Ономастикалық хабаршы №2 (32) 2016


БАЯНАУЛАНЫҢ ТҮСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ АТАУЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата31.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#10997
1   2   3   4   5   6   7   8

БАЯНАУЛАНЫҢ ТҮСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ АТАУЛАРЫ

Қоршаған ортаны танып, дүниенің топонимиялық бейнесін суреттеуде негізгі 

бірнеше ұстанымдар, яғни қағидалар арқылы жүзеге асырылады. Атап айтсақ 

бағыт-бағдарлық  (маршруттық),  шеңберлік,  тұрмыс-тіршіліктік,  кеңістік 

моделі.  Адамзат  қауымындағы  ең  алғашқы  топонимдердің  пайда  болуы  осы 

маршруттық модельдің арқасында іске асырылған. Кеңістіктің бағыттық моделі, 

жылжу барысында (бағыттық саяхатта, көшу жолында) географиялық нысанды, 

әсіресе көзбен байқап, сол табиғи нысанның ең алғашында түр-түсіне назар ау-

дарылады. Сол себептен географиялық жалқы және жалпы есімдерде түр-түсіне 

байланысты атаулар жиі кездеседі [4]. 

Кеңістікті  игеру  барысында  көшпелілер  ерекше  нысандарды  бағдар 

ретінде  пайдаланып,  номинация  принципіне  жүгініп,  ажырата  білген.  Ланд-

шафт  ерешеліктерін  анықтауда  түске  байланысты  географиялық  атаулар  мен 

терминдердің рөлі айқын байқалады.

Номинация барысында кеңістіктегі бағдарлаушы нысандардың алдымен көзге 

түсетін белгілері: ақ, қара, көк, сары, жасыл, қоңыр, ала, қызыл, боз, кер, шұбар 

т.б  жиі  байқалады.  Мұның  өзі  көшпелі  қазақ  (түркі)  дүниетанымен  тікелей 

байланысты болып келеді [1]. Барлық көне ұғымдар сияқты, метафоралық си-

пат  алған  бұл  атаулар  да  белгілі  уақыт  аралығында  қазақ  халқының  аса  бай, 

жіктелген географиялық терминалогиясының алтын қорына енген.

Түркі халықтарының түспен байланысты геосимволикасында солтүстік қара 

түспен байланысты болып келеді. Белгілі түркітанушы ғалым А.Н. Кононов атап 

өткендей, кеңістік символы ретінде алынған «қара» этнонимдерде де халықтың 

мекен ортасының географиялық орнын білдіреді [2].



Қара сөзінің полисемиялық сипаты көне түркілер жасаған әлемнің кеңістік 

бейнесіндегі  «солтүстік»  ұғымымен  де  анықталады.  Арқа  сөзі  кейбір  түркі 

тілдес халықтарда «солтүстік» ұғымын қалыптастырады. Қазақтардың көктем 

мезгілінде  «Арқаға  көштік»  ұғымы  осыған  саяды.  Сондықтан  түс  атаула-

ры  тілдегі  дәстүрлі  мағыналық  жүктемемен  қатар,  кеңістік  туралы  айрықша 

географиялық ақпарды бейнелеген деуге болады. «Қара» сөзінің жалпытүркілік 

тағы бір мағынасы «жер, құрлық» деген ұғыммен байланысты.

Көнеден  сақталған  әлемнің  кеңістік  бейнесінде  Тәңірмен  байланысты 

жоғарғы  әлем  ақ  түспен,  ал  төменгі  әлем  қара  түспен  бейнеленеді  [3].  Қазақ 

топонимиясындағы «қара» лексемасы салыстырмалы түрде жазық кеңістіктегі 

оқшауланған төбелерге, тауларға, бастауын жер асты суларынан алатын өзендерге, 

Тарихи т

опонимик

а


59

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

сол  сияқты  тау  жыныстарының  түсін  анықтайды.  Ландшафт  ерекшеліктеріне 

тән қасиетті сипаттайтын Қарақұм атауы өсімдікпен бекіген құмды шөлдерге 

қатысты қолданылса, Қаратау жотасы жазда төбесі қарсыз болғандықтан аталса 

керек. Сондықтан этнос үшін қоршаған ортаның белгілі нысандарына атау беру 

маңызды рөл атқарған. 

Қандай  да  болмасын  ландшафттың  (тау,  жазық,  дала  және  т.б)  келбетін 

бейнелетін нақты ерекшеліктер, белгілі бір ландшафт түріне сәйкес келетін тер-

миндер мен географиялық атаулар тобын қалыптастырады [1]. 

Е.  Керімбаевтің  мәлімдеуінше,  Қазақстан  оронимдерінің  20%-ы  өзінің 

құрамында  түсті  білдіретін  сын  есімдерден  құралған:  қара,  ақ,  сары,  көк, 

қызыл, ала, шұбар, қоңыр, боз, жирен, қу, құба, шағыр, ұлан және т.б [5]. Түсті 

білдіретін сын есімдер әдетте нысандардың түсін немесе түрін білдіре отырып, 

тау, тас, төбе, бұлақ, арық, биік, су, бет дала, жол, сор, құм, сеңгір, жон және 

т.б географиялық нысандарды анықтау үшін де қызмет етеді. Бұл мәселелерге 

қазақ топонимикасында алғаш рет топонимист Е.Қойшыбаев ерекше көңіл ау-

дарды. Ол Ақтөбе, Ақдөң топонимдеріндегі «ақ» - сын есімі «шөп», «шөпті» 

деген  мағынаны  білдіреді  деп  санайды.  Ал  геологтардың  пікірінше  Ақтас, 

Ақтау сияқты оронимдердегі ақ сөзі осы аталған орографиялық нысандардың 

құрамында «гипс», «әк», «мәрмәр» т.б жыныстардың бар екенін білдіреді.

Мәселен, тілші-ғалым К.К. Юдахин өз сөздігінде қырғыз тіліндегі қара сөзінің 

он  алты  түрлі,  қызыл  сөзінің  жеті  түрлі  мағынасын  келтіреді  [6].  Алайда  ең 

негізгісі, ең бірінші мағынасы түр-түсті білдіру де, қалғандары соның негізінен 

тарайтын ауыспалы мағыналар болып табылады. Өйткені адамзат дүниені тани 

бастағаннан-ақ түр-түсті ажырата білген (психолог-ғалымдардың айтуынша ең 

алдымен ақ пен қара түсті ажыратқан).



Ақ-қара  сөзінің  антонимі  болғандықтан,  олардың  мағынасы  бір  өлшемде 

грамматикалық,  семантикалық  сипатқа  ие.  Біздің    зерттеулерімізде  Баянауыл 

аумағында түске байланысты 367 атау қарастырылып, яғни барлық топонимдердің 

(3800 атау) 1,2%-ын құрайтыны анықталынды. Олардың көпшілігі орографиялық 

және гидрографиялық атауларда жиі кездесетінін аңғаруға болады (сурет – 1).

                       

Сурет 1 – Түске байланысты атаулардың таралу ареалдары

Тарихи т

опонимик

а


60

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Атауды  географиялық  нысанмен  салыстыра  қарағанда,  ақ  түсінің  реңктері 

(ақшыл, сұр, боз т.б) көбінесе ажыратылмай жалпы «ақ» деген сын есіммен ата-

ла  беретіні  байқалады.  Қазақстан  жерінде  ақ  қарлы  таулардың  кездесуі  және 

әсіресе, ақ түсті сортаң жерлердің басым болып келуі әсер етеді. Маңғыстаудың 

жер бедері, гидрография, топырақ жамылғысы, өсімдік және жануарлар әлемін 

және ландшафт ерекшеліктерін сипаттайтын топонимдердің көпшілігі ақ, қара, 

қызыл, сары түстерге байланысты қойылған. «Ақ» түске байланысты ороним-

дер мен гидронимдер: Ақбас құдығы, Ақбұлақ, Ақаян төбесі, Ақбұтақ төбесі,  



Ақжарбұлақ, Ақмешіт төбесі, Ақлан (Оғланды) қорғаны, Аққұт құдығы, Аққұрық 

құдығы, Аққұдық, Аққара қыстауы, Ақорпа құдығы, Ақсай жырасы, Ақсексеуіл 

қонысы, Ақсу төбесі, Ақсұртау, Ақтау тауы, Ақтөбе қыстауы, Ақтікенді бейіті, 

Ақшоқы құдығы, Ақшүймек төбесі, Ақшыңырау құдығы, Ақшұқыр құдығы мен 

ауыл  атауларын қарастыруға болады [7].

Ақ  сөзіне  байланысты  қойылған  гидронимдер  мен  микрогидронимдердің 

атауларының өзіндік сыр-сипаты бар.  



«Ала» сапалық сын есімі «ақ» және басқа түстердің араласып келген түрі екені 

мәлім. Ала сөзінің сын есімінің алуан түрлі ауыспалы мағынасы бар болғанымен,  

жер-су атауын жасарда үнемі дерлік өзінің түр-түсті білдіру мағынасында жұмсалады. 

Аламұрын қонысы, Алатөбе құдығы, Алаторпа төбесі т.б. атаулары бар.  

Көне түркілік жазба ескерткіштерінде «көк» сөзі «аспан» мағынасында қол-

да нылған. Қазіргі қазақ тілінде «аспан», «көк», «тәңір»  концептілері өзара ты-

ғыз байланысты тұрақты тіркестер құрайды: «көк тәңірісі», «көк аспан» және 

т.б мұның өзі барлық түркі халықтарына тән, көне заманнан келе жатқан әлем 

бейнесінің семантикалық парадигмасы болып табылады. Сондықтан қазақ то-

понимиясында «көк» сын есімі арқылы жасалған біріккен атаулар біршама мол 

кездеседі.  Оронимдер  мен  гидронимдерден  туындаған  Көкбайтал  құдығы, 



Көкбұлақ, Көкжал қыстауы,  Көкқұдық, Көкпекті төбесі,  Көкөсім төбесі, Көктас 

құдығы,  Көктіқұдық,  Көкше  құдық  атаулары  кейде  түсті  негіздейді.  Қазақ 

өсімдіктің жасыл түсін көк деп атай береді. Көкдомбақ – мұндағы домбақ қазіргі 

тіліміздегі  томпақ  «дөңес»,  «томпиған  жер»  мағыналы  сөзінің  фонетикалық 

нұсқасы болып табылады. Яғни таудың пішінін, түсін, массивін айқындап тұр.    

Топоним  жасамда  «қара»  сапалық  сын  есімі  өзінің  негізгі  мағынасымен 

қатысып,  атрибуттық  қатынастағы  біріккен  атаулар  жасайтыны  тізімнен  анық 

көрінеді. Келтірілген топонимдер географиялық нысанның қара түсін білдіреді: 



Қара құдығы, Қараадыр қонысы, Қарааудан қонысы, Қарабарақ құдығы, Қара-

барақты  қонысы,  Қарабатыр  құдығы,  Қарабауыр  және  Қарабаян  төбелері, 

Қаработа бұлағы, Қарабөкеже құдығы, Қарабұлақ, Қарағайлы қыстауы, Қара-

ғалы  төбесі,  Қараған  төбесі,  Қарағансай  құрғақ  арнасы,  Қарадиірмен  тауы, 

Қаражал  қонысы,  Қаражамбас  ауылы,  Қаражар  төбесі,  Қаракешу  қонысы, 

Қаракөл  соры,    Қарақия  ойысы,  Қарақозы  құдығы,  Қарақұдық  және  Қарақұл 

Тарихи т

опонимик

а

61

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

құдықтары,  Қарақұм  алабы,  Қарасаз  құдығы,  Қарасай  төбесі,  Қарасеңгірбек 

қонысы, Қаратөркөл құдығы, Қаратүлен қонысы, Қаратүс бұлағы, Қарашоқы 

төбесі,  Қарашыңырау  бұлағы  т.б.  Мәселен  Қаратау  оронимі  туралы  белгілі 

топонимист Э.М.Мурзаев былай дейді: «Бұл атаудағы қара сөзі түспен байла-

нысты, өйткені қаратауларда өзге таулардағыдай жаз бойы қар жатпайды» [8]. 

Автордың пікірі дұрыс, дегенмен қыста да қар тоқтамайтын тасты, тақыр тау-

ларды  Қаратау  деп  атау  қалыптасқан.  Ақ  қарлы  қыста  қаратаулар  қарауытып, 

ерекше бөлініп тұрады. Сонымен қатар қара сөзі өзінің ауыспалы мағынасында 

судың мөлдірлігін, тереңдігін бір нәрсенің молдылығын, кең көлемін (Қарасаз, 



Қарақұдық, Қарақұм) де білдіріп тұрады. 

Түске  байланысты  атаулар  көшпелі  қазақтардың  өмірінде  ерекше  маңызды 

орын алып, олардың шексіз дала алқабы мен тау алды жайылымдарында көші-

қон кезінде белгілі қызметін атқарған. Топонимдердің басым көпшілігі тұрған 

жерінде бағыт-бағдарды оңай айқындайтын географиялық нысандардың айрық-

ша белгісін білдіреді. 

«Қоңыр» термині көбінесе жайылымдық термин негізінде қалыптасқан. Мысалы 

Қоңыр құдық, Қоңырша бейіт, Қоңыржайлау, Қоңырорпа, т.б. қарастыруға болады.  

«Қызыл» сөзі негізінде қалыптасқан атауларды біз тау жыныстарының түсімен 

және  гидронимдердегі  атаулардың  су  ішіндегі  ағзалармен  тығыз  байланысты 

қойылған деген пікірдеміз. 

Қызыл  құдығы,  Қызыладыр  қонысы,  Қызыластау  құдық,  Қызыләскер  ау-

ылы,  Қызылжар  құдығы,  Қызылжар  қонысы,  Қызылқұдық,  Қызылқұм  ауыл 

орны, Қызылқұм құмы, Қызылой құдығы, Қызылөзен ауылы, Қызылсай төбесі, 

кенті  және  жырасы,  Қызылсор  қонысы,  Қызылсу  ауылы,  Қызылсуат  құдығы, 



Қызылтам қыстауы, Қызылтас бұлақ  атауларын кездестіруге болады. 

Бұл нысандардың бәріне ат қоюда айқындаушы уәждің түр-түс екені даусыз. 

Жер бедері, топырақ, су ішіндегі ағзалар, қызыл түсті тау жыныстары (гранит-

тер) т.б. да қызыл түсті немесе қызғылттау болуы да мүмкін.

Қызыл  сын  есімі  «қан  түсті,  қырмызы»  түсті  білдіріп,  тілімізде  біршама 

белсенді қолданылады. Оның сансыз көп мағыналарының ішінен жер-су атын 

жасауға түсті білдіретін тура мағынасында империялық елдер мен кеңестік дәуір 

туының түсіне байланысты пайда болған саяси термин ретінде қатысады. 

Лингвистикада ландшафтының топонимиядағы көрінісі туралы мәселе ког-

нитивтік  әрекетке  байланысты  қарастырылып  келеді.  Зерттеушілер  тіл  мен 

нақты  табиғи  болмыс  арасында  аралық  деңгей  болып  табылатын  когнитивтік 

әрекет бар екендігін атап көрсетеді. Таулы Алтайдың топонимикасын зерттеген 

О.Т. Молчанованың пайымдауынша қоршаған орта белгілері, табиғи нысанның 

кеңістіктегі орны, пішіні, түсі жатады. Ландшафтының сыртқы көрінісін сипат-

тайтын белгілердің бірі болып табылатын түс категориясының алтайлықтарда 

25 атрибуты тіркелген, жалпы алғанда алтай топонимиясының 14%-ын түспен 

байланысты атаулар құрайды [9].

Тарихи т

опонимик

а


62

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

«Сары» сөзі оронимдер мен гидронимдер, жайылымдық атаулардың құрамын-

да жиі кездеседі. Бұл түспен байланысты атаулар гидронимдерде судың түсін, 

оронимдерде  көбінесе  тау  жыныстарының  түсін  білдіреді.  Ресейдегі  Саратов 

қаласы  атауының  негізінде  қазақ  тіліндегі  Сарытау  жатыр.  Уақыт  өте  келе, 



Сарытау  атауы  өзгеріске  ұшырап,  Саратовқа  (мағынасыз)  айналған.  Ал  Вол-

гоград  қаласының  бұрынғы  атауы  Царицын  қазақша,  Сарысу  өзен  атауының 

бұрмалануынан пайда болған [10]. 

Қазақстанның құрғақ далалары мен шөл-шөлейттерінде аптапты, құрғақ жаз 

өсімдік жамылғысының тез қурап, жазықтың сары реңкке енуіне себепші болады. 

Бұл өз кезегінде қазақ топонимиясында Сарыарқа, Сарыдала, Сарыөзек тәрізді 

атаулардың қалыптасуына негіз болған. Осы ретте қазақ халқының ат қоюдағы 

айрықша  бір  ұстанымын  да  ескерген  жөн:  кей  жағдайда  халқымыз  «ұзақ  со-

нар», «кең-байтақ» деген ұғымды сары сөзі арқылы жеткізген. Сондықтан қазақ 

санасындағы Сарыарқа сары түсті ұсақ шоқылар ғана емес, кең байтақ аумақ 

болып табылады [1].

Сарыбас бейіті, Сарыбұлақ, Сарыкеткен қыстауы, Сарынияз құдығы, Сары-

ой  қонысы,  Сарытақыр  қонысы,  Сарытас  бұлағы  және  қыстауы,  Сарытөбе 

қыстауы, Сарытөрткіл төбесі, Сарышоқы құдығы, Сарышоңай құдық атаулары 

Маңғыстау өңірінде көрініс тапты.

Е. Қойшыбаевтың көрсетуінше, сары сөзінің түп төркіні сар иран тілінен ен-

ген, яғни «кең», «басты», «негізгі» және «айқын» дегенді білдіреді. Қазақ оро-

нимиясында  кейбір  түр-түстік  сын  есімдер  семантикалық  өзгеріске  ұшырап, 

өзінің  алғашқы  түрдегі  мағынасын  басқа,  екінші  туынды  мағынаға  ие  болып 

нысандардың  әртүрлі  физикалық-географиялық  ерекшеліктер  туралы  белгі 

беруші, көрсетуші қызметін атқарады. Көру арқылы қабылдау түсті ғана емес, 

географиялық нысанның көлемі мен пішінін де белгілейді [5]. 

Ал  бұл  өңірдің  өткен  тарихын  үңіле  зерттейтін  болсақ,  тарихи  деректер-

ге  тілдік  талдау  жасасақ,  талай  күңгірт  бола  бастаған  көне  заман  белгілері 

айқындала, саралана түсері анық.

Түске  байланысты  атаулар  жайылымдық  терминдер  құрамында  жиі  кезде-

седі. Мысалы, ақтебін, алатебін, алатамыр, керала, қараот, боз, қоңыр, шұбар, 

шұрат т.б. атаулар ландшафт ерекшеліктерінен нақты ақпарлар береді. Сары-

арқаның бетегелі, қауданды, қияқты, бидайықты, боз отты жерлері – малға қысқы 

жайылымға қолайлы болған. «Сары қарды теуіп жайылған, сары аязда жусаған, 

Сарыарқаны қыстаған жылқының жайы болмас па!»—деген сөз тегін айтылмаса 

керек. Біздің ландшафт пен топонимиканың байланыстарын ашуға бағытталған 

зерттеулеріміз табиғи ландшафт тұжырымдамасына негізделеді, яғни аумақ то-

понимиясына табиғи ландшафтыларының индикатор ретіндегі мүмкіндіктерін 

зерттеу болып табылады.     



Тарихи т

опонимик

а

63

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Әдебиеттер тізімі:

1. Каймулдинова К.Д. Қазақстанның аридті аумақтарының топонимиясы: мо-

нография – Алматы « Te-color » баспасы, 2010. – 280 б. 

2. Кононов А.Н О семантике слов қара и ақ в тюркской географи-ческой тер-

минологии // изв. атд. общ. наук АН Тадж. ССР вып 5, 1954. – С.85-88.

3. Конкашпаев Г.К. Цветовые слово в тюрских  топонимиках - в кн: «Геогра-

фические науки », Алма – Ата, 1969. – С. 72-83 

4. Сапаров К.Т Қазақ топонимдерінің геоэкологиялық негіздері. I бөлім . Пав-

лодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2008. – 307 б.

5. Керімбаев Е.Ә және т.б. Оңтүстік Қаақстанның топонимикалық кеңістігі – 

Шымкент: «Кітап» ЖШС, 2007. – 352 б.

6. Бияров Б. Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері: монография – Алматы: 

Мемлекеттік тілді дамыту институты , 2012. – 460 б.

7. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры 3. – Алматы: Дайк – пресс, 

2007. – 524 б.

8. Мурзаев Э.М. Тюркские географические названия.М.: Восточная литерату-

ра РАН, 1996. – 230 с.

9. Молчанова О.Т. Проприальная номинация в свете когнитивизма //Вопросы 

ономастики. – 2006. - №3. – С. 7-18.

10. Мурзаев Э.М. География в названиях. М:. Мысль, 1984. – 170 с.



64

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

А. Әлімхан

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ тілі мен 

әдебиеті кафедрасының доценті

филология ғылымдарының кандидаты

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМИЯСЫНДАҒЫ ОРЫС ТІЛІ ҚАБАТЫ

Қазақ жерiнiң көп қабатты топонимиялық жүйесiнде орысша атаулар ауқымды 

орын алады. Сан ғасырға созылған қазақ - орыс халықтары арасындағы қарым-

қатынас өз өрнегiн географиялық атауларға түрлi қырынан сала бiлген.

Бірнеше ғасырды қамтыған қазақ және орыс елдерінің тарихи байланысы қазақ 

даласының қоғамдық-әлеуметтік өміріне, тіліне әсерін тигізбеуі мүмкін емес еді.

ХVI ғасырдың өзiнде Ресей қазақ даласына өз назарын аудара бастаған. Орта 

Азия  және  Шығыс  мемлекеттерiмен  шекаралас  жатқан  қазақ  жерлерi  арқылы 

iрi сауда жолдары өткен. Шығыс (Қытай, Yндiстан, Ауғанстан т.б.) пен баты-

сты байланыстыратын саяси және экономикалық маңызы зор қазақ жерлерiнiң 

Ресейге қосылуы Ресейдiң шығыстағы сауда, экономикалық және саяси, әскер 

жағдайын  жақсарта  түсетiнi  анық  едi.  Сонымен  қатар,  қазақ  халқының  сол 

кездегi ауыр жағдайы, Жоңғар хандығы төндiрген қауiп-қатер орыс және қазақ 

мемлекеттерiнiң өзара жақындай түсуiне себеп болды. Қазақтардың Ресей қол 

астына өз еркiмен енуiне Ресейге барған сол кездегi қазақ елшiлерiнiң әсерi күштi 

болды. ХVI ғасырда Ресейге Астрахань және Қазан хандықтары, ХVI ғасырдың 

аяғында Батыс Сiбiр қарады. Соның нәтижесiнде Ресей мен қазақ жерлерiнiң 

шекаралас болуы арқылы екi халық арасында сауда-саттық, саяси-мәдени және 

тiлдiк өзара байланыстың күшеюiне мүмкiндiк туды [1;100-101].

XVII ғасырда Ресеймен көршілес аудандарда алғашқы орыс елді мекендері 

пайда болды. Орыс елді мекендеріне орысша атаулар қойылып, қазақ топоними-

ясында орыс тілінен енген топонимдер пайда бола бастады. 

XVIIІ  ғасырдың  басынан  азиялық  елдермен  байланысты  жақсарта  түсетін, 

қазақ  жеріне  ішкерілей  енген  «жаңа  линиялар»  пайда  болды.  Бұл  линиялар 

әскери бекіністер орнату арқылы жүзеге асырылды. Бекіністерді өзара байланыс-

тыратын аралық форпосттар тұрғызылды. Линиялар бойында Ресейден қоныс 

аударғандардың елді мекендері орналасты.

Шығыс  Қазақстан  территориясына  жүргізілген  «Ертіс  казактары  линиясы» 

бекіністер жүйесі – қазақ шығысында алғашқы орыс елді мекендерінің өмірге 

келуіне себеп болды. Ресей мемлекетінің саясаты мен экономикалық мүддесіне 

сай  жаңа  жерлерге  қоныстану,  елді  мекендер  салу  XVIIІ-XIХ  ғасырларда 

қабындай  дамып  қазақ  жерін  толығынан  қамтыды.  Сонымен  бірге,  орыс 

атауларының қойылуы да жоспарлы түрде жүргізіліп отырды.

Қазақ даласындағы орыс тілінен енген топонимиялық атаулардың қалыптасу 



Тарихи т

опонимик

а

65

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

кезеңдерін  филология  ғылымдарының  докторы  М.Мырзахметов  екі  кезеңге 

бөліп қарастырады: 

1) Патшалы Ресей дәуіріндегі топонимиялық атаулар;

2) Қазан төңкерісінен кейінгі атаулар [2;71].

3)  Жоғарыда  аталған  кезеңдердің  алғашқысына  «отарлау  топонимдері  деп 

баға берген ғалым Патшалы Ресей кезеңінде қалыптасқан атауларды қоғамдық-

саяси жайттармен бірлікте қарай төмендегідей дәуірлерін көрсетеді:

а) 1731-1822 жылдар аралығындағы патша өкiметi қазақ хандықтарын сырт-

тан билеп, протекторат есебiнде ұстанған кезiнде жер атауларын өзгертудi өте 

сақтықпен, қазақ даласының қас-қабағына қарай жүргiздi.

ә) 1822-1867 жылдар аралығында хандық жойылып, аға сұлтандық ел билеу 

жүйесi  енген  соң,  қазақ  жерiн  «бөлшекте  де  билей  бер»  дейтiн  отаршылдық 

принцип негiзiнде көптеген әкiмшiлдiк территорияларға жiктедi. Бұл тұста да 

рубасыларын бiр-бiрiне айдап салып, отаршылдық саясатын оңай жолмен жүзеге 

асыру кезеңiнде жер атауларын өзгерту әрекетi жиiлеп, молыға түстi.

б) Yшiншi кезеңдегi отаршылдық күшейген тұста, яғни 1868 жылғы «Жаңа ни-

зам» ережесiмен 1917 жыл аралығында отарланған қазақ жерi мемлекет меншiгi 

ретiнде ресми түрде жарияланған соң, отаршылдық мазмұндағы географиялық 

жер атаулары мүлде күшейiп, барынша дамыды [2;73].

Осы кезеңдерді жаза келе М.Мырзахметов патшалы Ресей дәуірінде қазақ жерінде 

орыс атауларын қалыптастыруда қолданған мынадай амал-тәсілдерді атап өтеді:

1. Отарланған жаңа жерлерге Романовтар династиясындағы патшалар мен ұлы 

кiнәздардың отарлау iсiне тiкелей араласқан әскери қолбасшылардың, генерал-

губернаторлардың, патшашыл қайраткерлердiң есiмдерiн қою тәсiлi.

2. Православиялық дiнбасылары мен миссионерлердің, әулие-әмбиелер мен 

дiн қайреткерлерiнің, дiни мейрамдар мен атақты шiркеулердің аттарын елдi ме-

кендерге қою тәсілі.

3. Метрологиялық орталықтағы жер атауларын отарланған жаңа өлкеде қай-

талап қою тәсілі.

4. Жер-су аттарын калькалау, яғни орысшаға аударып қою тәсiлі.

5. Романовтар династиясындағы патшалар мен бекзадалардың атына «Ново» 

деген үстеме сөз қосу арқылы да жергiлiктi жер атауларына кiсi аттарын қою 

тәсiлi ескерiлдi [2;72-73].

Қазақ даласында орыс атауларының пайда болуының Ресей өкіметінің саяси 

бағытымен  ұштасып жатқандығын латыштың орыс тілінде жарық көретін «Род-

ник» журналының 1993 жылғы № 6 санында жарияланған 1894 жылы Петерборда 

басылған он төрт беттiк құжат-кiтапшадағы Ресей империясының барлық генерал-

губернаторларына арналған мiндеттерінен алынған мына бiр үзiндi дә лел дейді:

«…Елдi  мекен  атауларын  мүмкiндiгiнше  орысша  қою.  Ескерту:  мүмкiндiк 

болмаған  жағдайда  елдi  мекен  аттарын  жергiлiктi  тiлден  орыс  тiлiне  ауда-

Тарихи т

опонимик

а


66

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

рып,  қағаз  жүзiнде  (әскери  картаға,  географиялық  картаға,  ғылыми  мәнi  бар 

еңбектерге,  кеңсе  және  ic-құжат  қағаздарына  түскенде,  т.т.)  оның  орысша 

баламасының орнығуын iске асыру» [3;35].

Қазан  төңкерісінен  кейін  кеңестік  идеологияға  сай  қойылған  атаулар  тобы 

бел  алды.  Еліміздің  топонимиясы  Кеңес  үкіметінің  қайраткерлері  мен  әскери 

қолбасшылардың құрметіне қойылған және коммунистік саясат мүддесі әсерінен 

қалыптасқан орысша атаулар тобымен молыға түсті. Аттары ауыстырылған елді ме-

кендерге 1990-ыншы жылдардағы байырғы атауларын қайта қою үрдісіне сай біраз 

атаулардың бұрынғы атаулары қайтарылды. Дегенмен, бірнеше ғасырлар барысында 

қалыптасқан орысша атаулар Қазақстанның барлық аймақтарында қабат құрайды.

Кірме  қабаттың  соңғысы  болып  табылатын  –  орысша  топонимдер  басқа 

қабаттар  мен  салыстырғанда  өзіндік  ерекшелікке  ие.  Бұл  ерекшеліктер  орыс 

атауларының ену уақытының жақындығына және олардың төл иелері болып та-

былатын орыс ұлты мен қазақ халқының күні бүгінге дейін қоян-қолтық араласа 

тұрып жатқандығынан туындайды:

1) Орысша атаулар жергілікті атаулардан оқшауланып, кірме қабат екені диа-

хронды тілдік талдауларсыз да танылып тұрады;

2) Орыс қабатын құрайтын топонимдер, негізінен, өзгеріске түспегендіктен, 

олардың семантикасы айқын, құрамындағы морфемдік бөлшектері анық келеді;

Орысша  атаулар  жалпы  Шығыс  Қазақстан  облысы  бойынша,  әсіресе, 

солтүстік-шығыс бөлігінде көптеп кездеседі. Бұл топонимдердің пайда болуы 

Ресейден қоныстанушылардың көшіп келуі мен тікелей байланысты. Алғашқыда 

біртіндеп  басталған  қоныстану  –  1889  жылы  Ресейде  қоныстанушылар  тура-

лы негізгі заңның қабылдануымен бірге қауырт көбейе түсті. Ал 1906 жылғы 

Столыпиннің  аграрлық  реформасынан  кейінгі  «переселендердің»  көшкіні 

Шығыс  Қазақстанның  оңтүстік  аймағының  атаулар  жүйесін  қысқа  мерзімде 

өмірге  әкелді.  Орысша  атауларды  бұл  аймақтағы  ойконим,  ороним,  дромо-

ним,  дримоним,  гидронимдердің  барлығынан  кездестіруге  болады.  Шығыс 

Қазақстанның оңтүстік аймағындағы орысша топонимдерді қалыптасу сипаты 

жағынан мынадай топтарға бөлдік:

1) Алғаш қоныстанған шаруалар мен сол аймаққа танымал болған помещик, 

кулактың,  патша  өкіметі  қайраткерлерінің  есімдерінен,  тегінен  және  соларға 

қатысты пайда болған атаулар.

Мысалы: Корпачев, Парферий, Матвеевка, Славянка, Зуево, Архиповка, Чер-

няевка, Куликово, Михаил, Пятигород, Самысовот.т.

2)  Азамат  соғысы  мен  Кеңес  дәуіріндегі  қайраткерлер  мен  әскери 

қолбасшылардың құрметіне қойылған атаулар мен белгілі бір жерді мекендеген 

адамдардың есімдері мен тегінен пайда болған атаулар.

Мысалы: Калинино, Пугачево, Ленинский, Крупская, Мичурино, Кирово, Бу-

денновка, Гончаренко, Овчинников, Платовот. т. б.

Тарихи т

опонимик

а


67

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

3)  Патша  өкіметінің  православиялық  дінді  уағыздауы  мен  билік  жүргізуі 

нәтижесінде пайда болған атаулар.

Мысалы: Крестовка, Покровка, Рождественка т.т.

Сондай-ақ,  Күршім  ауданындағы    Дарственное  елдi  мекенiнiң  атауы  да 

патшалық  Ресейдiң  қазақ  жерiнде  жүргiзген  билiгiмен  тiкелей  байланысты. 

Қыстау  күршiм  ауылы  маңында  бiр  адам  күрегiн  тасқа  шыңдап  алмақшы 

болғанда, әлгi тас жылтырайды. Ол 33,5 кг құйма алтын екен. Алтын губернаторға 

сыйға тартылады. Губернатор алтын сыйлаған адамдарға жер бередi. Сол сыйға 

тартылған жер қазiргi Дарственное ауылының жерi  екен. Алтын қазiр Санкт-

Петербург мұражайларының бiрiнде сақталған. 

4) Кеңестік өмір салты мен коммунистік идеология әсерінен қалыптасқан атаулар.

Мысалы: Октябрьское, Майский, Юбилейный, Комсомол, Победа, Красный 

Партизан, Пятилетка т.т.

5) Мемлекеттік объектінің орналасқандығына байланысты атаулар. 

Мысалы: Мараловодное, Дом отдыха, Дойка, Хлебный, Сливочное, Откорм, 

Питомник, Конное, Кормоцех, Детдом, Доручасток, ЛТО, ЛСП, Мальковое, Бру-

совой, Точильный т.т.

6) Мекеннің қасиетіне, орналасқан жеріне, ерекшелігіне, флорасы мен фауна-

сына қатысты атаулар.

Мысалы: Каменный, Вершина, Заречное, Кардон, Зеленое, Золотой, Озерная, 

Половиха, Поперечный, Текучка, Сланная, Центральная, Стандарт, Тополевка, 

Седло, Приозерное, Прииртыш, Увал т.т.

7) Жергілікті жер-су атауларын толық және жартылай калькалау нәтижесінде 

және қазақша атаулардың орыс тілі заңдылықтарына сай өзгеріске түсуіне бай-

ланысты қалыптасқан атаулар.

Мысалы:  Маралды  –  Маралиха,  ТеріскейБөкенбай  –  Северный  Бокенбай, 

КүнгейБөкенбай – Южный Бокенбай, Ақмола – Белая Могила, Бесжылдық – Пяти-

летка, ҚараЕртіс Черный Иртыш, КішіЖеменей – Малый Джеменей, ҮлкенБөкен 

– Большая Буконь, Ақмектеп –Белая Школа т.т. Ал, Большой Мараленок, Ма-

лый Мараленок – «марал», Таловочка – «тал», Чаловка – «шал» сөздерінен пай-

да болған. Бұл топонимдерді зерттеу нысанымыздағы топонимиялық нақтылы 

дәлелдері деп тани аламыз.

Қазақ тілінде атауы бола тұра орысша ат қойылған елді мекендердің бұрынғы 

атауларын қайтару қозғалысы барысында Шығыс Қазақстанның аудандарында  

бірқатар елді мекендердің орысша атауларының орнына қазақша байырғы атау-

лары қайтарылды.

Аймақтағы орысша атаулар тек тарихи жайттардың табы сіңген, қоғамдағы 

саясаттың ғана куәсы емес, ол орыс тілінің сөздік қорынан қалыптасып, тілдік 

заңдылықтарға  бағынатын,  этностың  таным  –  түсінігінің  көрінісін  беретін 

айшықты  сөздердің  ұтымды  қалыптасуы.  Мәселен,  қазақша  Қиын  бұлақ  деп 

Тарихи т

опонимик

а


68

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

аталатын  өзен  бар.  Маралды  елді  мекенінен  жеті  шақырымдай  қашықтықта 

орналасқан мекенге жету үшін сол өзенді сегіз рет кесіп өту керек екен. Осы өзеннің 

орысша атауы – Путочная. Өзеннің ерекшелігін қазақша атауы қаншалықты дөп 

басып берсе, орысша атауының да ұтымды екенін мойындаған жөн.

Қазақтар Иіртау деп атаған таудың Пьяная гора деген атауы да тау бедерін 

өзіндік ерекшелікпен суреттеген.

Ал Өскеменнен Күршімге барар жолда үнемі уілдеп жел соғып тұратын асу 

бар. Осы асудың атауы – Тещин язык –орыс ұлтының психологиясына тән ерек-

ше атау. Өйткені, қазақ ұлты жерді ешқашан ененің тіліне теңеп атау қоймайды. 

Сонымен, Шығыс Қазақстан обылысының оңтүстік аудандарында орыс атау-

лары топонимиялық субстрат құрайды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бас-

талатын  орыс  тіліндегі  жер-су  атауларының  ену  кезеңдері  бірнеше  ғасырды 

қамтитындығы  белгілі  болып  отыр.  Тілімізге  сіңісіп,  санамызда  орнығып 

қалғандықтан, оларды Тәуелсіздік талаптарына сай өзгертуді жылдамдату баяу 

жүзеге асып келеді, дегемен қазіргі жүріп жатқан жұмыстар уақытымен өзінің 

мәерісіне жетеді деген сенім үлкен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет