қыз-ғұмыр тағДыр тағылымДары
Әу баста Фариза ақынның сезімтал жүрегі мен жүйрік
көңілінен шыққан осы бір кесек сөз менің де көкейімнен
кетпей қойды. Асылы жүректен шыққан сөз жүректерге
жетеді дегеннің негізінде шындық бар. Кітаптың аты осы-
лай аталса, қайтер еді деген оймен ғалым, педагог, қай-
раткер, замандас Шамша Көпбайқызы Беркімбаеваның
мына қолжазбасымен таныса келе сан алуан сырсандық
әлеміне сапар шеккендей болдым. Айналасына саналы көз-
бен қарай білетін саналы адамның көкейіне түйетіні көп
болса керек. Шамшаның да көргені мен көңілге түйгендері
жетерлік екен. Сауаттылық – саналылықтың қайрағы іспетті
нәрсе ғой. Қолжазба авторы сананың сырлы әлеміне өзінің
сауат-жігерімен көтерілгенін байқатып отырады.
Сонымен, «Қыз-ғұмыр тағылымдары» деп біз атап отыр-
ған бұл топтама осылайша неше алуан ойға жетектейді.
Өйткені мұнда жинақталып берілген мақала-эсселердің әр-
қилы жылдарда әр алуан тақырыптарға жазылғанына қа-
рамастан тәуелсіз еліміздің тұғырын бекіте түскен, алдағы
кезеңде де нықтай, іргелендіре беретін келелі мәселелерді
қозғайды. Бұларды басты-басты мынадай салаларға бөліп
қарастыруға болатын тәрізді.
Бірінші, оқу-білім мәселесі.
Екінші, мемлекеттік тіл мәселесі.
Үшінші, ұлттық тағлым-тәрбие, ұлттық педагогика мә-
селесі т.т.
347
Мұның қай-қайсысы да бір-бірімен байланысын үзуге
болмайтын, әрі күн тәртібінен ешқашан түспейтін ең өзекті
мәселелерді сырттан топшылап тон пішетін әлдебіреу емес
(ондайлар да кезігіп қалады емес пе, өмірде), бұл салалар-
да әлденеше жыл тікелей еңбек етіп, оның ыстық-суығы-
на араласқан, тер төккен жанның терең түсініп, күйзеле,
жаны күйе жазуы. Және ол күйрек ойдың тасасында қалып
дәрменсіздік танытпайды, содан шығар жолды да нұсқап,
өзі де жігерленіп, оқырманын да жігерлендіріп отырады.
Көбінесе өз ой-пікірлерін нақты дерек мысалдармен же-
тектеп, түйіндеп, түйіп тастап отыруы сізді мақұлдатпай
қоймайды. Бұл білімді азаматтың біліктілігінен хабар бе-
ретін, кімді де болса сүйсіндіріп отырар жақсы нышан-
дар. Сөйтіп ол осынысымен тиісті мекемелердегі жауап-
ты адамдарға ой тастап, ұлтымызға аса қажет мәселелерге
саналы өмірін сарп етіп жүрген зиялы қауымға қарыз бен
парыз атты киелі ұғымдарды көлденең тартып, сезімге тиер
сөз қозғайды.
Шамша Көпбайқызының алдымен баратын сүйікті та-
қырыбының бірі оқу мен білім саласына байланысты, оның
ішінде мектеп пен мектепке дейінгі оқу орындарының тағ-
дыры. Мұның өзіндік себебі де жоқ емес. Оқу-ағарту жұ-
мысы оның сан жылдар бойы саналы өмірін сарп еткен
және еркін жайлаған жайлауы десе болғандай. Сондықтан
бұл мәселелердің қыр-сырын ол жақсы біледі. Әсіресе
мектептердің, оның ішінде қазақ мектептерінің жағдайын
жетік білетіні аңғарылады. Оқу-тәрбие жұмысындағы үзіл-
мес рухани жалғастық байқалады.
Қараңғылықта күн кешкен қалың елі – қазағының сауа-
тын ашуды өмір бойы көксеген Ыбырай, Абайлар дегеніне
жете алмай арманда өтті. Бірақ олар ұрпағына ұмытылмас
ой тастап кетті, көкейлерде өшпейтін от жағып кетті. Содан
таусылмас нәр алған оның ізбасарлары халықты қараңғы-
лықтан шығарар жолдың бірде болса бірегейі – елді мек-
теп арқылы тәрбиелеудің, сауаттандырудың жөні бөлек деп
білген. Автор, міне, осы түбегейлі алтын желіден әсте айы-
348
рылмайды. Соны негізге ала отырып, ол қазақ мектептері-
нің болмысындағы келеңсіз жайларды тілге тиек етеді. Жал-
пы білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді
саралайды.
Шынында, қазақ мектептері мен балабақшалары қазақ
зиялыларының қай-қайсысын да бейжай қалдырмайтын
сала. Еліміздің басынан өткен қилы-қилы оқиғалар оқу жү-
йесіне әсерін тигізбей қоймағаны мәлім. Соның ішінде әсі-
ресе ұлттық сана мен дәстүр-дағдымызды қалыптастырып,
текті тәрбие негізін қалайтын қазақ тілін оқыту мәселесі
жылдан-жылға сұйыла түскені жас ұрпақты жат қалыпқа
салып жібергендей еді.
Мемлекеттік тіл деп арнайы заңда әйгілеп, қазақ тілінің
бағын аша ма деген басқа да құжаттардың әлденешеуі дү-
ниеге келгенмен әлі күнге еңсе көтере алмай жатуымыз-
дың түп себебін осы тілтұқыртпадан іздеу керек сияқты.
Ш. Беркімбаева қазақ мектептерінің көпшілік біле бермей-
тін шерлі шежіресіне тереңдеп, олардың жыл өткен сайын
неге, қалай қысқарып отырғанын, соған орай тіл сабақта-
рының қандай күй кешкенін және ұлттық тәрбие берудің
негізгі кілті есепті бұл пәннің керексіз сабақтар қатарына
қалай шығып қалғанын жаны күйзеле жазады. Кеңес
дәуірінің әйгілі өкілдері – Сталин, Хрущев, Горбачев зама-
нында әмбеге ортақ бір ғана тіл жасау саясатының қанша-
лықты аярлықпен жүргізіліп отырғанын жүрек сыздай се-
зінесіз. Автор осы шерлі сырды алдыңызға аямай жайып
салады. Сонымен бірге тәуелсіз ел болған бүгінгі жағдайда
оқу-тәрбие жұмысын жолға салып жандандыра түсудің
амалдарын көрсетуге тырысады.
Ендігі жерде оқушының жеке басының өзіне ғана тән
ерекшеліктері ескерілмейтін оқу жүйесінің ұлттық тағлым-
тәрбиеге қаншалықты зиян келтіретінін сарамандықпен дә-
лелдейді. Оның аралас мектептерде тәрбиеленіп жатқан
қазақ балаларының жағдайын ойлап күйзелгеніне сенесіз.
Ш. Беркімбаева ана тәрбиесіне айрықша мән береді.
Шынында, қазақтың ұрпақ тәрбиелеу ісін тереңнен тартып
349
қарар болсаңыз, үлгі етер, өнеге тұтар қаншама мысалға тап
боларыңыз хақ. Осының қай-қайсысында да аналар әлемі-
нің айрықша орны байқалады. Мұның сан алуан мысалын
қазақ эпостары мен ертегілерінен, аңыз-әңгімелерінен және
көркем әдебиет үлгілерінен табасыз. Бұл ретте Шамшаның
аты аңызға айналып күні бүгінге дейін ұмытылмай келе
жатқан Айша бибі, Домалақ ана, Шоқанның анасы Айға-
ным, Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжанды, немесе
аналар кескінін келістіре сипаттаған Ғ. Мүсірепов әңгіме-
лерін тілге тиек етуі қисынды-ақ. Ұлы М. Әуезов бабалар-
дан ұласқан тағылым-тәрбиеге сүйене отырып, «бесігіңді
түзе, қазақ» деген өсиет қалдырған. Бұл сөздің негізінде
түбірлі ой жатыр. Қазір бесік жырын айтатын аналар қа-
тарының мүлде селдір екеніне, тіпті елдің ән айтудан қалып
бара жатқанына, әрине, жүрек сыздайды.
Қазақта адамға ат қою дәстүрінің өзінде қаншама та-
ғылымдық сипат жатады. Мәселен, жеңге мен келіннің
қайнағалары мен қайындарына, абысын-ажындары мен
қайын сіңлілеріне қойып алатын аттарының астарында
қаншама ой мен сыр, шешендік пен тапқырлық үлгілері,
ізет-құрмет іздері, инабат пен мейірім, шапағат бар. Тіпті
атасының атын атап алмау үшін қазақ сөзінің қайнарынан
қалағанынша емін-еркін көсіп алып, қолдана білетін ше-
берлігіне тәнті болмауға шараңыз қалмайды. Осының бәрі
тіл ұстартуға баулитын таптырмайтын үлгі. Қазақ сөзінің
осы тектес таусылмас қайнарын іске жаратуға келгенде
жіберіп жататын олқылықтарымызда есеп жоқ.
Бір өкінішті жері сол, бұрын негізінен отбасында қа-
лыптасатын тіл ұстарту мектебінің басы-қасында аналар
болатын. Кеңестік дәуірде әйелдер қызметі отбасынан кең-
селерге ауысты да, бала тәрбиесіне нұқсан келтіріп ал-
дық. Неге десеңіз, бала тәрбиесімен күнделікті, үздіксіз
айналысуға әйелдердің мүмкіндігі болмады. Негізгі мақсат
қызметке ойысыңқырап кетті. Осы тектес салғырттықтар
салдарынан бұрын болмаған оқиғаларға кезігіп, таңғалып
жататынымыз бар. Әйелдердің тәрбие жұмысымен айна-
350
лысуға мүмкіндігінің аз екеніне дәлел ретінде Шамша мы-
надай мысал келтіреді. Жарты миллионға таяу әйел заты
ауыр жұмыспен айналысады екен. Ал Франция сияқты
елдерде әйелдер көтеретін жүктің салмағы күніне 400 кг-
нан асса, тыйым салады. Бізде бұл аз дегендей, әйелдерді
тракторға отырғыздық, мал соңына салып қойдық. Тарихқа
барсақ, қазақтың ең кедейінің өзі әйелдерді қой соңына
салмаған, мал бақтырмаған. Осының өзінен-ақ бұрын бізде
әйел баланы қадір тұтудың дәрежесі қаншалықты болға-
нын байқап көреміз.
Қазір әдепсіз қыз, шайпау келін, оспадар ұл қайдан
шықты деп опынамыз. Ең масқарасы сол, тастанды бала-
лар, жетім қарттар, маскүнемдер, жезөкшелер, ұры-қары-
лар саны күннен-күнге көбейіп барады. Әлденеше ғасыр
бойы халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде қағидалық сипат
алып, бұлжымас заң дәрежесіне жеткен дәстүр-дағды, әдет-
ғұрып, салт-сана үлгілерінің ең игі түрлерінің өзі елеусіз,
ескерусіз аяқасты болуының салдарынан да ұлттық тәрбие
негізіне үлкен нұқсан келтіріп алдық. Мына қолжазбадан
орын алған бұл мәселенің маңызы айрықша екенін ашып
айтқымыз келеді. Автормен қоса күйзеліп, автормен қоса ой
сарсаңына түсіп отырдық.
Сондай-ақ, мұнда Қазақстан тәуелсіздігінің негізгі бел-
гісінің бірі – мемлекеттік тілдің жайы елжіреген сүйіс-
пендікпен, айрықша ықыласпен сөз болады. Әсіресе оның
үй іші мен отбасынан бастап үзіліссіз әрі толассыз жүргізі-
ліп отыратын ана тіліндегі тәрбие мәселесіне мән беруі
айрықша назар аудартады. Бұл тұста қазақтың ауыз әде-
биет үлгілері мен лира-эпикалық дастандары, батырлық
жырларының рөлін баса көрсетуі де орынды. Атамекеннің
ар-ұятына балайтын нағыз отаншыл ұрпақты баулу оқу
орындарының басты бағытына айналуы керек екені тәп-
тіштеледі.
Шындығында, ананың ақ сүтінен даритын ана тілді қа-
дір тұтпаған ұланнан қандай отаншылдық сезім күте ала-
сыз?! Аталған келеңсіздіктердің көбі ана сүті мен ана
тіліне жасалған опасыздық салдарынан болса керек. Міне,
351
сондықтан Шамша мектептердегі тіл сабақтарына айрықша
мән береді. Мұндағы ең басты мәселелердің бірі – тіл үй-
рету сабағына қоса тағы бір өзекті мәселеге тереңдейді.
Ол – оқушылардың тіл мәдениеті туралы мәселе. Құдайға
шүкір, қазір қазақ мектептерінің қатары көбейе түскені
белгілі. Бұған сүйінесің, ал мектеп ауласына кіре қалсаңыз,
мұндағы көз көріп, құлақ естіген көрініске күйінесің! Жаңа
ғана сабақтарын қазақша оқып шыққан оқушылардың бәрі
бірдей неліктен орысша сөйлей жөнелтетініне қайран қа-
ласың. Жалпы оқу жүйесіндегі неше алуан өзгеріс-өрістер
болып жатқанмен және соған сәйкес пән оқыту талаптары-
ның күшейе түскенімен, бұл құбылыс қазақ мектептерінің
көбіне тән. Бұл жағдай қазақ зиялыларын ойландырмай
қоймаса керек.
Қазақ мектептеріндегі тәрбиенің ұлттық негізін қала-
ғысы келетін ұстаз дана Абай тағылымынсыз нәтижеге жете
алмайтыны ақиқат. Шамша ойы бір сәт осы дарияға ойыса-
ды. Міне, осы жөніндегі өрістетілген пікір-толғамдардың
да парқы биік. Зейін салсақ (әрдайым солай ету керек те),
Абай шығармаларының өн бойында үзілмей жүріп отыра-
тын бір өміршең өзек бар. Ол кісілік тұғырына жетелейтін,
кәміл адам жасау дейтін ұлы мұрат! Абайша толғар болсақ,
бұл мұратқа жетудің бірден-бір жолы – еңбек ете білу.
Осыған орай Абайдың 38-ші сөзіндегі мынадай тұстарға
мән беруі әбден дұрыс деп ойлаймыз. Қайта бір еске
алайықшы: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе
бар, одан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екіншісі –
еріншектік, үшіншісі – залымдық» дей отырып, Абай
адамды имандылыққа бағыттайды. Өйткені оның дөп көр-
сететініндей: «Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты
жоқ. Ұяты жоқтың иманы жоқ». Ұятсыздық жайлай баста-
ған біздің заманымызда қағидаға барабар бұл пайымдау-
дың маңызы айрықша. Ұятсыздық – имансыздықтың ұясы.
Ендеше Абай тағылымын төгіп-шашпай бала тәрбиесінде
түгел қолдану жайындағы ұсыныс өте дұрыс. Өйткені
ұлтқа керекті нәрсенің бәрі Абайдан табылатыны рас.
Сөйтіп, Абай тағылымының табиғатына тереңдей келе
352
Шамша-педагог оның шығармаларын оқытудың әрбір сы-
ныпқа лайықты жүйесін көрсетуге тырысады. Соған байла-
нысты жер-жерде оқытыла бастаған «Абайтану» курста-
рының сапасын көтерудің де кейбір көкейкесті тұстарын
қозғайды.
Шамша Көпбайқызының мемлекеттік тілге байланыс-
ты ойлары әр алуан ауқымда өрбіп отырады. Ол ана тіл-
дің қазақ отбасынан бастап мемлекеттік кеңістікке де-
йінгі аралықтағы қызметі мен рөлін саралай келе, оның
халықаралық деңгейдегі орнын да елеусіз қалдырмайды.
Қазақстан тәуелсіздігін әйгілей түсетін айшықты белгіміз-
дің тағы бір түрі мемлекеттік тіл екеніне қатты мән береді.
Шындығында, ақылға салып, таразылап көрсек, мемлекет-
тік тіліміз республикамыздың өз ішінде ғана емес, соны-
мен бірге халықаралық деңгейде де елдігіміздің айқын бір
айшықты белгісі ретінде көрінуге тиісті болатын. Ал біз
болсақ, әлі күнге ана тіліміздің өз арамыздағы беделін кө-
тере алмай әлекпіз. Шамша болса ауыл арасындағы әңгі-
меден көтеріліп, мемлекеттік тіліміздің әлем кеңістігіндегі
еңсесін биіктетпек болады. Сөйтіп, шетелдермен байла-
нысты мекеме қызметкерлерінің, атап айтқанда, Сыртқы
істер министрлігі мен түрлі елшіліктердегі қызметкерлері-
нің, сондай-ақ қызмет бабымен әртүрлі мемлекеттермен
сан салада ерсілі-қарсылы қарым-қатынас жасайтын орын-
дардағы лауазым иелерінің мемлекеттік тіл алдындағы
жауапкершілігіне тоқтайды, намысты азаматтың бәрінің
санасына салмақ тастайды.
Жалпы базбіреулер қайсыбір тұстарда қырсыздықтан,
тіпті намыссыздықтан тоқырап тұрған тіл кедергінің кі-
нәлілерін іздеп, сарсаңға түсіп жатады. Біздіңше, мәселенің
тетігі қазақтардың өзінде жатыр. Намысы күшті, санасы
биік ұлт қана өз мүддесін ешкімнен айбынбай-ақ қорғай
алады. Қазір сол сана мен намыс үшін күрес жүріп жа-
тыр. Ендеше Ш. Беркімбаеваның бұл кітабын қазақ намы-
сын қайрай түсетін, ұлттық сананы жігерлендіре түсетін
маңызды да мазмұнды дүние деп білеміз.
353
КОмПОзИтОр ілИЯ ЖақаНОВ
Кез келген адамның жан сарайы бірден ашыла қоймай-
тын сыр. Ал өнер адамының ішкі әлемі – тағдыр сыйы.
Ол тіпті жұмбақ дүние ғой. Өнердің сан саласында өз жо-
лын тауып, өзіндік өрнегін салып, халқымыздың өзгеше
болмыс-бітімін әйгілеген ғажайып жандарды есіме алған
сайын алапат сезім құшағында боламын.
Ұлттың ең басты қазынасы – тіл мен өнер. Мұнымен
адалынан айналысқан адамда халық қадірлейтін қасиет
пайда болады. Әрине, онда да талантты болса ғана. Та-
лант тәрбиені тілейтін тәкаппар да нәзік нәрсе. Бұл күнде
халқымызға танымал Ілия Жақановтың бойынан осын-
дай тынымсыз еңбекке ұласқан талантты байқағандай бо-
ламын.
Ол сазгер, композитор және өнер зерттеушісі. Музы-
ка әлеміне барған жандардың бәрінен ерекшелендіріп
тұратын оның басты қасиеттері осы аталған саладан айқын
аңғарылады. Халықтық әндер рухында тәрбиеленген Ілия
Жақанов жастайынан осы өнер жалынан ұстайды. Халық
композиторларының буын-буынға түсіп, жаныңды ерітер
сиқырлы да сазды, нұрлы да назды әуендерінің әлдиіне
тербеліп, кеудесіне күйсандықты қондырып алғандай. Мұ-
ның үстіне отбасы тәрбиесі, өскен ортасынан көріп біл-
гендері өнерге, өлеңге құштар баланы онан сайын еліктіре
түседі. Оның бойында бала кезден булыққан бұлақ көзі
50-жылдардың екінші жартысында Қазақ университетінде
оқып жүрген кезінде ашылды. Бала кезден соғыс зардабын
көрген жас буынның қазақ әніне деген ықыласы өзгеше бо-
латын. Соның ішінде Ілияның құштарлығы тіпті бөлектеу
еді. Университет түлектері оның алғашқы әндерінің на-
сихатшысына, орындаушысына айналды.
Ақан, Біржан, Естай, Ыбырай, Жаяу Мұса, Ғазиз, Мәди,
Мұхит әндерінен нәр алып өскен Ілия ұлтымыздың осы
асылдарының асқақ үнін кеудесіне мәңгі қондырып алған
десе болады. Дейтініміз, оның әндерінен нағыз халықтық,
354
нағыз ұлттық рухтың лебі есіп тұрады. Мұның үстіне ол
тұста Алматы аспаны ән мен жырға кенелген өзгеше бір
Мысыр шаһарындай әсер беруші еді. Ғажап әншілер мен
композиторлар шоғырланған қалада Абай атындағы опе-
ра мен балет театры, филармония, драма театры, консер-
ватория т.т. музыкаға әуес жандарды өзіне тартып арбай
түсетін. Осының бәрі І. Жақановтың да сезім көрігіне әсер
етпей қойған жоқ. Оның халықтық рухтағы «Салтанат»,
«Аққайың», «Жалғыз қайық» атты әндері осы кезде туған.
Бұл әндер сол кездегі студент жастардың өз көкейінен
шыққан дүниедей қабылданды. Концерттерде айтылатын
әндер есебінде бірден-бірге ұласып, ауыздан түспейтін
мұраға айналды.
Ілияның сазгерлігіне әсер еткен тағы бір ортаны айту
лазым. Ол – А. Жұбанов, Л. Хамиди, М. Төлебаев, С. Мұ-
хаметжанов, Ә. Еспаев, Ш. Қалдаяқов сынды музыка әлемі-
нің асқан шеберлері. Осылар шығармашылығына терең
үңіле жүріп, өзі де сиқырлы әлемнің сырына қаныққандай
еді. Ілияның өнер мен білімді қабат игеруінің өзі кейінгі
жас ұрпаққа үлгі болар өнегелік сипатына назар аударған
жөн. М. Әуезов, Б. Кенжебаев, І. Кеңесбаев, М. Балақаев,
Т. Нұртазин тәрізді керемет тұлғалардың алдында болып,
қазақ тілі мен әдебиеті жөнінде мол мағлұмат алды. Осы-
ның бәрі оның өнер әлеміне, әсіресе музыка әлеміне те-
реңірек бойлауына жол ашты. Сөйтіп, қазақтың қара дом-
бырасын қолынан тастамайтын қара бала әдебиет пен тіл
өнерін қабат меңгере жүріп, ән жазуды негізгі кәсібіне ай-
налдырды.
Консерватория жанындағы екі жылдық студияға түсіп,
музыкалық сауатын ашып, ол күйсандықтың да құлағын
ұстады.
Ілия аталған алғашқы әндерінен бастап табиғат сұлу-
лығымен астасқан сұлу сазды сезімдер әлдиінде болады.
«Алматы кешінде», «Нұрланып меніңдағы туар айым»,
«Меңді қыз» әндерінен махаббат сезіміне булыққан жас-
тық жалынның лебі еседі. Бұл әуендерден тазалықтың,
355
пәктіктің мөлдіреген иірімдері төгіледі. «Алматы кешінде»
жаныңды жадыратар ойнақы сезіммен жеткізілетін наз бар,
сыр бар. Ал «Меңді қыз» әнінде бір көргеннен құлай сүйер
таза сезім ынтықтығы соншама сырлы да назды беріледі.
Бәлкім, осыдан да болар, бұл әндердің тез тарап кетуі.
Өзін толқытқан әуендерге лайықты өлең сөзді таңдауда
да Ілия талғампаздық танытады. Ол кез келген өлең сөзге
бара бермейді. Өзіндік талғам таразысына түсе алады-ау
дейтін ақындармен жалғасады. Ж. Молдағалиев, Ғ. Қайыр-
беков, Қ. Шаңғытбаев, М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Мол-
дағалиев, А. Шәмкенов, К. Салықов, С. Сейітов, Д. Қанат-
баев, Ж. Әбдірашов тәрізді ақындар өлеңіне жазылған ән-
дері осыған дәлел. Бұдан біз композитордың ән мен өлеңге
қояр талабының қатал екенін байқаймыз. Сонымен бірге
Ілияның сазгерлікке қоса, ақындық өнерден де құр алақан
емес екені мәлім. Мәселен, «Аққайың», «Даниярдың әні»,
«Әсел», «Асылым», «Жайлаукөл кештері», «Бұлбұл еді» т.т.
әндерінің сөзін өзі жазған. Сазгерлердің көбіне осы қасиет
жетіспей жатады. Жалпы сөздің құнын сезбеген жаннан
жақсы әуен шығуы неғайбыл.
Ілия өзінің әндерімен біте қайнасып, ол осылай өзіне
қатал талап қоя жүріп ұлы ақындар шығармаларына үңі-
леді. Олардың шығармаларын өз әуенімен оқуды дағдыға
айналдырып, оларға өзінің әндері арқылы жанасқысы ке-
леді. Сөйтіп ұлылармен сырласады. Сәкен Сейфуллиннің
сөзіне жазылған «Жан жолдас» романсы, Қасым Аман-
жоловтың сөзіне шығарылған «Есіңде бар ма, жас күнің?»
әні осындай сырды аңғартатын ерекше туындылар.
Оның әндерінде ойлылық, ойнақылық, салмақтылық,
сырбаз сырлылық сезім басым. Тақырыптары да өзіндік
болмысын әйгілейтін күрделі де қызық. Оны бір жағынан,
махаббат жыршысы, екінші жағынан табиғат жыршысы,
үшінші жағынан, отаншылдық сезімге жетелейтін тұлға
деп тануға болады. Мұның қай-қайсысында да атамекенге,
қазақтың өнері мен мәдениетіне, тарихына, табиғатына де-
ген асқан сүйіспеншілік жатады.
356
Егемен еліміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиғаның
біріндей болып, тыңдарман қауымды мақтаныш сезімге
бөлей, елді, жерді, Отанды сүюдің ұраны іспетті дүниеге
келген «Еділ–Жайықтың» жөні мүлде бөлек. Бұл сазгер
І. Жақановтың композиторлық қуатын әйгіліп, азаматтық
қайсарлығын танытып тұрған өзгеше туынды. Бұл ән тәуел-
сіз Қазақстан аспанында қазақтың қаһармандық кескінін
талмай танытатын қыран құстай қалықтай бастады. Ендеше,
біз мұны жалғыз І. Жақановтың ғана емес, қазақтың ұлт-
тық музыкасының табысы ретінде бағалағанымыз жөн бе
дейміз.
Сөйтіп, 1954 жылы білім іздеп Алматыға келген қара
бала бүгінде талант пен еңбек көрігін соғудың арқасында
қазақ өнерінің талмай шабатын сәйгүлігіне айналды. Оның
әндері халық рухын танытып, ұлттық сананы биіктете тү-
сетін дүниелер. Бұл жас өнерпаздар үшін таптырмайтын
үлгі, таусылмайтын өнеге.
* * *
қазақ әнінің қарагері
(Дос туралы сыр)
Бұл өзі тағдыр сыйлағандай кештің бірі болды. Олай
дейтінім, қазақтың ұлттық өнеріне селқос Астананың аспа-
нын ән кернеп тұрды. Ән болғанда қандай! Сонау Ақан,
Біржан, Мұхит, Кенен сынды ұлт рухын асқақтатып өткен
ғажайып тұлғалардың жалғасындай болып, жарасым тап-
қан Ілия Жақановтың өнердегі өрісін танытқан концерт
еді бұл. Кім бергенін қайдам, Конгрес -холл (қазақтың бай
сөз қазынасынан басқа бір жөндем ат табылмағандай) де-
ген атының өзі адамды аулақтатып тұратын үлкен зал
лық толған. Астана жұртшылығының мұндай концертті
аңсай күткені байқалды. Жақанов әндерін сахна төріне
жай-ғасқан ұлт-аспаптары оркестрі сүйемелдеп отырды.
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, профессор, ғалым
357
М. Жолдасбековтың мазмұнды сөзінен соң, Ілия әндерінің
шеруі басталды. Көбінің тууына өзім куә бұл туындылар-
ды елтіп отырып тыңдадым. Сонау студенттік өмірден бас-
талған Ілияның өнер жолы, өмір жолы көз алдыма келді...
Біздің курстың студенттері хор үйірмесін ұйымдасты-
рып, бәріміз соған қатыстық. Драма үйірмесінде «Айман -
Шолпан», «Шұғаның белгісі», т.б. спектакльдерді қойдық.
Сол бір жылдары (1956-57) ортамызға Шәмші келіп қо-
сылды. Ол біздің өнерге деген ықыласымызды одан сайын
арттырды.
Шәмшінің ең алғашқы әндері «Қаракөз» бен «Қайық-
та», Ілияның «Салтанаты» мен «Аққайыңы» ә дегеннен
сол кездегі жастар жүрегін жаулап алды.
Шәмші мен Ілия тәрізді өнер адамдарының өзара
үйлесімі ғажап. Бұл, әрине, өз алдына бөлек әңгіме...
Міне, сонау 1954 жылдың тамызында білім іздеп Алма-
тыға келген қара бала өнерге деген құштарлығын толассыз
шыңдай жүріп, бұл күндері қазақ өнерінің қарагеріне айна-
лып отыр.
Ілекең, біріншіден, сазгер. Қазір оның қазақтың ән өне-
ріне қосқан үлесі аса зор. Екіншіден, өнер зерттеушісі, ғалым.
Оның қаламынан қазақтың қаншама өнер қайраткерінің
тұлғасы жасалды. Үшіншіден, өзіндік тақырыбы, қолтаң-
басы бар жазушы. Жұртшылыққа мәлім роман, повестері,
әсіресе жас қауымның сүйсініп оқитын дүниесіне айнал-
ған. Төртіншіден, ол шебер аудармашы. Қырғыз ақын -жа-
зушыларының біраз туындыларын қазақ тіліне аударған.
Ілияның композиторлық дарынын дараландырып тұр-
ған нәрсе – оның қазақ ән өнерінің табиғатына терең
бойлай алатындығы. Осы қабілетінің арқасында Ілекең
әндерінің қай -қайсысы да ұлттық рухтың биіктігін әйгілеп
тұрады.
Қазіргі әндердің көбі адамды бей -жай қалдырмайды. Тұ-
шындырмайтын мұндай әндерден өзіңді арашалап қалудың
бірден -бір жолы – халық әндері мен Абай, Ақан, Біржан,
Естай, Мәди, Мұхит, Сыдық, Нұрғиса, Әблахат, Шәмші,
Ілия шығармашылығына иек арту деп білемін өз басым.
358
Ал, өнер адамдарының өміріне Ілияша еніп, қалам
тарту бұрын -соңды болмаған құбылыс. Бұл тұстағы Ілия
жолы өзгеше жол дер едім. Мәселен, Ақан, Біржан, Естай,
Мұхит, Ықыластар туралы қазақтың кез келгені білеміз
деп ойлайды. Ал Ілияның зерттеу дүниелері арқылы ру-
хани жан дүниемізді қаншама қазынамен байытқанымыз-
ды сезе де бермейміз. Ол Ақан болып армандайды, Біржан
болып асқақтайды, Естай болып егіледі, Мұхит болып
мұңаяды. Бір -біріне ұқсамайтын өнер тұлғаларының алуан
түрлі тағдырын, өнеріндегі өзгешеліктерді қарапайым да
шешен тілмен шебер баяндайды...
Ілия шығармашылығына арналған кешті Астанада өт-
кізіп, өнерсүйер қауымға сый жасап отырған еліміздің
Білім және ғылым министрлігінің басшылығына алғыс айт-
қан артық болмас. Осындай кештер арқылы біз халқымыз-
дың рухын асқақтата түсеріміз хақ.
Достарыңызбен бөлісу: |