Он үшінші тақырып



бет9/21
Дата04.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#71537
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
2.4. Әділеттілік
Қайырымдылықтың нақтыланған формасының бірі әділеттілік болып табылады. Ол ізгіліктер арасында негізгі орынды алады, өйткені, адамдар арасында ізгіліктер мен зұлымдылықтар бөлінісін сипаттайды және бағалайды. әділеттілік адам өмір сүруінің тәсілдері мен шарттарының бағасы ретінде адамдар өмірі мәнімен тығыз байланысты. «Әділеттілік, – деп жазады Д. Роулс, – ғылым жүйесінде ең басты ізгілік ретінде ақиқат саналатынын сияқты, қоғамдық институттардың ең басты ізгілігі болып табылады» [16, 54 б.]. Қоғам өз мүшелеріне игілік беріа қана қоймай, ол әділеттілік қағидасымен тиімді реттелгенде ғана жақсы ұйымдасады. Қалған теорияның ертелі-кеш теріске шығатыны сияқты, әділетсіз қоғамдық қатынастар да жойылуы немесе түзетідуі тиіс. Әділеттіліктің кепілдікке берген құқықтары саяси сауда объектісі бола алмайды.
Әділеттілік ұғымы, сонымен қатар, салыстырмалы, нақты тарихи болып табылады. Алғашқы қауымдық мәдениетке әділеттілік «қанға – қан, жанға –жан» мағынасында табуға, талионға жақын тұрды. Ру игілігі құдайлардың мәңгігіе бекітілген заңдары қамқорлығында болды. әдәлеттілік осы қасиетті дәстүрлерге дұрыс қатынаспен сипатталады. әділеттілік осы қасиетті дәстүрлерге дұрыс қатынаспен сипатталады. Оны бұзғандар жазаға тартылды. Оның көріністерінің біріне рулық кек институты жатады.
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесіндегі келесі бір маңызды ұғым-ұстанымға әділдік жатады. Жалпы этика категориялары арасында әділдік құқық этикасының жалпы кәсіби этиканың орталық ұғымы ретінде баяндалады. Ғылымға ақиқат қандай қажет болса, әлеуметтік әділеттілік сондай керек.
Дәстүрлі мәдениетте әділдік ақиқат, шындық ұғымдарымен тығыз байланыстырылды (әділ шешім қабылдау үшін істің анық-қанығына, яғни ақиқаттығына жету қажет). Әділдік әр уақытта байсалдылықты қажет етеді. Көзді жұма сала, интуиция бойынша бірден біреудің тағдырын шешу-қазақ қоғамына жат нәрсе. Әділ ақсақал, мысалы, толық сұрастырғаннан кейін ғана өз түйінін айтатын болған. Әділдік-ашылған, табылған ақиқат қағидалар, қатып-сеніп қалған ережелер түрінде емес, ой-сезімнің, іс-әрекеттің бірлескен қимылының нәтижесі, демек әркез қайта-қайта жаңғыртып отыруды қажет ететін құбылыс ретінде қаралды.
Рулық құрылыстан өркениетке өтуге байланысты әділеттіліктің жоғарыдағы ұғымы оның таратылушылық түсінігімен алмасты. Алдыңғы орынға әділеттілік – теңдік шықты. «Бәріне бірдей бөлу» идеясы мен көбірек алып қалуға ұмтылу адамзаттың кейінгі моральдық дамуына үлкен ықпал етті. Тек моральдық дамуда ғана емес, әділеттілік пен теңдік туы астында революциялар, бүліктер, басқыншылықтар болды. «Әлеуметтік әділеттілік» ұранымен большевиктер Ресей империясындағы бай және іскер адамдарды қырып-жойды. Жетпіс жыл бойы номенклатура КСРО-дағы бөлініс құралдарын қолдарында ұстады. Теңдікті жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің қандай да бір органына қоғамдық өнімді орталықтандырған басқару құқығын беру керек. Алайда, бұл моральдың салдары адамдардың орасан зор мөлшерінің жойылуына және қалғандарының кедейшілікке ұрынуына алып келді. «Әлеуметтік әділеттілік» деген тіркес те «халықтық демократия» сияқты жай семантикалық бос сөз ғана. Бөлінуші әділеттілік идеясы – әрбір индивид өз адамгершілік абыройына сай алуы тиіс деген мұндай кеңейтілген адамзат қауымдастығында өз мәнін жоғалтады.
Алайда, абстрактілі теңдік пен бөлініс әділеттілігінің жарамсыздығы әділеттіліктің моральдық қағидасының құнсыздануын білдірмейді. Д. Белл жазғандай, «адамзат санасының табиғатында әділеттіліктің моральдық схемасы барлық әлеуметтік тәртіптің қажетті негізі болып табылады: заңдылықтың болуы үшін билік ақталуы тиіс. Және, ақырында, дәл осы адамгершілік идеялар, яғни, қалаулы нәрсе туралы көзқарастар адамзат ұмтылыстары арқылы тарихты қалыптастырады» [17, 126 б.]. Теңдік туралы идеяның өзі гуманистік әлеуетін сарқыған жоқ. Бұқаралық санада теңдіктің үш түрі кездеседі: Құдай алдында, мораль алдында және заң алдында. Теориялық ойдағы «мүмкіндіктер теңдігі» концепциясы қызығушылық туғызады. «Нәтижелер теңдігі» талап ету байлықтың кедецлер пайдасына қарай радикалды қайта бөлінісін білдіреді, ал бұл бөлініс пен экономикалық өсімнің арасындағы байланысты бұзады. Крістің шамалы болса да қайта бөлінісі инвестиция есебінен тұтынуды ұлғайтады және экономикалық өсімнің қарқынын баяулатады. Кезінде Аристотель «мөлшер бойынша теңдік» пен «абырой бойынша теідіктің» айырмашылығын айтқан болатын және теңге теңсіз ретінде, теңсізге тең ретінде қатынас орната әділетсіздік пайда болатынын айтқан еді. Д. Беллдің пікірінше, теңсіздік индивидтің қоғамдағы орымен анықталатын өмір жағдайына, әлеуметтік ортаға, қызмет түріне, мұрасына сәйкес келуі тиіс. Сондықтан да, дәрігер мен санитардың, жұмысшы мен менеджердің, ассистент пен профессордың теңсіздігі туралы айту мүмкін емес.
Алайда, қоғам игіліктерінің бірден-бір қолға жинақталуы мен қалғандарының кедейшілікке ұрынуына жол бермеуі тиіс. Қоғамдық топтар арасындағы мұндай айырмашылыққа әртүрлі әлеуметтік қимылдар арқылы қарсы тұру қажет. Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық және моральдық мәселелерді реттеуде мемлекеттің рөлі күшеюде. Ендігі жерде өмірдегі теңсіздік үшін жауапкершілікті нарыққа артып қою мүмкін емес. Жолы боламғандардың топтық құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Бұл мәселелерді шешу адамзат дамуына әділеттілік жолмен жетуге жағдай жасайды.
Теңдік түсінігінің дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі әдептік-құқықтық жақтарын арнаулы зерттеген мамандардың пікірі бойынша бұл ұғым әділдіктің басты бір шарты болып есептелген. Айталық, қазақ қоғамындағы теңдік ұғымы, негізінен адамның жаратқан (құдай) табиғат, өлім алдындағы теңдігі жәйлі ой-ағымдарға келіп тірелетін. Сонымен бірге адамның бір-бірімен рухани теңдігі, оның ар-ұжданының, ақылының, талантының, жан дүниесінің басқа да қасиеттерінің байлыққа, лауазымға, билікке, яғни, әлеуметтік өмір атрибуттарына байланысты емес екендігі, олармен анықталмайтындығы туралы ой-санаға негізделген. Ал, бұлардың негізінде адам өмірінің жалғандығы, шолақтылығы, олардың бір-біріне бұл дүниеде қонақ екендігі туралы ой-түйіндер, толғамдар жататын. Яғни, теңдік туралы ұғым әлеуметтік қатынастардан гөрі табиғатпен, рухани өмірмен байланыстылығымен ерекшеленетін.
Теңдік туралы ұғымның ендігі бір астары – әділдікке, ақиқатқа жету. Теңдік іздеу, теңдік бермеу деген тіркестер осы мағынаны білдіреді. Әдетте, теңдік іздеу белгілі бір мәселе (дау) бойынша әділ төрелік ету мағынасында айтылады. Соған сәйкес теңдік бермеу-арызын тыңдата алмау немесе әділ билікке қол жеткізе алмау деген сөз. Яғни, бұл тұрғыдан келгенде де теңдік туралы ұғымның негізгі тұлғасы – әділ би. Әдет-ғұрып нормалары сол теңдіктің тетігі, ал оның кілті бидің қолында. Әділ би жоқ жерде, ол тетік те іске аспайды, оған қол жеткізу қиын, демек, теңдік табу да күмәнді жәйт. Сонымен, әділдік ұғымы дәстүрлі қазақ мәдениетінде тек рухани ұстаным түрінде ғана емес, күнделікті өмірге тікелей қатысы бар реттеуші әдеп нормасы болған. Қазақы түсінікте ол ар-ұятпен тікелей қатысты болған. Әділдік-адамгершілік, ар-намыс инабаттың ірге тасы. Әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ. Әділдік болмаса, тіршілікте мәнді ештеңеге орын қалмайды. Кісіге қиянат жасамаған, жұрт ақысын жемеген, айтқан уәдесінде тұрып, туралықты ту еткен адам ісін көңілдегідей орындайды, қанағат сезіміне бөленеді. Әділ кісіге біреуді алдап арбап олжа табу, өз мақсатына орай өтірік айту жат қылық. Турашылдық әділдіктен нәр алады. Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ (Абай).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет