Он үшінші тақырып



бет10/21
Дата04.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#71537
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
2.5. «Бақыт»
«Бақыт» ұғымы – этикадағы ең іргелі (фундаментальды) түсініктің бірі. Оның үстіне ол ең жемісті әлеуметтік идеялардың бірі болып табылады. Спинозаның айтуынша, «бақыт» – бұл ізгіліктің қайтарымы емес, ізгіліктің өзі, өз құмарлықтарымызды ноқталағанымыз үшін бақытты емеспіз, керісінше, біздің бақытты болуымыз оларды ноқталауға қабілетті етеді» [18, 118-139 бб.].
Бақыт адамға сезілетін құбылыс сияқты көрінгенімен, ол ішкі қайшылықтарға толы. Этика тарихында бақыттың мәні туралы пікірлер мен көзқарастар өте көп.
Мәдениет тарихында бақыт туралы қолданбалы этикалық пән- фелицитология қалыптасқан. Маңызды фелицитарлық шығармалар қатарына төмендегілер жатады: Аристотельдің «Никомах этикасы», Сенеканың «Бақытты өмір туралысы», Ф. Аквинскийдің «Бақыт туралы трактаты», Боэцийдің «Философиялық жұбанышы», Августиннің «Бақытты өмірі», Гельвецийдің «Бақыт» поэмасы, Л. Фейербахтың «Эвдемонизмі», Дж.С. Милльдің «Еркіндік туралысы», Э. Фроммның « Өзі үшін адамы», В. Татаркевичтің «Адамның бақыты» және т.б. Этика тарихындағы бұл шығармалар бір тақырып төңірегінде жазылғанымен, алуан түрлі көзқарастарды ұстанады.
Бірі бақыт сүйіспеншілікте деп тұжырымдайды. Алайда, бақыттың тез өткіншілігі де белгілі. Бақыт жастықта ма? Бірақ, Цицерон кәрілік – бақыттылау деп есептейді. Көпшілігі бақыт қажеттіліктерді қанағаттандыруда деп санайды. Алайда, тойымшылықтан бас тартып, өзін-өзі шектейтіндер қателесе ме? Мүмкін достықта болар? Бірақ «достан қашық бол, жауың одан қауіпті емес». Білім ше? Бірақ «білім алған адам қашыны да арқалайды». Даңқ? Алайда, «даңқты іздеме? Өйткені онда сені кезкелген жағымпаз тауып алады». Бақыттың парадокстары көпқырлы.
Алайда бұл бақыт ұстатпайды және теориялық талдауға көнбейді дегенді білдірмейді. В. Татаркевичтің пікірінше адамдар бақытты әр қалай түсінеді. Негізінен бақытты ерекшелеуге болады. Бұқаралық санада ең кеңінен таралғаны: бақыт – бұл сәттілік, кездейсоқтық, бізге бағынбайтын тағдыр («бақыт құсы»). Екіншісі, бақыт – өмірден қанағат, ләззат алу, қуаныш. Үшіншісі, бақыт – бұл жоғары игілік пен ізгілікке ие болу. Және, ақырғы төртіншісі, бақыт – бұл ләззат алу мөлшері де емес, ол бүтіндей өмірден толық, ұзақ қанағат алу қайғы-қасіреттер арқылы болмыстың құпия мәніне ие болу. Осы соңғысы көңілге қонымды секілді. Бірақ ол да «бақыт формуласын» толығымен ашпайды.
Фелицитарлық идеялардың жалпы мазмұнына үңілсек, ондағы пікірлердің қайшылықтарымен қатар, бақыт ұғымындағы жалпы белгілерді де аңғаруға болады:
1) ләззат алудың субъективті көңіл-күйі өз-өзімен бақыттың жеткілікті өлшемі бола алиайды;
2) бақыт ізгілікпен қатар жүреді;
3) бақыттың объективті өлшемін табуға болады. Платон мұның өлшемі ретінде «жақсы адам» идеясын, ал Аристотель «адамның мақсаты» идеясын есептеді. Спиноза – адамның өз күшін пайдалана отырып, жаратылысын іске асыруы деп санаса, Спенсер – адамның биологиялық және әлеуметтік эволюциясын атайды.
Адам бақыты туралы ілімдерде негізінен үш бағытты айқындауға болады: бақыт психологиясы, бақыт аксиологиясы,бақыт социологиясы. Психологиялық тұрғыда бақыт позитиві көңілкүй, өмірден ләззат алу, қуаныш пен шаттық және рақаттану болып табылады.
Бақыт сезімі бүгінгі күнгі бір оқиғаға байланысты туындаған бір сәттік, тез өткінші нәрсе болуы мүмкін. Ол үнемі, тұрақты берік, рухани күштің, жақсы келешектің, үйлесімділік пен қанағашылықтың толассыз қуанышы болуы да мүмкін. Бақыт сезімі осылажиа адамның өзіне және әлемге қатынасының алуан түрлілігін білдіреді. Бұл жағдайда бақыт пен қуаныштың арасын ажырату маңызды. Олардың айырмашылығы, егер қуанышы жекелеген атқа ғана сәйкес келсе, ал бақыт – бұл қуанышты үздіксіз және толық сезіну. Бақыт, – Э. Фромның анықтауынша, – бұл өмір сүру өнеріндегі кемелдік өлшемі, өзінің гуманистік этикадағы мағынасына сай ізгілік [11, 182 б.].
Адам әрекетінде, әрине, бақыттың тура және ашық соңына түсу жоқ. Әр түрлі өмірлік мақсаттарды қою және оған жету адамды автоматты түрде бақытты ете алмайды. Алайда, соған ұмтыла отырып, ол бақытты сезінеді. Бұл «қитұрқы стратегия», бақыттың «психологиялық, заңы» болып табылады (Дж. С. Милль). Адамда индивидуалдық өмірқамының ішкі құндылық мәнін және оның соңғы тиімділігін бақылап отыратын ішкі «мүлгімейтін көз» болады .
Алайда, бақыт психологиясы негізінен көңіл-күй айғақтарын айқындайтын сипаттаушы терминдерді қолданады. Ләззат алу немесе қасірет бақыт немесе бақытсыздықтың ең ең басты көрсеткіштері бола алмайды. Кейбіреулер садизмнен, деструктивтіліктен, біреулерді балағаттағаннан ләззат алса, ал кейбірі сүйіспеншіліктен, достарымен бөліскеннен, шығармашылықтан ләззат табады. Егер бақыт пен бақытсыздық олар туралы біздің сезімдерімізге сай болса, онда бұл туралы білмей ләззат алу немесе қайғыру бәрібір ләззат алмауды және қайғырмауды білдіреді. Егер құлдар қожайыны келтірген қасіретін сезінбесе, онда бейтарап адам жалпы адамның бақыты үшін қалай құлдыққа қарсы шыға алады? (Э. Фромм). Бақыт та бақытсыздық сияқты ақылдың жағдайы ғана емес, бақыт немесе бақытсыздық – бұл бүкіл тұлға жағдайының көрінісі. Бақыт сезім мен ойлау күшінің, тірліктің, жемістіліктің ұлғаюына сәйкес келеді; бақытсыздық бұл қабілеттер мен функциялар әлсіреуіне ықпал етеді.
Аксиологиялық тұрғыдан алғанда, бақыт – бұл құндылық, адам өміріндегі қайырлық өлшемі. Бақыт қайырымдылықты,ізгілікті білдіреді, тек сол адам ғана бойында оның болмысы мәні мен байланысты ең жақсы деген адами қасиеттерді дамыта алады. Бақыт жекелеген сезімдер немесе белгілі бір әрекет емес. Батыс этигі Р. Борроудың айтуынша, адамның өліммен қатынасын және байланысын бағалауда өз позициясы болуы керек. Егер ол нақты болса, объективті мүмкіндіктерге сай болса, онда адам бақыттың үш мәнді шартына жетеді: қауіпсіздік, өзін-өзі бекіту және ахуалды дұрыс түсіну. Моральдық құндылықтар бақыттың тікелей себебі бола алмайды. Өйткені моральды адам бақытсыз болуы мүмкін, ол бақытты адам аморальды болуы мүмкін. Бірақ құндылықтық дағдарыс рухани-эмоционалды дағдарыспен міндетті түрде бірігеді.
Бақытқа ұмтылу әрқашан да адамдарды біріктіре бермейді, әсіресе біреудің бақытсыздығы екінші бақытының шарты болған жағдайларда. Адамдар кейде «кішкентай бақытқа» да ырза болады, өзі үшін зиян және өзін төмендететін жағдайларды, оның нағыз мәнін аңғармай жатып бақыт деп есептейді. Адамдардың бақыт туралы көзқарасы мен бақыт ұғымы нақтылық пен абстрактылық сияқты ажыратылады, қажеттілік пен мәнділік арасында қайшылық туады. Бақыт ұғымы ахуалды алғышарт емес, императивті негіздегі идеалдылықты, шынайлықты, толымдылықты білдіреді. Этика адамның пікірін «басқашалау» бақытқа толы деп кінәласа, ал адамдарға нағыз бақыт үшін бүл берілген өмір сай келмейтіндей болып көрінеді.
Бақыт социологиясы – фелицитологияның маңызды құрамдас бөлігі. Ол адамдар ұмтылатын құрмет, байлық, ұрпақ өсіру, дәулетті кәрілік сияқты жалпы белгілі игіліктерді сипаттайды. Сондықтан бақыт социологиясында қоғамдық игіліктерге жету жолдары мен құралдары және ең алдымен өзінің барлық формаларындағы адал, таза еңбек ерекше орын алады.
Бақыт социологиясы уталитаризм классиктері еңбектерінде кеңінен сипатталған. Мысалы, И. Бентам адамды бақытқа жақындататын құндылықтар тізімін келтіреді: денсаулық, іскерлік, достық, абырой, билік, адамдық, ізгілік, шыдамдылық, қарымқатынас, жұбаныш және т.б. Бұл әсіресе өтпелі қоғамдарға тән. Қазіргі адам өзгермелі тағдырға бейімделген өз-өзінен реттелетін құрылғымен және өзінше еркін толқымалы «психика - гироскоппен» қаруланған. Нарықтық экономика мен бұқаралық мәдениет жағдайларында өмір сапасы мен өз-өзіңді іске асыру бағаланады. Бұрын ол қоғамның этикалық қабатына төн болса, енді бұқаралық сипат алды.
Жас ұрпақ өмірдің жоғары стандарттарына зор мән береді, аштық пен ауру туралы аз ойлайды. Алайда, ҒТР және ақпараттық жарылыс адам өмірі ырғағын жылдамдатып жібереді, қақтығыстарды оқшауландыру тетіктері әлсіреді, адамгершілік пен экологиялық ахуал шиеленісті. Бұл үдерістің жағымсыз салдарлары, дәлірек айтқанда, түңілу, өмірдің маңызды ешнәрсе бермейтіндігін сезіну, ерік жұмылысының төмендеуі, уайым, кінәлілік сезімі мен агресивтілік адамның бақытты өмір сүруіне кедергілер келтіреді.
Нарықтық экономика мен адам бақытының өзара әрекеті мәселесі этикалық, жаратылыстық-ғылыми, техникалық әдебиеттерде кеңінен талқыланды. Бақыт – бұл әр алуан қажеттіліктерді өтеуге қабілетті айырбас затының пайдалылығы (тауар) және «қалтаға салып жүретін» зат (ақша). Өз бақытын көбейтіп және өзгелерге әкелу адамгершілігі мол адамның қолынан келеді. Т. Джефферсонның «Тәуелсіздік декларациясында» былай жазылған: «Бақытқа деген ұмтылысты қорғай отырып, мемлекет өз мақсаты бойынша адамдардағы кәсіпкерлік рухты, тәуекелшіл дербестік сезімін қолдауы және қорғауы тиіс, дәл осы бақыт үшін маңызды».
Қорытындылай келе бақыттың төмендегі құрылымдық элементтерін келтіруге болады. Біріншіден, қайғысыз, жоқшылықсыз аурусырқаусыз, бәлежаласыз өмірді білдіретін игілікті береке. Екіншіден, қажеттіліктерді қанағаттандыру. Қажеттіліктерді өтеу үшін белгілі бір дәрежеде қалыпты баланс қажет. Бұл жерде адам меншігі үлкен мағынаға ие болады, онсыз еркіндік те, байлық та жоқ. Үшінші элимент – қанағат, ырзашылық. Бұл адамның өз қалауына сай өмір сүріп жатқанына ризашылық сезімін білдіреді.
Төртіншіден, бақыт қуанышсыз болмайды. Адам өз қуанышында ақылын да, сезімін де, құндылық спектірін де көрсетеді. Бесінші элемент ретінде өмірді адами мәнділік пен міндеттілік тұрғысынан бағалауды айтуға болады. Этика өзінің ең басты изгіліктері ретінде бақыт пен қуаныш құндылығын өте жақсы негіздей алады, алайда ол адамнан анау-мынау емес, ең қиын міндетті шешуді талап етуді де біледі: бұл оның жемісті де толық дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет