Он үшінші тақырып



бет7/21
Дата04.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#71537
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Қайырымдылық және оның антиподы зұлымдық өздерінің абстракциялық мағынасында адамгершілік пен имансыздықты білдіреді. Қайырымдылық ұғымы адамдарадың ең жалпы мүдделерін, болашаққа деген үмітін, талап-тіліектерін білдіреді. Қайырымдылық өмірдің сақталуы мен дамуына қызмет етеді. Зұлымдылық, керісінше, өмірге кедергі жасап, оны жоюға тырысады. Этикадағы барлық жақсы және жаман қасиеттер салысырмалы мәнге ие. Мысалы, қорқыныштан туған көнбістік өз құнын жоғалтады. Э. Фромның айтуынша, жекелеген жақсылықтар мен жамандықтар емес, ізгілік пен күнәқарлық мінез-сипаты этикалық зерттеудің нағыз пәні болып табылады [11, 54 б.].
Жақсы адам пайдалы заттарды, өнер туындыларын және ой жүйелерін тудыра алғанымен, бұл игіліктің ең маңыздысы оның өзі болып табылады. Егер физикалық өсу өзіне қажетті жағдайларда жүзеге асырыла беретін болса, ал адамгершілік деңгейдегі жаратылыс үдерісі автоматты түрде іске қосыла қоймайды. Э. Фромм жазғандай, «адам ахуалының қасіреті оның дамуының толық еместігінде. Адам әрқашан да толық туылуға үлгермей жатып-ақ өмірден өтеді». Адамның мәні мен жазмышы осында.
Аристотельдің айтуынша, адам мақсатын назарға алу арқылы ізгілікті анықтауға болады. Жақсы адам – бұл ақыл-ойдың көмегімен өз әрекетінде адам бойына тән мүмкіндіктерге жол ашатын адам. Спинозаның көзқарасы бойынша, ізгілік адамның өз күшін пайдалануын білдіреді, ал күнәқарлық – өз күшін пайдалана алмаушылық, зұлымдылықтың мәні – әлсіздік. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды, «қайырымдылықтың» анықтамасы – бұл қалыпты әлеуметтік құндылықтарды білдіретін жалпы этикалық ұғым ғана емес, адамдар қылықтарында жүзеге асатын адамгершілік.
Ізгілікті адам конвенциясының айшықты көрінісі ХХ ғасырдың ұлы гуманисі А. Швейцердің өмірді қастерлеу туралы ілімінде байқалады. Оның негізгі сәттеріне тоқаталайық. «Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан келгенше көмкетесуге тырысқанда ғана, кез келген тірі нәрсеге зиян кельірмеуді ұстанғанда ғана нағыз адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір қасиетті. Ол ағаштың жапырағын жұлмайды, бірден-бір гүлді үзбейді, бірде-бір жәндікті басып кетпейді. Жазғы түнде шаммен жұмыс істеп отырғанда, отқа ұмтылған көбелек қанатының күйгенін көрмес үшін терезені жауып, қапырықта отырғанды дұрыс көреді» [12, 218 б.].
Өмірді қастерлеу этикасы өзге адамдар алдындағы парыздан бас тартып, өздерін еркін сезінген адамдарды мақтау да, даттау да керек емес есептейді. Ол қанай формада, қандай жағдайда болмасын, біздің өзге адамдарға қатынасымызда адам болып қалуымызды талап етеді. Сен бақыттысың, сондықтан, көп нәрсені құрбандыққа шалуға тиіссің, өзгелерге қарағанда саған денсаулық, қабілет, талант, табыс, байлық және т.б. көп мөлшерде берілген, мұның бәрін сен өз-өзінен келді деп есептеуге тиіс емессің. Сен оның ақысын өтеуің керек. Сен өзге өмір үшін өз өмірінің күшін беруге міндеттісін.
Алайда, нақты өмір компромисстерге (келісімдерге) толы, өз өмірді сақтау үшін мен зиян кетіруі мүмікін өзге өмірлерден өзімді қорғауым керек. Мен өсімдіктерді, жануарларды жою арқылы өзіме азық табамын. Менің бақытым өзгелерге зиян келтіруден құралады. Шындығында, этикалық емсе, тек өмір қажеттігі мен этиканың қоспасы болып табылатын нәрселерді адамдар этикалық ретінде қабылдайды.
Гуманистік этика бұл компромисті мойындамайды және ақтамайды. Ол тек өмірді сақтауға және дамытуға қызмет ететін нәрселерді ғана ізгілік, қайырымдылық ретінде мойындайды. Мұнан өзге қылықтардың барлығы, мейлі ол қандай жағдайда жасалсын, зұлымдылықты сипаттайды. Адам өмірге зиян келтіруі қажеттігіне қаншалықты бағынатынын және бұл үшін өзіне қаншалықты кінә арқалайтыны әрқашанда өзі шешіп отыруы тиіс. Адам осылайша адамгершілік тұрғыдан шынығады. Сонымен, гуманистік этикада қайырымдылық – бұл өмірді бекіту, адамның өз күшін дұрыс пайдалануы. Ал ізгілік – бұл өзінің өмір сүруі жаупкершілік. Зұлымдық адамды күшінен айырады, жамандық, күнәқарлық – бұл өз-өзіне деген қатынастағы жауапсыздық. Мұндай жағдайда моральды шын мәнінде бекіте алатын жалғыз философияның, керісінше, бұл мағынада мүлдем мақұрым болып саналуы оғаш көрінуі тиіс.
Шындығында кез-келген моральдық ережені кезінде біздің идеялардың бүкіл жүйесі терең қондырылған және уақытында барынша жалпы пікірлерді қалыптастыруға жалғыз қабілетті теологиялық рухтың ең алғаш енгізген жалпы мойындалуы керек. Бірақ өткеннің жиынтығы, дәл осылайша, бұл бастапқы жалпылықтың теологияның өзінің мәнінің азаюымен бір мезгілде үнемі кемігендігіе дәлелдейді; басқалары сияқты моральдық ережелер де, халық бұқарасының әрбір қылықтың адамның жеке немесе әлеуметтік өмір сүруіне нақты ықпалын ұғыну қабілеті өскен сайын, таза рационалистік қайта бағалауға ұшырата бастайды.
Моральды саясаттан мәңгіге ажырата отырып, бүгінде оның жекелеген қолданысы адамзат далалығының еншісіне берілген, осылайша жалпы ережелердің қалыптасуына тікелей теңестірілді. Ол жалпы ережелердің алдыңғы қатарлы халықтарға үндеу сала отырып, ертедегі данышпандар ол мәселелер тек діни жоралғылармен ғана шешіледі деп ұйғарылған, арнайы мәселелердің бір тобын қоғамдық пікірдің қарауына тапсырады: мысалы, Үндістандағы ғалым политеистер практикалық гигиенаның көптеген мәселелеріне қатысты әлі күнге осылай ойлайды.
Зұлымдылықтың әртүрлі концепциялары. Этикалық ой тарихында зұлымдылықтың әртүрлі концепцияларын кездестіруге болады: оны ақтаудан бастап, «аз зұлымдық» теориясымен сипатталатын апологиясына дейін. Олардың арасында зұлымдылық туралы діни ілім белді орынды иеленген. Оның бизнес этикасына тікелей қатысы бар. Егер нарықтың дамыған ошақтарын (Батыс және АТА) алар болсақ, онда христиандық пен буддизмнің (әртүрлі көріністегі) үстем ықпалын байқауға болады. Әлеуметтік зерттеулер мәліметіне сүйенсек, еуроамерикандықтар негізгі этикалық құндылықтар ретінде христиандықтың он өсиетін атайды.
Зұлымдылықтың христиандық концепциясы бойынша зұлымдылық Құдайдан емес, әлемнің Құдай жаратқан бейболмысынан шығады. Бүтіндей алғанда, әлем игілікті және әсем болып табылады, ал зұлымдық онда салыстырмалы түрде өмір сүреді: жетіспеушілік, жоқшылық, терістеушілік және бейболмыс түрлерінде. әлемде жетілмеген заттар – балшық, ірің, тұрпайлықпен қатар, моральдық зұлымдықтар да – күнә мен күнәқарлар да өмір сүреді. Күнәлі әрекеттердің мазмұны алуан түрлі: өтірік, адасушылық, қулық, өзімшілдік, ыза, өлім, қырқыс, алдау, өсек, реніш, мақтаншақтық, тәкаппарлық, бірбеткейлік, сатқындық, қаталдық, маскүнемдік, ұрлық, жала және т.б. Олар жалпыадасзаттық адамгершілік нормалардың бұзылуын білдіреді, ал діни тұрғыда жаратылыстағы күнәқарлық туралы мифпен байланысты. Қанауды, құлдықты, түрмені, қару мен бомбаны Құдай емес, адам ойлап тапты. Жоқшылық пен ауыр еңбекті Құдайдың еркі емес, адамның менмендігі мен ақымақтығы тудырды. Біз қаруымызды тастауға тиіс бүлікшілдерміз.
Зұлымдылықтың христиандық түсіндірмесінде тән құмарлығын сынау идеясы үлкен орын алған. Інжіл уағызы былай дейді: «Тәннің қамын жеуді құмарлыққа айналдырма». Адамның табиғаты алғашқы күнәқарлықтан бері бұзылған, тек Құдайдың шапағаты ғана адамды құтқара алады. Христиандықпен салыстырғанда исламда адам үшін зұлымдықтың көзі өзге адамда емес. Адам үшін тозақ болып оның өзімшілдігі табылады. Адам өз-өзінен бас тартып, Құдайға жақындауы керек.
Бүгінгі әлемде адамның бейшаралығы идеясы өз көрінісін авторитарлық жүйелерден (фашизм, социализм, автократия және т.б.) тапса, оларда мемлекет, партия, элита, автократ үстем күштерге айналса, ал мүгедек өз бейшаралығын мойындап, бағынуға мәжбүр болады. Қазіргі кездегі көптеген «демократиялық мемлекеттердегі» нақты демократия мен еркіндіктің жоқтығын, жоғарыда келтірілген зұлымдылықтардың үстемдігін олардың билеушілері «халық еркі» туралы арзан демагогиямен жапқысы келеді. Шындығында, алдау – күнә, ал арам пиғылымен алдау – екі есе күнә.
Егер зұлымдық нақты өмір сүрген болса, онда гуманистік этиканың алдында мынадай сұрақ туындайды: авторитарлық бұйрықтар мен тыйымдарға сүйенбей адам жаратылысының деструктивті қырларын қалай шектеуге болады? Бұл сұраққа Э. Фромм өзгеше жауап береді. Оның пікірінше, жек көрудің рационалды және иррационалды түрлері бар. Реактивті, рационалды жек көру – бұл адамның өзінің және өзге адамның өміріне, еркіндігіне, идеясына төнген қаупіне жауап. Ол өмірлік қатерге жауап ретніде пайда болады және қатер сейілгенде жойылады: ол өмірдің ұмтылыстарына қарсы тұрмайды, керісінше, оған серік болады.
Иррационалды жек көру бұл мінездің белгісі, үнемі жек көруге дайын тұру. Жек көруші адам өзінің осы сезімін көрсетуге қолайлы жағдай туғанда өзін бақытты сезінетіндей көрінеді. Өзінді-өзің жек көруге де болады, ол құрбаншылдықтан, аскетизмнен жиі көрінеді. өмірді бектуші энергияға кедергі келтіретін жеке және әлеуметтік жағдайлар деструкивтілікті тудырады, ал ол, өз кезігінде, зұлымдылықтың әр алуан көзінің бастауына айналады. Бұдан шығатын қорытынды, адам міндетті түрде зұлым емес, ол өзінің өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар жоқтығынан зұлым адамға айналады. Зұлымдық өз алдына дербес өмір сүре алмайды, ол қайырымдылықтың жоқтығының, өмірде өзін іске асырудағы сәтсіздіктің нәтижесі болып атбылады.
Жоғарыда қоғамдық өмірге тән оның әдептік ортасын құрастыратын идеалды бастаудың онда үлгі идея ретінде, яғни адамның жүріс-тұрысын іске асатын мұрат немесе «солай болуға тиістілік» ретінде анықтайтын құндылық ретінде көрініс беретіні атап көрсетілді. Сол арқылы қоғамдық өмірдің мәнін құрайтын бастаудың адамгершілік сипатта болатыны (сөздің кең мағынасында) айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет