Өмірзақ айтбайұлы



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата20.01.2017
өлшемі1,46 Mb.
#2304
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

рух қуаты
Өнер өлкесінде өз үні, өз өрнегімен ерекшеленетін Ілия-
ның  шығармашылық  өміріне  сонау  студенттік  кезеңнен 
куәгер  жанның  бірімін.  Оның  әндерінің  қайсысы  қай  кез-
де,  қандай  жағдайда,  нендей  оқиғаға  байланысты  дүниеге 
келгені  менің  есімде.  Олар  біздің  жастық  дәуреніміздің 
ескерткіштері  іспетті  дүниелер.  Әрбір  әннің  өз  тарихы 
бар. Қазақы рухты айқын танытатын оның әндері әуез бен 
ойдың  һәм  сезімнің  өзара  қабысып,  тұтасуынан  туындап 
жатады. Сонымен бірге Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбы-
рай  секілді  айтыс  ақындарының  табиғатынан  танылатын 
суырыпсалмалық  (импровизаторлық)  қасиет  те  бар.  «Асы-
лым»,  «Даниярдың  әні»,  «Әсел»,  «Жан  жолдас»,  «Нені 
ойладың?», «Жайлаукөл кештері», «Толағай», «Сырымбет», 
«Кеңгірдің қоңыр кештері» т.т. әндер табиғатынан осындай 
нышан байқалады.

359
Егемен  Еліміздің  мәдени  өміріндегі  елеулі  оқиғаның  
бірі ретінде оның «Еділ мен Жайық» әнін айрықша атауға 
тура келеді. Бұл әннің де өзіндік сыры, тарихы бар.
Ілияның  үлкен  ұлы  Бауыржанды  үйлендіріп,  ерекше 
шаттыққа бөленіп, шабыттанып жүрген тұсы болатын. Дәл 
осы  кезде  ол  Жұбан  Молдағалиевтің  «Мен  қазақпын  мың 
өліп,  мың  тірілген...»  атты  өлеңін  оқиды  да  қатты  әсерле-
неді. Бұл өзі шынында кімді болса да бей-жай қалдырмай-
тын өлең жолдары еді. Ал әуен мен ырғақ әлдиінде жүрген 
Ілияның  кеудесін  өзгеше  бір  қуатты  сарын  кеуледі,  сөйтіп 
қас  қағым  сәтте  ән  туды.  Мұның  әлденеше  варианттары  
болды.  Бой  мен  сезімді  кернеген  қуатты  үндер  тасқыны 
оны  әр  саққа  жетелеп  барып,  ақыры  осы  күнгі  қалпына 
тұрақтады.
Әннің  алғашқы  орындаушысы  Қайрат  Байбосынов  бо-
латын.  Ол  Атырауға  (гастрольге)  алып  барып,  елді  ел-сел 
етті.  Содан  соң  «Еділ  мен  Жайықты»  Зейнеп  Қойшыбаева 
айта  бастады.  Осы  екі  әншіні  тыңдаған  Жұбан  өлең  сөзді 
шындап  қолға  алды.  Ақын  мен  композитордың  бірлесе 
еңбектенуінің  нәтижесінде  аруақты  ән  қанатын  қомдап,  
қазақ  жерін  шарлай  жөнелді.  Әрбір  кеудеде  отаншылдық 
сезімнің  атын  маздатқан  бұл  ән  шын  мәнінде  халықтық 
сипатқа  ие  болды.  Оны  айтушы  да,  тыңдаушы  да  қазаққа  
тән рух қуатын сезінбей тұра алмайды.
Шамасы  әннің  осындай  қасиетін  байқағандықтан  бо- 
лар,  қазақ  музыкасындағы  парасат  пен  ойлы  сезім  иесі 
Сыдық  Мұхаметжановтың  Ілияға  айтқан  мына  бір  сөзі  
еріксіз еске түседі: «Мен халықтың ғасырлар бойғы қаһар-
мандық  мұңы  ретінде  «Ғасырлар  үні»  ораторияма  «Елім-
айды» негіз етіп алып ем. Ораторияны ұстап тұрған осы ән. 
Ал,  сен  «Еділ-Жайық»  арқылы  «Елім-айдағы»  қаһарман- 
дық мұңды патетикаға көтердің».
Ілияның  Данияры  қайтыс  болғанда,  соған  көңіл  айта 
келген Нұрғиса Тілендиев «Шіркін, «Елім-ай», «Сарыарқа», 
«Саржайлау»,  «Еділ-Жайығы»  бар  ел  құдіретті  ел  ғой» 
дегені де біраз жайды аңғартады.

360
Ит  көйлекті  бізден  бұрынырақ  киіп,  бұрынырақ  тоз-
дырған қазақ әуендерінің сиқырманы Шәмшінің бір нәрсе- 
ге  көңілі  риза  болғанда  айтатын  жалғыз  сөзі  болатын.  
«Еділ-Жайықты»  тыңдап  отырып,  «Мощно!  Бұдан  кейін 
бізге не қалды?!» деп, ол соны айтқан еді.
Міне,  осылай,  қазақ  рухы  мен  жан  дүниесін  алапат 
сезімге  бөлеп,  артына  ғажайып  мұра  қалдырған,  қазақ  
өнерінің  үш  тұлғасынан  бата  алған  «Еділ-Жайық»  қазір 
«Менің  Қазақстаным»  іспеттес  кең  дүниені  шарлап  кетті. 
Қазақ  рухын  асқақтатып  еңсе  көтеретін  осындай  әндердің 
болғаны  қандай  жақсы.  Енді  бұл  ән  кітап  нұсқасында 
жұртшылыққа жол тартып барады. Әманда жолы болғай!
*  *  *
Әу  баста  «Салтанат»  және  «Аққайың»  әнімен  баста- 
ған Ілия Жақанов бұл күнде 200-ге тарта әндердің авторы.
Өмір жолын «Қазақстан пионері» газетінің әдебиет пен 
өнер бөлімінің меңгерушілігінен бастаған Ілия 1963 жылы 
Қазақ  ССР  Министрлер  Советі  жанындағы  Мемлекеттік 
теледидар  мен  радиохабарлар  комитетінің  редакторы,  аға 
редакторы,  Қазақ  радиосы  музыка  редакциясының  бас  ре-
дакторы қызметін атқарды. Ол осы қызметте 21 жыл отыр-
ды. Жай отырған жоқ, бүкіл қазақ музыкасының әрі жүйелі, 
әрі  сауатты  насихатталуының  басы-қасында  болды.  Бұл 
жылдар Ілияның өзін де шығармашылық шабытына бөлеп,  
жорналшы,  жазушы  әрі  сазгер-музыкант  ретінде  елге  та-
нытқан жылдар еді.
Оның  жазушылық  қаламынан  «Қайта  оралған  ән»  
(1968), «Қош бол, вальс» (1969) повестері, «Ықылас» рома-
ны  және  «Екі  жирен»  (1976),  «Бірінші  концерт»  (1974),  
«Махаббат вальсі» (1983) атты таңдамалы шығармалар жи-
нағы туындады. Сондай-ақ, халық композиторлары (Біржан, 
Ақан,  Үкілі  Ыбырай,  Естай,  Жаяу  Мұса,  Мәди,  Майра,  
Балуан Шолақ) мен Қазақстан композиторларының (М. Тө- 
лебаев, Л. Хамиди, С. Мұхамеджанов, Б. Байқадамов, Қ. Му-

361
синдердің)  шығармашылық  портреттері  жасалды.  «Шоқан 
және музыка», «Жамбыл және музыка», «Сәкен және музы-
ка» атты телесериалдар бір төбе.
Ал ән жанрларындағы табысы көл-көсір. Атап айтқанда, 
«Жалғыз  қайық»,  «Даниярдың  әні»,  «Жәмиланың  әні», 
«Әсел»,  «Бибіжан»  әндері  қырғыз-қазақтың  елтіп  тыңдар, 
сүйіп  айтар  сырластарына  айналды.  Мұның  бәрі  тынбай 
ізденіс, қазақтың халықтық мұрасына деген аса бір зейінді 
ықыласынан туындап жатқан дүниелер.
Музыкант  сазгер  ретінде  Ілияны  ерекшелендіріп  тұра-
тын  қасиет  оның  әндеріндегі  ойнақылық  пен  ойлылық 
сезімнің өзгеше қабысып жататындығынан көрінеді. «Жал-
ғыз  қайық»,  «Алматы  кешінде»,  «Меңді  қыз»,  «Асылым», 
«Тереземнің алдынан», «Нені ойладың?», «Жайлаукөл кеш- 
тері», «Бозқараған», «Кеңгірдің қоңыр кештері» атты әндері 
қай-қайсысынан  да,  әлгіндей  ерекшеліктерімен  қатар  ха-
лықтық  сипат  байқалып  отырады.  І.  Жақанов  әндері  жалт 
етіп  жанып,  жалп  етіп  өше  салатын  бір  мезеттік  әуендер 
емес,  оның  әрбір  иірім-иректерінде  ұлттық  тұнығымызды 
мөлдіретіп,  жүректің  түкпірінде  оянбай  жатқан  жарқын 
қазақы сезімді дір еткізер, ұзаққа сілтер нышан көп.
Осындай жеңіл-желпі дүниелердің ауанында кетіп бара 
жатқан  қазіргі  заман  өнер  алаңында  санасы  да,  дауысы  да 
биік,  әрі  ұғымы  бөлек  әншілеріміздің  халықтық  дүниелер 
мен М. Төлебаев, С. Мұхамеджанов, Н. Тілендиев, Ш. Қал-
даяқов,  Ә.  Бейсеуов,  Ә.  Еспаев,  І.  Жақанов  секілді  компо- 
зиторлар туындыларына көбірек көңіл бөлгені мақұл болар 
еді дегенді баса айтқымыз келеді.
Ілия  әндерінің  тағы  бір  ерекшелігін  айтуға  тиіспін. 
Мәселен,  жоғарыда  аталған  әндерге  қоса,  «Жан  жолдас», 
«Арқа аруы», «Толағай», «Балқантау», «Сырымбет», «Түнгі 
сыр», «Есіңде бар ма, жас күнің?», «Балқантаудың баурын-
да», «Арыс», «Ойыл толқыны», «Дүниенің» қай-қайсысы да 
нағыз  әншінің  дауысын  ашатын,  мүмкіндігін  байқататын, 
жан сұлулығын танытатын дүниелер.
Осыны  аңғарып  Ілияның  әндерін  өз  репертуарына  қо-
сып жүрген Б. Төлегенова, Н. Нүсіпжанов, Д. Жалғасынова, 

362
К. Тұрапов, Қ. Байбосынов, М. Әлімғазықызы, Қ. Мыржық-
баев,  Б.  Сәмединова,  С.  Жанпейісова,  Р.  Стамғазиев  және 
«МұзАРТ»  пен  «Қыздар-ай»  тобына  ризалығымызды  біл-
діреміз.
Егемен  еліміздің  мәдени  өміріндегі  елеулі  оқиғаның 
біріндей  болып,  тыңдарман  қауымды  мақтаныш  сезімге 
бөлей,  Елді,  Жерді,  Отанды  шексіз  сүюдің  рухани  ұраны 
іспетті  «Еділ-Жайықтың»  жөні  мүлде  бөлек.  Бұл  сазгер 
Ілия  Жақановтың  композиторлық  қуат-қарымын  әйгілеп, 
азаматтық  қайсарлығын  танытып  тұрған  өзгеше  туынды. 
Бұл  ән  қазір  Қазақстан  аспанында  қазақтың  қаһармандық 
қасиетін  айрықша  танытатын  қыран  құстай  қалықтай  бас-
тады. Мұны біз қазақтың ұлттық музыкасының үлкен табы-
сы есебінде бағалаймыз.
СОзақтаН қОСылғаН үш тұлПар
(К. Сыздықовтың 70 жылдығына орай)
Қарт  Қаратаудың  теріскей  жақ  бөлігі  өзіндік  сыр-си- 
паты,  табиғи  бет-пішінімен  ғана  емес,  айрықша  рухани 
кескінімен де ерекшелене түсетін ғажап аймақ. Оның таби-
ғат  толтырған  қойнау  қатпарындағы  материалдық  байлық  
бір  басқа  да,  сол  өлкені  жайлаған  адамдар  кеудесіндегі  
нұрлы  мұраның  жөні  тіпті  бөлек.  Өйткені,  бір  қарағанда, 
бұл  күй  мен  жырдың,  ән  мен  сырдың  өлкесі  іспетті.  Онда 
Тәттімбет  пен  Сүгірдің  күйлері  тербеліп  тұрғандай,  бұл 
қазақтың  байырғы  сарындары  мен  саздары  сызыла  сыңси-
тын өзгеше сырлы әлем боп көрінеді маған.
Мыңжылқы, Келіншектау, Шолаққорған,
Қызылкөл босамайды қонақтардан.
Ақбикеш сәлем айтар Сарыарқаға,
Қаптаған Қаратауда бұлақтардан.
Теріскей айналайын келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген, – 

363
деп  Сабырхан  мен  Шәмші  жырлаған  бұл  өлкенің  кескін-
келбеті кеудесінде жаны бар кез келген қазақты толғандырмай 
тұрмайды.  Және  бұл  өлкеде  кіндік  қаны  тамып,  тәрбие 
көрген  жанның  сыршыл,  міншіл,  күйшіл  болмауы  мүмкін 
емес  сияқты.  Сүгір  мен  Төлегеннің  күйлерін  тыңдай  оты- 
рып  осындай  әр  алуан  ойға  қаламын.  Осы  ұлы  күйшілер  
сарыны  арқылы  Тәттімбет,  Ықылас  толғауларына  терең-
дегендей  боламын.  Содан  да  Қаратаудың  бүкіл  теріскейі 
әндетіп,  күй  шертіп  тұрғандай  сезіледі.  Көз  алдыма  осы 
өлкенің  осынау  ғажайып  сырын  өзгеше  махаббатпен  су-
реттеген  Тәкен,  Сәуірбек  туындылары  тізіліп  келіп  өтіп 
жатқандай... 
Іргелес  жатқан  Күнгей  түлегі  мені  осы  бір  өлкеге  ын- 
тық  еткен,  бүгінде  ортамызда  жоқ  үш  азаматты  үнемі  ел-
жірей  еске  аламын.  Олар  –  Асқар  Сүлейменов,  Сейдах-
мет  Айтжанов  және  Керімбек  Сыздықов.  Үшеуі  де  осы 
өлкенің ұландары. Дүниеге бір мезгілде келді, бірге оқыды, 
бірге  өсті.  Өмір  мектебінде  қатар  жүзді.  Бірін-бірі  сынай 
жүріп, бірін-бірі жетеледі. Мына ғажайып өмірдің өздеріне 
бұйырған  ащы-тұщыны  өзінше  татып,  біріне-бірі  жәрдем 
қолын  соза  жүрді.  Маған  бұлар  өмір  бәйгесіне  Созақтан 
келіп  қосылған  үш  тұлпардай  болып  көрінетін.  Шынында 
да, солай еді. Үшеуі үш жолды таңдады, үшеуі үш жолдан 
өздерінің мықты орнын тапты.
Асқар оқымайтыны жоқ қазымыр оқушы болды. Орыс-
ша, қазақша жазылған көркем шығармаларды бақайшағына 
дейін  шағып,  тауысып  оқыды.  Тіпті  әлемдік  музыка  ше-
берлері  туындыларын  тыңдап  талдауға  келгенде,  оның  ал-
дында  мамандар  жіп  есе  алмай  қалатын.  Ол  қазақ  музы-
касын  тыңдап  түсіндіргенде  біз  үнсіз  бас  шұлғудан  әріге 
бара  бермейтінбіз.  Ол  осылайша  өзін-өзі  баулып,  өзін-өзі 
тәрбиелеп, өз білімін өзі көтерді. Сөйтіп өз биігіне көтеріл-
ді.  Нәтижеде  өмір  шындығын  аямай  жазатын  сыншыл  да 
міншіл жазушыға айналды. Үшеудің бірі осы Асқар еді.
Сейдахмет ауылшаруашылығының айтулы маманы бол- 
ды.  Елдің  ризық  дәулетін  көтерудің  алуан  түрлі  жолда-

364
рын  қарастырып,  өзінің  денсаулығын,  ақыл-ойын,  қабілет 
қарымын  соған  сарп  етті.  Жетіліп,  жетіп  тұрғанда  тағдыр 
оның  жолын  қысқартып  тастады.  Түбі  елдің  бәрі  баратын  
баянды  мекеніне  ертелеу  аттанды.  Оның  облыс,  ел  бас-
қаратын  қабілеті  өзімен  бірге  кетті.  Дүниеден  өкіндіріп  
өтті. Үшеудің екіншісі осы Сейдахмет еді.
Үшінші  текті  тұлпар  Керімбек  әу  бастан-ақ  әрнәрсені 
жан-жақты толғап, түбірлеп шешім табуға талапшыл қасие-
тімен  ерекшеленіп  тұратын  есті  азамат  еді.  Оның  парасат 
биігіне  көтерілуіне  әдебиетке  деген  ынтасы  себеп  болды  
ғой деп ойлаймын. Ол шын мәніндегі әдебиетші еді.
Бұл  үш  жігіттің  үшеуімен  таныс,  жолдас,  дос  бо-
лып  кетуіме  бірден-бір  себепші  болған  осы  Керімбектің 
өзі.  Кейін  байқауымша,  бұл  үшеуіне  де  ортақ  бір  қасиет 
бар  сияқты  көрінетін.  Ол  –  жолдастық  қатынасқа  деген 
адалдық,  қазақтың  өнеріне,  әсіресе  күйі  мен  әніне  деген 
талғампаз  құмарлық,  таңдаған  мамандығына  деген  айрық- 
ша  жауапкершілік.  Шамасы  оларды  азамат  етіп  қалыптас-
тырған  да  осы  қасиеттер  болса  керек.  Мен  мұны  күні  ке- 
шеге  дейін  өмір  сүрген  Керімбектің  бойынан  көбірек  бай-
қаушы едім. 
Ол  Мұхаңның,  Мұхтар  Әуезовтің  төл  шәкірттерінің 
бірі  болатын.  Әрбір  іс-тірлігінде  сол  ұстазынша  толғанып, 
тебіреніп  сөйлейтін.  Мұхаңнан  кейінгі  оның  табына  құр- 
меттеген  ұстазының  бірі  –  Зейнолла  Қабдолов  еді.  Керім-
бектің  бойында  баяғы  сал-серілерге  тән  мінездер  де  бай-
қалатын.  Ол  үнемі  әдеби,  мәдени  ортада,  өнерлі  ортада 
жүретін.
Бізді ешкім таныстырған жоқ, өзіміз табыстық. Рахман-
құл  Бердібаев,  Асқар  Сүлейменов,  Керімбек  Сыздықов  
әйгілі  күйші  Төлеген  Момбеков  туралы  егіліп,  төгіліп 
әңгіме айтып насихаттап жүретін. Төлегенді өз құлағыммен 
тыңдауға  ынтық  болдым.  Бір  күні  мұның  сәті  түсті.  Оның 
Алматыға  келуіне  Рахаң,  Асқар,  Керімбек  себепші  болды. 
Ол  күйлерін  Қазақ  радиосына  жаздыра  бастады.  Соның 
көбін менің домбыраммен жаздырды.

365
Керімбек бүкіл ғұмырын әдебиетке, әдебиеттану ғылы-
мына  арнады.  Алған  білімін  жастарға  беруге  тырысты. 
Соңғы демі біткенше ұстаздық кәсібін қалтқысыз атқарды. 
Әдебиетші  болғанда  ол  әдебиеттің  сынына  көбірек  көңіл 
бөлді.  Сол  арқылы  М.  Әуезовтің  сыни  көзқарастарына  те-
реңдеді. Мұхаңның ой-әлемін шарлап, даналық пікірлеріне 
үңіліп,  оның  әдеби  сыни  көзқарастарын  талдауға  тырыс-
ты.  Соған  діті,  білік-білімі  жетті.  Мұхаңдай  дананың  да-
рия  әлемінде  жүзу  кез  келген  әдебиетшінің  қолынан  келе 
бермейтін тың қасиет. Және бұған кез келген әдебиетшінің 
тәуекелі  жетпеген.  Ал  Керімбек  өзінің  тыңғылықты  да-
йындығына,  зерттеушіге  тән  қажыр-қайратына  сенді.  Со-
нымен  бірге  оны  әдебиетке  деген  өзгеше  ынтасы  мен  
М.  Әуезов  шығармашылығына  деген  айрықша  ықыласы 
қуаттандырды.  Ұлы  жазушының  шығармашылық  өміріне 
құлай  берілуі  оның  Қазақ  ССР  Ұлттық  Ғылым  академия-
сы  М.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтында 
ғылыми  қызметкер  болып  істеп  жүрген  кезінде  бастал-
ды.  Әсіресе  сол  институттың  М.  Әуезов  мұражайында  ол 
Әуезов  әлеміне  барынша  тереңдеді.  Біз  оны  сол  мұражай- 
дың  шырақшыларының  біріндей  көріп,  құрмет  көрсе- 
туші едік.
Бұл  жылдарды  ол  босқа  өткізбеді.  Мұхаңның  шығар-
машылық  өмірін  жан-жақты  зерделеп  зерттеуге  тырысты, 
терең  қарастырды,  індете  үңілді.  Соның  нәтижесінде  ол 
«Мұхтар  Әуезов  –  әдебиет  сыншысы»  деген  монография- 
лық  зерттеу  еңбегін  жазып  шықты.  Әрине,  М.  Әуезов  
жөнінде  жазылған  дүниелер  сан  алуан.  Әлемнің  әйгілі 
тұлғаларынан  бастап,  бүгінгі  әдебиет,  мәдениет  өкілдері-
нен  Әуезов  туралы  сөз  қозғамағандары  кем  де  кем.  Ал  
М. Әуезовтің сыни көзқарастарын ғылыми негіздеп, талдап, 
саралап  берген  мағыналы  да  мәнді  еңбек  осы  жұмыс  бол-
ды. Мұны әдебиет зерттеушілері осылай орынды бағалады. 
Солай болуы да тиіс еді. Ол осы еңбегінің өзімен-ақ нағыз 
әуезовтанушы ғалым екенін дәлелдеді.
К. Сыздықов – бүкіл саналы ғұмырын әдебиеттану ғы-
лымы  мен  әуезовтану  ілімін  зерттеуге  бағыштаған  маман. 

366
Соның  тағы  бір  дәлеліндей  болып  оқырман  қолына  оның 
«Мұхтартанудың  беймәлім  беттері»  (1997)  атты  кітабы  
тиді. Бұл еңбек Мұхаңның 100 жылдығына қарай жазылған 
дүние еді. Автор мұнда өзінің нағыз мұхтартанушы ғалым 
екенін  тағы  да  тәптіштеді.  Жоғарыда  аталған  екі  кітаптың 
екеуі  де  әдебиет  зерттеушілері  үшін  ғана  емес,  сонымен  
бірге осы саланың маманы болуды мақсат етіп жүрген сту-
денттер,  тіпті  жалпы  оқырман  қауым  үшін  де  аса  қажет 
дүниелер  болып  шықты.  Демек,  Керімбек  Сыздықов  осы 
еңбектерінің өзімен-ақ артына өшпес із қалдырған ұстаз.
Оның  қалдырған  ұстаздық  өнегесінің  өзі  бір  сала  әң- 
гіме.  Ол  ұстаздық  өнерін  ғылыми  зерттеушілік  қызметпен 
шебер шендестіре білген зерделі жан еді. М. Әуезов атын- 
дағы  Шымкент  педагогика  институтында  кафедра  меңге-
рушісі,  факультет  деканы,  институт  проректоры,  ректоры 
қызметтерін  атқарды.  Сөйтіп  білім  ісін  де  ұйымдастыра 
білетін  қабілетін  көрсетті.  Өмірінің  соңына  дейін  ол  
М. Әуезов атындағы гуманитарлық университеттің профес- 
соры  ретінде  қызмет  етті.  Қарап  отырсаңыз,  бір  ғажабы, 
Керекеңнің  қызмет  еткен  жерінің  бәрі  М.  Әуезов  есімімен 
тікелей  байланысты.  Сондықтан  осының  өзінде  бір  сим-
волдық ерекшелік бар сияқты. Яғни ол бар өмірін мұхтар-
тану  деп  аталатын  ғажап  ілімге  бағыштаған  екен.  Және  
бұл  салада  мағыналы  да  мәнді  еңбек  етіп,  тамаша  табыс-
тарға жеткенін көреміз. Ол қалдырған бастамашы еңбектер 
өзінің әрі қарай жалғасын табады деп сенемін.
*  *  *
Керімбек  өзі  көңіл  қойған  қай  мәселеде  де  талғампаз-
дығын,  танымпаздығын  байқататын.  Кітап  оқығанда  да 
таңдап,  талғап  оқитын.  Оқыған  дүниесі,  көрген  спектаклі, 
тыңдаған музыкасы жөнінде көбіміздің ойымызға келе бер-
мейтін, оқыс тың пікірлер айтатын. Ол көпке дейін үйлен-
бей  жүрді.  Бұған  оның  сол  талғампаздығы  кедергі  болды 
ғой деп ойлаймын. Үйлену мәселесіне өте жауапты қарады. 

367
Қыздарды  көп  таңдады.  Таңдағанда  қыздардың  сыртқы 
көркінен  гөрі  ішкі  сымбатына  көбірек  көңіл  қоятыны  бай-
қалатын. 
Әкесі  Сыздық  қария  елге  сыйлы,  құдайға  деген  құл-
шылығын  ешқашан  үзбеген,  тақуа  адам  еді.  Шешесі 
Үржан апамыз қазақ әйелдерінің асыл мінездерін бойында 
сақтаған мейлінше таза, тәубешіл аналардың бірі болатын. 
Керімбектің  үйленуін  екеуі  көп  күтті.  Қартайған  шағында 
ғана  екеуінің  көптен  күткені  болды.  Сөйтсек  Керімбектің 
қыз  таңдауында  қарт  ата-анасының  жағдайын  ойлап,  со-
лардың  ойынан  шығар  келінді  іздеу  сыры  жатады  екен. 
Көрген  қыздың  бірде-бірін  жаратпай  қойды.  «Таңдаған  
тазға  жолығады»  деп  те  талай  айттық.  Алайда  олай  бол- 
мады.  Сөйтсек  ол  өзін  ғана  емес,  ата-анасының  ойынан 
шығуды көздеп жүр екен ғой. Ақыры Керімбектің ойлағаны 
болды.  Ауылдың  ибалы  тәрбиесін  көрген,  үлкенге  қызмет, 
кішіге  үлгі  көрсете  алатын  жанмен  бас  қосты.  Күлаш 
Керімбектің ойынан шыққан жақсы жар бола білді. Күлаш 
Керімбектің  өз  ауылының  қызы.  Оның  әкесі  елге  белгілі, 
беделді,  белді  Рахымжан  атты  азамат  екен.  Соғысқа  атта- 
нып кетіп, содан қайтпай қалған. Анасы Марқұма төңірегіне 
сыйлы,  көргенді,  тәрбиелі  жан  еді.  Күлаштың  Ғалым  де-
ген  ағасы  болған.  Ол  Ташкент  қаласында  жоғары  оқу 
орындарының  бірінде  ұстаздық  қызмет  атқарған,  ерте 
абыройға  ие  болған  ғалым  жігіт  еді.  Ертеректе  қайтыс 
болып  кетті.  Керімбекпен  бала  күнінен  жолдас,  сырлас  
болып бірге өскен.
Керімбектің  үйленуі  біз  сияқты  жолдастары  үшін  ай-
тулы  оқиға  боды.  Күлаш  ол  кезде  шешесімен  бірге  Таш-
кент  шаһарында  тұратын.  Керекеңнің  үй  болу  рәсіміне 
қатысқанымыз  әлі  күнге  есімде.  Ортамыздағы  үлкеніміз 
Әбекең  (Әмір  Мұсақұлов),  Асқар  Сүлейменов,  тағы  басқа 
бір топ жігіттер Алла бұйыртқан сәтті күннің бірінде Таш-
кентке  қарай  бет  түзедік.  Жол-жөнекей  неше  алуан  қал- 
жың  кетті,  әңгіме  арасында  біздің  бұл  жолғы  сапарымыз  
әрі құда түсу, әрі күйеу жолдас ретінде барып қызды алып 

368
қайту  екенін  айтып,  даурығып  та  алдық.  Марқұма  құдағи 
жер  үйде  тұрады  екен.  Мінген  автокөлігіміздің  тізгінін 
үйден  алшақтау  жерден  тарттық.  Дәстүр  бойынша  қораға 
билеп,  әндетіп  кіруіміз  керек.  Ақсақалымыз  Әбекең,  сол  
кісіге  «қимылдаңыз»  деп  қолқа  салғанмен,  икемі  келетін 
емес. Сосын Асқарға қарадық. Ол әй-шәй жоқ алға түсті де 
ирелеңдеп билей жөнелді, соны қолдаған болып, бәріміз де 
қозғалақтап жүріп бердік. Бізді қарсы алып тұрғандар кер-
ней-кепшігін тартып, музыкалатып қарсы алды. Сәлемдесе, 
қауыша  келе  үйге  ендік.  Күнұзаққа  ұрын  келгендей  бол- 
ған  Керімбектің  шашбауын  көтеріп,  жас  келінге  қиялай 
қарап қоямыз. Керімбектің көңілі құлайтындай-ақ қыз екен. 
Іштей бұл бас қосуға куә болғанымызға шүкіршілік айтып, 
мәз болдық.
Сөйтіп  қажетті  рәсімдер  жасалып,  ертеңіне  Күлашты 
алып  қайттық.  Кемпір-шалдың  келінге  көңілі  толды.  Ой-
дағысы  болды.  Керімбектің  де  дегені  болды.  Керімбектің 
үйіне  Күлашпен  бірге  береке  кіргендей  еді.  Үйіне  қыдыр 
келіп  қонғандай  ерлі-зайыптылар  тату-тәтті  өмір  сүре  бас-
тады. 
Күлаш  келін  болып  түскеннен  кейін  Керімбектің  тұз-
дәмі көтеріліп Алматыға қызметі ауысты, көшіп келді. Біз- 
дің  қарым-қатынасымыз  бұрынғыдан  да  жиілей  түсті. 
Керімбек пен Күлаш елде қалған кемпір-шалын да Алматы-
ға  көшіріп  алды.  Ортамыз  толды.  Сәлем  беріп,  қолын  
алып  тұратын  үлкен  кісілердің  болғаны  қандай  ғанибет! 
Бірімізді-біріміз шақырысып, мәре-сәре болып қалдық.
Дүниеге  сәбилер  келе  бастады.  Керекеңнің  алғашқы 
көрген перзенті Айжамал «ырыс алды – қыз» деген қазақ-
тың ырымына лайықты жақсылықты ала келгендей болды. 
Сәбидің үні қандай жағымды! Көп ұзамай дүниеге Райым-
бек атты ұл келді. Үй-іші жақсылықтың үніне кенелді. Бұл 
кезеңдегі Керекеңнің қуанышына ортақтасып, талай думан-
ды  кештерді  бастан  өткіздік.  Асқар  Сүлейменов,  Зейнол-
ла  Серікқалиев,  Ілия  Жақанов,  Сейіт  Қасқабасов,  Талғат 
Акимов т.б. бірде біздің үйде, енді бірде басқа үйде өтетін 

369
басқосуларда  әдебиет,  мәдениет,  тіл  туралы  толғаныстарға 
барып,  ән  мен  күйдің  тиегі  ағытылатын.  Сол  шақта  біздің 
көбінесе  тебірене  тыңдап,  толғана  әңгімелейтініміз  Сүгір 
мен  Төлегеннің  күйлері,  Тәттімбеттің  қосбасарлары,  Бір- 
жан,  Ақан,  Естайлардың  асқақ  та  мұңды  әндері  сыры-
мыз  да,  жырымыз  да  еді.  «Қосбасар»  мен  «Теміртасты» 
тыңдап,  Асқар  ағыл-тегіл  жылайтын,  Керімбек  бәріміз  
елітіп егілетінбіз. Ол бір қайталанбас шақтар еді ғой. Соның 
қалың  ортасында  ұйымдастырғыш  ұйытқының  бірі  болып 
Керімбек  жүретін.  Қайран,  жалынды  да  жарқын  күндер-
ай!  Қазір  ортамызда  Асқар  да,  Зейнолла  да,  Сейдахмет 
те,  Керімбек  те  жоқ.  Олардың  әрқайсысы  қазақтың  қамын 
өзінше жеген өзгеше жандар еді. 
Керімбек  әке-шешесін  Алматыға  алып  келгенмен, 
кемпір-шал  бұл  шаһарға  үйрене  алмай-ақ  қойды.  Ақыры 
оларды  кері  қайтаруға  тура  келді.  Кемпір-шал  кеткен  соң 
Керімбектің  көңіліне  алаң  кіре  бастады.  Ата-енесіне  үй-
реніп  қалған  Күлаш  та  елегзіді.  Сосын  ақыры  Керімбек- 
тер де Шымкентке көшетін болды. 
Бұларды шығарып салу қамына кірістік. Сейіттің Алма-
ты төңірегінде тұратын малшы нағашылары бар еді, соның 
бірі  Ілияс  деген  ағайынмен  келісіп,  Керімбектер  жолға 
шығар  алдында  бәріміз  сонда  барып,  қоштасу  рәсімін  жа-
сайтын  болдық.  Алматының  Қаскелең  жағы  көк  майсалау 
алаңқайда  киіз  үй  тігілген,  сонда  барып  жайғастық.  Үміт 
пен  Тамара  қазан  қамына  кіріскен.  Есік  алдында  жер-ана 
жайылыңқырап  барып,  кеудесін  көтере  түскен  төскейге  
айналады  екен.  Сол  төскейге  шығып  айналаға  көз  са-
лып,  көркем  табиғаттың  көркіне  тамсанып,  біраз  сейілдеп 
қайттық. Бата тілеп, бір қой жетелеген бір жігіт шықты ал-
дымыздан. «Бізде де, сенде де жазық жоқ» деп бата бердік. 
Қой  сойылып,  әдемі  қуырдақ  дайындалды.  Дәл  осы  тұста 
мейлінше  жұмсақ,  майда  жаңбыр  басталды.  Үйге  кіріп, 
Керімбек бәріміз балаларды ортаға алып, қуырдақ піскенше 
тынықтық.  Бәріміздің  көңілімізде  қимастық  сезім  ойнап  
тұр. Керімбектер ертең-ақ аттанып кетеді-ау деген ой маза-
лайды.  Әсіресе  жүгіріп  жүрген,  бізге  бауыр  басып  қалған  

370
Айжамал  мен  Райымбекті  қимаймыз.  Олар  да  періште  кө-
ңілмен балағымызға оралып, қимастық сезімді одан сайын 
қоздыра  түседі.  Ілияс  ақкөңіл,  жайсаң  азамат  екен.  Бізге 
ойлағандай  әдемі  отырыс  жасап  берді.  Сөйтіп  ертеңіне  
достарымызды  қимастық  сезіммен  Шымкентке  шығарып 
салдық.
Өмірде  әке-шешесін  құрметтемейтін  адам  кемде-кем 
шығар,  ал  Керімбектің  ата-анасына  деген  ықылас-пейілі 
тіпті бөлектеу болатын. Солардың көңілін қимай, өзінің ал-
дында  күтіп  тұрған  абыройлы  іс-тірлігін  тастап,  солардың 
қасына барды. Оларға ақтық сапарына дейін қызмет етіп, ақ 
жуып, арулап көмді. Ұстаздық қызметін де өндірте атқарды. 
Ол Шымкент шаһарында қоғамдық жұмыстарға да бел-
сене  арласты.  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  «Қазақ  тілі» 
қоғамының  төрағасы  ретінде  өлке  өңіріндегі  мемлекеттік 
тілдің өрістеуіне өзінің азаматтық үлесін қосты. Бұл кездері 
ол  атқарған  істердің  сыр-сипаты  өзінше  бөлек,  сондықтан 
да  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  төралқасы  Керімбек 
Сыздықовты  өзінің  беделді  де  белсенді  сардарларының 
бірі деп бағалады. Яғни Керекең өзінің ана тіліне де аянбай 
қызмет етті деп айта аламын.
Адам  тағдыры  Алланың  қолындағы  дүние  ғой,  Керім-
бекті тағдыр аямай соқты. Ер жетіп, енді-енді қанаттанып, 
үміт  арттырып  тұрған  аяулы  ұлы  Райымбектің  өмірі  оқыс 
үзілді  де  Керекең  мен  Күлашты  есеңгіретіп  кетті.  Содан 
есіл  азамат  айықпас  дертке  шалдығып,  еңсе  көтере  алмай 
өмірден өтті...
Алайда  өкініш  пен  жұбаныштың  қатар  жүретін  заңды-
лығы  бар  ғой.  Керімбектің  шаңырағын  шайқалтпай  ұстап,  
аяулы  жары  Күлаш  отыр.  Асыл  азаматтың  атын  ардақтай 
түсер  қыздары  Айжамал  мен  Айсара  бар.  Шаңырағының 
тірегі,  үміт  артқан  өз  түлегі  Ұлықбегі  есейіп  келеді. 
Керімбектің  отаны  орнында,  оның  атын  жоқтатпайтын 
қыздары мен ұлы бар, қалдырған ісін жалғастырар шәкірт-
тері бар. Азаматтың өмірде жолы болғаны осы емес пе?! Ен-
деше Керімбек Сыздықов өмірді мағыналы да мәнді өткізіп, 
артына өшпестей із қалдырған, жарқын тұлға.

371
*  *  *
Тағдыр  қашанда  өз  дегенін  істейді  екен.  Жоғарыда  сөз 
болған  тағдыры  қилы  үш  жігіттің  үшеуі  де  орны  бөлек 
өзгеше  жандар  екенін  осылайша  да  еске  ала  кеткенді  жөн 
көрдім. Өзгеше болмыс-бітімдерімен төңірегін таңдандыра 
жүріп  өмірден  өтті  де  кетті.  Ерте  кеткенге  опынасың,  ел 
үшін олар тындырар көп тірлікті ойға алып, келтелеп қалған 
өмірлеріне өкінесің. Әрқайсысының болашаққа берер еңбек 
өрісін  ойлап  тебіренесің.  Оларға  Алла  тағала  ұзағырақ 
өмір  бергенде  бұл  күндері  бұлардың  жетпістің  төріне  кө-
терілген тойларын ел боп өткізіп жатар едік. Тағдыр мұны 
бұйыртпады.  Алайда  өздері  жоқ  болғанмен,  бұлардың 
ұмытылмас  істері  бар.  Соны  бағалай  білетін  елі,  жұрты 
бар, құрбы-құрдас, дос-жарандары бар. Еңбек еткен ортасы 
мен үлгі тұтар ұрпақтары бар. Ендеше мұндай азаматтар ел  
жадынан ешқашан шыға қоймас.
Керімбек  өзінің  мерейтойына  бір-ақ  жыл  қалғанда  дү- 
ниеден  озды.  2009  жылдың  қарашасында  70-ке  толар  еді. 
Оның  ғылым  мен  білім  саласындағы  жасаған  зерттеулері 
сараланып,  азаматтық  кескін-келбеті  алқалы  жиын  тақы-
рыбына  айналар  еді.  Өйткені  Керекең  филология  дейтін 
ғажайып  ғылымның  төріне  доктор,  профессор  ретінде 
көтерілген  жан.  Оның  өзі  дүниеден  өткенмен,  ойлы  сөзі 
қалды,  қатпарлы-қыртысты  ғылыми  ой-пікірлері  қалды. 
Кейінгі талай ұрпақтың пайым-парасатын биіктетіп, таным-
түйсігін  тереңдететін  ғылыми  еңбектері  қалды.  Ендеше 
ендігі сөз осы ыңғайда жалғаса бермек. Солайдағы!..

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет