Өндірістік іс-әрекеттің қауіпсіздігін қамтитын принциптер, әдістер және қондырғылар


Өндірістік ғимараттардағы оптималды микроклиматтың орнауын қамтамасыз ететін шаралар. Жылыту, желдету және ауаны



бет6/11
Дата02.12.2023
өлшемі365,55 Kb.
#132559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өндірістік ғимараттардағы оптималды микроклиматтың орнауын қамтамасыз ететін шаралар. Жылыту, желдету және ауаны


кондиционерлеу
Өндірістік микроклиматтың қолайсыз әсерімен күрес технологиялық, санитарлық – техникалық және медициналық – профилактикалық шараларды жүргізу арқылы жүзеге асады.
Жоғары температураның зиянды әсерінің профилактикасында негізгі орынды технологиялық шаралар алуы тиіс. Оларға ескі технологиялық процестер мен қондырғыларды жаңарту, процестерді автомизациялау мен механизациялау және дистанционды басқару жатады.
Санитарлық техникалық шаралар қондырғылардан болатын жылулық сәулелену мен жылу бөліну интенсивтілігін азайтатын жылу бөліну және жылу изоляциясы локализациясының тәсілдерін енгізумен байланысты.
Жылу бөлінуді азайтатын эффективті әдістер: қызатын беттер мен бу – газ құбырларын жылу изоляциялайтын материалдармен (шыны мақта, асбест, асботермит және т.б.) қаптау; қондырғыларды герметизациялау; шағылыстырғыш жылу жұтатын және жылу бөлетін экрандар мен бүркемелер орнату, сонымен қатар су – ауа және ауа шашыратуды қолдану; желдеткіш жүйелерді орнату, жеке қорғаныс заттарын қолдану.
Медициналық профилактикалық шараларға жұмысшылардың рационалды жұмыс режимі мен демалысын ұйымдастыру, ішу режимін қамтамасыз ету, фармонологиялық заттарды (дибазол, аскорбин қышқылы, глюкоза) қабылдау мен оттегіні жұту арқылы адам ағзасының жоғары температураларға беріктігін арттыру, алдын – ала (жұмысқа орналасқанда) және периодты түрде медициналық қаралудан өту жатады.
Суықтың қолайсыз әсерінің профилактикасы бойынша мынадай шаралар жылуды ұстап тұруға бағытталады: жылулық, ауалық бүркемелер немесе тамбурлар жасау арқылы өндірістік ғимараттардың салқындап кетуін болдырмау, еңбек пен демалыстың рационалды режимдерін таңдау, жеке қорғаныс заттарын пайдалану, ағзаның қорғаушы күштерін арттыруға байланысты шаралар. Суықта ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдар үшін арасында жылынып тұруға арналған арнайы жабдықталған орындар ескеріледі [33].
Ауа шашыратуды ыстық цехтардың жұмыс орындарында қолданады. Ол жұмысшыларға бағытталған ауа ағыны болып табылады. Оның әсері желдетуші ауа жылдамдығының артуы кезінде адамның жылу беруінің артуына негізделген. Ауа бүркемелер ғимаратқа жиі ашылатын есіктер мен қақпалар арқылы суық ауаның өтуін шектеу үшін қолданылады. Ауаны қуыс жазықтығына максималды жақын шығару тесіктері арқылы береді. Ауаны беру алдында қыздырса, ауа – жылулық бүркеме болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет