Ақсу қаласының
МКҚК «№___» бөбектер бақшасы
«Балдаурен» Естияр тобының
12.04.2012 жылы туған
Мұрат Айланаға
Мінездеме
Мұрат Айлана Маратқызы 2012 жылдың 12-ші сәуір айында дүниеге келген.
Қабылдау ұғымы жоғары, тіл байлығы бар. Мерекелік іс-шараларға белсене қатысады, би
билейді, ән айтады. Өзі еңбекқор деуге болады, оны топтағы ойыншықтарды реттеп
жинастырып, ұқыпты жүретіндігінен байқадым.
Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі балабақша
ережелеріне сай. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Қоршаған орта туралы түсінігі мол,
айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым – қатынасы жақсы. Топтан тыс
шараларға белсене қатысады.
Дене шынықтыру сабағы кезінде Айлананың қимылдарының икемділігімен,
ептілігімен көзге түседі. Айлана сапта өз орнын таба білумен, шыдамдылығымен сабақты
жүзеге асырады.
Айлана тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдылары жақсы қалыптасқан.
Мүсіндеу, жапсыру, сурет, музыка және т.б сабақтарда белсенді қатысып сабаққа жақсы
қатысады.
Айлана 10 көлеміндегі санау дағдыларын ,қарапайым уақыт түсініктері,
геометриялық пішіндерді, сол оң ұғымдарын,үлкен –кіші, аз-көп, биік аласа ұғымдарын
меңгерген.
Мұрат Айлана балабақшаға тез үйренген, барлық балалармен қарым қатынасы жақсы.
Балабақшада өзін жақсы ұстай біледі.
Айлананың болашақта үлкен қызметкер болатынына сенімдімін, оған тек сәттілік
тілеймін.
Ақсу қаласының
Достарыңызбен бөлісу: