Омоним, синоним, сөз варианттары, антоним, табу, эвфемизм, дисфемизмдер


Жалпы және жеке сөзжасамдық мағына



бет5/7
Дата29.04.2023
өлшемі456,5 Kb.
#88323
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Жалпы және жеке сөзжасамдық мағына

  • Сөзжасамдық мағына жалпы және жеке болып бөлінеді. Мысалы, әнші, биші, суреткер дегендердегі жалпы сөзжасамдық мағына - мамандық, кәсіпті білдіру болса, ал әр туындының беретін мағынасы мысалы, әнші - ән салатын адам, суретші - сурет салатын адам,т.б. оның жеке өзіне тән мағынасы болып табылады.

лық, -лік аффиксі:

  • абстракт ұғымды атауларды білдіреді: достық жаса, жаңалық ашты, мүмкіндік берді;
  • нақты заттық ұғымды білдіреді: түндік ашылды, орындық қойды, тұздық әкел, қымыздық өсті;
  • мезгілдік мән береді: айлық жол, апталық жолсапар;
  • қатыстық заттық ұғым атауы туады: бірлік болсын, екілік алды, үштік одақ;
  • мекендік мән беріледі: егіндік, егістік;
  • абстракт ұғымды сындық қасиеттерді білдіреді: қоғамдық орын, қалалық әкімшілік, жолдастық сот.

Ә.Ағманов пен Е.Ағманов:

  • ’’Қазақ тілі оқулықтарының барлығында мекендік семантикалы туынды зат есім жасайтын ондаған жұрнақ көрсетіледі. Олар: -лық (шабындық), -дық(қыстақ,құлдық), -хана(емхана), -стан(Қазақстан), -кент(Шымкент), -т(суат,қыра-т), -ейт(шөлейт), -қал(шатқал), -паң(ойпаң), -тау(қыстау).
  • Ал шын мәнінде осы сөздердің дериваттық мағынасы барлық уақытта бұлардағы жұрнақтармен байланысты бола бермейді. Мұндағы –хана,-стан, -кент, жұрнақтары ғана өздері жалғанған сөздерге дәйім мекендік сипат береді, қалғандары керек десеңіз зат есім жасауға да қатысып тұрған жоқ. Кейінгілердің зат есімге айналуы басқа жолмен, яғни субстантивтену жолымен беріліп тұр’’ (Ағманов, 1985,8).

Н.Оралбаева

  • ’’сөздердің қандай тәсіл жасалғанына қарай әр туынды сөздің сөзжасамдық мағынасында ерекшелік бар’’ деп көрсете отырып (ҚҚТ сөзжасам жүйесі,1989,62), қосымша арқылы жасалған туындыларды лексикалық, синтаксистік деривация деп атаса, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туындыларды синтагматикалық деривация деп атайды. Алғашқылары дара ұғымды білдірсе, ’’аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің мағынасына ортақ қасиет – олардың мағынасының күрделі ұғымды білдіруі, мағынасының кеңдігі’’ (аталған еңбек, 60).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет