Он үшінші тақырып



бет8/21
Дата04.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#71537
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
2.3. Парыз, намыс және абырой
Парыз – этикадағы маңызды категриялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Бол! Парызда басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдеқайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, оған бұйрықтық сипат беріп шақырады, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды. Борышты адам болу – оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да. Көптеген ғұламалар борыш сезімін жоғары бағалаған И. Кант жазғандай, борыш – адамды өзінен өзі жоғары етіп қоятын ұлылық. А. Блок та оған қосылғандай: «Парызсыз шынды ұмытпа, ол – бұл әлемдегі жалғыз әуен. Парызсыз өмір де, құштарлық та жоқ» деген. Бұрынғы тоталитарлық-әкімшілік жүйе әдептің маңызды ұғымы парызды адамгершіліктен бөліп алып, тұлғасыздандырылған жалпылама талап мағынасында қолданды. Адам өзінің ішкі қажеттіктері мен мүдделерінен бас тартып, қоғамның, мемлекеттің, партияның бұйрықтарын бұлжытпай орындауын парызды өтеу деп түсіндірілді.
Шын мәнісінде, парыз – ар өлшемі, жер бетінде жаратылғандардың ең тамаша туындысы да – адам. Ұлы Абай айтқандай, құдай адамзатты өз махаббатымен жаратқан. Парыз адам болудың қадірін білу деген сөз. Адамға дүниедегі ең қиыны, күрделісі – нағыз адам болу. Ол осы жоғары аттың иесі екендігін ешқашан ұмытпай, күнделікті өмірде көрсетіп отыруы тиіс. Әйтпесе, адамдық келбетін жоғалтып, хайуанға құсап кетуі мүмкін. Ондай жағдайда адам өзінің кісілік қасиеттерінен айырылып та қалады. «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» деген халқымыз. Кісілік бұл жерде адамгершілік ұғымының баламасы ретінде қолданылып отыр.
Кәсіби этиканың маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызуға болады. Кәсіби абырой – бұл өз борышын жан-тәнімен орындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын (қажеттігін және маңыздылығын) түсіну және оны қоғамдық көзқараспен тану.
Абырой категориясы намыс категорясымен тығыз байланысты. Бұл категориялар іс жүзінде өздерінің объективтік мазмұны бойынша сәйкес келеді, бірақ оларды нысандары бойынша ажыратуған болады. Абыройды бағалау – бұл қоғамдық көзқарасты бағалау, ал намысты бағалау – бұл, ең алдымен, тұлғаның өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. әрине, намысты бағалау қоғамдық көзқарастан алшақ жүзеге аса алмайды, алайда, бұл жерде өзіндік бағалау ерекше ролді иеленеді. Ал бұл бағалау, өз кезегінде, тұлғаның қоғам алдындағы жетістіктерін сезінуімен негізделеді. «Намыс» ұғымы Д. Кішібековтың пікірінше, адамгершілік қасиеттің ең бағалы көріністерінің біріне жатады. Әрине, намыстың түрлері көп. Ол отандық намыс, ұлттық намыс, діни намыс, жершілдік намыс, рулық намыс, жыныстық намыс, жанұялық намыс, мамандық намыс болып бөлініп кете береді. Намыс бар жерде жігер бар, қайсарлық, алған мақсатқа жету үшін қиындықтарды жеңе алатын табандылық бар. Намысы жоқ, ар-ұяттан, тіпті адамдық бейнеден айырылады. Намыс азаматтықтың басты бір көрінісі. Қазақ халқының тегі нашар емес. Ол мықты халық. Онда намыс та, жігер де, батырлық та болған. Оның негізі де бар. Тарихқа үңілейікші. Александр Македонский көп әскерлерімен Орта Азия жерлеріне енгенде мықты қаруланған күштің қарсылығына тап болған, олардың ішінде әсіресе ерекше қимыл көрсеткен сақ-скифтер екендігі тарихтан белгілі [13, 142 б.].
Қызметкер абыройы мен ұжым абыройының ұштасуы мақтаныш сезімін, яғни, құқыққорғау органдары қызметкерінің осы жүйеде қызмет ететіндігін сезінудің моральдық қанағаттанған сезімін тудырады. ғайтып, жоғарлыта түседі, қызметкерлердің кәсіби борышын тиімді орындауға көмектесді.
Абырой катеориясының тағы да бір құрамдас бөлігі – өз сөзінде тұру. Сөзінде тұратын адам! Бұл – адамның маңызды қасиеті, тіпті, оны кейде абырой түсінігімен теңсңтіріп жатады. Сөз бердің бе – сөзінде тұр, уәде бердің бе – орында. әйпесе, адамдар сені сыйлаудан қалады және өтірікші, бос сөздің адамы деген атқа қаласың. Абыройды қадірлеу, бағалау – бұл борыш әрі күнделікті міндет. Абыройдың мазмұны белгілі бір дәрежеде адамның жалпы мәдениетінің деңгейіне, оның рухани және физикалық дауына, мемлекет туралы ойлай білу қабілетіне тәуелді. Ал бұған үздіксіз, тұрақты үйрену керек.
Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар.
Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, борыш, парыз, т.б. жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б. деген мақал-мәтелдері дәлел бола алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата бергенде «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма», – деп тілек білдіріп отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті лап етпе сезім. Ол адамды жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет. Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-кішілерге, қоғамға т.б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату мақсатында қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал етеді. Бұған мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т.б.
Мораль, адамгершілік, парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-анасы арқылы біліп, түсінеді. Ата-ана парызы – өтелмейтін парыз. Соның ішінде ананың орны ерекше. «Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың», – деп халық бекер айтпаған. Халықтық тәлім-тәрбиеде әкенің де орны ерекше құрметті. Аналарының балаларына «әкең біледі», «әкеңмен ақылдас», «әкеңнен бұрын асқа отырма» деп барлық нәрсені әкесінің нұсқауымен істеуге үйретуі әкенің қазақ отбасындағы орнын көрсетеді. Мұның бәрі қазақ халқының бала тәрбиесіне үлкен мән бергенін дәлелдейді. «Он үште отау иесі» деген ұғым бойынша бабаларымыз ес білген шағынан бастап баланы өмірге даярлаған, әсіресе ер бала шыр етіп келген сәтінен он үшке дейінгі кезеңде өмірдің құпия сырын, ауыртпашылығын, тұрмыс-қарекетінің жыл мерзіміне сай ерекшелігін үйретіп, құлағына құйып отырған. Он үш жасқа дейін осынау ғаламды дұрыс игерген бала өзінің өмірін де басқара алады, елін қорғауға да ақал-парасаты жетеді деп түсінген. Халық педагогикасында ең негізгі қағида адамнан, адамның өмірінен артық, одан қымбат, одан қасиетті ешқандай құндылық жоқ деген көзқарасты ұстану және адамды айырбастайтын, оны өмірі пида боларлық дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсіну болып табылады. «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өлу лазым», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», т.с.с. халық даналығындағы мақал-мәтелдер адамның құндылық екенін дәлелдейді. Қазақ халқының моральдық-этикалық нормалары болашақ мұғалімдерді мақсаттылыққа, ішкі сұраныспен өмір сүру және жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру ісіне, барлық жағдайда моральдық кодекс принциптері мен жоғары адамгершілік идеяларды басшылыққа ала отырып, оларды оқу-тәрбие ісінде жүзеге асыруға, кәсіби парыздылық сана-сезімінің қалыптасуына көмектеседі.
Этиканың негізгі категориясы «қайырымдылықты» қарастыру оның «пайда» түсінігімен арақатынасын анықтамай толық жүзеге аспайды. «Пайда» адамдардың экономикалық ұмтылыстарының соңғы мақсатын білдіреді. Бұл, әсіресе, ұзақ жылдар бойы теңестірілуі мен аскетизм рухында тәрбиеленген , байлық, ләззат алу, табыс туралы ойлаудың өзі әдеттен тыс саналған кешегі посттоталитарлық қоғам мүшелері үшін маңызды.
Қайырымдылық пен пайданы қарсы қоюдың бұрыннан келе жатқан дәстүрі бар. Кезінде Аристотель өзінің «Никомах этикасында» этиканың айналысатын мәселесі жай игіліктер емес, жоғары игіліктер деген болатын. Еуроаплық этикада әртүрлі ойшылдар моральдық әрекет пен утилитарлық әрекет арасын ажырата зерттеген. Алайда «қайырымдылықты» да, «пайданы» да біріктіретін нәрсе бар. Олар қалыпты әлеуметтік құндылықтарды білдіреді. Егер қайырымдылық адамның мақсатымен көбірек байланысты болса, ал пада – бұл белгілі бір мақсатқа жету үшін жарамды құралдардың сипаттамасы. «Пайда», «табыс», «тиімділік» – бұлар максиамалды мақсаттарға минималды құралдармен жетуді білдіретін негізгі ұғымдар. Мұндай пайдалы әректті арнай зерттейтін ғылым праксеология деп аталады.
Утилитаризмнің негізін қалаушы И. Бентам ізгілік пайдаға қарсы тұрмайды, өйткені, мүдделер әртүрлі, ізгілік үлкен мүдде үшін кіші мүддені құрбан етуді білдіреді деп санайды [14, 21 б.]. Утилитаризмнің негізгі құндылықтарын мынадай қанатты сөздер арқылы аңғаруға болады: «Табысқа ұмтыл, өз мүдденнен шыға отырып, барлығынан пайда тап», «Мақсатқа жетуде тиімді құралдарды қолдан». Мұндай адамның бойында тартымды қасиеттер болады: мақсаткерлік және тәуекелшілдік, тәуелсіздік, батылдық, үнемшілдік, тәртіптік және т.б. Егер пайданы өзімшілдікпен араластырмаса, онда пада қағидасы жеке мүдделер үйлесімділігінің маңызды тетігі ретінде көрінеді, оның үстіне мұндай синэнергетикаландыру жалпы игілікке жақын жатады.
Әрине, пайдалылық қағидасын абсолюттендіріп, оны жоғарғы ізгілік ретінде идеал тұтуға болмайды. Пайдалылық қағидасы, сөз жоқ, жоғары гуманизмнің абсолюттік мораліне қайшы келеді. Мысалы, алкоголь, темекі өнімдері, экологияға зиянды техника өндірісі сияқты бизнес түрлері тұрғындардың бір бөлігі үшін пайдалы. Қызмет көрсету мен тауардың кейбір түрлерінің нарыққа тартылуы оларды экономикалық тұрғыда ақтағанымен, адамдарда жаман әдеттер туғызады, қоғамның адамгершілік денсаулығына зиян келтіреді. Мұны Б. Мандевиль аңғарып, өінің «Аралар туралы аңызында» былай дейді: «Жеке адамдардың жаман қылықтары – қоғам үшін ізгілік» [15,11 б.].
Пайдалылық қағидасы жоғары моральға қайшы келгенімен, ол қоғамдық қатынастарға ене отырып, ол үшін жағдай туғызады, қоғамның үйлесімді дамуның, ондағы адамдардың күш, қабілеті ашылуыгың маңызды факторына айналады. Қайырымдылық пен пайдалылықтың арақатынасын қарастыру әлеуметтік және моральдық әділеттілік мәселесін туындатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет