Өндірістік іс-әрекеттің қауіпсіздігін қамтитын принциптер, әдістер және қондырғылар



бет8/11
Дата02.12.2023
өлшемі365,55 Kb.
#132559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1 – диффузор; 2 – конус; 3 – обегайка; 4 – қақпақпен обегайканы ұстап тұратын лажалар; 5 – қақпақ.

    1. – сурет. ЦАГИ дефлекторының сызбанұсқасы:

Дефлектор сорғыш түтік үстінде бекітілген цилиндрлі обегайка 3 болып табылады. Ауаның шығуын жеңілдету үшін түтік ұшында диффузор болады. Қақпақ 5 дефлекторға жаңбырдың тиюін кедергілейді.


Механикалық желдетуді қолданғанда кіретін ауаны алдын-ала тазартуға, қыздыруға, суытуға немесе ылғалдатуға болады, ал қоршаған ортаға тасталатын лас ауаны тазартуға болады. Сонымен қатар, ауаны ауа құбырлары арқылы ғимараттың кез – келген зонасына беруге немесе оны зиянды заттардың интенсивті түзілуі орындарынан кетіруге болады. Химиялық өнеркәсіпте жергілікті механикалық желдетумен қосарланған кіргізгіш – шығарғыш, жалпы алмастырғыш механикалық желдету кең қолданыс тапты. Бірақ механикалық желдетудің кемшіліктері бар, яғни дыбысты изоляциялау қажеттілігі, құрастыру мен эксплуатациялау қымбаттылығы және үлкен энергия сыйымдылық
болып табылады.
Кіргізгіш – шығарғыш жалпы алмастырғыш механикалық желдету жүйелі екі жеке қондырғыдан тұрады, біреуі арқылы таза ауа беріледі, екіншісі арқылы ластанған ағынды кетіреді (2.3 - сурет)



1 – ауа қабылдағыш; 2 – ауа құбырлары; 3 – фильтр; 4 – колорифер; 5 – орталықтандырғыш желдеткіш; 6 кіргізгіш қуыстар; 7 шығарғыш қуыстар; 8
реттеуші тетік; 9 – ауаны тастауға арналған құрал; 10 – рецеркуляцияға арналған ауа құбыры; 11 қорғалатын ғимарат.



    1. – сурет. Механикалық кіргізгіш – шығарғыш желдетудің сызбанұсқасы

Берілетін ауа мөлшерінің кетірілетін ауа мөлшеріне қатынасы желдеткіштік ауа балансы деп аталады. Кіретін және шығатын ауа тең болғанда баланс тепе – тең, кіретін ауа артық болғанда оң, шығатын ауа артық болғанда теріс деп аталады. Ауа балансының сипаты санитарлық


– гигиеналық маңызға ие. Мысалы, кері баланс кезінде ауа зиянды заттар мөлшері көп желдетілетін ғимараттан бөліністері аз немесе жоқ ғимаратқа өтпейді. Оң баланс ғимаратты зиянды және қауіпті қосылыстардың өтіп кетуінен толық изоляциялауға мүмкіндік береді.
Кіргізгіш желдету жүйелері келесілерден тұрады: ауа аз ластанған жерлерде ғимарат сыртында орнатылатын ауаны жинағыш құралдар; ауа қажет қасиеттер беруге арналған құралдар (фильтрлер, калориферлер); ауаны қажет жерге бағыттайтын ауа құбырлары; ауа қозғалысын қоздырғыштар (желдеткіштер, эжекторлар); ауаны қажет орынға берілген жылдамдықпен және қажет мөлшерде берілуін қамтамасыз ететін ауа таратқыш құралдар.
Шығарғыш желдету жүйелеріне ауа құбырларымен қоса зиянды заттардың жұмыс зоналарына өтуін максималды қысқартатын, түрі мен формасы әртүрлі жергілікті қаптамалар; егер ауа одан әрі рецеркуляцияға қолданылса немесе өте лас болса оны тазалауға арналған құралдар кіреді. Ғимараттан кетірілетін ауаны атмосфераға тастайтын құралды шатырдағы атшадан 1–1,5 м жоғары биіктікте орнатады.
Ауаны жұмыс зонасына зиянды заттардың аз бөлінетін жерінде адамдардың тыныс алатын деңгейінде беру (2м) қажет. Шығарғыш қуыстарды ластағыш қосылыстар көп жиналатын орынға жақын орналастырады. Шығарғыш желдету камераларын кіргізгіш камералардан бөлек орнатады.
Жергілікті желдету зиянды заттарды тікелей бөліну орындарынан ұстап, ғимараттағы ауамен араласып кетуін боддырмауға арналған. Жергілікті желдету гигиеналық артықшылығы – ол зиянды бөліністердің жұмысшының тыныс алу зонасына өтіп кетуін толық болдырмайды не қысқартады. Жергілікті кіргізгіш желдету жұмыс зонасына таза салқын (қыздырылған) ауаны беріп, қолайлы метереологиялық жағдай тудырады. Жергілікті желдету үш түрлі қаптамамен жабдықталуы мүмкін: зиянды қосылыстардың бөліну көзін толық жабатын қаптамалар, бөліністер мен қайта үрлеу көздерінен тыс орналасатын қаптамалар. Зиянды бөліністер көздерін толық жабатын қаптамалар ең эффективті, бірақ оларды қолдану кейде технология талаптарына сай келмейді.
Жұмысшыларды қорғау үшін капсулалар және аспирация әдістері қолданылады. Капсулалау кезінде қондырғыны толығымен қапқа – капсулаға кіргізеді. Аспирация кезінде зиянды бөліністерді технологиялық қондырғылардың ішкі көлемдерінен жояды. Сонымен қатар қорғау мақсатында сарғыш шкафтар, зонттар, кабиналар, камералар және т.б. қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет