Өмірзақ айтбайұлы


СайлаУ – Ел ЕрКіНДіГіНіҢ КЕПілі



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата05.02.2017
өлшемі1,46 Mb.
#3428
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

СайлаУЕл ЕрКіНДіГіНіҢ КЕПілі
–  Ел  Президентін  сайлаудың  Сіз  үшін  маңызы  неде? 
Сондай-ақ  жалпы  халық  өмірінде  сайлаудың  алар  орны 
қандай?

141
–  Мен  үшін  сайлаудың  орны  бөлек.  Менің  түсінігімде 
президенттік  сайлау  тәуелсіздік  деген  ұғыммен  тікелей 
байланысты.  Ал  тәуелсіздік  деген  елдің  әр  азаматының 
басты  байлығы  дер  едім.  Ал  өзін  тәуелсіз  санайтын  әрі 
өзіндік  болмыс-бітімі  қалыптасып,  ойын  саналы  жеткізе 
алатын әр азамат өз елінде болып жатқан оқиғаларға ерікті 
түрде  пікір  білдіруі  керек.  Ал  бұл  оқиғалардың  ішінде 
Президент  сайлауының  жөні  тіптен  бөлек.  Өйткені  бұл 
жерде ел тағдыры, жер тағдыры, тіл тағдыры тұр. Ал бұған 
құлықсыздық  танытқан  жанды  азат  елдің  азаматы  деп 
атау  қиын.  Сондықтан  сайлауға  белсене  қатысып,  қалаған 
үміткеріне өз даусын бергені жөн. Бұл – білікті де көргенді, 
ішкі мәдениеті қалыптасқан кез келген адамның парызы деп 
білемін.
– Бұл сайлаудың бұрынғы сайлаудан өзгешелігі неде деп 
ойлайсыз? 
–  Әр  уақытта  өткен  сайлаулардың  өзіне  тән  ерекшелігі 
бар.  Өйткені  қоғам  өзгеше  қалыптасып,  заман  түрленген 
сайын, сайлау формасында да ерекшеліктер болатыны сөз- 
сіз.  Ал  биылғы  сайлаудың  рөлі  тіптен  бөлек.  Бұл  сайлау 
Тәуелсіздіктің  20  жылдығымен  тұспа-тұс  келіп  отыр.  Егер 
тарихи  өлшеммен  қарасақ,  бұл  жиырма  ғасырға  татитын 
мерзім деуге келеді. Өйткені осынау аралықта біздің бұрын-
соңды өңіміз түгіл, түсімізге кірмеген оқиғалар болды. Көк 
байрақ  талай  мәрте  күллі  әлем  көгінде  желбіреді.  Бұрын 
Қазақстанның  есімін  еміс-еміс  қана  естіген  елдер  бүгінде 
республикамызға қызыға көз тігіп отыр. Қазақстан ғаламдық 
ойлардың  алаңына  айналды.  Бұл  әлем  өз  мәселелерін 
талқылап, мәмілеге келетін мекенге айналып отырған Қазақ 
Елінің  мәртебесін  көрсетсе  керек.  Қала  берді,  бұл  қазақ 
үшін жанын беретін тұлғалардың арқасында келген абырой 
деп  түсінген  абзал.  Солардың  ішінде  мен  үшін  Елбасы 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  орны  бөлек  екенін  атап  өткім 
келеді.  Ең  алғаш  азат  ел  атанып,  тұңғыш  Президентімізді 
сайлаған тұста мен көзіме жас алдым. Маған бұл Тәңірдің 
сыйындай  көрінді.  Тәуелсіз  қазақ  елінің  әр  азаматы  дәл 
осындай күй кешті деп айта аламын. Қуаныштарын жасыра 

142
алмады.  Сол  сәттегі  қуанышым  қойныма  сыймай,  тұңғыш 
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнап:
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Ақ түйенің қарыны
Ақтарылар күн бүгін.
Ақ киіздің үстінен
Тақ табылар күн бүгін.
Біздің қазақ момынға
Бақ дарыған күн бүгін.
Ежелгі арман, үміті
Атқарылар күн бүгін.
Нұрсұлтан Назарбаевты 
Хақ таныған күн бүгін!
Елімнің ерек Сұлтаны
Бәйге бермес тұлпары,
Әуелеп ұшқан сұңқары,
Бүгінгі айтар сөз мынау:
Көптің күткен іңкәрі.
Жарқырай берсін халықтың
Арайлап атқан бұл таңы... – 
деп басталатын жүрекжарды лебізімді білдірген едім.
–  Елдің  елдігі  сыналар  сағаттарға  да  санаулы  күндер 
қалды. Кімге дауыс бересіз, аға? 
–  Сөз  жоқ,  қазіргі  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевқа дауыс беремін. Сындарлы сағаттарда елін сүрін- 
дірмей алып шыққан азаматқа алдағы уақытта да ел тағдырын 
сеніп  тапсыруға  болатындығына  көзім  жеткендіктен,  осы 
қадамға саналы түрде барамын.
Сұхбаттасқан Д.Ізтілеу
тӘУЕлСізДіК тұҒырыНыҢ бЕріКтіГі – 
бірліКтЕ
 
Егер  Алаш  баласының,  Қазақ  елінің  басты  мұраты  – 
«күн  сөнгенше  сөнбеу»,  іргелі  де  ірі  ел  болу  деп  санасақ, 
осы бастан мәселенің басын ашып алған жөн. Біздің Ресей 
елінің  үстемдігіне  негізделген  бұрынғы  Кеңес  өкіметіне 
қайта  оралуымыз  қажет  пе  әлде  дербес  Қазақ  мемлекетін 
қалыптастырумыз керек пе? Бүгінгі күні мәселені осылайша 
төтесінен қоятын кез жетті. Елбасының әрбір іс-әрекетінен 
де  біз  осыны  байқаймыз. Жолайрыққа  келдік.  Енді  аялдау, 
ескі  қалыппен  жүре  беру  кері  кетуге  әкеледі.  «Алдымен 

143
экономика  –  соңынан  саясат»  деген  тезис  қайта  қарауды 
қажет  етеді.  Мәдени  мәннен,  рухани  болмыстан,  аһлақтық 
құндылықтардан,  саяси  жаңғырулар  мен  мемлекеттік 
реттеуден тыс өз бетінше дамыған экономиканың тығырыққа 
тірелетініне бүгінде баршамыз куә болып отырмыз. 
Әлбетте, тәуелсіз мемлекетке лайық дербес саясат жүргізу 
деген  сөз  көрші  мемлекеттермен  жаулық  қарым-қатынаста 
болу деген сөз емес. Мемлекеттің мәңгілік досы да, мәңгілік 
қасы  да  жоқ,  тек  мемлекеттік  мүддесі  болатыны  анық.  Ал 
мемлекеттік  мүдде  мемлекеттің  ұстыны  болып  отырған 
ұлттың мүддесіне қайшы болмауы тиіс. 
Көрші Ресейдегі Путин мен Медведев бірлестігінің соңғы 
жылдары орыс ұлтын ұлықтауды көздейтін батыл да табанды 
ұлтшылдық  бағыты,  Ресей  империясын  қалыптастыруды 
көздейтін  ашық  саясаты  үлкен  ой  салады.  Осынау  қадамы 
арқылы  Ресей  билігі  Қазақстанға  да  нақты  бағытыңды 
айқында  деген  белгіні  бүкпесіз  ашық  қойып  отырғандай. 
Біздіңше,  ел  билігінің  осы  сәттегі  қабылдайтын  шешімі 
Қазақстанның  ендігі  жерде  қандай  бағытпен  дамитынын 
анықтап беретін болады. 
Қазір  уақыт  көп  ойланып-толғануды,  аңысын  аңдап, 
байқастауды күтпейді. Шұғыл шешім, нақты бағыт, ширақ 
іс-қимыл  ғана  даму  даңғылына  жол  ашады.  Бүкіл  әлем 
санасатын  алып  державалар  –  Ресейдің,  Американың 
қазіргі  басшыларынан  осындай  жайттарды  аңғарамыз. 
Олар  барынша  рационалды,  шапшаң  да  шалымды.  Бұл 
жағдай бізді де ойландыруы керек. «Түйеқұстық позиция» 
бізді ұзаққа апармайды. Қазіргі дағдарысты жағдайдың бір 
артықшылығы  сол,  ол  біздің  көп  нәрсеге  көзімізді  ашып 
кетеді.  Осал  тұстарымызды,  әлсіз  жерлерімізді  анықтап 
береді.  Дағдарыстың  үлкен  мүмкіндіктер  ұсынатыны  да 
осыдан. 
2009 жыл еліміз тарихындағы үлкен бір белесті кезең болды. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы жұртшылық талқысына 
ұсынылған  Тәуелсіздік  тірегіне  айналып  отырған  «Ел  бір- 
лігі»  доктринасы  қоғам  тарапынан  қарсылыққа  ұшырады. 
Мұны  қазақ  ұлтының  саналы  тобы  қабылдамады.  Қазақсыз 

144
Қазақстан  құруды  көздейтіндей  боп  көрінген  құжаттың 
мұндай қарсылыққа кезігуі заңды да еді. Мұндай құжаттың 
дайындалуының екі түрлі пайдасы болды. Біріншіден, елдің 
ішкі  саясатында  әлі  де  тиянақтап  ойластыруды,  мұқият 
ескеруді  қажет  ететін  мәселелер  бар  екендігін  көрсетіп 
берді. Екіншіден, қазақ қоғамының бейғамдықтан оянуына, 
белсенділігін  арттыруға  серпін  берді.  Бұл  сөз  жоқ,  саналы 
ілгерілеу.
Осының  нәтижесінде  жоғарыдағы  доктринаға  балама 
құжат  –  «Қазақстан  Республикасының  ұлттық  саясатының 
тұжырымдамасы» даярланды. Ол мерзімді басылым беттер- 
інде  жарияланды.  Қазір  бұл  құжат  қызу  пікірталас  өзегіне 
айналуда.  Мұның  да  өзіне  тән  олқылықтары  болғанмен, 
ұлттың сана биігіне жетелейтін тұстары бар екені даусыз. 
Бұндай  құжаттардың  дайындалуының  өзі  қоғамға 
темірқазық боларлық жаңа бағдардың қажеттігі әбден пісіп- 
жетілгендігін  көрсетеді.  Көпшілік  талқысына  ұсынылып 
отырған  ұлттық  саясат  тұжырымдамасын  қоғам  қажетті- 
лігінен  туған,  қоғамның  толғағы  дүниеге  келтірген  құжат 
деп білемін.
Қазақтың қамын жеп жүрген зиялыларымыз бар, қоғам- 
дық ұйымдарымыз бар, жанашырларымыз бар барлығының 
ой  біріктіріп,  тізе  қосып,  жоғарыдағы  құжатты  әзірлеуін, 
ел билігінің алдына нақты талаптар қоюын қазақтың өзін-
өзі  мемлекет  құраушы  ұлт  ретінде  сезіне  түсуінің,  өз 
жауапкершілігін  түсіне  бастауының  айқын  көрінісі  деп 
бағалаймын. 
Осыдан 20 жыл бұрын біз «Қазақ тілі» қоғамын құрғанда 
да  осыны  көздеген  едік.  Қазақтың  санасы  сергісе,  рухы 
көтерілсе,  тілі  мен  діні  қанат  жайса  деп  тілеген  едік.  Сол 
жолда тілеулес жандар мен мұраттас азаматтардың қолдауы 
арқасында біраз шаруа тындырылды. 90-жылдармен салыс- 
тырғанда  көптеген  ілгерілеушіліктің  бар  екендігіне  қара- 
мастан, ұлттық, елдік мүдде жайына келгенде бітіргенімізден 
бітіретініміз  көп  екендігі  рас.  Ұлттық  саясаттың  жаңа 
бағытын  нұсқап  отырған  Тұжырымдама  жобасын  осы 
реттегі  атқарылар  көп  істеріміздің  қозғаушысына  айналар 

145
құжаттардың  бірі  болатын.  Бұл  құжатты  жетілдіру,  артық-
кем тұстарын саралау, толықтыру – баршамызға парыз. Алаш 
баласы бұл қасиетті міндеттен аянып қалмас деп сенемін.
Енді «Ел бірлігі» доктринасына да, аталмыш балама құжат 
бойынша  да  көптен  көкейде  жүрген  нақты  ұсыныстарға 
келейін. 
Тұжырымдама  нақты  іс-әрекеттерді  көздеуімен  ерекше- 
ленеді. Алайда кез келген практикалық іс-әрекеттің ғылыми 
негізі  тиянақты  болғаны  жөн.  Осы  жағынан  алғанда, 
құжаттың  теориялық  жағын  әлі  де  жетілдіре,  ширата  түсу 
керек деген ойдамын. 
Сонымен бірге мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, 
көсегесін  көгертуге  септігі  тиетін  кейбір  ойларды  тағы  да 
алқаға ұсынғанды жөн көріп отырмын.
«Тіл,  тіл»  деп  жырлап  келе  жатқанымызға  жиырма 
жылдың жүзі болды. Үш рет заң қабылданды, екі рет бағдар- 
лама  түзілді.  Алайда  ойлаған  межеге  әлі  де  қол  жеткізе 
алмай  келеміз.  Мәселені  балабақша  мен  мектептен  бас- 
тамай, көсегеміз көгермейтініне көз жетті. Сондықтан сүйегі 
қатып, санасы қасаң тартып кеткендерге қазақ тілін үйрете- 
мін деп әуреге түспей, елдегі балабақшаның барлығында 
тек  қазақ  тілінде  тәрбие  беруді  жолға  қойған  жөн.  Сол 
секілді  орта  мектептердің  бастауыш  сыныптарында  да 
бүкіл жеткіншектерге бірыңғай қазақ тілінде білім беру 
қажет.  Өйткені  тілді  ұштайтын,  қалыптастыратын  және 
дамытатын орта – мектеп. Балабақша мен мектептен бастау 
алмаған  істің  берекесі  шамалы.  Бастауыш  сыныптарын 
аяқтап, қазақша жетік меңгеріп шыққан оқушыларымыздың 
бұдан  кейінгі  сыныптарда  қай  тілге  басымдық  берем  десе 
де еркі. Қалауына қарай таңдау жасауына мүмкіндік берген 
орынды. 
Тағы бір айрықша назар аударуды қажет ететін мәселенің 
бірі  –  қалаларда  қазақ  тілінде  білім  беретін  мектептердің 
аздығы. Оларда оқушылар мектептерге сыймай, екі-үш ауы- 
сыммен  оқуда.  Жылына  бірнеше  мектептен  салып  отыр- 
ған  күннің  өзінде  қазақ  мектептерінің  санын  ұлғайту 
мүмкін  емес.  Ал  орыс  тілді  мектептердегі  жағдай  бұған 

146
керісінше.  Қалаларда  орыс  мектептері  көп  әрі  онда  оқи- 
тын  оқушылардың  саны  да  мектептің  сыйымдылығына 
сәйкес  емес.  Атап  айтқанда,  оқушылар  орыс  тілінде  білім 
беретін  мектептерге  толмай  жатыр.  Сондықтан  қазақ  тілді 
мектептердің санын көбейту үшін кейбір орыс тілінде білім 
беретін мектептерді біріктіре отырып, соның есебінен қазақ 
мектептерін ашу қажет. Сонымен қатар орыс мектептерінің 
көпшілігін  аралас  (қазақ-орыс)  мектептерге  ауыстырып, 
басшысын ұлтқа жаны ашитын, білікті қазақ азаматтарынан 
тағайындау керек. Өйткені орыс мектептерінің 70-80 пайызын 
қазақ балалары толықтырып отыр. Мұның сыртында түркі 
тілдес  халықтардың  балаларын  былай  қойғанда,  еліміздегі 
барлық  өзге  ұлт  өкілдерінің  балалары  да  түгелімен  орыс 
мектептерінде  оқып  жүр.  Аралас  мектеп  ашылса,  олардың 
да  көпшілігінің  қазақ  сыныптарына  баратындығына  сөз 
жоқ. Сөйтіп, аралас мектептерді бірте-бірте қазақ мектебіне 
айналдыру амалдары қарастырылса. 
Біздіңше, қазақ тілінің өркен жаяр өрісі – қазақ мектепте- 
рін көбейтудің ең дұрыс шешімінің бірі осы болмақ. Егер, 
жағдайды осы қалпында қалдыра беретін болсақ, істеп жат- 
қан  ісіміздің  ешқандай  нәтижесі  болмайды.  Бұл  мәселе 
алдымыздан  үнемі  қайталанып  шығады  да  отырады.  Сон- 
дықтан  елімізде  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілінің  адымын 
аштырмайтын қолдан қалыптастырылған тұйық шеңберден 
шығудың  осындай  жолын  таңдап,  тиісті  шараларды  жедел 
қолға алуға тиіспіз. 
Ал  орыс,  ұйғыр  мектептерінде  қазақ  тілі  пәнінің  сағат 
санын  барынша  ұлғайтып,  оны  біліктілігі  жоғары  маман-
педагогтармен қамтамасыз еткен жөн. 
Бұдан  кейінгі  аса  зәру  мәселеміздің  бірі  –  баспасөз 
және телерадио саласы. Қазақ тіліндегі мерзімді басылым- 
дарымыздың  саны  біршама  болғандығына  шүкіршілік 
еткенімізбен, олардың біз көздеген биіктен табыла бермей- 
тіндігін  жасыра  алмаймыз.  Билік  те,  басқа  да  санасатын, 
таралымы да мол «Караван» секілді бір қазақ газетін шығара 
алмауымыз  елдігімізге  сын.  Қазақ  тілді  оқырман  аз  емес. 
Біздіңше,  мәселе  басқада.  Қазақ  қаламгерлерінің  барынша 
күш салатын тұсы осы болу керек-ау деймін. 

147
Ал қаншама тәуелсіз елміз деп бөркімізді аспанға атқа- 
нымызбен, әлі күнге тәулік бойы қазақ тілінде хабар тарататын 
бір  телеарнаға  қол  жеткізе  алмай  келе  жатуымызды  қалай 
түсіндірерімді білмеймін. Телеарналары мемлекеттік тілінде 
емес,  негізінен  шет  тілінде  хабар  тарататын  бұл  қандай 
мемлекет?! Тәуелсіз елге жарасатын қылық па бұл?! Бұдан 
соң  біз  өзі  тәуелсіз  елміз  дегенге  де  күмәндана  қарайтын 
болдық. Тілімізге, дінімізге, жерімізге иелік ете алмасақ, өз 
саясатымызды  жүргізе  алмасақ,  онда  ондай  тәуелсіздіктің 
құны нешік?! Біле білсек, бұл – барлығымыздың зор кемші- 
лігіміз. Қазақтың әлсіздігі, намыссыздығы. Ел болуға әлі де 
дайын еместігімізді көрсететін кемшілігіміз бе, деймін. 
Мұны  Елбасы  29  қаңтарда  «НұрОтан»  партиясының 
жиынында да ашық айтты. «Қазақстандық эфир шет тіліндегі 
әртүрлі  хабарлармен  толтырылуда,  олар  қазақстандық  бағ- 
дарламалар  мен  телеарналарды  ығыстыруда.  Елімізде 
Қазақстан туралы бір ауыз сөз жазбайтын басылымдар көп 
көлемде жарық көріп жатыр. Бұларға мұнда шығуға рұқсат 
берген кім?» – деді Президент. Бұл бассыздықтың асқынып 
кеткеніне күйінген Елбасы: «Маған айтыңыздаршы, қандай 
ел өз телеэфирін басқа елдің бұқаралық ақпарат құралдарына 
басы бүтін беріп қойып отыр?», – деп мәселені ашық қойды. 
Бұл  мәселені  Елбасының  қатысуынсыз  реттеуге  болмас  па 
еді. Ақпарат саласына жауапты министрлікке Мұхтар Құл-
Мұхаммед  мырза  келгенде  «қазақы  қаны  бар,  руханиятқа 
жаны  ашитын  азамат»  деп  одан  көп  үміт  күткеніміз  рас, 
алайда рухани кеңістігімізді еркін жайлаған өзгелік ақпарат 
құралдары министріміздің де еркін тыныстауына мүмкіндік 
берер емес. Мүмкін, министр мырза Елбасының осы сөзінен 
соң күш алатын болар. 
Түйіндей айтқанда, мұндай шалағайлықтардың барлығы  
да  біздің  нақты  бағдарымызды  айқындамаудан,  мақсат-
мұратымыздың бұлыңғырлығынан орын алып отыр. Өйткені 
айқындық  болмаған  жерде  сенім  болмайды.  Ал  сенімге 
негізделмеген  нәрсе  тиянақсыз  келеді.  Соның  салдарынан 
«қолда  барда  қарпып  қал»  ұстанымы  алға  шығады.  Қазір 
қоғамда  жүріп  жатқан  үдерістерді  өз  Темірқазығымызды 

148
іздеуге  деген  талпыныс  деп  білемін.  Осы  ретте  жұлды- 
зымыздың оңынан тууын қалаймын. 
Бұл  ретте  Елбасының  жуырда  жариялаған  Жолдауы 
көңілге зор сенім ұялатады. Келер күн, жарқын болашаққа 
ұмтылдырады.  Қиялға  қанат  бітіріп,  құлшындырады. 
Жолдаудың негізгі өзегінен Елбасымыздың осы кезге дейін 
ауық-ауық  айтып  жүрген  «интеллектуалдық  ұлт»  жасау 
жобасын  іске  асырудың  нақты  жоба-жоспарын  байқауға 
болады. Мұны ұлтты түлету, жаңа сапаға көтеру жолындағы 
айрықша қадам деп білемін. Және бұған қол жеткізетінімізге 
де әбден сенемін. Жолдауда бұның әрқайсысымызға тікелей 
байланысты екендігі айтылып қана қоймай, табысқа жетудің 
кілті де қоса ұсынылған. Елдің әрбір азаматының бойтұмары 
болуға тиісті төрт қағидаттың төртеуі де айрықша өзекті. 
Басты  басымдық  –  Отанымызға,  Қазақ  елінің  тәуелсіз- 
дігін  баянды  етуге  бағытталған.  Бұл  әбден  орынды.  Егер 
Отанымыз  болмаса,  қалған  қағидаттардың  да  ешқандай 
мәні қалмас еді. Сондықтан Қазақ елі – мәңгілік тұжырымы 
әрқайсысымыздың  жүрегімізден  нық  орын  алып  қана 
қоймай,  оны  бекемдеу  жолында  барымызды  қарыштау  – 
баршамыздың асыл міндетіміз, қасиетті борышымыз. 
Екінші қағидат – елішілік тыныштық пен тұрақтылықты, 
бейбітшілік пен татулықты көздейді. Өйткені бейбіт жерде 
ғана  береке  бар.  Даму  да,  өркtндеу  де  тыныштық  пен 
тұрақтылық сақталған жерде көктейді. 
Бұдан кейінгі ұстанатын қағидат – экономикалық тұрғы- 
дан даму. Әрбір адамның әл-ауқатының күшейіп, дәулетінің 
артуы – мемлекеттің де өркендеу кепілі. Осы ретте ойымызға 
Күлтегіннің «Түрік халқының болашағы үшін күндіз отыр- 
мадым, түнде ұйықтамадым. Жарлы халықты бай еттім, аз 
халықты көп еттім» деген сөзі ойға оралады. 
Ал өсіп-өрлеу үшін томаға-тұйықтық пен оңаша оқшаула- 
ну қолайлы болмайды. Сондықтан да төртінші қағидат ретін- 
де ұсынылған өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану 
қағидаты  араласа  жүріп  үйренуге,  бәсекелесе  жүріп  озуға 
бастайды.  Осы  төртеуін  түгелдеп,  төбедегіні  келтіру  – 
қолдан  келер  іс  деп  білемін.  Ендеше  қазақ  азаматтарының 

149
тәуелсіз еліміздің еңсе көтере түсуіне бірлесе еңбек етуіне 
зор  мүмкіндіктер  ашылып  отыр.  Тәуелсіз  Қазақстанның 
тұғырын әманда беркіте түсейік, ағайын! 
Нақты қаДам, ИГіліКті іС
Кез  келген  елдің  өзіндік  ерекшелігі,  өзгеге  ұқсамас 
даму  бағдары,  өзіндік  жолы  болады.  Біреуден  көшіріп 
алып, көркейем деу – балаңдық. Ал жақсыдан үлгі алудың, 
шығармашылықпен үйренудің жөні бір басқа. Осы жағынан 
келгенде қазақ елінің де өзіндік бітімі, өзгеше тағдыры, төл 
даму арнасы бар. Мәселе, сол тамыршыдай тап басуда, оң-
солыңды таразылап, тура жол таба алуда. Бұл ретте ел тілегі 
мен мемлекет мүддесінің тоғысар тұсын дәл аңдап, ұтымды 
саясат жүргізудің берері мол. 
Еліміздің ішкі-сыртқы саясаты осынау  тұтастықты таба 
білумен, әрбір қадамын парасат таразысына салуымен ерек- 
шеленеді. Асықпай, аптықпай, діттеген мақсатқа қарай нық 
қадам  басып  келе  жатыр  деуге  болады.  Ол  бағыт  –  қазақ 
елінің болашағын баянды ету мақсаты. 
Елдегі рухани тұтастық пен ішкі келісім, оның бүгіні мен 
болашағы мемлекетті құрып отырған негізгі жағдайына қарай 
анықталады. Қазіргі кезде қазақтар елдің иесі, елді құраушы 
ұлт  екенін  былай  қойғанда,  сан  жағынан  60  пайыздан 
асып  кетті.  Мұны  ескермеу  саяси  таяздық  болады.  Қазақ 
халқының,  қазақ  тілінің  көкейкесті  мәселелері  өз  шешімін 
таппай тұрып, Қазақстанның дамуы, ондағы тыныштық пен 
татулық туралы айту негізсіз, ұшқары деп білеміз. Елімізде 
соңғы  жылдары  тілге  қатысты  қолға  алынып  жатқан 
шаралардың  қарқын  ала  түсуі,  мемлекеттің  осы  мәселені 
түсініп  келе  жатқанын  аңғартады.  Тілдің  «жыры»  бітпесе 
де,  мәселені  шешуге  нақты  талпыныс  жасалуда.  Соның 
бір дәлелі – Елбасының тікелей бастамасымен таяуда ғана 
құрылған «Мемлекеттік тілді дамыту қоры». Қазір Қордың 
құрамы  бекітіліп,  қызметкерлері  жасақталуда.  Бұған 
шүкіршілік етеміз. 

150
Қордың құрылуы Елбасының тілге қатысты айтып жүрген 
сөздерінің  түйіні,  нәтижесі  деп  білеміз.  Бұл  мемлекеттің 
негізгі  шаруаларының  біріне  айналғанын  көрсетеді.  Мұны 
жаңа бағыт, нақты қадам деп есептейміз. 
Әлбетте,  осы  қор  қазақтың  барлық  мәселесін  шешіп 
бере алмас. Дегенмен, осының өзі жетістік, ілгерішілдік деп 
түсінген абзал. 
Елбасының бұл бастамасына риза бола отырып, Қордың 
жұмысына септігі тие ме деген кейбір ойларымызды ортаға 
салуды жөн көріп отырмыз. Олардың бір парасы мынадай. 
Қордың  жиындарына,  шығаратын  қаулы-қарарларына 
еліміздің жоғары деңгейдегі лауазымды адамдары қатысады. 
Сондықтан  мұнда  қозғалған  мәселелер  мемлекеттік  меке- 
мелердің бәріне әсер болу тиіс.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін осы кезге дейін 
қаншама мәселе көтерілді. Жақсы ұсыныстар айтылды. Солар- 
дың көпшілігі елге таралмай жатыр. Осыны тарату жағын ойлас- 
тыруымыз қажет. 
Елбасының өзі Президент болып сайланарда арнайы лин- 
гвистикалық комиссияның алдына басын иіп келіп, мемле- 
кеттік  тілден  емтихан  тапсырды.  Елбасының  бұл  ісі  билік 
басында  жүрген,  ана  тіліне  селқос  қазақтардың  бәріне 
ой  салуы  керек  еді.  Олардың  ешқайсысы  селт  еткен  жоқ. 
Сонда  тіл  тек  Елбасына  керек  пе?  Басқа  лауазымды 
адамдардың  еш  қатысы  жоқ  па?  Бұлар  мемлекеттік  тілді 
білмей  тұрып,  мемлекеттің  мүддесін  қалай  қорғамақ,  елге 
қалай  қызмет  етпек?  Бұл  тәуелсіз  елге,  оның  ел  басқару 
жүйесіне  жараспайтын  қылық  емес  пе?  Бұдан  түбегейлі 
арылып, мәселені төтесінен қоятын мезгіл жетті. Енді барша 
мемлекеттік мекеме қызметкерлері, депутаттар, министрлер, 
елшілік қызметкерлері қазақ тілінен емтихан тапсыруы тиіс. 
Олардың қызметке қабылдану, қабылданбауын біліктілігімен 
бірге қазақ тілін білу деңгейі де анықтайтын болады, мұны 
біз  аспаннан  алып  отырған  жоқпыз.  Әлемдік  тәжірибе 
баяғыдан қолданылып келе жатқан үрдіс. 
Ұстанған  өзіндік  жолы,  нақты  бағыты  бар,  шын 
мәніндегі  тәуелсіз  елдердің  барлығы  осындай  жасап  отыр. 

151
Дүниежүзінде  бір  ғана  ұлттан  тұратын  елді  қолға  шырақ 
алып іздесеңіз де таппайсыз. Ондай мемлекет жоқ. Мемлекет 
құрушы ұлт асып кеткенде 90 пайызға ғана жетеді. Ал олар 
бізде  басқа  ұлттар  тұрады,  ісімізді  тек  мемлекеттік  тілде 
жүргізсек, осы тілді біл десек, басқалардың көңіліне келіп 
қалады деп отырған жоқ. Сондықтан осы мәселеге келгенде 
біздің  де  жалпақтап,  мәймөңкелейтін  не  жөніміз  бар!? 
Аталған Қор жұмысының негізгі бір бағыты осы түсінікті ел 
халқының санасына сіңіру болуы тиіс деп білеміз. 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  еліміздегі  өзге  ұлт 
өкілдерінің  қазақ  тіліне  деген  ынта-ықыласы  мол  болды. 
Олар  балаларын  жаппай  қазақ  тіліндегі  балабақшаларға, 
мектептерге бере бастады. Осы жақсы басталған істі жүйелі, 
сауатты түрде жүргізе алмадық. Соны біз уыстан шығарып 
алдық,  осалдық  таныттық.  Шетел  елшілері  де  тілімізді 
мойындап,  елімізге  қызметке  кірісерде  қазақ  тілін  үйреніп 
келе бастады. Олардың осы ынта-ықыласын біз кері тептік. 
Көңілдерін  су  сепкендей  бастық.  Біздің  шенеуніктеріміз 
олардың қазақ тіліне деген бетін қайтарды. Олар өздерінше –  
еуразиялық  құндылықтармен  тәрбиеленгендер.  Мемлекет- 
тік  мекемелердегі,  қаржы  саласындағы  қызметкерлердің 
басым  бөлігі  қазақ  тілін  білмейді.  Білсе  де  сөйлеспейді, 
тіпті  сөйлегісі  келмейді.  Өйткені  біздің  мекемелердегі 
қалыптасқан  құбылыс  –  қазақша  сөйлемеу.  Тіпті  қазақша 
сөйлесең  сені  кемітетін  жағдайлар  бар.  Құлдық  сананың 
сүйекке сіңісті болып кеткендігінің көрінісі бұл. Бұл – біздің 
ең  үлкен  қателігіміз.  Билік  басындағылардың  кемшілігі, 
еліміздің  соры.  Бұдан  әлі  күнге  арылған  жоқпыз.  Ашық 
мойындауымыз  керек,  билікте  жүрген  азаматтарымыз 
бен  елге  жөн-жоба  көрсетер  деген  зиялы  адамдарымыз 
жалтақтаған,  құлдық  мінезден  әлі  құтыла  алмай  келеді. 
Осының зардабы қай-қай ісімізден болсын көрініп жатыр. 
Елге  ақыл  айту  үшін,  ең  алдымен  өзіңнен  бастау 
керек  қой.  Ал  біздің  «тіл,  тіл»  деп  айқайлап  жүрген 
айтулы  азаматтарымыздың  сөзі  бір  басқа  да,  ісі  бір  басқа. 
Санаулылары  ғана  болмаса,  көпшілігінің  ұл-қыздары, 
немерелері  орыс  тіліндегі  балабақшалар  мен  мектептерге 

152
барады, тіпті шетел асып кеткендері бар. Яғни қазақ тілінің 
болашағына  олардың  өздері  сенімсіздік  танытып  отыр. 
Өзің  сенбей  отырған  нәрсеге  жалпы  жұртшылықты  қалай 
сендірмексің? Сондықтан мұндай екіжүзділіктен арылуымыз 
керек.  Жұртқа  өзіміз  арқылы,  өз  іс-әрекеттеріміз  арқылы 
үлгі-өнеге көрсетейік. 
Осындай  кемшін  тұстарымызды  ескере  отырып,  өзге 
ұлт  өкілдерімен  сөйлесе  келе,  мемлекеттің  тілдің  негізгі 
тірегі, ең алдымен, отбасы екендігін баса айтқанымыз жөн. 
Сондықтан отбасында қазақша сөйлеу басты парыз, міндет 
екендігін түбегейлі насихаттау керек. 
Бұл үшін Қазақстандағы барлық мемлекеттік балабақша 
қазақ  тілінде  болуы  тиіс.  Ал  Қазақстан  азаматтарының 
барлық  өрен-жарандары  бастауыш  білімді  қазақ  тілінде 
алуы  керек.  Міне,  осындай  негізгі  тірек  қалыптастырсақ 
қана, мемлекеттік тілді өз деңгейіне жеткізе аламыз. Қордың 
тағы бір басты мақсаты осы болуы тиіс деп ойлаймыз. 
Қазақстан  азаматтары,  Елбасы  айтқандай,  мемлекеттік 
тілді құрмет тұтып қана қоймай, оны игеруі тиіс. Мемлекеттік 
тілді  игере  отырып,  ұйысуымыз  керек.  Бұл  –  парызымыз. 
Сонда ғана ісімізде нақтылық, нәтиже болады. 
Қор  тек  қаржылық  мәселелермен  ғана  айналыспаса 
керек.  Ірі-ірі  жобаларды  тікелей  өзі  де  іске  асырады, 
жұртшылық тарапынан ұсынылған тиімді бастамаларды да 
қаржыландырады  деп  білеміз.  Осы  жағын  ескере  отырып, 
біз Қордың мынадай бағыттағы іс-әрекеттер мен жобаларға 
көбірек мән беруін қалар едік. Атап айтсақ, олар:
-  ұлттық  сана-сезімді  күшейтіп,  тарихи  танымды 
тереңдетіп,  ұлттық  рухты  асқақтататын  жобалар.  Қазақ 
болып  туғанына,  қазақ  елінің  азаматы  болғанына  деген 
мақтанышты қалыптастыруға бастайтын жобалар
-  мәдени тілдік тұтастыққа бастайтын жобалар;
-  қазақ тілінің ғылыми сипатын арттыруға ықпал ететін 
жобалар; 
-  қазақ тілінің қадірін арттыратын сапалы телехабарлар 
даярлау; 
-  балалар әдебиетіне арналған жобалар түзу; 

153
-  қазақтың  көркем  әдебиетін,  прозалық  туындыларды 
дамытуға ықпал ететін жобалар
-  тіл  тазалығы  мен  тіл  мәдениетін  қалыптастыруға 
арналған жобалар; 
-  қазақ тілін қалалықтар тіліне айналдыру жобасы; 
-  қазақ  тіліндегі  электронды  ақпараттық  өнімдерді 
дамыту; 
-  қазақ тілінің беделін көтеру
-  жастар  арасында  мемлекетшілдікті,  мемлекетшілдік 
идеоло-гиясын өрістету жобалары және т.б. 
Сондай-ақ қазақ тілін өмірге ендірудің, өзге ұлт өкілдерін 
қазақ тіліне жақындатудың ғылыми тұжырымдамасын түзу- 
ге  көңіл  бөлген  жөн.  Мемлекеттік  тілдің  өрісін  кеңейтуде 
социолингвистикалық  зерттеулер  жүргізудің  берері  көп. 
Бұл ретте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қазақстанның 
барлық  аймағын  қамтитын  іргелі  ұйым  ретінде  өз  көмегін 
ұсына  алады.  Елдегі  әртүрлі  әлеуметтік  топтармен  жұмыс 
істеу,  қоғамдағы  субмәдениеттерді  анықтау  үшін  тілшілер 
мен социолог мамандардың бірлескен әрекеті қажет. Олардың 
қызметі  Қазақ  қоғамындағы  әртүрлі  әлеуметтік  топтарды 
жіктеуді  емес,  оларды  тұтастыру  тетіктерін  қарастыруға 
бағытталуы  тиіс.  Ең  алдымен,  қазақ  қоғамындағы  тілдік 
ахуалды талдап, таразылап алу қажет, әлеуметтік топтарды 
жіктеп-жіліктеп,  олардың  әрқайсысына  арналған  жеке-
жеке  бағдарламалар,  арнайы  жұмыстар  жүргізілгені  жөн. 
Бұлардың бәрін ортақтастыратын ортақ желі – мәдени-тілдік 
тұтастықтың аясына тоғысады. 
Мәнді  ойларымыз  бен  өрелі  істерімізді  жұртшылыққа 
жеткізуде  бұқаралық  құралдарының  атқаратын  қызметі 
орасан зор. Әсіресе, электронды ақпарат құралдарының ел 
санасын  қалауынша  өзгертіп,  өз  илеуіне  көндіретін  қуатқа 
ие  екендігін  қалың  қауымға  түсіндіріп  жату  артық.  Міне, 
біздің  ақсап  жатқан  тұсымыздың  бірі  –  осы.  Мысалы, 
Ғалым  Доскен  деген  азамат  басқарған  кезде  «Қазақстан» 
телеарнасының  бағыт-бағдары,  тарататын  хабарлары  жап-
жақсы  еді.  Телеарнаның  ұлттық  келбеті  анықталып,  енді-
енді  тынысы  ашылып,  телеөнімдерінің  сапасы  артып  келе 

154
жатыр еді. Ел тұшынып көретін тәуір хабарлар легі, ұлттық 
танымды  кеңейтер  топтамалары  мол  болатын.  «Күлтөбе», 
«Ақжүніс», «Алтын сақа», «Рух дидары», «Ақиқат сыйы», 
«Шынның жүзі» секілді хабарлар көрерменнің көзайымына 
айналып еді. 
«Ән мен әнші», «Жеті саз», «Сағыныш», «Інжу-маржан», 
«Мәңгілік  сарын»  секілді  музыкалық  хабарлар  мен 
концерттік бағдарламалар халқымыздың ғасырлар тереңінен 
бүгінгі  күнге  іріктеліп  жеткен  музыкалық  мұрасын  қайта 
тірілтті.  Алайда  мұндай  мәнді  істер  ғұмырлы  болмады. 
Ұлтсыз  азаматтарымызға  ұлттық  арна  ұнамаған  сыңайлы. 
Шибөрідей  шулап  жүріп,  арнаның  өңін  айналдырып, 
құбыласын  Ресейге  бағыттағандай  түрі  бар.  Көшірме 
хабарлар мен көбік сериалдар қаптады. Қазір телеарналарда 
қазақ  тілінде  тұшынып  көретін,  аты  ауызға  оралатын 
хабар  сиреп  кетті.  Ел  еріксіз  телеарнаның  құлағын  басқа 
хабарларға,  орыс  тіліндегі  хабарларға  бұрайды.  Ұлттық 
дүниелерге келгенде неліктен бұлайша кежегеміз кейін тарта 
беретінін түсінбеймін. 
Мысалы,  Оңтүстік  Қазақтан  облысы  тұрғындарының 
күні-түні көретіні – Өзбекстанның телеарналары. Өмірінде 
тірі  өзбек  көрмеген  қазақ  балалары  өзбекше  сайрағанда, 
өзбекті  жаңылдырады.  Міне,  телеарнаның  құдіреті!  Біз 
осы күшті теріс мақсатқа пайдаланып отырмыз. Елді қазақ 
тілінен  бездіріп,  орыс  тілінің  құрсауына  байлап  беріп 
отырмыз.  Мәдениет  және  ақпарат  саласын  ұстап  отырған 
ұлтшыл әрі іскер азамат Мұхтар Құл-Мұхаммед бауырымыз 
қазақ  теле-радио  саласындағы  осы  ахуалды  оңалтады  деп 
үміт артамыз. Жұмысын жаңа ғана бастаған Қордың да күш 
салатын тұсының бірі осы болу керек. 
Осы  уақытқа  дейін  қазақша  телеарнаның  ашылмай  отыр- 
ғанын немен түсіндіруге болады? К.Мәсімов мырзаның бұл 
жөніндегі  берген  уәдесі  неге  орындалмай  келе  жатқанына 
таңбыз. Сонымен бірге «Мемлекеттік тіл туралы» Заңның да 
қабылдануына күш саламын деп еді, Кәрім Қажымұқанұлы. 
Мұның бәрі жай сөз, бос уәде болған түрі бар. Елбасының өзі 
бас болып құрылып отырған бұл Қордың тағы бір айналысар 
шаруасының бірі осы болса игі. 

155
Әрбір мекеменің бағыт-бағдары мен қызмет-қарымы бас- 
шысының  парасат-пайымы  мен  іскерлік  қабілетіне  қарай 
анықталатынын  белгілі.  Қордың  атқарушы  директоры 
Берік  Әбдіғали  бауырымыз  «Қазақ  миссиясы»  деген  еңбек 
жазған,  Алаш  қайраткерлерінің  мұрасынан  нәр,  рухынан 
қуат алған өрелі азамат. Мемлекетшіл өрен. Білімі мен білігі, 
іс-тәжірибесі бір басына молынан жетерлік. Одан үлкен үміт 
күтетінімізді  жасырмаймыз.  Еңбегінде  келтірілген  қазақ 
халқының болашағын баянды ету жөніндегі келелі ойларын 
нақты іске асыруға мүмкіндік алды деп білеміз. Игі істеріне 
әрдайым тілекшіміз. Ендеше, іске сәт! 
«Егемен Қазақстан» газеті.
13.09.2008 жыл 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет