Өндірістік іс-әрекеттің қауіпсіздігін қамтитын принциптер, әдістер және қондырғылар



бет9/11
Дата02.12.2023
өлшемі365,55 Kb.
#132559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Аспирация химия өнеркәсібінде зиянды бөліністерді электролитті ванналардан, түрлі химиялық реагенттері бар ыдыстардан, жуғыш аппараттардан, құрғатқыштардан және басқа да аппараттардан кетіру үшін қолданылады.
Сорғыш шкаф (2.4 (а) – сурет) ішінде адамдар зиянды заттармен жұмыс істейтін сыйымдылығы үлкен жабдық. Шкафқа кіретін қуыстар арқылы сорып алынатын ауа қозғалысының жылдамдығы уыттылығы төмен газдар мен булар қатысында 0,5 – 0,7 м/с кем болмауы тиіс, ал күшті әсер ететін зиянды заттар (қорғасын мен сынап булары, циан қосылыстары және т.б.) бөлінуі кезінде 1,0 – 1,5 м/с болу керек.
Сорғыш зонттар (2.4 (б) – сурет) жылу бөлінуі кезіндегі зиянды заттарды локализациялау мақсатында қолданылады. Зонттарды барлық жағынан ашық немесе жартылай ашық етіп жасайды. Кесінді формалары бойынша олар тікбұрышты немесе домалақ болуы мүмкін. Бортты сорғыштар зиянды заттар бөлінуінің үстіндегі кеңістік бос болуы қажет болғанда және олар жоғарыға көтерілуі үшін жеткіліксіз қыздырылған жағдайда қолданылады. Бортты сорғыштарды, мысалы, синтетикалық талшық өндірісінде диметилформамид буларын кетіру үшін қолданылады.





а – сорғыш шкаф; б - сорғыш зонттар; в– бір жақты бортты сорғыш; г – екі жақты бортты сорғыш; д – қайта үрлегіш.



    1. – сурет. Зиянды заттарды ұстап қалатуға қолданылатын әртүрлі қаптамалар типтерінің сызбанұсқасы:

Желдеткіш ауа мөлшері идаралық нормативті құжаттармен орнатылған ауа алмасу еселіктерімен есептеледі. Ауа алмасу еселігі (К, сағ-1) ғимаратта бір сағат ішінде ауа неше рет толық алмасуы қажет екенін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:


К=V/VF


Мұндағы, V – ғимараттағы желдетуге арналған ауа көлемі, м3/сағ; VF – желдетілетін ғимарат көлемі, м3.


Химиялық өндірістердің көптеген ғимараттары үшін технологиялық процестерді қалыпты жүргізгенде К= 3 – 10 сағ-1 аралығында тербеледі.
Ауаны механикалық түрде қозғалту үшін кіргізгіш және шығарғыш желдету жүйелерін желдеткіштермен (сыртқы тепкіш және осьті), кейде эжекторлармен жабдықтайды. Эксплуатациялау жағдайларына байланысты құрылмасы әр түрлі желдеткіштер қолданылады (қарапайым, антикоррозиялық немесе жарылыстан қорғаушы).
Егер тастандылар құрамында агрессивті орта, мысалы, соққыдан ғана емес, үйкелістен де жарылуға қабілетті шаң, сонымен жарылғыш газдар мен булар (ацетилен, эфир) болса, электорлы желдетуді қолдану қажет. Оны қолданған кезде булар, газдар және шаң желдеткіштің дөңгелегімен тиіспейді (2.5 - сурет). Эжекторға ауаны желдетілетін ғимарат сыртында орнатылған жоғары қысымды желдеткішпен (компрессормен) айдалып, камерада 4 эжекция нәтижесінде жеңілдету пайда болады, оның әсерімен ауа желдетілетін ғимараттан сорылады.

1 диффузор; 2 – мойынша; 3 конфузор; 4 жеңілдету камерасы; 5 –
қақпақ.



    1. – сурет. Эжектор

Апаттық желдету өздігінше желдеткіш қондырғы болып табылады. Бұл зиянды заттарды қолданумен байланысты өндірістер және жарылыс пен өртке қауіпті өндірістер эксплуатациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Автоматты түрде қосылу үшін апаттық желдетуді ШҰҚ мәніне (зиянды зат мөлшері бойынша) немесе жалын таралуының төменгі концентрациялық шегінің шамасына (жарылғыш қоспалар үшін) орнатылған автоматты газоанализаторлармен блоктайды. Сонымен қатар, ғимарат сыртындағы кіру есіктерінің жанында орналасқан қосушы құралдарды басқарудың дистанционды пульті ескерілуі тиіс.


Зиянды заттар көрші ғимаратқа өтіп кетпеуі үшін апаттық желдетуді тек шығарғыш етіп ұйымдастырады. Сорып шығару еселігі қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік санитарияның салалық ережелерімен анықталады.
Желдетудің еңбек жағдайларын сауықтыру факторы ретінде маңызы зор болғанымен, оның мүмкіншіліктері шексіз емес, сондықтан желдетумен қатар зиянды заттар мен артық мөлшердегі жылудың бөлінуін азайтатын техникалық тәртіп шараларын қолдану қажет.
Ауаны кондиционерлеу. Әдеттегі желдету жүйелері адамдар болатын зоналардағы қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін шектердегі ауаның барлық көрсеткіштерін ұстап тұруға қабілетсіз. Бұл мәселені кондиционерлеу шешеді. Ол механикалық желдетудің ең жетілдірілген түрі және жұмыс орнында сыртқы жағдайларға тәуелсіз оптималды микроклиматты автоматты түрде сақтап тұрады. Жалпы алғанда кондиционерлеу деп ауаны қыздыру немесе суытуды, ылғалдату немесе құрғатуды және оны шаңнан тазалауды түсінеді. Кейде сонымен қатар, ауаны ионизациялау, жағымсыз иістерді жою немесе жағымды иістерді қосу қажет болады. Кондиционерлеу жүйелері жайлылық және технологиялық болып бөлінеді. Жайлылық кондиционерлеу жүйелері ғимаратта адам үшін тұрақты жайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Технологиялық кондиционерлеу жүйелері өндірістік ғимаратта технологиялық процеске қажет жағдайларды сақтап тұруға арналған.
Ауаны кондиционерлеуге желдетумен салыстырғанда көп шығын жұмсалады, бірақ ол тез аяқталады, себебі еңбек өнімділігі артады, адамдар аз ауырады және т.б.
Жұмыс орнындағы микроклимат адамның жұмысқа деген қабілеттілігі мен хал – жағдайына әсер ететіндіктен, орта көрсеткіштерін үнемі бақылау қажет. Өндірістік ғимараттардағы температура мен ауа ылғалдығын өлшеу үшін аспирационды психрометрлер қолданылады. Желдету және кондиционирлеу жүйелерімен жабдықталған өндірістік ғимараттардағы температура мен ауа жылдамдығын сандық қосарланған термоанимометрлермен өлшейді. Микроклимат пен ОЖК – индексі көрсеткіштерінің бірлескен әсерін анықтау үшін шар термометрлер, ал интегралды жылулық күшті бағалау үшін жылулық күш мониторлары қолданылады.
Температураны уақыт аралығында үздіксіз тіркеу үшін өздігінен жазатын құралдарды – термографтарды пайдаланады. Температураны еденнен 1,5 м биіктікте және сыртқы қабырғалардан, қыздырғыш құралдардан және басқа да жылу көздерінен 1 метрден астам қашықтықта өлшеу қажет.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет