Омоним, синоним, сөз варианттары, антоним, табу, эвфемизм, дисфемизмдер



бет2/7
Дата29.04.2023
өлшемі456,5 Kb.
#88323
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Созжасам зертт

С.М. Исаев:

  • “Сөзжасамның басты белгісі сөз таптарын жасау емес, жаңа мағыналы сөз тудыру. Енді осы басты обьектінің, тілдік құбылыстың, сөз тудыру процесінің, біріншіден, өзіне ғана тән белгілері, өзіндік ерекшеліктері болады. Екіншіден, оның жасалу жолдары, тәсілдері болады. Үшіншіден, жасалу жолдары, тәсілдері арқылы қалыптасқан тілдік үлгілері болады. Төртіншіден, солардың жиынтығы сөзжасам жүйесін құрайды”

Сөзжасам -

  • Сөзжасамды сөздік құрамды байытудың ерекше бір жолы (М.Д.Степанова, К.А. Левковская),
  • “сөздік құрамды жаңа сөздермен байытудың, толықтырудың бір тәсілі (В.В. Лопатин),
  • “әр түрлі жолмен сөздік құрамды байытудың көзі” (К.А. Тимофеев),
  • “белгілі бір тілде жаңа сөз жасаудың тәсілі”(Е.С. Кубрякова),
  • ”жаңа сөздердің жасалу жолдарының ережелерінің жиынтығы”(Н.М. Шанский),
  • “жаңа сөз жасаудағы күрделі механизм” (Б.Н. Головин),

Лингвистикалық сөздіктерде:

  • Сөздің құрылымын, жасалу жолын, заңдылықтары мен ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы (А.Ахманова).
  • Тілдегі үлгі бойынша жаңа сөз жасау жолы, тілдік құбылыс ретінде сипаттайды (Д.Э. Розэнталь, М.А. Теленкова. Словарь – справочник лингвистических терминов. М.,1985. Стр.,284)

Сөзжасам ілімінің негізгі обьектісі

  • Оның негізгі сипаты, мәні – жаңа мағыналы сөз тудыру болғандықтан, негізгі зерттеу обьектісі – туынды сөз (туынды сөз деген терминге сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған туындылардың бәрі енгізіліп жүр. ҚҚТСЖ, 1989,33).

2.Сөзжасамның зерттелуі

  • А. Сөзжасамның түркологияда зерттелуі.
  • Ә. Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі.
  • Б. Сөзжасамның зерттеу әдістері.

Түркітануда

  • ’’Дивану-лұғат ат-түрік’’ (ХІ ғ) сөздігі.
  • Авторы Махмұд Қашқари.
  • Есім сөздер мен етістіктерден жаңа сөздер жасаған көптеген аффикстерді көрсеткен. Олардың мағынасын нақты мысалдар арқылы ашып берген. Бұл туралы жан-жақты зерттеу жасаған, еңбекте келтірілген қосымшалардың жалпы тізімін берген Э.Р. Тенишевтің (1963), Ә.Қ. Құрышжанов пен Р.Қайырбаеваның, тағы басқалардың еңбектерінен қарап білуге болады (Құрышжанов, Қайырбаева, 1980, 47-52; Қайырбаева, 1981).
  • ХІҮ ғасырдағы тілші Ибн-Муханна ’’Китаб таржуман фарсы ва тюрки ва могали’’.
  • П.М. Мелиоранский Ибн-Муханнаның зат есім, етістік, сын есім жасайтын 49 аффиксті көрсеткендігін айтады. ХІҮ ғасырдағы Абу-Хайян еңбегінде де сөздердің қосымшалар арқылы жасалуы көрсетіледі (Маженова,1969).
  • А.Казем-Бек есім сөздерді негізгі (первообразные) және туынды (производные) деп бөле отырып, оның етістіктерден және есім сөздерден жасалуын көрсетеді. Сөздердің жасалуы-ның тағы бір жолы ретінде аналитикалық тәсілге тоқталады. Ал грамматиканың ІІ бөлімінде етістіктерді негізгі, туынды, күрделі деп бөледі (1846,62-67,155-176).
  • Қазан төңкерісіне дейінгі грамматикалардың ешқайсысы сөзжасамға соқпай кетпеген деуге болады. Мәселен, П.М. Мелиоранский өз грамматикасында зат есімдердің, сын есім, етістіктердің жұрнақтар арқылы жасалу жолдарын жеке-жеке тарауларға бөліп береді (1894, 25-64). М.Терентьев грамматикасының әр тарауында ’’Слово- производство’’ деген бөлім бар. Бұл бөлімде ол сөздердің жасалуының екі түрлі жолын көрсетеді: жұрнақтар арқылы және сөздердің қосарлануы, бірігуі арқылы (1875,41-61,106-114,150-158, 205-208).
  • Н.И. Ильминский өз ’’Материалының’’ грамматика бөлімінде есім сөздер мен етістіктердің жасалуын қарастырады. Ол: ’’Түркі тілдеріне күрделілік тән емес, дегенмен, оның кейбір бастамалары бар’’, - дей отырып, біріккен сөздер мен қос сөздерге мысалдар береді (1860, 120-131).
  • В.В. Катаринский ’’Қырғыз (қазақ) тілінің грамматикасы’’ туралы зерттеуінде сөзжасам мәселелерін ’’Этимология ’’ бөлімінде қарастыра отырып, есім сөздердің есімдерден және етістіктерден, етістіктердің есімдерден және етістіктерден қосымшалар арқылы жасалуын көрсетіп, ол қосымшалардың мағыналарын саралап береді. Сонымен қатар, сөздердің бірігуі мен қосарлану арқылы жасалуына тоқталады (1906, 13-25, 54-60).
  • Чуваш тілін зерттеген Н. И. Ашмарин сөзжасамның осы екі тәсіліне тоқталумен қатар, басқа тілшілерден ерекшелігі: аналитикалық тәсіл туралы көп мәліметтер береді (1848). Аталған еңбектерден басқа татар тілінің грамматикасын зерттеген ғалымдар И. Гиганов (1801) пен М. Ивановтың (1842), Г. Махмудов (1857) пен Х. Фейзхановтың (1862) , Ал. Архангельскийдің (1894) еңбектерінде де сөзжасам тәсілдері морфология саласында қарастырылады. Бұл еңбектерде есім сөздер тек аффикстік тәсілмен, ал етістіктер екі тәсілмен: аффикстік және бірігу, қосарлану тәсілімен жасалады деп көрсетіледі.
  • Сонымен, өткен ғасырдағы түркологиялық еңбектер сөзжасам мәселелерін морфология деңгейінде қарастырып, сөзжасам қосымшалары, олардың мағыналары туралы ілімнің бастамасын жасады деуге болады.
  • ХХ ғасырдың І жартысында көптеген түркі тілдерінің грамматикалары жарық көрді. Ол кезеңдегі грамматикалардың көпшілігіне тән нәрсе – сөзжасам сөз таптарының құрамында, морфологияның бір элементі ретінде қарастырылады. Тағы бір ерекшелігі – сөзжасамның екі тәсілі ғана – аффикстік және сөздердің бірігуі мен қосарлануы көрсетіледі. Бұған: А. Самойловичтің (1925), В. Гордлевскийдің (1928), С. Ястремскийдің (1938), И. Батмановтың (1939), В. Насиловтың (1940), А.Н. Кононовтың (1941), Н.А. Баскаковтың (1940), Н.К. Дмитриевтің (1940,1948), Л.Н. Харитоновтың (1947) Н.П. Дыренкованың (1940,1948) еңбектері дәлел


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет