Өмірзақ айтбайұлы


өрКЕНИЕт аЯСыНДаҒы мЕмлЕКЕттіК тіл



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата05.02.2017
өлшемі1,46 Mb.
#3428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

өрКЕНИЕт аЯСыНДаҒы мЕмлЕКЕттіК тіл 
ЖӘНЕ ЖаҺаНДаНУ 
Өткенді  ұмытсаң,  өздігіңнен  айырыласың.  Ал  өзіндік 
қасиеті жоғалған ел – жетім ел. Жаһандану заманы кеуделеп 
келе  жатқан  тұста  тіпті  жұтылуға  қарай  бет  түзеуі  кәдік. 
Сондықтан ұлт тілі мен ұлт мәдениеті тағдырына байланысты 
ой-толғау өркениеті өскен елдің ісі. 
Қай елдің тарихын қаузасаңыз да, сол мемлекеттің өмір, 
қоғам, өзара қарым-қатынас жөнінде өзіндік ұстаным, өзіндік 
пікір, көзқарасы, өз саясаты, өз идеологиясы қалыптасатынын 
байқаймыз.  Алысқа  ұзамай-ақ  кешегі  Кеңес  өкіметін 
алалық.  Қоғамдағы  бүкіл  іс-әрекет  бір  ғана  идеологияға 
– коммунистік идеологияға тәуелді болып келген жоқ па?! 
Қалыптасқан  қоғамдық  құрылыс  тұрғысынан  қарасақ, 
мұны  түсінуге  болады.  Қиялдағы  мұнарлы  коммунизмге 
бір  қалыптан  шыға  бастаған  ел  жапа-тармағай  ұмтылып 
жатты. Мұны біз не мақтау үшін, не даттау үшін емес, әрбір 
мемлекеттің өз саясаты, өз идеологиясы болу қажеттігін еске 
салу үшін ғана айтып отырмыз. 
Ал  идеология,  идея  дегеніміз  бірден  жасала  қоймайды. 
Әсіресе бұрын мемлекеттік құрылым жүйесі қалыптаса қой- 
маған, тәуелсіздік дәмін енді ғана тата бастаған Қазақстан 
тәрізді  елде  мұның  көптеген  қиыншылықтары  мен  кедер- 
гілерге соқтығатынын байқаймыз. Тәуелсіздіктің туы желбі- 
реген кейінгі он алты-он жеті жылдың өзінде болып жатқан 
өзгеріс,  жаңалықтарды  сарапқа  салып,  олар  қайдан,  неге 
байланысты  туындап  жатыр,  бет  түзер  бағытымыз  қалай 
болмақ,  тығырықтан,  қиындықтан  шығар  жол  қайсы, 
жалпы ұстанатын ұлттық мемлекеттік саясатымыз, идеоло- 
гиямыз қандай болмағы кімді болса да толғандырады. 
Халық басына қасірет әкелген неше қилы саясатшылардың 
құйтұрқы  әрекеттерінен  әлі  күнге  жүрек  сыздайды.  Сабақ 
алып,  санаға  сәуле  құя  түсу  үшін  соның  қайсыбірін  еске 
түсіре кеткен жөн. 
Кешегі кеңестік саясат осы бағытта жүргізілді. Осының 
салдарынан түбінде бір тіл болсақ, оны жылдамдаталық деп 

70
жеделдету  жарысына  түстік.  Қазақстан,  қазақ  ғалымдары 
жазуын өзгертіп, латынға, латыннан кириллицаға ұмтылды. 
Мұнда  да  сол  баяғы  барлық  ұлттарды  бірегейлету, 
орыстандыру саясаты мақсаты көзделді. Барлық оқу жүйесі, 
мәдениет  ошақтары,  қызыл  отау,  клуб,  өнер,  әдебиет, 
кино,  артистер  осыған  қызмет  етті.  Кеңестік  патриотизм, 
коммунистік интернационализм, инкубатор мен бір қалыптан 
шыққандай  бірегейлік,  біртұтастық,  яғни  жансыздық, 
пиғылсыздық кейіп белең алды. 
Әркімнің өз Отаны, туған жері, өскен ортасы, соған орай 
қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет, наным-сенім және соны 
бойға, ойға дарытар ана тілдің тағдырын тәлкекке салдық. 
Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай лепірме, мадақ сөздер, 
ұрандатқан  үндеулер  балабақшадан  бастап  жоғары  оқу 
орындарына  дейін  ұласып  жатты.  Сөйтіп  ылғи  біржақты 
ойлайтын,  бүкіл  Кеңес  Одағының  қамын  жейтін  жалған 
патриоттар өсіп жетілді. Бөтен ой, бөгде пікірдің, тура сөздің 
тынысы  тарылып,  ол  әуелі  коллективтендіру  салдарынан 
аштықтың,  алакөздік,  алауыздық  салдарынан  репрес- 
сияның, аңғал, тәжірибесіздік салдарының құрбаны болып 
кете барды.
Бәрін есептесек, тең жартысы құрбан болған халық әлемде 
кемде-кем екен. Қазақ болашағының тұтқасы боларлық небір 
даналар мен таланттарды ойламағанда, елдің экономикалық, 
рухани еңсесін көтерер небір білікті ерлердің мерт болғанын 
қалай ұмытарсың!.. 
Бүкіл  кеңес  жұртшылығымен  бірге  қазақтарды  да 
коммунизмге  ертең  жетеміз  деп  емексіткен  жоқ  па,  әдейі 
кешегі Н. Хрущев. Ал ол коммунизмге ерте жетудің бірден-
бір амалы өз тіліңде оқып, біліп, дамытып әуре болмай-ақ, 
орыс  тілін  үйренсең  болады  екен.  Осыдан  келді  де  шаш 
ал десе, бас алуға дағдыланған шолақ белсенділер мұнсыз 
да  ешбір  қамқорлықсыз  өлместің  күнін  кешіп  отырған 
қазақ  мектептерін  жаппай  жауып,  оларды  ірі  совхоз 
орталықтарындағы орыс мектептеріне қосып, «ірілендіріп» 
жіберді. Ірімшік пен құрт-майын жасап, бес-алты тұяғы мен 
азын-аулақ  ірі  қарасын  ермек  етіп  күнелтіп  отырған  қазақ 

71
ауылдары «ірілендіру» деген саясат құрбаны болып үйренген 
атамекен,  туған  қонысын  тастап,  орыс  арасына  көшіріліп, 
орыстандырыла бастады. Ісіміз де, тұрмысымыз да, тірлігіміз 
де, тынысымыз да, бала тәрбиесіне дейін орыстана бастады. 
«Коммунизмге  жетуге  кедергі  жасайтын  тіл  құрысын»  деп 
Ана  тілден  ада-күде  безініп  шыққанымыздың  өкінішті 
запыранын жұтып отырған жоқпыз ба, қазір. 
Ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыт- 
тырмай  қазақтардың  қанымен  қорғалып  келген  қазақ  жері 
коммунизм  мен  интернационализм  идеясы  нәтижесінде 
қазба байлықтарды, «бос жатқан жерлерді» игереміз деген 
сылтаумен келімсектерді көбейтті. Мұның үстіне қазақтың 
малы мен жанына сая болған ғажап жерлеріміз тың көтеру 
деген сылтаумен тың игерушілерді қаптатты. Бұл аз деген- 
дей  концлагерьлер  көбейді,  ядролық  сынақ  алаңдары 
пайда  болды.  Сондай-ақ  қазақтың  қолын  көкке  жеткізетін 
болып  ортамыздан  ойып  жасалған  Байқоңыр  космодромы 
дүңкілдетіп қазақ аспанын атқылап жатты. Осының бәрінде 
қазаққа,  Қазақстан  жұртшылығына  тиер  пайдасы  қайсы, 
пайда дейміз-ау, көрген зиянды өлшей алатын қандай таразы 
құрал бар әлемде. Басқасы басқа, бүкіл бір халықтың тілге 
деген пиғылын өзгерту неге тұрады. Ана тілді білмеушілер 
сананың 25, 40 % арасында толқып тұруы сұмдық емес пе?! 
Ал ұлттық негізден, тектен алыстаған тәрбие түрін қайтеміз? 
Тоқырау  аталып  жүрген  Л.  Брежнев  заманы  бір  сәт 
тойыншылық кезеңді елестеткенмен, маскүнемдік пен мара- 
пат  заманы  болғаны  мәлім.  Азғана  тойыншылық  болды. 
Бүгінгі  дүкендерден  көре  алмайтын  заттар  ол  кезде  көз 
қуанышындай  болған.  Бірақ  халықтық  рух,  ішкі  рухани 
сұраныс  жағын  қамтамасыз  ететін  және  бұрын  кеткен 
кемшіліктер орнын толтыратын қандай әрекеттерді еске ала 
аламыз десеңіз, тағы да көңіл тоят етерлік белгі шамалы. Сол 
баяғы коммунизмге жету сарыны, орыс тілі мен орыс халқын 
өтірік  мадақтау,  бірінші  хатшыларды  көкке  көтеру  туралы 
т.т. Сорлы болған аз ұлттар мен ұлт тілдерін дамыту жөнінде 
тұшымды  бір  тірлік  болсайшы.  Мемлекеттік  қазақ  тілі  не 
жоғары оқу орындарында, не мемлекеттік мекемелерде бел 

72
алған емес. Оған ешқандай басшының басы ауырған емес. 
Мектептер  жабылған  үстіне  жабылып,  қазақ  қауымының 
99,08  %-ы  орыс  тілін  игеріп,  қазақтың  біразы  өз  тілінен 
жерініп шыға келді. Міне, коммунистік идеология жүргізген 
ұлт саясатының ұлттық мәдениет, тілге байланысты әкелген 
«керемет» нәтижесі. 
85-тің көктемі жақсы нышан әкелгендей, елді елеңдетіп, 
емексітіп қойған-тын. Егемендік, тәуелсіздік, ұлт мәдениеті, 
ұлт тілі, рухани байлық, ұлттық әдет-ғұрып, салт-сана деген 
тәрізді ұғымдарға жан кіріп, ел ояну, сергу, ес жию дәуіріне 
келген еді. Әрбір ұлт өзін-өзі тануға, өзіне-өзі қызмет жасауға 
көшкендей  боп  ұмтылыс  жасаған.  Жалпы  әлеумет  үшін 
әрқилы  пиғылға  объект  болған  бұл  кезең  бұрынғы  Кеңес 
Одағының  шеңгелінде  болған  елдердің  өз  туын  көтеріп, 
еркін тыныстай бастауына итермеледі. 
Біз бұларды әйтеуір өткеннің бәрін даттай түсу үшін емес, 
көзжұмбайлықпен  көніп  келген  дәуірдің  сорақылықтарын 
сарапқа  салып,  сабақ  алу  үшін  шолып  отырмыз.  Әйтпесе 
ол  кездің  де  халқымызды  өрелі  биіктерге  жетелеген 
белгілері,  нышандары  болған.  Әсіресе  халықтың  жаппай 
тегін  сауаттанып,  білім  алуы,  тегін  дәрігерлік  жәрдем 
көруі  неге  тұрады.  Бұл  бір  де  бір  елде  кездесе  бермейтін 
құбылыс.  Шетелдерге  барып  мамандармен  тілдескенде, 
олардың айтатыны да осы, біздің де кеуде керіп кеңес құрар 
артықшылығымыз осы болатын. 
Тәуелсіздік атрибуттарын түгендеп, әсіресе экономикалық 
қор жағынан жалтақтамай өмір сүретіндей деңгейге жеткен 
соң, бәлкім, мұны қарастырған жөн болар. Бұл әрине жадтан 
шығаруға болмайтын мәселе. 
Ал әзірге айқыш-ұйқыш, аласапыран заманда, жеке өмір 
сүруге мүмкіндігі өте аз бұл тәуелсіздікті дамыту түгілі нарық 
парқын  біліп,  ұстап  тұру  тіпті  де  оңай  болған  жоқ.  Қазір, 
әсіресе бұрынғы тәрбие табын көрген адам, көп жыл қапаста 
болып,  бірден  жарыққа  шыққанда  көз  жанарын  қарып  ала 
жаздайтын  күйде.  Мынау  сәтті  бірі  түсініп,  бірі  түсінбей, 
бірі  жол  таппай  әрі-сәрі  күй  кешіп,  құбылып  тұрған  кезде 
зерделеп зерттеп, оның барқын біліп, түйін жасап, тығырық, 

73
қиыншылықтан шығар жол нұсқау кім көрінгеннің қолынан 
келе бермесе керек. Бұл оңай жол емес, тәуелсіздік оңай жүк 
емес. Содан жол тауып шығу үшін мақсат, мүдде айқындығы 
болу  шарт.  Сол  мақсат,  мүддені  дұрыс  түсініп,  соны  іске 
асырар әрекеттер бірлестігі, түсінік, пайым бірлестігі керек. 
Ол  мақсаттастық,  мұраттастық  деген  сөз.  Мұрат,  мақсат, 
міндет бірлігі болмаған жерде нәтиже бола қоюы неғайбіл. 
Өз  билігіміз  өзімізге  тиген  бүгінгі  таңда  талай  кедергілер 
балалап, тіпті кесірлі әрекеттер болуы да ықтимал болып жатыр. 
Мұның  шет  жағасы  бой  көрсете  де  бастады.  Еңсені  көтеру 
экономикалық тәуелсіздіктен басталуы тіпті орынды болды. Бұл 
мұндайға  әлі  әзірленіп  үлгермеген  қазақ  сияқты  халыққа, 
Қазақстан  жұртшылығына  тіпті  оңай  соқпады.  Бірден  базар 
нарқы  басталып  кетті  де,  ол  ә  дегенде  оңтайлана  алмай,  не 
істерге білмей аңтарылып қалған жайы бар. Дәл осы тұста 
Қазақстанның  болашағын  идеялық  бірлестіктен  іздеген 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев зерделі басшы мен кәнігі саясаткер- 
дің қарымын танытты. 
Оның  еңбектерінде  мемлекеттік  тілдің  біріктірушілік 
қасиетіне  мән  берілді.  Біз  бүгінгі  әңгімемізді  тілге  қарай 
бұрып, сол туралы ой өрбітсек деген ойдамыз. 
Ешбір  халықтың  өзге  ұлт  мүддесін  табанға  салып 
таптаумен  мұратқа  жетіп,  мәртебесі  көтерілген  емес.  Ал 
қазақ  халқының  өзгелерге  үстемдік  ету,  өктемдік  көрсету 
табиғатында жоқ мінез. Қай ғасырға тереңдеп, қай тарихты 
ақтарсаңыз  да  қазақтан  зәбір  шеккен  елді  таба  алмайсыз. 
Ешбір елге көз алартып, жерін даулап көрген емес. Неше алуан 
жойқын жорықтар болған. Оның бәрі жерін, елін қорғаудан 
туындап  жатқан.  Алысып-жұлысып  жүріп,  ата-бабамыз 
осыншама  алып  өлкені  ауқымдап,  аман  сақтап  келгеніне 
қайран  қаласың.  Бүкіл  мінез-құлық,  іс-әрекеттеріне  қарап 
отырып, қазақ халқы дүниеге достықтың, туыстықтың, 
қонақжайлылықтың  туын  ұстау  үшін  келген  бе  деп 
те  ойлайсың.  Қазақстанға  қаншама  жұрт  қаптап  келіп, 
өзіне  баянды  мекен  тауып,  қазақтың  кең  қолтығына  кіріп, 
айқара  ашылған  құшағына  еніп  кетіп  жатты.  Аңғалдығы 
мен  аңқаулығы  соншама,  елдіктің,  ынтымақтастықтың 

74
жөні осы екен деп, келгіншілерге төрін босатып беріп қана 
қоймай,  тіпті  тілін  босағадан  сығалатып  қоюын  қайтерсіз. 
Еліктегіштігіне,  үлгі  алғыштығына  шек  болған  жоқ.  Аз 
жылдың  ішінде  қазақ  әулеті  бала-шағасы,  үрім-бұтағы, 
зәужат-жұрағатымен  «коммунизмге  ертерек  жетсек»  деген 
есек  дәмемен  орыс  тілінде  сөйлеп  кеткенін  өзі  аңдамай 
қалған тәрізді. Тіл білгенге не жетсін, әрине! Бірақ ол өз ана 
тіліңді тәркі ету арқылы іске асса, мұны қай мәдениеттілікке 
жатқызуға  болады.  Өз  ана  тіліңді  жоғалтып,  өзге  тілден 
тапқан бақытың қайсы, ағайын! 
1985-тің  сәуірінен  басталған  жылы  леп,  әрине  70  жыл 
бойы  қатып-семіп  қалған  ұстанымдардың  қабырғасын 
қақыратып,  тоңазыған  ой  мұзын  аз  уақытқа  еріткені  рас. 
Жаңа ойлау, жаңаша іс бастау, өткеніңе, бүгініңе сын көзбен 
қарау,  болашақтың  қамын  жеу  тәрізді  әрекеттер  әлеуметті 
едәуір алға сүйрегендей болған. 
Шүкір,  кеңес  үкіметінің  іргесі  сөгіліп,  республикалар 
құрсаудан  босады.  Әрқайсысы  өз  тәуелсіздігін  жариялады. 
ТМД елдерінің қатарынан Қазақстан да қалысқан жоқ. Міне, 
бірнеше  жыл  бойы  Қазақстан  жұртшылығы  тәуелсіздік 
нышандарын  ақырын  жүріп,  анық  баса  отырып,  біртіндеп 
алға  жылжып  келеді.  Тұңғыш  Президентіміздің  әуелден 
ұстанған  өмірлік  мақсаты  –  елдің  тыныштығын,  береке 
бірлігін, халықтар достығын, өзара ынтымақтастығын көздің 
қарашығындай  сақтай  отырып,  ризығымызды  молайту, 
экономикалық әл-қуатты күшейту, рухани байлықты дамыту, 
өркениет өріне қарай жол тарту. Осы мүдде, осы мақсат үшін 
ол неше алуан шегініс жасап, неше алуан келісім-шарттарға 
да  барып  жүрді.  Сол  жолдан  күні  бүгінге  дейін  таймай 
келеді, таймайтыны да анық. 
Бірақ өкінішке қарай, тәуелсіздіктің тұғыртасы мықтал- 
ғанмен,  оның  іргесін  көтеріп,  уығын  шаншу,  шаңырағын 
көтеру  тіпті  де  оңай  болмай  тұр.  Базар  нарқы  құлпырып, 
инфляция жалаңдап, әсіресе қарапайым қауымның екі өкпе- 
сін қысып, тынысын тарылта түсуде. 
Мұндай қыспақтан шығарудың әр алуан амалдары қарасты- 
рылып жатқанмен, тұңғиыққа тартып кетер өмірдің көлең- 

75
келі  жақтары  күш  алыңқырап  тұрғандай.  Осындай  сәтте 
Қазақстан  дейтін  тәуелсіз  мемлекеттің  тұрақты  тұрғында- 
рына ауызбіршілік мейлінше керек-ақ. 
Н.  Назарбаевтың  еңбектері,  әсіресе  бес  қазақ  газетінің 
басшыларына  берген  сұхбаты  көп  көкейде  алаң  көбейіп 
тұрған  осынау  шақта  зәуімен  туған  дүниелер  болды.  Неге 
десеңіз,  мұнда  қозғалатын  мәселе  –  шынында,  жалғыз 
Президент  ғана  емес  бүкіл  қазақ  қауымын,  Қазақстан 
жұртшылығын әрі-сәрі күй кештірген мәселе. Ия, идеялық 
бірлік  болмай,  мақсаттастық,  мүдделестік  ірге  теппей, 
Қазақстанның болашағын қамтамасыз ету мүмкін емес. 
Ал  біздің  ойымызша  осы  мақсаттастықтың  да,  мұрат- 
тастықтың да, ұлт ішіндегі бірліктің де, ұлтаралық қауым- 
дастықтың  да  бір  тетігі  тілде  жатады.  Елбасы  сөздерінде 
бұл  мәселеге  жете  назар  аударылады.  Бірақ  оны  ауқым-
аумағымен  алып  тереңдете  талдауға  мәселенің  көптігі 
көтермеген тәрізді. 
Ұлттық  мемлекет  болашағы,  қоғамның  идеялық  бірлігі 
өзінен-өзі  аяғынан  тік  тұрып  кете  алмайды.  Ол  әсіресе 
тағдыр  қиюымен  әр  алуан  ұлт  өкілдері  шоғырланған 
Қазақстан  сияқты  тәуелсіздік  дәмін  кештеу  тата  бастаған 
елде тіпті күрделі. Ұлы Отанымыз – Кеңестер Одағы деген 
сенімде болған елдің бірден тәуелсіз Қазақстан азаматымыз 
деп отаншылдық сезімді өрбіте қоюы қиын. Алайда осыған 
ұмтылуымыз керек. Бүкіл оқу, тәрбие жұмысы осы бағытта 
жүргізілуі  тиіс.  Бұл,  егер  осы  елдің  азаматымын  дейтін 
болсақ,  оның  жерін  де,  тілін  де  қастерлеп  қадір  тұтасың, 
сүйесің  деген  сөз.  Бүкіл  табиғи  материалдық,  рухани  бай- 
лығын қолдан жасасып, соған өз үлесіңді қосу, соның бағасын 
біліп, байыбына бару деген сөз. Әсіресе қазақ халқының өз 
ішіндегі тұтастық, бірлік аса қажет. Өзге ұлт өкілдерінің де 
өміріне  жауапты  қазақты  мұндай  бірлікке  қалай  шақыруға 
болады. 
Бұл  әңгімені  қозғамас  бұрын,  жалпы  қазақ  халқының 
ұлттық  тұтастығына  қызмет  ететін  не,  кесірін  тигізетін  не 
деген мәселелерге зер салу керек пе дейміз.
Кейінгі  кезде  тұтастыққа  нұқсан  келтіретін  келеңсіз- 
діктер  бой  көрсетіп  жатқаны  мәлім.  Ол  жерге,  руға,  жүзге 

76
бөліну  кеселі.  Мұның  кесірлі  дерт  болатыны  тәуелсіздікке 
енді  қолы  жетіп,  еркін  тыныстай  бастаған  сәтте  осы  бір 
жікшілдік  психологияның  қайтадан  бас  көтеруі.  Егер  бұл 
ата-тегіңді  білу  тұрғысынан  жүргізіліп  жатса,  оның  рөлі 
айрықша.  Тегімізді  түптен  тартып  жамандап,  барлықты, 
байлықты, қоғамға жат қылық есебінде даттап, өткенің түгілі 
өзіңді  танымастай  өмір  сүрген  заманда  мұнымен  жұрттың 
шаруасы бола қойған жоқ. Қайта ата-тегін жасырып, елдің 
бәрі  тақыр  кедейдің  баласы  болуға  тырысқаны  мәлім.  Бұл 
біржақтылықтың салдары еді. Ал мұның екінші бір жағымсыз 
түрі тағы балалап бара жатқандай. Үрім-бұтақ, зәузатыңды 
білгеннің жөні осы екен деп, ру-ру боп тұмшаланып, пәленше 
байдың, түген төренің, ханның, бектің пәлен-паштуан баласы 
тегім  сұмдық,  өзім  сойқанмен  деп  аспандап  қарайтындар 
шықты.  Ең  сорақысы,  осындай  топшылдық  ағымды 
қоздырып  жүргендер  арасында  едәуір  қызмет  атқарған 
сауаты  жоғары  жандардың  барлығы.  Мәселен,  адамның 
маман, азамат ретінде жеке бастың қабілет-қасиетіне қарай 
емес, жеріне, руына, яғни туыстық белгісіне қарай қызметке 
алу фактілері де кездеседі. Мұның өзгелердің өшпенділігін 
тудырудан  басқа  ешқандай  жақсылыққа  апармайтыны 
белгілі.  Ұлтқа  ортақ  мүдделерді  іске  асыра  алмай  отырған 
бүгінгі  жағдайда  бұл  тәрізді  келеңсіздіктер  қоғамды  ілгері 
жетелеу орнына, кері сүйрейтіні хақ. 
Тарихқа  үңілсек,  осындай  ру-руға  бөлініп  топ  құрудан 
қасірет шеккен қазақтан басқа халық жоқ тәрізді. Мәселен, 
ары  тереңдемей-ақ,  кешегі  Қазан  төңкерісінен  бергі  жер- 
дегі  жағдайды  саралайықшы.  Бай,  құлақтарды  тәркілеу, 
ашаршылық  апаты,  репрессия  қырғыны  т.т.  зардабынан 
қаншама  қазақ  қырылды.  Осының  бәріне  бірдей  тек  қана 
Кеңес үкіметі кінәлі ме? Халықтың басына төнген қасіреттің 
бәрі бірдей тек партия саясатының салдары ма? Жоқ, ол ғана 
емес, өзіміз де қосымша болған сияқтымыз. Көп жағдайда 
рушылдық пен топшылдықтың, жүзшілдік пен жікшілдіктің 
де  қырсығы  түбімізге  жетіп  келе  жатқан  сияқты.  Қарға 
тамырлы  қазақтың  осындай  осал  жерін  Голощекин  тәрізді 
жендеттер  әдемі  пайдаланған  түрі  бар.  Ешқандай  рулық, 

77
жүздік  жікке  бөлінбей,  қазақтың  тұтастығын  сақтап,  тас-
түйін  болып  отырсақ,  осыншама  шығынға  ұшырамас  едік-
ау  деп  те  күйінесің.  Кешегі  аласапыранда  қазақтың  кілең 
бетке  тұтарлары,  ақыл-ой,  білік-білім  иелері  жойылып 
отырыпты.  Сол  30-жылдары  бұларды  ұстатып,  итжек- 
кенге  айдатқан,  астырған,  аттырған  тек  қана  орыстар 
ма,  тек  қана  компартия  ма,  ойланалықшы.  Көбіне-көп 
өзімізді-өзіміз көрсетіп беріп отырған екенбіз. Мұның бәрі 
көреалмаушылық, ішітарлық, жікшілдік дейтін елдің еңсесін 
басып, езе түсетін қырсық қылық. 
Бұдан  сабақ  алмаса,  қорытынды  жасамаса  бола  ма? 
Бүгінгі  таңда  қазақтың  пешенесіне  біткен  әрбір  дананың, 
әрбір кемелдің, әрбір қайраткердің осындай дәрежеге жетуі 
белгілі  бір  рудың  өкілі  болғандықтан  ғана  емес  екенін 
ұғатын шақ жетті. Бабаларымыз ұрпағына «атаның баласы 
болма, адамның баласы бол!» деп неге бата берген? Тәуелсіз 
Қазақстанның байырғы тұрғыны – қазақ халқы өз ұрпағын 
Президент айтқандай, осы негізде тәрбиелеп, ұлттық тұтас- 
тыққа, ынтымаққа жеткізуге тиіс. 
Қазақстан  жұртшылығының,  оның  ішінде  тәуелсіз  ел 
ауқымындағы  барша  қауымның  тағдыр  талайына  жауапты 
қазақ ұлтының өз ішіндегі бірліктің мәні аса зор. Мұнысыз 
қоғамның болашағын айқындайтын материалдық ризықтың 
да, рухани байлықтың да жасалуы неғайбіл. Ал ұлт ішіндегі 
бірлікті, тұтастықты, ежелден адамдар арасындағы қарым-
қатынастың,  түсініктің,  келісім-кеңестің  бірінші  құралы 
болып  есептелетін  тілсіз  қалай  қалыптастыруға  болады. 
Әсіресе, қазақ халқының өз арасындағы, яғни ұлт ішіндегі 
бірлікті қазақ тілінсіз қалай жасай алмақпыз. 
Сондықтан Елбасы: «Қазақ тілі – мәдениеттің бір бөлігі 
ретінде  барлық  қазақстандықтарды  біріктірудің  қосымша 
құралы болуға тиіс. Ол барлық ұлттар мен ұлыстарға қазақ 
халқының  мәдениетін,  дәстүрін,  әдет-ғұрпын,  тұрмыс-
тіршілігін танып-білудің негізі болып табылады. Оны оқып-
үйрену  мәжбүр  ету  арқылы  емес,  саналы  түрде  жұрттың 
барлығы  үшін  бала  жастан  басталуы,  ұйымдық  және 
әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі тиіс, – дей келіп, –  

78
және  де  мұнда  (Қазақстанда  –  Ө.А.)  тұратын  әрбір  адам 
осындай  көзқарастың  қажеттігін  айқын  түсінуі  керек»,  – 
деген сөздермен тәптіштейді.
Ия, қазір санаға салмақ түсіп тұрған шақ. Қазақ тілінің 
мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  ие  болғанына  әлденеше  жыл 
болды.  Осы  уақыт  аралығында  елдің  басын  біріктірерлік, 
ұлтішілік  бірлесуде  нендей  өзгерістер,  қандай  қарымды 
тірліктер болды. Сәл ғана саралап өтелікші. 
Жалпы  неше  алуан  іс  басындағы,  адам  тағдырын 
шешерлік тетікті жұмыс тұтқасы қолындағы азаматтарымыз 
Президенттің  осы  бір  санаға  салып  отырған  тұжырымына 
тереңірек үңіліп, Қазақстан елінің патриоты есебінде келелі 
әрекеттерге баруы қажет-ау деп ойлаймыз. Басқасын былай 
қойғанда, әрбір мекеме бастығы мемлекеттік тіл мәртебесін 
көтеруде  қандай  іс-әрекеттерімен,  қалайша  үлес  қосып 
отырмыз деген сауалға жауап беруге дайын тұруы тиіс. Осы 
тұрғыдан  алғанда,  егер  жер-жерде  «ҚАЗАҚ  ТІЛІ»  қоғамы 
жергілікті ұйымдары жарғақ құлағы жастыққа тимей үздіксіз 
дабыл қағып отырмаса, мемлекеттік тілдің күйі не болар еді 
деген ойға барасың. 
Тіл  Заңының  талаптарына  сәйкес  өз  ретімен  жоспарлы, 
жүйелі  түрде  жүргізуге  тиісті  жұмысты  көп  жерде  ауыз- 
біршіліктің  жоқтығынан,  Отанға,  тілге,  атамекенге  деген 
перзенттік парыз-қарыз, сүйіспеншілік сезімдердің қалыпта- 
спауынан  (қалыптастыруға  тырыспаудан)  күрделендіріп, 
шиеленістіріп  алып  жатамыз.  Мұндай  келеңсіздік  әсіресе 
тілдің халық ел басын біріктірушілік рөлін дұрыс түсінбеуден, 
не түсінгісі келмеуден туындайды.
Әйтпесе  көптеген  министрліктер  мен  ведомстволардың 
республикалық,  облыстық  деңгейдегі  түрлі  мекемелердің 
мемлекеттік  тілге  деген  салғырттығын  қалай  түсіндіруге 
болады.  Әрбір  облыс  жағдайы  ескеріліп,  мүмкіндіктері 
есепке алынып жасалған мемлекеттік бағдарлама шарттары 
осы  салғырттық  салдарынан  шаң  жұтып  жатыр.  Мұның 
орындалуын қадағалап, соған көз болып отырған «ҚАЗАҚ 
ТІЛІ»  қоғамынан  және  тіл  басқармаларынан  басқа  ешбір 
мекеме қалмаған сияқты. Сонда мемлекеттік тіл мәселесінің 

79
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы және тіл басқармаларынан басқаның 
қатысы  шамалы  болғаны  ма?  Саналы  басшы,  сараман 
жетекшіге  «әйт-шу»  деген  не  жорық.  Демейін-ақ  десең  де 
ұлттық намыс таптала беретін түрі бар. Орысша оқып, орысша 
тәрбие  алған  ағайынның  біразы  кейінгі  кезде  лауазымды 
қызметтерге өрлей бастады. Жалпы осы заманның жоғары 
талабы тұрғысынан қарасаңыз тал бойынан еш кінәрат таба 
алмағандайсыз. Ал бірақ көбінің ана тілге зауқы жоқ. Ұлттық 
тіл, ұлттық мәдениет, ұлттық сана деген өзекті мәселелерге 
келгенде бір қазақ енді екіге жарылып, екіұдай күй кешуде. 
Сонда  Президент  қатты  мән  беріп  отырған  ұлт  ішіндегі 
бірлікті қалай дамытып, қалай қалыптастырамыз? 
Бұл  жөнінде  қазақ  баспасөзі  мен  қазақ  телерадио  ком- 
паниясы  бар  мүмкіндіктерін  аямай-ақ  келеді.  Әйтсе  де 
қаншама  бастама,  қаншама  ұсыныс  аяқсыз  қала  берген 
соң, жан күйзелісіне түседі екенсің. Қазаққа керек нәрсені 
сол  қазағыңыздың  өзі  қажет  етпесе  кімге  өкпелейміз.  Тіл, 
ең алдымен, кім үшін керек дегенді ұқтыра алмаудан асқан 
азап бола ма? Ана тіліне қолғабыс етудің орнына, әлгіндей 
кесірін  тигізетіндердің  барлығы.  Дегенмен  масаттанатын 
да  жайымыз  баршылық.  Өмірден  өзіне  лайықты  нәпақа 
тауып, талай тірліктердің басын қайырар қабілеті бар небір 
азамат кезінде негізгі кәсібін тастап, бірыңғай тіл тағдыры 
үшін  күресуге  сайланып  шыққан  болатын.  Жер-жерде 
мемлекеттік тілдің мәртебесін там-тұмдап болса да көтеріліп 
жатса, ол міне сол сардарлардың еңбегінің нәтижесі. Олар 
әуелде  бұл  жұмысты  ешқандай  ақысыз-пұлсыз  жалаңтөс 
қимылмен  бастаған-тын.  Шамасы,  ұлт  ішіндегі  бірліктің, 
өзара ынтымақтың нағыз бір жарық көрінісі дәл осы кезде, 
яғни мемлекеттік тілдің тағдыры талқыға түсіп жатқан кезде 
байқалды.  Қаншама  айқас,  ала-құла  пікірлер  алып  қашып 
жатқанмен Қазақстан тәрізді елдің өз мемлекеттік тілі болуы 
керектігін  ақыры  жұртшылық  түсінді.  Міне,  бірліктің, 
ынтымақтықтың  нағыз  үлгісі.  Сол  сияқты  тұңғыш  рет 
тәуелсіздіктің  туын  көтеріп,  Елтаңбамызды  айқындағанда 
да, Әнұранымызды қабылдағанда да Қазақстан жұртшылығы 
бірауыздылық танытты. 

80
Ендеше ауызды қу шөппен сүртіп, сарыуайымға салынсақ 
та,  бізде  идеялық  бірліктің  жоралғысы  жасалған  дейміз. 
Тек  соның  жалынан  мықтап  ұстап,  асауды  бас  білдірген 
бапкердей мәпелеп, аялай білу парыз. Әңгіме тетігі осында. 
Әлгі айтылғандардың ішінен әңгімемізге арқау бола беретін 
мемлекеттік тілдің жәйі әлі де күрделі. 
Егер  шын  мәнінде  ұлт  ішіндегі  бірлікті  көксейтін 
болсақ,  бір  бүтінді  екі  жармай  тіл  арқылы  тұтасу  қажет.  
25 пен 40 пайыз арасында толқымалы өмір кешіп жатқан өз 
ағайындарымыздың алдында ұлы міндет тұр. Ол – ана тілге 
деген перзенттік бетбұрыс. Өз ортаңда жүріп өгейлік өмір 
кешу азаматтыққа жарасар қылық емес. 
Бес  қазақ  газеттері  басшысына  берген  сұхбатының  мына 
бір тұсына айрықша назар аудару керек деп білемін. Ол: «Ең 
алдымен,  қазақ  азаматтарының  намысына  салмақ  салмай 
болмайды. Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуға 
тиіс.  Осы  17  жылдың  ішінде  ол  өзінің  ана  тілін  үйренуге 
міндетті  еді.  Бұл  талап  ешқандай  да  адам  құқығына  қол 
сұғу  ретінде  қаралмауға  тиіс.  Бұл  –  парыз.  Адамдық  парыз. 
Перзенттік парыз. Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. 
Өркендейді. Мен «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген 
сөзімді  тағы  да  қайталағым  келеді.  Қазақ  тіліне  қамқорлық 
жасау  менің  перзенттік  те,  президенттік  те  парызым»,  –  
деп  ағынан  жарылып,  ашылып  айтты.  Намысы  бар  қазақты 
бұдан артық қалай қамшылауға болады. 
Бір ғажабы, тіл шеруі алға басқан сайын оның қатарына 
келушілер де, кедергі келтірушілер де түрлене түсуде. 
Мәселен, көптеп ашылып қатар түзеп келе жатқан қазақ 
балабақшасы  мен  қазақ  мектептеріне  балаларын  беріп 
жатқандар  арасында  өзге  ұлт  өкілдері  көбейе  түскен  еді. 
Міне,  бұл  тіл  арқылы  бірігудің  жаңа  қыры  болатын.  Яғни 
Қазақстан  жағдайында  ұлтішілік  бірлік  қана  емес,  барлық 
халық ынтымағы да қымбат. Осы бірлесуді мемлекеттік тіл 
арқылы да қамтамасыз етуге болатынын ел сезіне бастаған 
сияқты.  Ешқандай  қыстау,  зорлықсыз,  саналы  әрекеттер 
нәтижесінде  белең  алып  жатқан  мұндай  жұмыстардың 
ауқымын кеңейте түскен мақұл. Жұрт тіл үйренудің, әсіресе 

81
мемлекеттік  тілді  меңгерудің  пайдадан  басқа  зияны  жоқ 
екенін түсіне түскендей. Бұл «Қазақ тілі» қоғамы жергілікті 
ұйымдары мен өзге ресми мекемелердің толассыз жүргізген 
саналы  әрекеттерінің  де  нәтижесі.  Ендеше  ұлт  және 
Қазақстан жұртшылығы ішіндегі идеялық бірлікті «ҚАЗАҚ 
ТІЛІ» қоғамы әу бастан-ақ түпкі мақсатының бірі есебінде 
ұғып, сол жолда үлкен жұмыстар жүргізді деп айтуға болады. 
Алайда осы бірлік пен тірлікке кесірлі көлеңкесін түсіріп 
жатқан  жайлар  да  бар.  Жұрттың  аусарын  ана  тілінен  гөрі 
ақшаға  ауыстырып  жіберген  қымбатшылық,  базар,  нарық, 
бизнес,  бір  жағынан,  қазақстандықтарды  әлемдік  сауда 
алаңына шығарса, екінші жағынан, азамат бойында ежелден 
қалыптасқан  құндылықтарды:  имандылық,  адамгершілік, 
қайырымдылық  деген  тәрізді  киелі  ұғым-түсініктерге  кері 
әсерін тигізуде. Тіпті қатарға қосылып келе жатқан мемле- 
кеттік тілдің шаруасы екінші кезекке ығыстырыла бастауы 
көңіл қабартады. Ә дегендегі тілге деген ықыластың қызуы 
төмендеді.  Жұрт  «баламның  болашағын  ана  тілсіз-ақ 
бірдеңе  етермін,  одан  да  қарнының  тоқтығын,  көйлегінің 
көктігін  ойластырайын»  дегенге  қайта  көшкен  сияқты. 
Тоқтыққа не жетсін, әрине. Бірақ халықтың рухани саламат- 
тығын ойсыратып барып жеткен тойыншылық көбінесе кө- 
ңілге жұбаныш әкеле қоймайды. 
Адам баласы қай шаруамен айналысып, қандай дәрежеге 
көтерілсе  де  тілін  ұмытпайды.  Мынау  өтпелі  кезеңде  жас 
саудагерлер мәселенің осы жағын ұмыт қалдырып барады. 
Тәй-тәй басқан тілімізге, өз атамекенімізге алшаңдап басар 
күн келе ме десек, қайта неше алуан шетелдік ассоциация, 
корпорация, елшіліктерге еліктеген орталықтар, т.т. айқұш-
ұйқыш,  әлем-жәлем  дүниенің  арқасында  үні  шықпай, 
тұншығып қалар түрі бар. Әлгі мекемелер маңдайшасы мен 
маңдайындағы  әрқилы  шет  тілінде  жазылған  жарқырама 
жарнамаларды (рекламаларды) көргенде өзіңнен-өзің қоры- 
насың. Әлгі жарқылдақтар ұрпағыңды жаһандану ұйығына 
тартып  бара  жатқан  бейне  бір  тұңғиық  дерсің.  Бір  батсаң, 
ол  жерден  қайта  аман  шығу  күмәнді.  Ол  айналадан  қазақ 
жазуын емге таба алмайсың. Бұл сонда қай жер, қай ел? 

82
Есікті айқара ашып, тағы да қонақжайлығымызды көрсе- 
тіп-ақ  жатырмыз.  Анда-санда  шетелден  тәбәрік  есебінде 
алып келетін шараптың сансыз түрі қазір көрінген көшеде 
самсап  тұр.  Бұл  сонда  не,  аңсаулы  Еуропа  мәдениетінің 
нышаны  ма?  Біз  көксеп  отырған  идеологиялық  бірлікке, 
халықаралық  ынтымаққа  жеткізетіндей  мұның  қандай 
қасиеті  бар.  Тілдің,  мәдениеттің  жанашырлары  түгел  арақ 
сатып, ақша аулап кетсе, ертеңгі күніміз не болмақ? 
Қаншама  қонақжай  болғанмен,  әрбір  елдің  өзгелер 
алдына көлденең тартар өзіне тән тәртіп, талабы бар емес 
пе?!  Әлгі  шетелдік  мекемелер  аты  неге  мемлекеттік  тілде 
жазылмайды.  Олардың  омыраулап,  еркінсінуіне  неге  ерік 
береміз.  Мұны  кім  қадағалайды.  Елеусіз  нәрсе  дегенмен, 
ескермеуге болмайтын жайт қой бұл. 
Мемлекеттік тілдің мәртебесін төмендететін тағы бір жағдай 
мынау.  Кейінгі  кезде  көптеген  әкімдер  осы  мәселеге  бас-көз 
боп,  баянды  іс  тындырып  отырған  «Қазақ  тілі»  қоғамының 
жергілікті ұйымдарына деген көзқарасын күрт өзгерте бастады. 
Мұның себебі Тіл комитетінің ашылуы екен. Сауатты, салауатты 
деген ағайынның өзі халықаралық ұйым мен Комитет атқарар 
жұмыстардың  барқын  байқамаған  соң,  өзгелерге  не  жорық. 
Бір  қарағанда  олардың  уәжінде  негіз  бар  болып  көрінуі  де 
ықтимал. Дегенмен біздің шамалауымызша, негізгі себеп қазақ 
тіліне деген құлықсыздықта жатыр. Мемлекеттік тілді өмірдің 
барлық саласына ендірумен тікелей айналысып отырған «Қазақ 
тілі»  қоғамының  дабылынан  құтыла  алмай  отырған  лауазым 
иелері  Комитеттің  ашылуын  сылтау  етпек.  Бұдан  олардың 
асыға күткені Комитет еді деген түйін жасауға болмас, әрине. 
Бұл істе де бірліктің жөні бөлек. 
Ел аман болса және тілді кие тұтатын білікті азаматтар 
ынтымағы  ыдырамаса,  Қоғамға  деген  қалыптасқан 
көзқарасқа нұқсан келе қоймас. Құдайға шүкір, қадау-қадау 
болса да қазақ тілінің нағыз қамқоршылары жоқ емес, бар. 
«Қазақ  тілі»  қоғамы  соларға  сүйенеді,  халық  қолдауынан 
қуат алады. 
Тек, елді байытудың жолы осы екен деп, ана тілімізден, 
ата салтымыздан алыстап, ұлттық мәдениетімізден, өркениет 
әлемінен адасып қалмасақ етті. 

83
Өзінің  алдына  тіл  дамуы,  халық  тұтастығы,  рухани 
ынтымақ  тәрізді  игі  мақсаттарды  қойып,  елге  керекті  игі 
шаруамен  айналысып  отырған  «Қазақ  тілі»  қоғамы  өзінің 
бірнеше  жылғы  тәжірибесінен  мынадай  түйін  жасайды: 
Мемлекеттік  тілге  мемлекеттік  көзқарас  қажет,  қамқорлық 
керек.  Сонда  ғана  ол  тәуелсіз  елдің  қуатты  қолданыс 
құралына  айнала  алады.  Сонда  ғана  ол  өзінің  табиғи 
біріктіруші ретіндегі рөлін толық атқара алатын болады. 
Біз,  ең  алдымен,  халқымызға  сенеміз.  Өйткені  ол  аман 
болса  мемлекеттік  тіл  өз  деңгейіне  жетпей  қоймас.  Біз 
Президентімізге сенеміз. Өйткені ол халық президенті есе- 
бінде мемлекеттік тілге мән бермей тұра алмайды. Елбасы- 
ның  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  12-сессиясында 
жасаған баяндамасы осыған дәлел. Жаһандану қаусырмалап 
келе  жатқан  мына  заманда  тіл  тағдырына  немқұрайды 
қараудан  опық  жеуіміз  әбден  мүмкін.  Жаһандану  аранына 
жұтылып, тұтылып қалмаудың бірден-бір жолы – ана тіліңді 
түбегейлі қастерлеуге байланысты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет