негіз сөздің лексика-грамматикалық сипаты ортақ, мағынасы бірдей, бір тәсілмен жасалған туынды сөздің мағыналық-құрылымдық түрі .
Сөзжасамдық тип 3 элементтің қосындысынан, бірлігінен тұрады: туынды сөздердің бәрі бір сөз табына жатуы, бір тәсіл арқылы жасалуы, сөзжасамдық мағынасы бірдей болуы. Мысалы, балықшы,егінші, күзетші,
Сөзжасам үлгісінің негізгі белгілеріне: туынды сөздің жасалу тәсілі, негіз сөздің лексика-грамматикалық сипаты, туынды сөздің лексика-грамматикалық сипаты және сөзжасам формантының болуы жатады. Яғни сөзжасам үлгісі негіз сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігі мен негізгі сөзжасам тәсілінің бірлігінен тұратын туынды сөздің сызбасы, үлгісі. Мысалы: әнші, оқушы.
Сөзжасамдық жұп (қосақ)
Негіз сөз бен оның туындысын бірге алып, оларды сөзжасамдық жұп деп атауға болады. Мысалы, су-сушы, өн-ім кес-ім, т.б. Негізгі сөзжасам құбылыстарының бәрі осы сөзжасам жұбынан тарайды. Сондықтан оларды “шағын сөзжасам” деп те атайды. Сөзжасамдық жұптың біреуі сөз жасауға негіз болып келеді.
Сөзжасам тізбегінде бір негізден тараған әр туынды сөзден туынды сөздер өрбіп жатады. Мысалы, бас - басшы - басшылық
Сөзжасам ұясы
- бір түбірден тараған түбірлес сөздердің жиынтығы. Сөзжасам ұясында бір түбірге әр түрлі қосымшалар қосылу арқылы туынды сөз жасалады. Туынды сөздердің мағыналары негіздің мағынасынан алшақ кетпейді.