саран  армяндардың,  әзірбайжандардың  өз  тілінде 
балабақшасы да болмады. Бірақ осы күнде солардың бірде-
біреуінің өз тілдерін ұмытып қалғанын көрмейсіз. Өз тілін 
ұмытқан  бірде-бір  еврейді  кездестірмейсіз.  Бұлар  бөтен 
елде жүр. Ал қазақ өз жерінде, өз елінде отырып, өз тілінің 
түйінін  шеше  алмауда.  Баламыздың  қазақ  мектебінде 
оқып  жатқанына  мәзбіз.  Бірақ  оның  қандай  тәрбие  алып 
жатқанында  шаруамыз  жоқ.  Біреудің  қолымен  от  көсеуге 
жанымыз құмар. Қазекең қазір осындай пиғылда өмір сүріп 
жатыр. Мен намыс туралы айтпай-ақ қояйын.
Жас  қазақ:  Қазақстанға  келетін  шетелдіктер  әуелі 
қазақ тілін емес, орыс тілін үйренеді...
өмірзақ  айтбайұлы:  Біз  талай  мүмкіндікті  қолдан 
жіберіп  алған  халықпыз.  Тәуелсіздік  алған  жылдары 
елімізде  елшіліктер  ашылды.  Сонда  шетелден  келетін 
дипломаттар қазақша үйреніп келуге тырысатын. Солармен 
қазақша сәлемдесіп, қазақша сөйлесуге пиғыл танытпадық. 
Қазақша сөйлеуге тырысқандарға орысша сөйлеп, тілімізге 
деген  құрметсіздігімізді  білдіріп  алдық.  Өз  тілімізді  өзіміз 
менсінбей тұрғанда, олар қайтсін?! Осындай мүмкіндіктерді 
де жіберіп алған жайымыз бар.
Жас қазақ: Тілдің түйінін шешу үшін не істеуіміз керек? 
Қандай әдіс-тәсілдерді ұсынасыз?
өмірзақ  айтбайұлы:  Біріншіден,  қазақтың  ар-
ожданын, намысын, жігерін оятуымыз керек. Ұрпағымызға 
балабақшадан бастап қазақша тәрбие беруіміз тиіс. Екіншіден, 
мемлекеттік  қызметкерлерден  емтихан  қабылдауымыз  керек. 
Мемлекеттік  мекемеде  жұмыс  істегісі  келетіндерге  қазақ 
тілін білу талабын қоюымыз қажет. Үшіншіден, мектептерде, 
әсіресе  бастауыш  мектептерде  сабақ  жаппай  қазақ  тілінде 

102
өтуі тиіс. Үш-төрт жыл қазақша оқығаннан кейін әркім өзі 
білсін. Баласын орыс мектебіне бере ме, ағылшын мектебіне 
бере  ме,  оны  өздері  шешсін.  Шыбықты  балғын  кезінде 
баптай алмасақ, ертеңгі күні оның қатайған шағында қанша 
икемдесең  де  тәрбиеге  көндіре  алмайсың.  Қазақ  баласын 
қазақша  тәрбиелеп  алмай,  ешқандай  нәтижеге  қол  жеткізе 
алмаймыз. Егер осы қарқынмен, қазіргі пайым-түсінігімізбен 
жүре  берсек,  алдағы  он  жылда  да  қазақ  тілінің  көсегесі 
көгере қояды дегенге сену қиын. Осыны естен шығармайық. 
Сұхбаттасқан Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ 
 
тілДіҢ мӘСЕлЕСі – 
ұлттыҢ мӘСЕлЕСі
Халықаралық  «қазақ  тілі»  қоғамының  кезекті  құ- 
рылтайына  орай  оның  президенті,  академик  өмірзақ 
айтбайұлымен әңгіме
–  Өмірзақ  аға,  Қазақстан  Рес публикасы  Үкіметінің 
жанында  Мемлекеттік  тіл  саясатын  одан  әрі  жетілдіру 
жөнінде  комиссия  жұмыс  істеп  жатқанынан  көпшілік 
хабардар. Осы комиссияның кезекті бір отырысында тілге 
қатысты  бірқатар  ұсыныстарды  ортаға  салып  едіңіз. 
Солардың орындалу жайы қалай?
–  Рас.  Көкейдегі  бірқатар  ұсыныстар  айтылды.  Ол 
ұсыныстар-дың қайсыбірі мынау еді. 
- Қазақстанның қазіргі жер-суларының, елді мекендерінің 
тарихи  атауларын  қайта  қалпына  келтіруге,  қалалар  мен 
елді   ме кен  дердегі  көшелерді  ресейлік,  кеңес тік  атаулардан 
арылтып,  қайта  атауға  байланысты  істерді  жүйеге  келтіру 
тәртібін реттейтін арнайы нормативтік акті қабылдау.
- Павлодар мен Петропавл қалаларының атауларын Қазақ 
мемлекеттілігіне  өлшеусіз  еңбек  сіңірген  қос  ханымыз  – 
Абылай мен Кенесарының аттарымен атау.
-  Ұлты  қазақ  азаматтардың  аты-жөндерін  қазақ  тілінің 
емле ережесіне сай ресімдеу мәселесін бір жүйеге түсіру.

103
- Бірыңғай тәулік бойы тек қана қазақ тілінде хабар тара- 
татын телеарна ашу.
- Қазақ әліпбиін латын жазуына негіздеу жайын Елбасы 
бірнеше рет көтеріп, осы бағытта едәуір жұмыстар жасалған 
еді.  Бірақ  шүйіліп  басталған  іс  сұйылып  барып  тынды. 
Әйтсе  де,  мемлекет  қолға  алмады  екен  деп  қарапайым 
халық қарап жатқан жоқ. Халық ұялы телефондары арқылы 
СМС  хабарларын  латын  әріптерімен  жазуда,  шетелдердегі 
қазақтармен  электронды  пошта  арқылы  хат-хабар  алмасу 
да  латын  әліпбиімен  іске  асырылуда.  Бұл  жерде  әркім  өз 
білгенінше жазып жүр. Латын жа зуын елімізде ресми түрде 
енгіз бесек  те,  жалпы  халықтың  қо лайы на  сай  Ғаламтор 
желісінде пайда лануына арнап латын жазулы қа зақ әліпбиін 
бекітіп бергеніміз жөн секілді. Бұл жаңа әліпбидің сынақ тан 
өтуіне де жақсы болар еді.
-    Соңғы  жылдары  елімізде  мем ле кеттік  тілге  қатысты 
қаншама  заң  бұзу  фактілері,  сот  процестері  орын  алды. 
Алайда  бұл  сот  процестерінде  дауды  сот  қалай  шешсе, 
солай шешілді. Сот процесінің өзі мемлекеттік тіл бойынша 
қоғамда  қандай  проблемалардың  бар  екендігін  көрсетеді. 
Бұған арнайы талдау жасалған жоқ. Сондықтан Жоғарғы сот 
осыны талдап, халыққа жеткізуі керек. 
Сот процестері екі нәрсені көрсетіп отыр. Біріншіден, ол 
осы бағытта жұмыстың жүріп жатқанын көрсетсе, ал нашар 
жағы бұл ретте кедергілердің де бар екендігіне дәлел болады. 
Міне, осы мәселені Жоғарғы соттың өкілін шақыра отырып, 
бірге талқылау. 
-  «Мемлекеттік  тіл  туралы»  Заң  жобасын  әзірлеп, 
Парламентке ұсыну;
-  Бұдан  былайғы  уақытта  еліміз ге  сырттан  келетін 
компьютерлік бағдарлама өнімдерінің қазақша нұсқасының 
болуын  міндеттеу.  Міне,  осы  ұсыныстардың  бір қатары 
шешімін тапты, көпшілігі әлі ашық күйінде қалып отыр. 
– Ел ішінде «Қазақ тілі» қоға мының  жұмысы  бәсеңсіп 
қалған  жоқ  па?»  дегендей  пікірлер  айтылып  қалады.  Бұл 
туралы не айтар едіңіз?
–  Жасыратыны  жоқ,  Қоғамның  Орталық  кеңесі  мен 
жергілікті  ұйымдарының  арасындағы  байланыс  біраз 

104
бәсеңдеп қалды. Бірқа тар облыстардағы ұйымдарымыз дың 
жұмысы тоқтап қалды. Түрлі қиындықтарға қарамастан, өз 
жұмыстарын  тұрақты  жүргізіп  келе  жатқан  ұйымдардың 
ішінде Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан 
облыстық  қоғамдарды,  Байқоңыр  қалалық  ұйымын  атауға 
болады.  Биылғы  жылы  Қызылорда  филиалына  жаңадан 
төраға  сайлануына  орай,  бұл  филиалымыздың  да  жұмысы 
жанданып  келеді.  Сондай-ақ  Ақтөбе  облыстық  ұйы мы 
биыл  басшылығын  өзгертті.  Ұйым  жетекшілігіне  (проф. 
Ғ.  Нұрышев)  бұрынғы  дәстүрді  жаңғырта  түсетін  жігерлі 
жас  маман  келді.  Алдағы  уақытта  барлық  облыстық, 
қалалық,  аудандық  ұйымдарымыздың  жұмысын  қайта 
қарап, жандандырып, жүйелі жолға түсірмекшіміз. Осыған 
байланыс ты Жарғыға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар 
енгізгелі  отыр мыз.  Соған  байланысты  «Қазақ  тілі» 
қоғамының  Көкшетауда  өтетін  құрылтайында  да  тиімді 
ұсыныстар болар деп күтеміз. 
Қазір  қоғам  жаңарды,  адам дардың  санасы  өзгерді,  құн-
д ы лықтар  түледі.  Соған  сай  біздің  де  өз  жұмысымызды 
өмір сұранысына орайластыра ұйымдастыруымыз қажеттігі 
айқын. 
–  Тіл  секілді  елдік,  мемле кет тік  маңызы  бар  мәселенің 
түйткілді жайттарын көтеруде жекелеген азаматтардың 
да  қосып  жүрген  үлестері  айтарлықтай.  Реті  келгенде 
олардың да еңбектерін атап өткеннің артықтығы болмас…
–  Қазіргі  кезде  елдің  жағдайы  едәуір  жақсарып  қалды. 
Халық  санасы  өзгерді.  Нарықтық  қа рым-қатынастар  нық 
орнықты.  Соның  тілін  түсініп,  шаруасын  дөңгелетіп  жүр- 
гендер жеткілікті. Кәсіпкерлеріміз де көбейіп келеді. Кәсіп- 
ерліктің  тек  баюды  ғана  мақсат  тұтпай,  әлеуметтік  жауап- 
кершілігі  де  бар  екенін  түсінетін  саналы  азаматтарымыз 
да көрініп жүр. Ендігі кезекте осын дай азаматтарымыздың 
санын арт  тыру, ұлт тық, елдік мәселелерге демеушілік, қай- 
ырымдылық көмек көрсету мәдениетін кеңінен таратуымыз 
керек.  Соның  бір  мысалы  ретінде  өзбекстандық  бауы-
рымыз Марс Марксұлын атау ға болады. Бұл Өзбек с тан дағы 
қандастарымыз дың  ұлт тық  дәстүрлерімізді  ұлықтай тын 

105
шара ларға  үнемі  демеушілік  жасап,  азаматтық  жасап  жүр. 
Сол секілді осы Құрылтайымызға да демеушілік қолын соз- 
ған азаматтар бар. Сол сияқты 20-30 мың отбасына жетекші 
боп  елге  жетелеп,  оларды  тиімді  кәсіпке  жегіп  жүрген 
Қалыбеков Ибадулланың ісі көпке үлгі. Ол әлденеше қалада 
жылыжай  орнатып,  халықты  түрлі  көкөніспен  қамтамасыз 
етіп отыр. Және оралман ағайынның бала-шағасын қазақша 
балабақшалар  мен  мектепте  тәрбиелеу  ісімен  де  түбегейлі 
айналыса бастаған.
Солардың  қатарында  Солтүстік  Қазақстан  облыстық 
сотының төрағасы Бекет Тұрғараев деген азаматты, Оңтүстік 
Қазақстаннан  техника  ғылымдарының  докторы,  ғалым 
әрі  кәсіпкер  Серікжан  Сейітжанов  деген  азаматты  атауға 
болады.  Осындай  азаматтарымыз  еліміздің  жер-жерінде 
баршылық.  Бұлардың  осындай  елдік  істері  басқа  да  іскер 
азаматтарымызға жұғысты болса екен деп тілеймін. 
Қоғам  жұмысына  жастарды  тарту  өте  маңызды.  Сон- 
дықтан Қоғамның жастар қанатын құру міндеті алдымызда 
тұр.  Бұл  ретте  Ақтөбе  облыстық  филиалының  оқушы-
жастар арасынан құрған «Жасұлан» оқушылар ұйымы үлгі 
боларлықтай. 
Ыңғайы  келіп  тұрғанда  Қоға мымыздың  бастауында, 
Ақмола  өңірінде  қазақ  тілінің  қанат  жаюы на  көп  қажыр-
қайрат  жұмсаған,  байырғы  тіл  сардарларының  бірі  Алдан 
Смайылдың бүгінде Мәжілісте депутат болып, ел дік-тілдік 
мүддемізді  қорғауда  қайрат керлік  танытып  жүргенін  де 
атауға болады. Сол секілді Алматы қаласы Алмалы аудандық 
«Қазақ тілі» қоғамының тізгінін ұстап келе жатқан Ғұсман 
Шалабаевтың  да  Алматы  қалалық  Мәслихатында  депутат 
ретінде,  қазақ  тілінің  жоғын  түгендеп  жүргенін  атап  айту 
керек.  Осындай  азаматтарымыздың  қатары  арта  бергені 
абзал.
–  Биылғы  қыркүйек  айының  22-де  Көкшетауда  «Қазақ 
тілі»  қоғамының  құрылтайы  өтпек.  Осы  басқосуда 
Қоғамның  алдағы  уақытта  атқарар  міндеттері  де 
сараланары  хақ.  Сонда  қандай  мәселелерге  баса  көңіл 
бөлінбекші?

106
–  Ең  алдымен  мәселені  «Мемлекеттік  тіл  туралы»  Заң 
қабылдауды  талап  етуден  бастаған  жөн.  Осы  кезге  дейін 
бұл  заңның  бірнеше  нұсқасы  дайындалып,  Парламентке 
ұсынылғанымен, ол ысырылып қалумен келеді. Енді бұған 
жол  беруге  болмайды.  Осы  заң  қабылданса,  соған  сәйкес 
көптеген  заңдарға  мемлекеттік  тілдің  тынысын  ашар 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілуге  жол  ашылатын 
еді.  Қоғам  мүшелерін,  тілге  жанашыр  азаматтарды,  халық 
қалаулыларын осы ұсынысты қолдауға шақырамын. 
Елбасы  халыққа  арнаған  биылғы  Жолдауында  «Біздің 
міндетіміз 2017 жылға қарай мем лекеттік тілді білетін қазақ - 
стандықтардың  санын  80  пайызға  дейін  жеткізу.  Ал  2020 
жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он 
жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік 
тілді біліп шығатын болады», – деді. 
Бұл міндетті орындау үшін биыл дан бастап бастауышта 
оқитын  балалардың  барлығы  қазақ  тілінде  білім  беретін 
мектепке  баруы  қажет.  Олай  болмаған  жағдайда,  мұны 
орындау  мүмкін  емес.  Білім  министрлігі  және  оның  жер- 
гілікті  бөлімшелері  Елбасының  осы  нақты  тапсырмасын 
түсініп, тиісті шаралар қабылдар деп ойлаймыз. «Қазақ тілі» 
қоғамы  және  оның  жергілікті  ұйымдары  да  осы  қоғамдық 
қадағалау, қоғамдық талап ету, қоғамдық тыңдау шарала ры-
на баса назар аударатын болады. 
Білімнің көзі – оқулықта. Ал бізде қазақ тіліндегі оқулық 
мәселесі шешімін таппаған шаруа. Орта мектептер оқулықпен 
қамтамасыз етілгенімен, жоғары оқу орындарында бұл жай 
ушығып  тұр.  Осы  мәселеге  Қоғам  мүшелері  түрткі  болар 
деген сенім бар. 
Мемлекеттік тіл мәселесінде Елбасы мыздың бастамалары 
мен ұстаным дарының негізгі қолдаушыларының бірі ретінде 
Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоға мының  алдына  қойған 
мақса тының  келесі  кезеңі  елімізде  тіл  мәдениетін  көтеру 
болып отыр. Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық 
қазақстандықтар  мен  шетелдегі  бауырларымыздың  қазақ 
тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын 
сақтау қоғамның күн тәртібіндегі шаралар. 

107
Сондай-ақ  Халықаралық  «Қа зақ  тілі»  қоғамы  бөлім- 
шелерінің алдындағы үлкен міндеттердің бірі – аймақтарда 
қазақ  тілінің  дамуына,  ел  ішінде  тіл  мәдениетін  көтеруге 
түрткі  болу,  сондай-ақ  аймақтардағы  жер-су  атауларының 
тарихи атауларын жаңғырту болып табылады.
Қоғам  қызметінің  нақты  әрі  жемісті  болуы  үшін  Көк- 
шетаудағы  Құрылтайдан  соң  арнайы  жұмыс  тобын  құрып, 
мынадай  маңызды  құжатты  қабылдасақ  дейміз.  Ол  –  «Ха-
лықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамын  дамыту  тұжырымдамасы 
мен оның алдағы жылдарға арналған даму стратегиясы». 
Бұл  құжат  Қоғамның  келесі  Құрылтайға  дейінгі  даму 
жолын  нақты  бейнелей  алуы  тиіс.  Құжатта  көрсетілген 
әрбір міндеттің соңында оның орындалу мерзімі мен нақты 
нәтижесінің  көрсеткіші,  жауаптылар  анық  көрініп  тұруы 
дұрыс.  Бұл  біздің  әрбір  әрекетімізді  бағдарлай  алуымызға, 
соған сай шара қолдануымызға мүмкіндік береді. 
Өткен  ғасырдың  тоқсаныншы  жылдарымен  салыстыр- 
ғанда еліміздің этнодемографиялық ахуалының айтарлықтай 
өзгер гені  белгілі.  Осыған  орай  этно линг вистикалық  карта 
жасаудың  өзектілігі  айқын.  Бұған  еліміздің  Статистикалық 
агенттігінің  деректері  көмек  береді.  Соңғы  жалпыұлттық 
халық  санағы  дерек тері  жіті  талданып,  со ның  негізінде 
қазақстанның  этнолингвистикалық  картасын  жасау 
және соған сәйкес іс-шаралар жүргізуге тиіспіз. 
Жалпы, тіл – жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттің 
де басыбайлы дүниесі емес. Тіл – халық қазынасы, ұлттың 
жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тілдің мәртебесі –  
ұлттың  мәртебесі,  елдің  мерейі.  Мерейімізді  асыратын  да, 
құтын  қашыратын  да  өзіміз.  Тіл  отбасынан  бастау  алады, 
Отан  аясында  дамиды.  Отбасы  –  өзіміз  де,  Отанымыз  – 
Қазақстан. Бұл екі ұғым домбыраның қос ішегіндей тығыз 
бірлікте.  Отбасы  мен  Отанның  мақсат-мұраты  үндессе, 
ісіміз береке табады, тіліміз қанат жаяды. Бастаушы болса 
да, қостаушы табылмаса, іс алға баса ма? Сондықтан осы екі 
ұстынның үйлесіміне қол жеткізу – біздің асыл мұратымыз 
болмақ.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Нұрперзент Домбай

108
 тілДі НЕГЕ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет