Он үшінші тақырып


Әдеп және моральдық таңдау



бет4/21
Дата04.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#71537
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Әдеп және моральдық таңдау

Адам өз мәні бойынша тек қана өзінің жеке нақтылы қалпымен ғана емес, сондай-ақ оны құрайтын барлық табиғи қасиетермен де, мүмкіндіктермен де таусылмайды және қанағаттанбайды. Адамның эмпирикалық табиғаты мен оны құрайтындардан шығатын адамның өзі қалағанымен және істей алатынымен қатар, оның барлық талпыныстарымен қатар, адамға тиістіліктің идеалды күші, жоғарыдан, өзінің эмпирикалық табиғатынан асып түсетін және оны қайта өңдейтін инстанциядан берілген үндеу ретінде сезінетін – ар дауысы ықпал етеді; өзінің нағыз мақсатын, өзінің нағыз ішкі мәнін жүзеге асыруды ол осы үндеуді орындаудан, өзінің эмпирикалық тіршілігінің шегінен шығудан көреді. Адамның «табиғи құндылығы» басқада, терең мағынада маңызы зор оның табиғатына сай келетін өмір салты туралы натуралистік формадағы барлық ой-тұжырымдардың адам табиғатының өзіндік ерекшелігі өзінің осы табиғатын жеңіп, оны өзгертуде деген іргелі фактінің алдында тас талқаны шығады. Объекторталықтық дүниетаным адамды табиғи-тарихи үрдістің нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сәйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақыл-парасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мәселелерді түсіну қиынға соғады: неге көп жағдайларда адамды гумандаудан алшақтады, неге адам нақты әлеуметтік жағдайларға нашар бейімделеді, неге ол қарама-қайшылықсыз бағытты көтере алмайды және т.б.
Субъекторталықтық дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бұл бағытқа сәйкес, адамның бойында болмыстың барлық құпиялары көрініс тапқан. Оны тек ұтымды әдістермен танып-білу мүмкін емес. Адам – микрокосм, оның әлемінің нақты айқын шегі жоқ. Тарих дегеніміз адамның өзін-өзі дамытуының «соқыр тәуекелі», ал объективтік шындық – адамның ішкі күш-қайратының дамуының көрініс табуының нәтижесі.
Моральдық таңдауды кейде, тіпті, тар мағынада, адамның шешім қабылдаудағы саналы әрекетіретінде түсіндіреді. Алайда, осы шешім қабылдану үшін белгілі бір объективтік және субъективтік алғышарттардың, таңдау шарттарының және осы таңдауды жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы қажет. Және де шешімнің қабылдануымен таңдау әрекеті аяқталмайды. Оның жалғасы болып шешімді жүзеге құралдарын таңдау, оны іс жүзінде жүзеге асыру және нәтижелерді бағалау табылады. Сол себепті де, моральдық таңдауды қарастыру кезінде адамның жүріс-тұрысының барлық объективтік және субъективтік құрамдас бөліктері көзге түседі.
Бұл көзқарас тұрғысынан моральдық таңдаудың құрылымын былай көрсетуге болады: мәселені анықтау, таңдау түрлерін тану, шешім қабылдау, мақсатқа жету құралдарын тану, таңдауды іс жүзінде жүзеге асыру, нәтижелерге жету және оларды бағалау.
Сонымен қатар, адамның мәселені шешу жолын таңдауы объективтік және субъективтік жағдайларға байланысты екендігін ескерген жөн. Объективтік жағдайлардың қатарына жүріс-тұрысты таңдау және оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерінің түрлерінің болуын жатқызуға болады. Ал субъективтік жағдайларға тұлғаның адамгершілік дамуының деңгейі, оның белгілі бір мораль жүйесінің талаптарын түсіну дәрежесі, борыш, ар-ұят сезімінің дамуы және жеке тұлғаның басқа да адамгершілік мінездемесі жатады.
Адамның, қоғамның немесе топтың алдында тұрған моральдық таңдау қажеттігін анықтайтын мақсаттардың ауқымы өте кем. Ол субъектілердің ортақтығы дәрежесімен де, маңыздылығымен де, күрделілік деңгейімен де сипатталады. Яғни, әртүрлі мақсаттарды адамгершілік бағалаудың бірдей болуы мүмкін емес. Егер таңдау түрлерін анықтау кезінде мораль таңдаудың жағдайлары мен мүмкіндіктерін толық және жан-жақты зерттеуге бағыттайтын реттеушінің ролін атқарса, онда жүріс-тұрыс түрін таңдай кезеңінде оған шешуші роль беріледі. Жүріс-тұрыстың түрін таңдауда маңызды роль адамгершілік себептерге берілген. Неге дәл осы әрекет дұрыс? Мұндай таңдау неге негізделген? Осы сұрақтар жүріс-тұрыс түрін таңдауға мейлінше мол сипаттама береді. Таңдау әрқашанда белгілі бір құндылықтан бір құндылықтың артықшылығын білдіреді. Кейбір жағдайларда таңдауды негіздеу және таңдаудың өзі ешбір қиындылықтарды туғызбайды, ал бір кездері олар себептердің ерекше күресінің тууына негіз болады. Осы екінші жағдайды адамгершілік шиелініс жағдайы деп атайды.
Адамдардың өз алдарына қойған мақсаттары мен оған жетуде қолданылатын құралдардың ара-қатынасы туралы мәселе көптеген ғасырлар бойы дау туғызуда. Басқаша айтқанда, мақсат кез келген құралды пайдалануды ақтай ала ма? Әрине, бұл жерде адал ниетті мақсат туралы айтылып отыр.
Этикалық ой тарихы мақсат пен құралдардың өзара байланысы туралы мәселеге қатысты екі баламалық жауап ұсынған. Олар макиавеллизм концепциясынан және абстрактілі гуманизмнен көрініс тапқан. Бірінші бағыт «мақсат кез келген құралды ақтайды» қағидасы түрінде белгілі. Бұл бағытқа сәйкес, құралдар мақсатқа тәуелді, оған бағынады, ал мақсат құралдардан тәуелсіз. Құралдарды таңдаудың негізгі талабы ретінде олардың мақсатқа жетудегі тиімділігі ұсынылады, ал олардың адамгершілік жағдайы есепке алынбайды.
Екінші концепция жоғарғыдағы концепцияға қарама-қарсы бағытты ұстанған, бұған сәйкес, ешқандай мақсат оған жету құралдарын ақтай алмайды. Құралдар мақсаттар толығымен тәуелсіз және өзіндік оң немесе теріс құндылыққа ие. Мысалы, бірінші концепцияның өкілі ретіндегі иезуиттер «егер ол мақсатқа тезірек жетуге жәрдемдессе, кез келген зорлықты атауға болады» деп санаған, ал екінші концепцияны жақтаушылар зорлықты абсолюттік зұлымдық ретінде тани отырып, оны мақсатқа жетудегі құрал ретінде қолдануға тыйым салған. Соңғылардың пікірінше, құралдар қандай болса, мақсат та сондай болады: адамгершілік сипаттағы құралдар адамгершілік сипаттағы мақсатқа алып келсе, арам ниетті сипаттағы құралдар арам мақсатқа алып келеді. Басқаша айтқанда, бұл концепцияның негізі мына анықтамада бекітілген: мақсат құралдарды анықтамайды, керісінше, құралдар мақсаттарды анықтайды.
Жалпы және бастапқы әлеуметтік-философиялық мағынасында бостандық бастауы, әрине оның қазіргі жаңа «саяси бостандық» ұғымына кіретін арнайы, жеке мазмұнымен сәйкес келмейді. Қоғам азаматтарына белгілі мөлшерде мысалы, баспа және ауызша сөз бостандығы, жиналыстар мен одақтар бостандығы, саяси сайлауларға қатысу бостандығы берілу керек - бұл нақты қоғамның нақты рухани жағдайына байланысты және тек жалғыз бір жалпы бостандық бастауынан априорлы анықталмайды. Адам тұлғасының белгілі бір, қатаң белгіленген және бостандықтың бұзылмайтын ауқымын мен оларды табудың белгілі бір формаларына құқы туралы индивидуалистік идея, «адамның туа біткен құқықтары» туралы жалған ұғымнан шыққандықтан қызмет етудің жоғары бастауымен сәйкес келмейтін ретінде жалпы теріске шығарылуы керек, ал жеке бостандық идеясының өзі тек қызмет ету бастауымен байланыста ғана өзін ақтап шыға алады. Іс жүзінде әлемдегі тіпті ең либеральды және демократиялық деген бірде бір қоғам мызғымай белгіленген адам құқықтарын нақты іске асыруға жол бермейді: қоғамға қауіп төнген кезде бұл құқықтар сөзсіз шектеледі; жалпы қоғамның рухани жағдайына және қызмет етудің жалпы бастаулары іске асатын ағымдағы қоғамдық міндеттердің сипатына байланысты бұл құқықтардың жалпы ауқымы мен олардың әр қайсысының жеке салыстырмалы салмағы айтарлықтай өзгереді. Жалпы бостандықтың өз мүдделері, еркін қоғамдық құрылыс жекеленген адам «құқықтарын» шектеуді талап етеді, ал олардың өзі қызмет ету бастауларымен және онымен байланыстағы ынтымақтастық пен бостандықты тауып, іске асырудың тек қосалқы құралы болғандықтан әрқашан салыстырмалы және туынды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет