Фармацевтік өндірісте суды дайындау жүйесін құру әдістері.
Өндірісте суды дайындауда ен алдымен тазарту жұмыстары жүреді суларды механикалық, химиялық, биологиялық жолмен тазартады.
Механикалық жолмен тазарту әдісі Өңдеу Механикалық жолмен тазарту әдісі - ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың - 95%-ке дейін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.
Химиялық жолмен тазарту әдісі Өңдеу
Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі - әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақсартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады.
Биологиялық әдіс Өңдеу Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық процесстің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар - жер суару кесімдері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады.
Фармацевтік кәсіпорындарда шаңдарды тазарту қондырғыларын қолдану
Өндірістік шаңдар – әртекті формада, өлшемде қатты заттардың бөлшектерінен тұратын өнеркәсіптік жұмыстар нәтижесінде түзілетін дисперсті жүйе. Шаң ұстағыштар (циклон) – қоршаған ортаны газдағы бөлшектерден тазартатын, өнеркәсіпте қолданылатын ауа тазартқыш. Құрғақ шаң аулағыштар (циклондарды, шаң басатын камераларды тазалайды) бұл құралдар үлкен және ауыр көлемдегі шаңнан механикалық тазарту үшін
қолданылады. Жұмыс реті - орталық күштің және тартылыс күшінің әсерімен
бөлшектерді шөктіреді. Дымқыл шаң аулағыштар су құюды қажет етіп,
жұмыс реті бойынша тартылыс күші және броун
қозғалысының әсерімен шаң бөлшектерін
тамшы жоғарысына шөктіреді. Тәжірибеде ең көп
қолданылатыны Вентури скрубберлері . Ол
2мкм көлемдегі бөлшектерді 99% дейін тазалап, барлық
дымқыл шаң аулағыштар секілді тазалау кезінде
жарылғыш заттар мен жанғыш газдармен ауыспайды.