Он үшінші тақырып



бет1/21
Дата04.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#71537
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


Тұрсын Ғабитов


Этика және әдеп мәдениеті


Оқу құралы

Алматы
2014


Пікір жазғандар:
философия ғылымдарының докторы, профессор Сатершинов Б.М.
философия ғылымдарының кандидаты Қуаныш Әлжан
философия ғылымдарының докторы, доцент Затов Қ.А.


Тұрсын Ғабитов. Этика. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 186 б.

МАЗМҰНЫ



К І Р І С П Е



3

1 Этика пәні және Әдеп мәдениеті






    1. Этика пәні нені зерттейді?

    2. Адам және әдеп

    3. Әдеп және моральдық таңдау




5
5
9

2 Этиканың ұғымдары мен категориялары

2.1 Этиканың ұғымдары мен категориялары туралы жалпы түсінік


2.2. Әдеп – жақсылық пен жамандықты айыра білу
2.3. Парыз, намыс және абырой
2.4. Әділеттілік
2.5 Бақыт
2.6 Ар-ұят
2.7 Мұрат және өмір мағынасы
2.8. Имандылық ұғымдары



12
15


14
20
23
26
29
34
40

























3 Дәстүрлі Қазақ әдеп мәдениетінің тарихи формалары


3.1 Қазақ әдеп мәдениетінің тарихи қалыптасуы.
3.2 Түркі ойшылдарының этикалық ойлары
3.3 Дәстүрлі қазақ әдеп мәдениетінің құндылықтары



49
54
70

4 ӨЗГЕРІСТЕР ЗАМАНЫНДАҒЫ Қазақ әдеп мәдениеті
4.1 Ресей империясы құрамындағы қазақтың әдеп мәдениетіндегі өзгерістер
4.2 Тоталитаризм мен жаһандандану дәуірлеріндегі қазақ әдеп мәдениетіндегі түбегейлі өзгерістер



79

100


Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ



127
130



КІРІСПЕ

Оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Этика» пәнін оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес орындалған. Этика пәнін жоғары оқу орындарында оқыту тәжірибесі мен отандық мәдениет философиясы ілімінің жетістіктері де ұсынылып отырған құралда ескерілген. Жас мамандарды бір тұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында осы пәнінің алатын орны ерекше.


Қазақстан Республикасы тек экономикасы жағынан ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік және тұлғалық өмірдің барлық салаларында өтпелі қоғамды басынан өткізіп, инновациялық қоғам құрып жатқаны белгілі. Өтпелі қоғамда дәстүрлі реттеу нормалары қайта қаралып, олардың орнына апробациядан, тәжірибелік тексеруден толық өтпеген жаңа құндылықтар ұсынылады. Олардың көпшілігі, бұрыңғы дәстүрмен байланысы аз, басқа мәдениеттерден алынған үлгі-модельдер екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік бар. Дәстүр мен жаңадан пайда болған үрдістердің үйлесімсіздігі кейбір жағдайларда аномияны, яғни нормасыздық, заңсыздық жағдайын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан, дәстүрлі қоғамның рухани тетіктері мен олардың өзгермелі қоғамдағы ерекшеліктерін қарастыру оқу-ағарту жағынан да, тәрбиелік тұрғыдан да өзекті мәселе болып табылады.
Адамдық қарым-қатынастарды реттеу нормаларын ақиқатқа жақын, дұрыс және толығырақ зерттеу үшін этиканы мәдениеттанумен үйлесімді қарастыру қажет. Өйткені, мәдениет адамдық болмыс тәсілі ретінде өзінің тұтастығын және әмбебаптылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді және осы тұтастық тұрғысынан әдептік нормаларды айшықтап отырады. Адамзат мәдениетiнiң алға жылжуы адамның рухани дамуымен байланысты. Аталмыш адамгершiлiк қағидасының мазмұны сенiм, адамға деген махаббат пен сыйластық, жеке тұлғаны кемсiтудiң барлық түрiмен күресуден көрiнедi. Бүгiнгi күнi iзгiлiктi, рухани дамыған адам болу дегенiмiз - адамды жеке тұлға ретiнде тану, абырой, ар-намысын құрметтеу. Iзгiлiк - жоғары мәдениет пен бiлiмдi, сөз бен iстiң бiрлiгiн талап ететiн, немқұрайлылықпен күресетiн белсендi өмiрлiк ұстаным. Адам қандай құндылықтар жүйесiн ұстанады, ненi мақсат етiп, неге талаптанады деген сұрақтарды анықтау да өзектi. Денсаулық, махаббат, сұлулық, бiлiм, сүйiктi жұмыс сияқты құндылықтар қай дәуiрде болмасын маңызын жоғалтқан емес. Адамгершілік іс жүзінде адамдар арасындағы барлық қарым-атынастарды, олардың мемлекет пен қоғамға қатынасын қамтиды. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптары нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті әдетіне ауысады. Қоғамдық мораль қоғамдық және мемлекеттік құрылымның одан әрі бекітілуіне жәрдемдеседі, белсенді тұлғаны қалыптастырады. Сонымен, тұрақты моральдық тәртіпті ұстап тұру үшін ақыл-ойға барынша қысым көрсетуді бірде әлсіз, бірде наразы түрде талап ететін ескі жүйені алмастыру үшін, дәл осы адамгершіліктің салтанат құруы мақсатында, жағымды ойлаудың жалпыға ортақ басымдылығына жету үшін бүгінде қызу жұмыс істеу қажет.
«Этика» курсының ХХ1 ғасырдың білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Этиканы оқып-білу үшін жас ұрпақ мектеп қабырғасында-ақ жаратылыстану мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Егер біз әдепті ұрпақты рационалды пайымдалған моральмен байланыстырсақ, онда ол қарым-қатынастың психологиялық реттеушілік қызметімен айқындалады. Этика пәні оқушылардың жалпы және кәсіби мәдениетін жоғарылатуға, адамның бойында адамгершіліктік құндылықтарға саналы қатынас жасауды үйренуге, жауапкершілікті өмірлік таңдау жасау қабілетін игеруге, сол арқылы білім алу менкүнделікті өмірде дәйекті гуманистік ұстанымдарға қол жеткізуге көмектеседі.
Бұл әдістемелік құралы елімізде қабылданған «Білім туралы» Заңға, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасына», «Ұзақ жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына», Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2012 жылы 23 тамызда бекітілген, «Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартына» сәйкес орындалды.
«Этика» пәнінің мақсатыстудент жастарды этикалық құндылықтар негізінде жоғары адами қарым-қатынастарға баулу;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет