Ономастикалық хабаршы №2 (32) 2016



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата31.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#10997
1   2   3   4   5   6   7   8

Шартты қысқартулар:

Айд. I  Айдаров Ғ. Күлтегiн ескерткiшi. –Алматы: Ана тiлi, 1995. –232 б.

Айд.  II  Айдаров  Ғ.  Тоникуқ  ескерткiшiнiң  (ҮIII  ғасыр)  тiлi.  –Алматы: 

Қазақстан, 2000. –120 б.



Тарихи т

опонимик

а

23

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Аманж. Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. – Алма-

ты: Мектеп, 2003. – 366 с.

ДТС  Древнетюркский  словарь.  Под  ред.  В.М.Наделяева,  Д.М.Насилова, 

Э.Р.Тенишева, А.М.Щербака. – Ленинград: Наука, 1969. – 676 с.

Малов МҚ І Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – Мо-

сква–Ленинград: Издательство АН СССР, 1951. – 452 с.

М. Қашқари. Девону луғот ит турк. С.М.Муталибов. І том. –Ташкент: УзССР 

Фанлар академиясы нашриётининг боспахонаси, 1960. –499 с.

Сартқ. Сартқожа Қ. Орхон мұралары. – Астана: Kultegin,  2003. – 392 б.

КТү. Күлтегiн, үлкен жазба

КТк. Күлтегiн, кiшi жазба

КЧ Кули Чор ескерткіші

МЧ Мойун Чур ескерткіші

Он. Онгин ескерткіші

Тон. Тониқук ескерткіші

                    

Әдебиеттер тізімі: 

1. Қайдаров  Ә. Т.   Қазақ тiлiнiң тарихи лексикологиясы: проблемалары мен 

мiндеттерi // Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. –Алматы: Ғылым, 1998. –Б. 50-74.

2. Бартольд  В. В.   Очерк истории Семиречья. –Фрунзе, 1943. –329 с.

3. Аманжолов  С.   «Қазақ» деген сөз қайдан шыққаны туралы // Қазақ тари-

хынан. –Алматы, 1997. – Б. 105-108.

4. Кайдаров  А. Т.,  Кайчубаев  Е. К.   К лингвистическому объяснению этно-

нима «Қазақ» // Вестник АН КазССР. –1972. – № 2. – С. 47-51.

5.  Советский  энциклопедический  словарь.  –Москва:  Советская  энциклопе-

дия, 1988. –1592 с.

6. Сәдібеков  З.   Қазақ шежіресі. –Ташкент, 1994. – 45 б.

7. Айдаров Ғ. Тоникуқ ескерткiшiнiң (ҮIII ғасыр) тiлi. –Алматы: Қазақстан, 

2000. –120 б.

8. Кононов А. Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников (ҮІІ-ІХ 

вв.). – Ленинград: Наука, 1980. – 256 с. 

9. Кононов А. Н. Показатели собирательности-множественности в тюркских 

языках. – Ленинград, 1969. –167 с. 

10. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология. – 

Москва: Наука, 1988 – 557 с.

11. Бичурин  Н. Я.   Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии 

и древние времена. –Москва-Ленинград, 1960. – 492 с.


24

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Ж. Қоңыратбаева 

 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, 

филология ғылымдарының кандидаты 

ГОДОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ:

ТІЛДІК-ТАРИХИ ЗЕРТТЕЛІМ ТҰРҒЫСЫНАН

(Астана қаласының көше, даңғыл атаулары негізінде)

Қазіргі  отандық  тіл  біліміндегі  түйткілді  мәселелердің  бірі  –  ономастика 

ғылымының зерттеу нысанындағы онимдер разрядтары (годонимдер, эргоним-

дер, прагматонимдер, менсонимдер, т.б.) және олардың зерттелу жайы. Себебі 

қоғамдағы  саяси-экономикалық,  мәдени  қатынастар  динамикасы  қарыштаған 

сайын  онимдер  табиғаты  да  күрделене,  өзгере,  жаңғыра  түседі.  Сондықтан 

белгілі бір ономастикалық кеңістікті, әсіресе, қала ономастикасын тілдік-тарихи 

тұрғыдан, саяси-әлеуметтік тұрғыдан қарастыру аса өзекті.  

Мақаланың мақсаты – Астана қаласының ономастикалық кеңістігі аясында 

годонимдердің қала өмірінің тарихи дамуы мен мәдени өсуіне тигізер ықпалы 

жөнінде мәселе қозғау. 

«Годоним» ғылыми сөздіктерде қала ішілік желілік нысандар – даңғыл, көше, 

бульвар, жағалау, т.б. атаулары деп беріледі [1. 50-51]. 

Астана қаласының ономастикалық кеңістігін тарихи-хронологиялық тұрғыдан 

зерттеуде  қазақ  тарихындағы  жағдайларға  байланысты  оны  үш  кезеңге  жіктеп 

қарастырдық: 1-кезең – 1862-1919 жж., 2-кезең – 1920-1991 жж., 3-кезең – 1991-

2015 жж. Астана қаласының қала мәртебесін алғаннан бергі кезең ішінде (1862 

жылдан бері) годонимия жүйесі тарихпен бірге өзгеріп, құбылып, түрленіп келеді, 

сондықтан бүгінгі Елорда тарихын шынайы сөйлетуде оны жан-жақты зерттеудің 

маңызды екендігі сөзсіз. Бірден айтарлығы, Астана қаласының годонимдер кеңістігі 

«көп қабатты»: онда төңкеріске дейінгі жұрнақтар, кеңестік кезең кезіндегі билік 

саясаты, тәуелсіздік алған жылдардағы бұрынғы атауды қайта беру сынды сипат-

тар сақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, кеңестік кезеңнің бояуы қала атауларына 

қатты сіңген. Себебі кеңестік билік кеңестік қалалар деп аталатын мәдени- тарихи 

орталықтарға өзінің ерекше «ұстанымын» жүргізді.  

Ономастика  ғылымының  тарихында  годонимия  мәселесін  зерттеуде  оның 

грамматикалық,  семантикалық  және  семиотикалық  қырларына  мән  берудің 

маңыздылығы  ескертіледі  [2.  111].  Алғашқы  тәсіл  годонимдердің  тілдік 

модельдерін анықтауда жұмсалды. Годонимдер жүйесіндегі бұл құбылыс қазақ 

ономастикалық кеңістігінен де орын алды. Астана қаласының төңкеріске дейінгі 

және  кеңестік  кезеңдегі  ономастиконында  сындық  типтегі  модельдер  ерекше 

«қызмет  етті».  Қаланың  көше,  даңғыл,  алаң  атаулары  -ский,  -ская,  -ный,  -ная 

секілді сындық мән тудырушы типтік атауларға толы болғанын аңғаруға бола-

Тарихи т

опонимик

а


25

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

ды.  Мәселен,  ХІХ  ғасырдың  соңы-ХХ  ғасырдың  басындағы  қала  годонимдік 

жүйесінің  60-70  пайызы  адъективті  типтегі  атауларды  құрады.  Театральная, 

Церковная,  Большая  Базарная,  Малая  Базарная,  Хлебниковская,  Училищная, 

Мещанская, Степная, т.с.с. годонимдер сипаты - соның айғағы. Ақмоланы өз 

иелігіне алуды көздеген Ресей отаршылары қаланың ономастикалық келбетін, 

яғни  тілдік-мәдени  тағдырын  үнемі  қадағалап  отырды.  Атауы  жоқ  көшелерге 

ат тағылды. Бұл жөнінде Ж. Қасымбаев мынадай тарихи дерек келтіреді: «1914 

году  по  решению  думы  получили  наименования  все  доселе  безымянные  ули-

цы  города.  Так  в  Акмоле  появились  Думская,  Крепостная,  Гостинодворская, 

Больничная,  Омская,  Мечетная,  Караванная  и  другие  улицы»  [3.  106].  Бұл 

тәсіл кеңестік кезеңде Астана қаласының годонимдік жүйесінде «өнімділігін» 

тіпті арттыра түсті. Оның астарында қала келбетін кеңестендіру (советизация), 

орыс тандыру (русификация) саясаты жатқан еді. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан 

бас тап  бірқатар  өзгерістерді  басынан  өткерген  қала  онимдері  бұл  тұста  тіпті 

«жаңа  леп»  алды.  1920  жылдың  16  қарашасында  «Ұлы  Қазан  Төңкерісінің» 

үш  жылдығының  атап  өтілуіне  байланысты  бұрынғы  көше,  алаң  атауларын 

жаңаша  атаулармен  алмастыру  қаралды.  Сөйтіп,  «Ақмола  қалалық  уездік 

атқарушы  Президиумы  отырысының  хаттамасында  бірқатар  көше  атаулары 

қайта  ауыстырылады: батыстан  шығысқа қарайғы  Училищная  көшесі  Комму-

нистическая  болып,  Малая  Базарная  көшесі  Пролетарская  болып,  Береговая 

көшесі Интернациональная болып, Хлебниковская көшесі Октябрьская болып, 

ал оңтүстіктен солтүстікке қарайғы бағыттағы Мещанская көшесі Гражданская 

болып,  Соборная  көшесі  Первомайская  болып,  Больничная  көшесі  Красноар-

мейская болып, Думская көшесі Коммунальная болып қайта аталды» [4. 236]. 

Қала годонимиясының грамматикалық тәсіл арқылы атау алуының келесі кезеңі 

1930 жылдарды қамтиды. «1934 жылдың желтоқсанында Астана қалалық Кеңесі 

Президиумының қаулысымен Степная көшесі Революционная болып, Крепост-

ная көшесі Спортивная болып, Станичная көшесі Буденовская болып, Болотная 

көшесі  Колхозная  болып  өзгертілді»  [5.  89-94].  Нәтижесінде  грамматикалық 

тәсілдің  бұл  «өнімділігі»  қаланың  ономастикалық  картасын  адам  танымас-

тай  өзгертті.  Қазақ  тілінің  грамматикалық  табиғатына  мүлдем  жат  бұл  амал-

тәсілдің  жұрнағы  қаланың  жол  нұсқаушы  картасынан  соңғы  уақытқа  дейін 

түспей  келді.  Тек  еліміз  өз  тәуілсіздігін  алып,  өткені  мен  болашағын  таразы-

лай бастаған егемен жылдарда ғана «орыстандырылған» бұл сынды тәсілдердің 

жолы қиылды. Дегенмен ел ішінде күнделікті тұрмыстық коммуникацияда әлі 

де  «Коммунистическаяға  қарай  бара  жатырмын»,  «бұрынғы  Спортивнаямен 

жүресіз», «Первомайскийде отырмын», т.б. секілді ауыз үйренген «үйреншілікті» 

естіп, жұмсап қалатынымыз жасырын емес. 

Годонимдерді зерттеудің екінші қыры – семантикалық тәсіл ономастикон та-

рихында бұрыннан бар құбылыс. Жалпы, кез келген кеңістіктегі (қала, аудан, 

Тарихи т

опонимик

а


26

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

ауыл, аймақ) годонимдер жүйесінің негізгі мақсаты – оның мағыналы болуын-

да. Себебі олар ақпараттық және әлеуметтік мәнге ие. Годонимдер белгілі бір 

нысанды (көше, даңғыл, алаң, бульвар) жай атамайды, ол сол жердің тарихы, 

сол халықтың ұлттық болмысы, этникалық тегі жөнінде маңызды ақпар береді. 

Бұл тұрғыдан алғанда, годонимдердің бойында екі семантикалық міндет бола-

ды: дифференциациялаушы және информативтік [2. 113]. Дифференциациялау-

шы  (бөлшектеуші)  қыры  бір  нысанды  екіншісінен  айырып  көрсетуге  қызмет 

етсе, информативтік (ақпараттық) қыры қажетті нысан жөнінде ақпар береді. 

Көше, даңғыл атауларын бір-бірінен бөлшектеп, нақты ақпар ұсынуда годони-

мияны семантикалық аспектіде қарастыру аса маңызды. Семантикалық тәсілмен 

жасалған годонимдерде мекен-жайды нұсқау қызметі басымдық танытады. Бұл 

тәсіл Астана қаласының ономастика тарихынан да орын алады. Тарихи жағынан 

алғанда, годонимия құбылысы ақпараттық жүйе ретінде қалыптасты: көше атау-

лары қала кеңістігінен хабар беретін шағын жол нұсқаушы қызметін атқарды. 

Астана қаласының алғашқы кезеңінде көше атауларының бойынан бағыт-бағдар 

сілтеуші  ұстаным  байқалады.  «ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысындағы  Ақмоланың 

көрікті жері болып табылатын мешіт (1838 жылы салынған) орналасқан көше 

Мечетная деп, пошта бөлімшесі орналасқан көше Почтамтская деп аталған. 

Ал  Торговая  және  Хлебниковская  көшелерінің  қиылысында  Сібір  сауда  банкі 

(Сибирский торговый банк) орналасқан. 1910 жылы қалада алғаш рет саудагер 

байлар А.И. Скворцов пен Д.В. Егоровтың «Метеор» атты жеке меншік кине-

матографы ашылады да, дәл осы көшеге Театральная атауы беріледі. Ал 1920 

жылға дейін ірі көшелердің бірі Церковная деп аталған, себебі онда Александр-

Невский шіркеуі болған»  [6. 24, 28, 49, 74, 81]. Қала тұрғындарының жүріп-

тұруына бағдар беруде семантикалық тәсілдің рөлін осы деректерден аңғаруға 

болады. Яғни, ақпараттық годонимдер арқылы қажетті нысанның (мешіт, банк, 

пошта, театр, т.б.) қайда орналасқандығын тез анықтау қолайлылық туғызады. 

Астана қаласының кеңестік тұстағы ономастикалық кеңістігін қарастырып, тал-

дау  барысында  біз  семантикалық  тәсілдің  қаланың  годонимия  жүйесінен  тыс 

қалмағанын байқаймыз. Сол кездегі Целиноградтың бойынан Заводская, Склад-

ская, Ремонтная, Кирпичная секілді семантикалық годонимдерді табуға болады. 

Дегенмен аталмыш ұстаным номинациялау үдерісінен шеткері ығыстырылған, 

кейінгі кезекке шығарылған деуге болады. Кеңестік кезең ономастикасы өзінің 

қалыптастырған «жүйесімен» жүрді: барлық орталық, негізгі көшелердің аттары 

Ленин, К. Маркс, Коммунистическая, Мира, Интернациональная, Октябрьская 

секілді атаулармен аталса, шеткері көшелерді Вагонная, Пивная, Совхозная, Се-



верная, Южная, Заводская, Локомативная, Первоцелинников, Кирпичная, Склад-

ская, Встреча, Ремонтная, т.б. атау үрдіс алды. Бұл ұстаным бұрынғы Кеңестер 

Одағына кірген елдердің қай-қайсысына да тән міндет болғаны тарихтан белгілі. 

Қала годонимиясын «жаңартып», оларға қайта атау тағуда кеңестік ономастика 

Тарихи т

опонимик

а


27

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

саласы, оның ішінде Астана ономастикасы да бір ғана мақсатқа «қызмет етуге» 

мәжбүр  болды,  ол  Кеңес  үкіметі  көсемдерінің  аттарын  ұлықтап,  коммунистік 

партияның саяси ұстанымдарын насихаттау еді. Сондықтан да көшеге тағылған 

атауларда оның атаулық белгісін ашатын сипат болған жоқ, тек қызыл империяның 

негізгі саяси-идеологиялық «құндылықтарынан» хабардар етті.

Қала көшелеріне атау беруде (номинациялауда), қайта атауда (реноминация-

лауда) ұстанатын үшінші ұстаным – семиотикалық (таңбалық) тәсіл. Бұл тәсіл 

арқылы  көше,  даңғыл,  алаңдарға  атау  беру  екі  түрлі  қағида  бойынша  жүзеге 

асты: демонстративті және меморативті. 



Демонстративті годонимдер Астана қаласының алғашқы кезеңінде көрініс 

тапқан. Дегенмен, негізгі үдерісін кеңестік кезеңде алған. Ол қала көшелерінің 

мазмұнына Заря, Красная звезда, Ураган, Мир, Свобода, Коммунальная, Труд, 

Борьба, Крестьянская, т.б. атауларды алып келді [4. 236]. Бұған қоса, алаң аттары 

да демонстративтендіріле бастады. Мәселен, Базарная және Казачья алаңдарына 



25 Октябрь, Крепость алаңына Красный штаб, Старая Слободка алаңына Рабо-

чий уголок сынды «жаңа лептегі» атаулар берілді [4. 236]. Дерек көздері көрсетіп 

отырғандай,  Астана  қаласының  алғашқы  кезеңі  (1862-1919)  болсын,  Кеңес 

үкіметі тұсындағы (1920-1990) келбеті болсын, демонстративті годонимдердің 

дені орыс тілінде көрініс тапқан. Онда ұлттық бояу, халықтық таным мәселелері 

тіпті бой көрсетпейді. Қала көшелерінің алғашқы уақыттағы атаулары жергілікті 

жерде сауда-саттық, әкімшілік, діни жұмыстардың жүргізіліп, елдімекенге кейбір 

ұлт өкілдерін миссионерлік мақсатта арнайы жіберілгендігінен хабар береді. Ал 

кеңестік кезеңде көше, алаңдардың қайта атау алып, «жаңғыруы» коммунистік 

партияның  «ұлы  идеяларын»  іске  асырумен  тікелей  байланысты  болды.  Бұл 

мәселе  халықтың  санасында  қалыптанған  (кодификацияланған)  жүйе  ретінде 

тұрақтанып  үлгерді.  Тек  еліміз  өз  тәуелсіздігін  алып,  дербестігін  жариялаған 

жылдардан бастап қана қала демонстративті годонимдерінің бойына қан жүгіріп, 

ұлттық нышан, ұлттық түр ала бастады. Атап айтқанда, Тәуелсіздік, Желтоқсан, 

Бейбітшілік, Республика, Жеңіс, Алаш, Мерей, Керуен, т.б. годонимдері ұлттық 

рухты оятып, ұлттық сананы сілкитін жаңа күш сыйлағаны анық. 

Семиотикалық тәсілдің екінші бір түрі - меморативті годонимдер көше, алаң, 

даңғылдарға  еліне  еңбегі  сіңген  тұлғалардың  есімдерін  ұрпағы  мәңгі  сақтап, 

тарихқа тағзым ету мақсатында қойылады. Әлемдік ономастикалық кеңістікте со-

лай. Астана қаласының годонимия тарихын кезең-кезеңімен жүйелеп, қарастыру 

барысында  біз  меморативті  годонимдердің  тарихы  Кеңес  Одағы  уақытынан 

басталғанын аңдадық. Қолда бар мұрағат деректеріне қарағанда, алғашқы ме-

моративтер 1920 жылы Қазан Төңкерісінің 3 жылдығына байланысты берілген. 

Атап айтқанда, «Бұрынғы Церковная көшесі Ленин, Степная көшесі Урицкий, 

Новая көшесі Троцкий, Большая Базарная көшесі К. Маркс, Мечетная көшесі Ва-

хитов, Акмолинская көшесі Коротков, Южная көшесі Кусков, Гостинодворская 

Тарихи т

опонимик

а


28

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

көшесі Луначарский, Торговая көшесі Бухарин, Станичная көшесі Коширин, Чер-

нобродская көшесі Зиновьев атауларына ауыстырылып, ал оңтүстіктен солтүстік 

бағытындағы  аты  жоқ  көшелерге  жаңадан  Энгельс,  Лобков,  Каменев,  Черны-



шевский, М. Горький есімдері берілген» [4. 236]. Бұл - меморативті принциптің 

қаланың ономастикалық кеңістігінде жаппай үрдіс алуының бастамасы еді. 1934 

жылы Ақмола қалалық Кеңесі Президиумының қаулысымен бірқатар «ескірген 

атауларға» жаңадан атау беріледі: Новая көшесіне Сталин, Станичная көшесіне 



Буденный,  Чернобродская  көшесіне  Тельман,  Лобков  көшесіне  М.  Горький 

есімдері  берілді  [5.  89].  Сөйтіп,  Астана  қаласы  көшелерінің  аттары  «құрмет 

тақтасына» айналады. Және ол «тақтаға» тек «лайықты тұлғалардың» есімдері 

ғана  берілуі  тиіс  еді.  ХХ  ғасыр  кеңес  ономастика  тарихын  зерттеушілердің 

көрсетуінше, «егер 1920 жылдары белгілі бір тұлғаның есімін беру туралы шешім 

саяси  және  идеологиялық  элитаның  есімін  сақтау  мақсатында  шығарылса,  ал 

1930 жылдары ондай шешімдер әскери төңкерісшілерге деген адалдық пен шы-

найы берілгендікті танытты» [7. 11]. Меморативті годонимдерді бекітіп, көше, 

алаң  атауларына  тіркеу  идеологиялық  сүзгіден  өткен,  мемлекеттік  «маңызы 

ерекше» саяси үрдіс болды: ол халықтың санасын улап, оны ұлттығынан айы-

ру  еді.  Елордамыздың  кеңестік  кезеңіндегі  меморативті  годонимдерінің  90-92 

%-ы алып державаға қызмет еткен үкімет басшылары мен большевиктер пар-

тиясы көсемдерінің есімдерімен аталғанын аңғару қиын емес. Бұдан шығатын 

қорытынды,  қаланың  Ақмола  және  Целиноград  кезеңдеріндегі  меморативті 

годонимдерінде  семантикалық  принциптің  мәні  өзгеше  танылды.  Жалпы, 

меморативтердің берілу мақсаты – сол өлке, аймаққа қатысы бар (еңбегі сіңген, 

қызметі  өткен)  кісі,  тұлға  есімдерімен  атау  деп  ұғынылады.  Яғни,  көшелерге 

берілген  атауларда  аймаққа,  қалаға  қатысты  ақпараттық  нышан,  мағыналық 

сипат  болуы  тиіс.  Ол  информативтік,  семантикалық  принциптің  «ұшқынын» 

мы на деректерден көреміз. 1934 жылдың қыркүйегінде жиырма күндік сапар-

мен Ақмолаға С.М. Киров келеді [8. 87]. Сол жылдың желтоқсанында Ақмола 

қалалық  Кеңесі  Президиумының  Қаулысымен  С.М.  Кировтың  құрметіне  Ста-

рая  көшесі  Киров  болып  өзгертіледі  [9.  93].  Көше  атауының  бұлай  өзгертілу 

принципі  Кировтың  Ақмола  қаласында  болғандығынан  хабардар  етеді, 

ақпараттылығы осы. Кеңес үкіметі тұсындағы демонстративті және меморативті 

принциптер қала годонимиясының өзіндік болмысын ашып көрсете алмады. Бұл 

жайт – Кеңестер Одағының бар аймағына тиесілі көрініс еді. Барлық қалалар 

мен далалардың годонимдер жүйесінен Ленин, Маркс, Энгельс, Сталин сынды 

көше,  даңғыл,  алаңдарды  табуға  болар  еді.  Сондықтан  да  кеңес,  оның  ішінде 

қазақ ономастикалық кеңістігі іштей серпіліске, жаңғыруға дайын еді.  

Астана  қаласының  меморативті  годонимдерінің  жаппай  өзгертілу  кезе-

ңінің келесі белесі ХХ ғасырдың 90-жылдарымен байланысты. Бұл кезең қа зақ 

ономастикалық  кеңістігінің,  оның  ішінде,  әсіресе,  Астана  қаласы  ономасти-

Тарихи т

опонимик

а


29

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

конының  саяси,  рухани  қысымнан  азат  етіліп,  ұлттық  сипат  ала  бастауымен 

ерекше. Годонимдер ономастика кеңістігінің маңызды әрі елеулі саласы ретінде 

халық өмірінің тарихи, мәдени, саяси дереккөзі болып табылады. Сондықтан ол 

қоғамның талап-тілектерін орындауда, заманның сұраныстарына жауап беруде 

үнемі алдыңғы орында жүреді. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы қазақ ономас-

тикалық кеңістігіндегі серпіліс, оң өзгеріс, жаңғырулар сол себепті де алғаш го-

донимдер бойынан белең ала бастады. Астана қаласының годонимдер кеңістігіне 

трансонимизацияланған онимдер, яғни меморативтер 1989 жылы ұлттық жаңа-

румен бірге келді. Мұрағат дерегі бұл жөнінде былай дейді: «Согласно заключе-

ния комиссии ЦК Компартии Казахстана (Решение от 10.04.1989 г.) по изучению 

творческого наследия деятелей науки, культуры и искусства и учитывая предло-

жения городской комисссии по наименованию и перенаименованию улиц испол-

ком Совета народных депутатов решил переименовать улицы: Водопроводную в 

улицу имени А. Байтурсынова крупного ученого лингвистика, литературоведа, 

тюрколога, поэта-переводчика и Омскую в улицу имени Ж. Аймауытова одного 

из основоположников казахского романа, известного лингвиста, поэта-перевод-

чика» [10. 124]. Бастауын осылай алған меморативтердің ұлттық годоним ретінде 

бекітілуі, ұлттық мазмұнға сай қалыптасуы 1997 жылы аса қарқын алғандығын 

байқаймыз. Мәселен, «Астана қалалық тіл саясаты және ономастика жөніндегі 

комиссияның және қалалық мәслихаттың бірінші шақырылған кезектен тыс 27 

сессиясының шешімімен К. Маркс – Кенесары, Революция – С. Сейфуллин, Ок-

тябрь – М. Әуезов, Ленин – Абай, Авдеев – Ш. Уәлиханов, Буденный – Қорқыт, 

Смокотин – Жәнібек Тархан, Тельман – С. Торайғыров, Шмидт – М. Дулатов, 

Шверник – М. Тынышбаев, Сакко-Ванцети – Ә. Бөкейханов, Колочев – Г. Пота-

нин, Вокзальная – Біржан сал, Социалистік – М.Х. Дулати, Дризге – А. Затаевич, 

Сейфуллин – Р. Қошқарбаев көшелері болып өзгертіледі» [11. 46]. Мамандардың 

мәлімдеуінше, Елорда көшелері атауларына ұлттық мазмұн беруде, әсіресе, 2007 

және 2009 жылдардың орны ерекше. Қазіргі таңда Астана қаласында 934 көше 

бар десек, соның 93 %-ы таза ұлттық атаулар. Бұл жылдары тиісінше 432 және 

201 көше қайта аталған немесе жаңа атау берілген. Осындай қарқынды үдерістің 

арқасында 1997 жылдан бүгінгі күнге дейін 817 көшеге жаңа атау берілген. Оның 

ішінде ескі атаулардың ауыстырылғаны – 400, жаңа атау иемденгені – 417. Елор-

да меморативті годонимдерін бүгінгі таңда ел, жер, ұлт тарихына, ғылымына, 

мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне, сондай-ақ әлемдік өркениет тарихына ерек 

үлес  қосқан  ұлы  тұлғалардың  есімдері  құрайды.  Бұл  трансонимизацияланған 

онимдердің ұлттануында, әрине, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы 

мемлекеттік ономастика Комиссиясы нақты жұмыстар атқарып келеді. 

Көше  атауларының  тарихи-мәдени,  саяси  код  екендігін  ескерсек,  Елорда 

тарихының әр кезеңі қаланың көше, алаңдарына өз таңбасын салып отырған. 

Халықтың  рухани  және  идеологиялық  өміріндегі  ол  таңбалар  соңғы  уақытқа 



Тарихи т

опонимик

а

30

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

дейін  ұлттық  құндылықтарымызбен  қатар  өмір  сүріп  келді.  Дегенмен,  күн 

тәртібінен түсті. Ол идеологиялық сарқыншақтың бірі Мирзоян көшесінің та-

лай  жылдар  бойы  өзгертілмей  келуі  еді.  Әрине,  годонимия  тарихындағы  он-

дай  құбылыстардың  орын  алуының  белгілі  себептері  болды.  2015  жылдың 

24-ақпанында Астана қалалық мәслихатының 5-шақырылған кезектен тыс сес-

сиясының  шешімімен  Л.  Мирзоян  атындағы  көше  Қ.  Сәтбаев  көшесі  болып 

өзгертілді. Көше атауының Қ. Сәтбаев есімін иеленуінің өзіндік номинациялау 

уәждері бар: біріншіден, Қаныш Сәтбаев – қазақ ұлттық ғылымына, мәдениетіне, 

тарихына  еңбегі  ерекше  сіңген  ғалым;  екіншіден,  Қазақ  Ұлттық  Ғылым  Ака-

демиясын  ұйымдастырушы  және  оның  тұңғыш  президенті  болған  қоғам 

қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш академик; үшіншіден, Астана қаласының 

ономастикалық кеңістігінде Қ. Сәтбаев атына берілген ешқандай нысан атауы жоқ. 

Яғни, меморативті (семиотикалық) годонимдерді беру принципінің белгілеріне 

толық жауап бере алады. Сонымен қатар, осы отырыста қаламыздағы 119 көшеге 

Ш. Айтматовтың, Е-352 жобалық көшесіне Будапешт, 142-жобалық көшесіне 

Ө.  Жәнібековтің,  209-жобалық  көшесіне  Ұзақ  батырдың,  203-жобалық 

көшесіне Жәрмеңке абыздың, 188 көшеге Ш. Қосшығұлұлының, 200 көшеге І. Ома-



ровтың,  59-жобалық  көшесіне  Жантай  батырдың,  Е-487  жобалық  көшесіне                                    

З. Шашкиннің, Е-107 жобалық көшесіне Ә. Өмірзақованың, Н. Тілендиев ора-

мына А. Кенжиннің, Жерұйық көшесіне (3-4 пикет) Р. Дүйсенбаевтың есімдері 

берілді.  Дарабоз  көшесі  мен  А.  Тоқпанов  көшелері  біріктіріліп,  А.  Тоқпанов 

көшесі деп қайта аталатын болды [12].



Демонстративті және меморативті годонимдердің таңбалануында ескерер 

мәселенің бірі – атаулардың әр қала, өңірлердегі қайталанып берілуі, бір есімнің 

бірнеше  қала,  ауылдардағы  годоним,  ойконим,  топоним  нысаны  болып  келуі. 

Мәселен,  Кеңес  үкіметі  тұсындағы  Ленин,  Маркс,  Крупская,  т.б.  онимдердің 

барлық қала мен дала кеңістігіне годоним ретінде міндетті болғандығы секілді. 

Өмір тәжірибесі көрсеткендей, бұндай қайталаушылық бір қаланы екіншісінен 

ажыратып,  ерекшелеудің  орнына  олардың  бірін-бірі  қайталауына  алып  кел ді. 

Сондықтан  годонимдер  табиғатына  тән  ақпараттылық,  мағыналылық  (семан-

тикалық),  таңбалылық  (семиотикалық)  сияқты  белгі-қасиеттер  көше,  алаң, 

даңғыл  атауларын  қайта  қарастыруда  мән  берілуі  тиіс  бірден-бір  ұстаным 

(прин цип) болғаны жөн. Бұл тұрғыдан келгенде, Астана қаласының көше, алаң 

атау ларын  жаңғыртып,  ұлттық  сипатта  сөйлетуде  оң  шешімін  тауып  отырған 

жайттарды атап өту ләзім. Мәселен, Астана қаласының қазіргі ономастикалық 

картасынан еліміздің басқа аймақтарында кездеспейтін Уәлитхан Танашев, Ай-



дархан Тұрлыбаев, Жаһанша Сейдалин секілді меморативтерді, Саққорған, Абат 

Байтақ, Созақ, Орбұлақ, Қозыбасы сынды тарихи атауларды, Аушадияр, Адыр-

на, Ақжелең, Әлқисса, Бәсіре, Шашу, Желмая, Көкіл, Қосбасар, Назқоңыр секілді 

демонстративті годонимдерді табуға болады. Бұл Елорданың атаулар тарихын 



Тарихи т

опонимик

а

31

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

өзге өңірлерден, біріншіден, ерекше таңбалап көрсетуге қызмет етсе, екіншіден, 

ел орталығын қазақыландыруға, ұлттандыруға атсалысуға көмектесуде. 

Тағы  бір  мән  берер  мәселе,  Елорда  көшелеріне  атау  беруде  семантикалық 

ұстаным  негізінде  семантикалық  «шоғырдың»  пайда  болуы.  Қаланың  белгілі 

бір  шағынаудандарында  әдеби-мәдени,  тарихи-топонимикалық  маңызы 

бар  атаулардың  бірыңғай  берілуі  еліміздің  Бас  қаласын  өзге  қалалардан 

ерекшелендіріп тұр. Мысалы, Сарайшық көшесі мен Қорғалжын тасжолының 

аралығында  қазақ  халқының  тарихы  мен  әдебиетінде  ерекше    орын  алған  

Ақын Сара, Баян сұлу, Ұмай ана, Тұмар ханым, Айша бибі, Қыз Жібек, Ұлпан, 

Домалақ  ана,  Қарашаш  ана,  Айман-Шолпан,  Мәриям  Жагорқызы,  Қалқаман-

Мамыр,  Ләйлі-Мәжнүн,  Ұлбике  ақын,  Ақжүніс,  Ақбаян,  Жұбан  аналардың 

құрметіне қойылған көше атаулары үлкен бір «шоғырды» (квадрат) құраса, Бу-



рабай,  Жайық,  Ертіс,  Бұқтырма,  Есіл,  Шу,  Лепсі,  Іле,  Еділ  сияқты  бірыңғай 

гидронимдік  атаулар  шоғыры:  Қордай,  Түлкібас,  Мойынты,  Баянтау,  Бөрілі, 



Сарқан т.б. еліміздің өзге өңірлеріндегі тарихи топонимдік атаулардың шоғыры  

қаланың ірі шағынаудандарында орналасқан.

Қорыта  келгенде,  урбанонимия  кеңістігіндегі  годонимдер  жүйесін  тілдік-

та ри хи  тұрғыдан  қарастыру  Астана  қаласының  хронологиялық  сипатын  аша 

түсуге  септігін  тигізеді.  Сондықтан  Елорданың  ономастикалық  келбетін  сан 

түрлі ғылыми аспект тұрғысынан зерттей түсу маңызды болып қала бермек.      




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет