Өндірістік іс-әрекеттің қауіпсіздігін қамтитын принциптер, әдістер және қондырғылар



бет2/11
Дата02.12.2023
өлшемі365,55 Kb.
#132559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
А әдісі – гомосфера мен ноксосфераның кеңістік және (немесе) уақыттық бөлінуінен құралады. Бұл дистанциялық басқару, автоматтау, роботтау және басқада қондырғыларымен жүзеге асырылады.
Б әдісі – қауіпті болдырмау арқылы ноксосфера нормализацияланады. Ол адамды дыбыстан, газдан және шаңнан қорғайтын ұйымдардың біртұтастығы, еңбекті қорғау жағдайларын қанағаттандырмайтын қондырғыны алмастыру немесе модернизациялау, ғимаратты, қондырғыны және жұмыс орындарын қажетті ұжымдық қорғаныс бұйымдарымен қамтиды.
В әдісі адамның қоршаған ортаға бейімделуді арттыруға және қорғауға бағытталған әртүрлі әдістер мен қондырғылар. Бұл әдіс бірнеше бағытта жүзеге асырылады:

  • Қауіптілігі жоғары жағдайдағы жұмысты орындау үшін қызметкерлерді мамандап таңдау;

  • Белгілі мамандыққа қызметкерлерді арнайы оқыту және нұсқаулар жүргізу;

  • Қызметкерлерге алдын-ала және мерзімді медициналық тексеруден өткізу;

  • Қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамту.

Егер А және Б әдістері техникалық себептермен жүзеге асырылмаса, не болмаса қанағаттанарлықсыз нәтиже беретін болса, онда В әдісі қолданылады. Мұндай жағдайда адамның қауіпті аумақта болу уақыты шекті уақыт нормативімен бекітіледі. Қызметкер үшін жұмыс аптасының уақыты қысқарады және тынығу уақыты ұзарады.
Өндіріс жағдайлары ескеріліп әдістер таңдалынады.
    1. Химиялық өндірістегі негізгі қауіптілік көздері


ХХ ғасырдың екінші жартысындағы өндірісте болған түбегейлі өзгерістер химия өндірісімен тікелей байланысты.
Мұнай және газ үлесі бастапқы энергокөздерімен салыстырғанда 70% өсті. Қазіргі объектілер энергияға қанық. Қуаттылығы 10-15 млн.т/жыл мұнай өңдейтін зауыттың өндірістік алаңында 300-500 тонна көмірсутек отыны, энергомөлшері 3-5 Мт тротилге эквивалентті болып келеді. Технология және температура, қысым, қауіпті зат құрамы қарқынды түрде өсіп, критикалық мәнге жақындап қалды. Қондырғылардың бірлік қуаттары, қауіпті заттар құрамында сәйкесінше өсіп жатыр. Мұнай химиялық және химиялық зауыттардың саны артып жатыр, олардың көбісі отындар, улы заттар өндіреді.
Экономикалық тиімді болу үшін халық жиі шоғырланған жерге энергияны, газды, жылуды және транспорт магистралдарын орнатқан тиімді болады. Жаңа технологияны енгізу қауіпсіздік мәселесіне жаңа, күрделі және әртүрлі болып келетін мәселені тудырады, ал оны шешу үшін аздаған уақыт ішінде үздіксіз өндіріс жағдайында шешіледі.
Химиялық қауіпті объект болып барлық химиялық технологиялар қолданылатын объектілер саналады. Төменде химиялық технология объектісі ретінде қауіпті заттарды өңдейтін, қолданылатын, тасымалдайтын, қайта өңдейтін, сақтайтын және жоятын өндірісті айтамыз. Қауіпті зат дегеніміз өндіріс жағдайында қолданғанда, тасымалдағанда, қайта өңдегенде және тұрмыстық жағдайда пайдаланғанда адамзат пен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін табиғи немесе жасанды жеке заттар (қосылыс).
Адамзат мен қоршаған ортаға химиялық технология объектілерінің функцияларын бірқалыпты ұстағанда қауіптілігі мен тәуекелдігі төмендейді. Бұл дегеніміз, яғни қоршаған ортаға түсетін қалдықтарды және улы заттарды реттеу керек. Бірақ мұндай объектілер апаттық жағдайда үлкен зардап тудырады. Химиялық қауіпті объектідегі апаттық жағдайда адамдардың ағзасы негізінен ингаляциялық жолмен уланады. Қазіргі уақытта адам ағзасына қауіпті 54 химиялық улы заттар белгілі.
Химиялық қауіпті объектілердің қызмет ету шикі зат пен материалдың физика-химиялық қасиетіне, технологиялық үдерістің сипатына, қондырғының құрылымына және сенімділігіне, химиялық заттарды сақталуы мен тасымалдануына, бақылап-өлшегіш және автоматтандыру құралдарының жағдайларына, апаттан қорғау қондырғыларының тиімділігі секілді шарттарға тәуелді болып келеді. Сонымен қатар ұжымның профилактикалық жұмысына, жоспарлы- ескертетін жұмыстардың сапасына, мамандардың дайындығына және апаттан қорғау үшін қолданылатын бұйым жүйелерінің жағдайына тәуелді.
Осындай өндірістерде ең бірініші орында өртке және жарылысқа қауіпсіздігін қатаң сақтау керек. Ерекше талаптар коррозияға қарсы материалдарға қойылады. Химиялық өндіріс өнеркәсібінде электрожарақаттар жиі кездесіп тұрады.
Химия өндірісіндегі қауіпсіздікті сақтау мәселесі өте күрделі, сондықтан арнайы мамандарды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет