Қазақ ономастикасындағы дүниенің (ғаламның)
топонимиялық бейнесі
Ғаламның (дүниенің) топонимиялық көрінісі топонимиялық жүйе арқылы
іске асырылады, ал топонимиялық жүйені тілдік және танымдық, когнитивтік
тұрғыдан қарастыруға болады. Тілдік тұрғыдан қабылданатын, түсіндірілетін
топонимиялық жүйе жалпы тіл жүйесінің белгілі бір бөлігі, фрагменті болып
табылады, бұл дегеніміз – жер-су атауларының, топонимдердің жүйелі түрде
ұйымдаса байланысқан жиынтығы. Сөз етіп отырған топонимдер жиынтығының
жүйелілігі неде дейтін болсақ, біздің ойымызша, жүйелілік бірнеше белгілермен
сипатталады: Топонимдер жүйе шеңберінде бір-бірімен байланысады, бір
тілдік қолданыста болады, қазақ тіліндегі (қазақ тіліне енген) жер-су атта-
ры болып келеді; жүйедегі топонимдер бір-бірімен парадигматикалық және
синтагматикалық қатынаста болады; топонимиялық жүйенің жер-су аттарындағы
құрылымдық, сөзжасамдық ерекшеліктері бәріне бірдей ортақ болып келеді;
топонимиялық жүйе шеңберіндегі әр түрлі дәуірлерге жататын жер-су атаулары
синхрондық түрде жинақталады т.б.
Топонимиялық жүйе тілде бір-бірімен заңды байланысқан тілдік (топо-
нимдік) бірліктер арқылы келетін болса, аталмыш топонимиялық жүйе тілдік
санада, адамның, этностың когнитивтік-ментальді болмысында, өрісін де өз
көрінісін концептілер арқылы бере алады. Концептілер танымның, са на ның
ментальді құрылымдары болып табылады, концептілер жиынтығы топо нимия-
лық фраг ментін көрсетеді. Концептілерді белгілі бір бағытта реттеп, не гіз гі
ұстанымдарға жетелейтін ментальді-топонимиялық стереотиптер болып табы-
лады. Зерттеуші А.Арысбаевтың пікірінше: «ментальді-топонимиялық стере-
отиптер тілдік санадағы ментальді түсініктер түрлерінің молдығын, байлығын
көрсетеді. Тіл – сана – орта (болмыс) жүйесінде стереотиптер жинағы байла-
ныстырушы буын ретінде қабылданады. Топонимиядағы лингвистикадан тыс,
экстралингвистикалық факторлар қоршаған ортаның айналық көрінісі арқылы
ғана емес, сонымен қатар адамның санасы, оның түсініктері рухани байлығы
арқылы да іске асады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, әрбір топонимиялық жүйе
әлем бейнесінің тілдік фрагменті түріндегі топонимиялық әлем бейнесін, бол-
мысын көрсетеді» [151,16].
Дүниенің топонимиялық көрінісі топонимдер, яғни топонимдер жүйесі
Тарихи т
опонимик
а
46
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
негізіндегі концептілер, оларды белгілі бір топтарға біріктіретін, бірлестіретін
ментальді-топонимиялық стереотиптер арқылы беріледі. Басқаша айтқанда,
жер-су аттары (топонимдер) тек қана тілде, тілдік жүйеде өмір сүрмейді, соны-
мен қатар адам (этнос) санасында, танымында, жадында әрбір атаудың өз орны
бар. Тіл әлемі мен табиғат (кеңістік) әлемі барысында оларды байланыстыратын
адам әлемі бар. Кеңістік (орта, табиғат) адам арқылы оның ойлау жүйесі, сана,
танымы негізінде ғана тілде, тілдік жүйеде өз «айналық» көрінісін бере алады.
Топонимдердің (топонимиялық жүйенің) онтологиялық болмысы ментальді бол-
мысымен тығыз байланыста біте қайнасқан, себебі топонимдер тілдік бірліктер
ретінде ментальді болмыс арқылы өз көрінісін бере алады, ал ментальдік түсінік,
түйсіктер топонимдердің, топонимиялық жүйенің концептілік құрылымдарында
семиотикалық түрде жинақталған.
Дүниенің топонимиялық көрінісі тілдік сана болмысынан, этностық таным
тұрғысынан қарастырылуы керек. Тілдік санада кеңістік жөнінде ұғым әр тарихи
дәуірлерде қалыптасқан, сол дәуірден көрініс беретін ментальдік ұстанымдар,
когнитивтік түсініктер жүйесі бар. Сонымен қатар әр топонимиялық тілдік
тұлғада географиялық кеңістік жөнінде өз ментальді-топонимиялық түсініктері
(стереотиптері) бар және өзіндік сөз қорында бір бөлігі ретінде топонимиялық
қор (лексика) жинақталған. Ономастикалық ғылыми әдебиеттерде жеке тілдік
тұлғаның топонимиялық қорын (лексиконын) «топонимикон» деп атайды, ал сол
қордың иесін топонимиялық тұлға, яғни «топонимическая личность» деген термин-
мен атайды: жеке топонимикалық тұлға өзіндік топонимиялық дүниенің бейнесін,
фрагментін құрайды, сөйтіп тілдік санасында, жадында орнықтырылады. Әр
топонимикалық тұлғаның топонимиканы кеңістік өрісі жағынан да, топонимиконға
енген топонимдердің құрамы мен саны жағынан да әр түрлі болып келеді. Кейбір
тек тілдік (топонимикалық) тұлғаның топонимиконы тар, топонимикалық қоры
кедей, аялық білімі аса кең емес болатын болса, керісінше басқа топонимикалық
тұлғаның топонимиконы, яғни топонимикалық (лексикалық) қоры да оған қатысты
лингвоментальді өрісі де өте бай әрі кең болып келеді.
Этностың дүние көрінісін белгілейтін топонимиялық бейнесі жеке адам-
дардың этнос өкілдерінің ғаламды (дүниені) суреттейтін топонимиялық көрі-
ніс терінен құралады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, этностың ғаламды
бейне лейтін топонимиялық көрінісін жеке тұлғалардың дүниені бейнелейтін
топонимиялық көріністерінің жиынтығы деп те түсінуімізге болады. Сонымен,
ға ламның топонимиялық бейнесін, көрінісін этносқа, ұлтқа, халыққа қатысты
және жеке адамға, топонимикалық тұлғаға, ұлт өкіліне қатысты ретінде екі тұр-
ғыдан қарастырып, сипаттауымызға болады.
Ғаламның (дүниенің) топонимиялық бейнесі түрлі концептілерден құрылады
немесе суреттеледі, алайда дүниенің топонимиялық көрінісінде негізгі, ең
маңызды да елеулі концептілер «кеңістік» концептілері болып табылады. Оның
Тарихи т
опонимик
а
47
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
себептері де түсінікті: топонимдер кеңістікте орналасқан белгілі бір география-
лық және антропогендік нысаналарды (объектілерді) белгілеп, атайды. Сонымен
қатар, дүниенің топонимиялық бейнесінде «адам» макроконцептісіне қатысты
көптеген микроконцептілер жинақталған, сондай-ақ ғаламның топонимиялық
көрінісінде «қоғам» макроконцептісіне қатысы бар тағы да «идеологиялық»,
«қоғамдық», «экономикалық» т.б. микроконцептілердің өз орындары бар.
Еңбектің тиісті жерінде (тарауында) «кеңістік» концептісі жөнінде сөз етілген,
аталмыш концептінің мифологиялық, тарихи т.б.көріністері сипатталған, яғни
«кеңістік» концептілерінің диахрониялық тұрғыдан өзгеріп тұратындығы
жөнінде айтылған. «Кеңістік» концептісі лингвоментальді құрылым ретінде
ментальді-топонимиялық стереотиптерге негізделеді және әр тарихи кезеңдерде
кеңістікті ұғыну мен түсінудің өзгеруіне байланысты кеңістікті бейнелейтін
тпонимдердің құрамы мен уәждік сипаты өзгеріп тұрады. Осы заңдылықты
ескере отырып, әр тарихи дәуірдегі дүниенің топонимиялық көрінісін,
өзгешеліктерін, ерекшеліктерін көрсете біліп, сипаттаған жөн болады. Соны-
мен қатар геокеңістіктің құрылымдық сипатына да тоқталып, сол сипаттар-
ды айқындап беруге болатын сияқты. Географиялық кеңістіктің құрылымдық
сипаттары сол географиялық ортада өмір сүрген, тіршілік жасап келе жатқан
адамдардың (этностың) дүниеге, өмірге, тіршілікке деген көзқарастарына, та-
нымдарына, ұстанымдарына байланысты екенін ескеруіміз қажет. Кез-келген
жер-су атының тілдік көрінісі сол атауды қойған, тілде белгілеген адамның,
қауымның, этностың дүниетанымына, ментальді-когнитивтік болмысына
қатысты екені айқын.
Қоршаған ортаны танып дүниенің топонимиялық бейнесін суреттеуде негізгі
бірнеше ұстанымдар, яғни қағидалар арқылы жүзеге асырылады. Кеңістікті та-
нып, игергенде, сол тану, игеру нәтижесін тілде, яғни топонимияда белгілегенде
Л.И.Дмитриеваның көрсетуінше, үш қағида «жұмыс істейді»: ол қағидаларды
топонимиялық тұлға санасындағы ментальді модель деп те атауымызға бола-
ды – бағыт-бағдарлық (маршруттық) модель, шеңберлік (радиальдік) модель,
тұрмыс-тіршіліктік кеңістік моделі [154,22].
Адамзат қауымындағы ең алғашқы топонимдердің пайда болуы осы
маршруттық моделдің арқасында, негізде іске асырылды деп жорамалдауымызға
болды. Басқашалап айтсақ, ежелгі адам кеңістікті игеру барысында көкөніс,
жеміс-жидек, шөп тамырларын іздеп, жүру бағыттарын салғанда географиялық
нысандарды атай бастаған. Көшпенділерге тән мал жаю, малмен бірге көшіп-
қону шаруашылық тұрмыс тіршілігінде кеңістікті игеру, тану, нысандарын атау
осы бағыт-бағдарлық (маршруттық) модель арқылы іске асырылды. Ең алғашқы
немесе негізгі топонимиялық көрініс (бейне) көшіп-қонып, кеңістікті танып,
игеріп жүргендегі дүниенің топонимиялық бейнесі болып саналуы керек сияқты.
Бағыт-бағдарлық модель негізінде кеңістікті танып, игеріп, нысаналарын
Тарихи т
опонимик
а
48
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
атап отырған адам (этнос) дүниенің төрт тұсын және өзінің соған қатысты атап
отырған географиялық нысандарын бағдарлауы қажет еді. Осы уәждік негізге бай-
ланысты дүниенің (ортаның) топонимиялық бейнесінде бірқатар географиялық
терминдермен (апеллятив) жер-су аттары пайда болды. Сонымен қатар біздің
ойымызша, маршруттық модельде кеңістікті немесе геграфиялық объектілерді
атауда, тануда (тілде, санада, бекітуде) адам өз дене мүшелеріне қатысты
ментальді түсініктерді қолданған көрінеді. Осы үрдісті біз геграфиялық апел-
лятивтер құрамынан және топонимияда кездесетін анатомиялық (соматикалық)
атаулардан байқауымызға болады. Қазақ топонимдері мен апеллятивтер
құрамында төмендегідей анатомиялық терминдер кездеседі: бас, төбе, аяқ,
ауыз, табан, қойын, бауыр, көз, мұрын, арқа, төс, қабырға, бет, қабақ, тамақ т.б.
Кеңістікте орналасқан табиғи объектілерді бағдарлап айқындауда, географиялық
нысандардың өзін сипаттауда адам немесе жануарлардың дене мүшелерінің ор-
наласу тәртібіне сүйену – адамдардың ментальді түсініктерін көрсетеді. Сол
танымдық түсініктер аясында қоршаған орта, оның нысандары жалпы айтқанда
адамға, адам немесе жануар дене мүшелеріне ұқсатылған. Осыған қарағанда
әлемді тану процесі, әлемнің тілдік көрінісі, соның ішінде әлемнің топонимиялық
көрінісі адамның өзінен басталады, яғни, адам – дүние құрылымының моделі,
үлгісі болып табылады. Тілдің дүниетанымдық көріністері көбінесе адамның
ішкі дүниесі сияқты адамға қатысты сөздер арқылы көрінеді. Адами таным-
ды сипаттауда соматикалық тіркестер – бас, аяқ, көз, құлақ, тамақ, мойын, іш,
өкпе, ми, тырнақ, тіл, бет, жүрек, сүйек, тән, қан, арқа т.б. Бұлар – геграфиялық
терминдердің де құрамында көптеп кездеседі және семасиологияның ұқсату
заңына байланысты апеллятив терминдерге әлдеқашан айналып кеткен адами
таным негізінде екінші рет атау болған сөздер. Қоршаған ортаны, кеңістікті
бағыттық тану моделіндегі дүниені адамиландыру, антропоморфыландыру көне
адамдардың (қоғамның) мифтік, мифопоэтикалық танымына, мифтік санаға
да байланысты болған. Ежелгі замандарда орын алған мифтік сана бірден
толығымен жойылып кетпейді, оның сарқыншақтары күні бүгінге дейін жет-
кен. Қазақ топонимиясындағы жоғарыда аталған анатомиялық географиялық
терминдер мен топонимдер соның тілдік көріністері. Кеңістікті тану, тілдік
(апеллятивтік және онимиялық) бірліктермен қоршаған ортаны (кеңістікті, оның
нысандарын) белгілеу (таңбалау) жоғарыда көрсетілген бағытта да іске асыры-
лады. Осы үрдістің тілдік нақты айғағы ретінде төмендегідей жер-су аттарын
мысал ретінде келтіруге болады: Сарыарқа, Арқалық, Алғабас, Мұзарт, Қарауыз,
Аяққамыр, Бастөбе, Бауыр, Тасбел, Сарыбет, Қарабүйір, Табан, Мойынды, Қазақ,
Иекті, Көзбұлақ, Кіндікті, Еренқабырға, Маңдайтас, Төскейбет, Мибұлақ т.б.
Дүниенің топонимиялық бейнесін суреттеудегі бағыт-бағдарлық таным
моделіндегі тек қана көлемі шағын келетін кеңістікке тән микротопонимдік ата-
улар ғана қолданылмаған, осы бағыттық модель аясында біздің пікірімізше, өте
Тарихи т
опонимик
а
49
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
үлкен, көлемді географиялық нысандар да атау объектілеріне айналған. Мәселен,
Арқа (Сарыарқа) атауының түрлі этимологиясы бар – соның бірі: тарихи мәні бар
– «артымыздағы ел», «арт жақта орналасқан жұрт» дейтін болсақ, дегенмен арқа
апеллятивінің түпкі мағынасы анатомиялық арқа (жон арқа, «спина») деген сөзге
тірелетін сияқты. Сол Ұлы Жонның (Сары Арқаның) шығыс бүйіріне көне қазақтар
Ерен Қабырғаны орналастырған, яғни Тянь-Шань тауына сондай атау берген.
Әлемнің топонимиялық көрінісіне тән тағы бір ерекшелік – кеңістікті ба-
ғыт-бағдарлық модель арқылы игергенде визуалды факторға үлкен мән бе ру
керек болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда кеңістіктің бағыттық моде лінде,
жылжу барысында (бағыттық саяхатта, көшу жолында, малды жаю қозғалы-
сында) географиялық нысанды, әсіресе, алыстан, көзбен байқап (көріп) сол
табиғи объектінің ең алғашында түр-түсіне назар аударылады. Сол себептен
географиялық жалқы және жалпы есімдерде түске байланысты атаулар жиі
кездеседі. Е.Ә.Керімбаевтың мәлімдеуінше, Қазақстан оронимдерінің 20% өзі-
нің құрамында түсті білдіретін сын есімдерден құралған: қара, ақ, сары, көк,
қы зыл, ала, шұбар, қоңыр, боз, жирен, қу, құба, шағын, ұлан т.б. [221,17].
Әлемнің топонимиялық көрінісіндегі атауыштық процесінде орын алған
радиальді (шеңберлі) модель, қағида төмендегі ерекшеліктерімен белгіленеді.
Кеңістікті радиальді модель тұрғысынан құрылымдағанда кеңістіктің ортасы,
кіндігі және сол кіндіктен: этникалық, семантикалық рухани т.б. орталықтан
бірінен кейін бірі орналасқан шеңберлей келген кеңістіктерден құрылады.
Қазақ мифологиялық дүниетанымында Көктөбе, Қазығұрт, Байтерек неме-
се басқа да киелі табиғи нысандар жер кіндігі, жер ортасы болып табылады.
Сол жер кіндігінде қазақ халқының ел ортасы, атамекен шеңберінен кеңістігін
құ райтын тау, өзен, бұлақ, дала, ағаш-орман, сай-сала т.б. географиялық ны-
сандар орналасқан. Рухани, этникалық орталықтан алыстай келе көп жағдайда
жау, жат болып келетін танымайтын, бөгде кеңістіктер орналасқан. Жорыққа не-
месе саяхатқа шыққан эпикалық ертегілік кейіпкерлер жат елдерде, алыстағы
кеңістіктерде жалмауыз, мыстан, албасты, дию, перілермен кездеседі. Топони-
миялық танымдағы радиальді моделде «алыс» - «жат, жау», ал «жақын» - «ел,
жұрт» деген ментальді-топонимиялық түсініктерді топонимиялық атаулар
арқы лы да білдіре білген. Әр топонимиялық тұлғада жүрегіне ыстық естілетін,
мәңгілік жадында қалатын атамекен атаулары бар десек, артық айтпаған болар
едік. Атамекен атаулары кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен, еш уақытта
ұмытылмас, қимас Отанының, ата жұртының символы іспеттес екені баршамызға
аян, сол себепті осындай киелі ұғым қазақ топонимиялық әлем көрінісіне тән
деп айтуымызға болады.
Алыстағы жат жерлерді, жат елдерді топонимияда белгілеу үшін Барскел-
мес, Итжеккен, Балқантау, Ұрым, Қырым т.б. топонимиялық атауларды қазақтар
қолданған. Жоғарыда келтірілген жер-су аттары біріншіден, «алыс», «алыстағы
Тарихи т
опонимик
а
50
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
жер» деген ұғымды білдіреді, екіншіден, Барсакелмес және Итжеккен атаула-
ры жағымсыз коннотацияға ие болған болса, Балқантау, Қырым топонимдері
жағымды коннотацияларға ие деп айтуымызға болады.
С.Қондыбай: Балқантау – алыста жатқан қиял белгісі, құпиялық пен
киеліліктің метафорасы дей келе, географиялық кеңістікте реальді Балқан тау-
лар бар екендігін көрсетеді: «Гора, часто используемая в фольклоре как метафо-
ра отдаленности, таинственности и сакральности. У казахов сохранился только
отрывок древнего стихотворного текста.
Барар жерің Балқантау,
Ол да біздің көрген тау.
Стремление дойти до этой горы – мечта кочевника. Она имеет мифологиче-
скую нагрузку. Кроме европейских Больших Балкан, название которых связана с
булгарами или огузами, известно еще несколько Балкан: первые находятся в Се-
веро-Западной Туркмении, это – Балханские горы, известные в казахских эпосах
крымского цикла под названием Ок-Балкан. Вторые – в Центральном Казахста-
не, северо-восточной окраине Сарыаркинских гор, это гора Ку Балкантау. Третья
и четвертая – в Западном Башкортстане, в Давлеканском районе, около озера
Асылыкуль и в Кунчакском районе, вблизи р. Дема» [192,94-95].
Қазақ танымындағы кеңістікте топонимдер арқылы құрылымдаудың тағы бір
дерек белгісі мына бір тұрақты сөз тіркесінен аңғарылады.
Ұлың ұрымға, қызың Қырымға кетсін.
Дәстүрлі танымда Ұрым да (кейде - Үрім), Қырым да – алыс, жетуі қиын
шалғай жер мен ел. Әдетте, ғылыми әдебиеттердің өзінде ұрымды көне Рум
(Рим), ал Қырымды Крым түбегімен сәйкестендіреді. С.Қондыбай еңбектерінде
мифоэпикалық Ұрым мен Қырымды жоғарыдағыдай сәйкестендіру қате екені
көрсетіледі. Мәселен, Ұрым жөнінде С.Қондыбай былай жазды: «Никому не
пришло в голову, что у древних тюрках и их потомков в мифопоэтической си-
стеме существовал другой, архаический Рум – Урум. Образ подобного Урума со-
хранился в протобулгарской традиции. По-видимому, булгарский Урум в VI-XII
веках локализовался в Северо-Кавказском регионе, в Покубанье и на Таманском
полуострове, где в VI-VII веке существовало протобулгарское государство, на-
пример, название страны Урум, зафиксированное в надписях Культегина (VIIІ)
связано именно с тюркоязычными булгарами (утригуры и кутригуры) [192,239].
Термин «Крым» не имеет ничего общего с реальным географическим объектом,
полуостровом «Крым», - деп жазады С.Қондыбай [192,165]. Осы зерттеушінің
пікірінше, Үстірттің көне атауы Қыр болған, XIV ғасырда Үстірт (Маңғыстау)
аймақтарында алғашқы қазақ қауымы («есен-қазақтар») қалыптасқан, сол орта-
дан шыққан батырлар Қыр (Қырым) батырлары – «Қырымның қырық батыры»
атанып, Үстірттің бастапқы атауы (Қыр) ұмытылып, Қырым – өте алыста жатқан
жер, ел деген топонимиялық ұғым пайда болған.
Тарихи т
опонимик
а
51
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Бағыт-бағдарлық топонимиялық модель бойынша құрылымданған кеңістікте
тағы да қазақ халқына кеңінен танымал Жиделі Байсын, Жерұйық сияқты топо-
нимдер бар. «Алпамыс» эпосында Жиделі Байсын Алпамыстың, қоңырат елінің
ата жұрты. Жиделі Байсын жер атауы Өзбекстандағы Сурхандарья облысы Бай-
сунтау өлкесінде кездеседі.
Жерұйық топонимінің географиялық орны, мекені белгісіз, себебі бұл то-
поним мифотопоним, яғни мифтік, қияли жер-су атаулар қатарына жатады.
Жерұйық – киелі жер, ұйық – көне түркі тіліндегі ыдук («киелі») («ыдук йер-
суб» - «киелі жер-су») сөзінің фонетикалық варианты.
Жоғарыдағы дерек-келтірімдерді есепке алатын болсақ әлемнің топонимиялық
көрінісінде кеңістік бағыт-бағдарлық модель екі түрлі тұрғыда берілген: шағын
аумақтағы кеңістік (маршруттық саяхат, мал жаю, көшу-қону барысындағы) және
орасан кең, аумақты геокеңістік (Балқантау, Итжеккен, Ұрым, Қырым, Барсакелмес,
Жиделі Байсын, Каф (Қап) таулары т.б.) Ментальді топонимиялық құрылымдағы
кеңістіктің осы екі түрі де топонимиялық көріністің шеңберлі (радиальді) типіне де
жатқызуға болады, себебі кіші кеңістік (кеңістіктер) шағын радиустағы «атажұрт,
атамекен» кеңістігіне жатады, ал үлкен кеңістіктің шет шекарасында немесе одан
ары «жат территориясы» немесе «мифтік кеңістіктер» орналасқан.
Тұрмыс-тіршіліктік (болмыстық) кеңістіктің әлемнің топонимиялық көріні-
сіндегі берілуі, яғни құрылымындағы өз ерекшеліктерімен, өзгешелік те рімен
айқындалады. Осы модель бойынша кеңістікті ментальді өрісті құрылымдау,
құ рамдау шаруашылық факторының ықпалына, әсеріне байланысты болып
келеді. Географиялық кеңістікті, ортаны тілдік санада және тілдің өзінде (лек-
сикада, топонимияда) белгілі бір дискретті нысандарға, бөлшектерге айқындап
бөлу, атау, тану, игеру, тілдік және ментальді айналымға енгізу жоғарыда аталған
экстралингвистикалық, лингвистикалық т.б. көптеген факторларға байланыс-
ты екені мәлім және кеңістіктің ландшафттық ерекшеліктеріне де қатысты
екені дау туғызбайды. Басқаша айтқанда, кеңістік жүйелі түрде өзінің санадағы
ментальді көрінісін және тілдегі топонимдік (лексикалық) құрамын, келбетін
көрсете алады. Осы бүгінге дейін қазақ топонимика саласында жүргізіліп келе
жатқан барлық дерлік зерттеулер негізінен топонимдердің тілдік (лексикалық,
яғни топонимдік) көрінісін айқындап, сипаттап келеді, ал когнитивтік ономас-
тика (топонимика) қағидалары бойынша кез-келген ономастикалық бірліктер
жүйесінің ментальді, когнитивтік ой-санадағы көрінісі, болмысы бар.
Кеңістікке қатысты ментальді және тілдік көріністер бір-бірімен өзара
изоморфтық түрде байланысқан, яғни кеңістіктің тілдік көрінісі ментальді
(когнитивтік) болмыстың айнасы, айғағы іспетті болса, ментальді (тілдік ой-
санадағы) көрініс өз таңбасын, бедерін кодталған түрде тілде, яғни топонимиялық
(лексикалық) жүйеде тайға таңба басқандай қалдырған. Сол себепті орыс
зерттеушісі Л.М.Дмитриева айтқандай, топонимиялық жүйенің онтологиялық
Тарихи т
опонимик
а
52
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
болмысы заңды түрде оның ментальдік қызметімен, болмысымен біте қайнасып
бірлескен, сондықтан да топонимиялық жүйенің сол тілде сөйлеушілер санасын-
да өз орны бар.
Экстралингвистикалық факторлар [шаруашылық және тұрмыстық (материал-
ды) және рухани мұқтаждықтар (құндылықтар)] топонимиялық жүйенің құрамы
мен құрылымын жасауға детерминанттар (себепші негіздер) болып келеді, со-
нымен бірге топонимиялық жүйенің (топонимдер жиынтығын) этнос және жеке
топонимикалық тұлғаның ой-санасында құрылымдануына және орнығуына өз
ықпалын тигізіп, шешуші рөлін іске асырады.
Дәстүрлі топонимика аясында жүргізілген көптеген зерттеулерде мал
шаруашылығына қатысты топонимдердің топтамасын, сол топтамаға енетін
жер-су аттарын тілдік (лексикалық) белгілер арқылы айқындайды: топонимнің
тұлғалық құрамында, құрылымында малға, мал шаруашылығына қатысты сөз
(лексема) болса, сол сөз аталмыш топқа немесе топоним түріне жатқызылады.
Айтылған ой-тұжырымдамамыз айғақты болуы үшін мысал ретінде Оңтүстік
Алтай оронимдерін зерттеген Б.Н.Бияровтың еңбегінен үзінді келтірейік.
Бұл орайда Оңтүстік Алтай оронимдерінің мал шаруашылығына байланысты
қалыптасқан атауларын өз ішінде саралап жіктеп көрсету тиімді болмақ:
«1) мал және басқа үй жануарлары туралы әр түрлі мәлімет беретін Ақтайынша,
Ақтүйе өлген, Алтысиыр, Биесоймас сай, Ешкіөлген, Итөлген т.б. оронимдерге
тілдік талдау жасалды;
2) малдың қысқы, жазғы тұрақтары, өрісі жөнінде мәлімет беретін, құрамында
қора, қотан, жұрт, қыстау, тепсең, үйез, жалақ т.б. терминдері бар атаулар тал-
данды: Байқотан. Бауырдағы қора, Қаламақ жұрт, Қиын қыстау, Тасүйез т.б.;
3) малға жайылым болатын шөпті, сазды жерлердің аты осы топқа жатқызылды:
Ақөлең, Бақбақ, Бозжусан, Жапырақты, Жатақсаз, Құрымбай сазы, Майсаз,
Отсаз, Ашылы, Белашы т.б.;
4) мал суаттарын білдіретін атаулар гидрографиялық индикаторлар арқылы
талданып берілді» [222,19].
Осы үзіндіден байқағанымыз, топонимдердің мал шаруашылығына қатыс-
тылығын географиялық жалқы есімдердегі тілдік деректер, лексикалық компо-
ненттер арқылы айқындап, жіктеп, көрсетіп дәйектеуге болады. Ал осындай
атауларды қою үшін аялық білімде сақталып келген, сол кезде орын алған линг-
воментальді түсініктер, ұстанымдар уәждік себептер т.б. дүниетанымдық және
тілдік сана құрылымдары өте үлкен, маңызды рөл атқаратыны күмән тудырмай-
ды. Дәстүрлі ономастикада (топонимикада) осы лингвоментальді жағдаяттарға
назар салынбады, себебі ономастика саласындағы зерттеулер «таза» тілдік,
лингвистикалық, тіл-жүйелілік бағытта жүргізілді, ал антропонегіздік парадигма
зерттеушілердің назарынан тыс қалып отырған. Антропенегіздік парадигманың
қағидаларына сәйкес кез келген тілдік, лексикалық бірлік, жүйе, құбылыс,
Тарихи т
опонимик
а
53
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
адам, оның ой-санасы, ментальді болмысы, адами фактор негізінде қаралуы
тиіс. Тілдік жүйенің адам санасы жүйесімен онтологиялық және қызметтік, іс-
әрекеттік болмыстары біте қайнасқан, екі жақты бірақ тұтас құбылыс, феномен
екенін қазіргі заманымыздағы когнитивтік тілтаным мықтап есінде ұстауға тиіс.
Жоғарыда келтірілген топонимдер тек қана жер-су атауларының мал шаруашы-
лығына «қатысын» көрсетумен шектелмейді, осы топонимдерде этностың ой-
таным табиғаты бейнеленген, мыңдаған жылдарда жинақталған таным тәжі-
рибесі имплицитті түрде кодталған. Тарихи географияның білгір маманы
проф. В.С.Жекулин былай дейді: «... географиялық атаулар өзінің семантикасы
жөні нен утилитарлы. Олар сан ғасырлық шаруашылық әрекеттің нәтижесінде
қалыптасатын табиғатқа деген көзқарасты бейнелейді» [223,78]. Табиғатқа де-
ген көзқарас шаруашылыққа деген мұқтаждықтың негізінде қалыптасты, сол
себепті жергілікті жердегі табиғат жағдайларының басты белгілерін топоним-
дерде бейнелеудің өзі сол белгілердің шаруашылықты жүргізу маңыздылығымен
анықталады. Көптеген географиялық терминдерде, мыңдаған тіпті жүз
мыңдаған жер-су аттарында көшпелі қазақ малшысы қоғамға қажетті сан алу-
ан географиялық ақпар жинақтады, осы мол және де бай географиялық ақпарат
қазақ этносының әлем тілдік көрінісінің фрагменті болып саналатын дүниенің
топонимиялық көрінісінде сақталған.
Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздерін зерттеген К.Каймулдинова
географиялық атаулардың мағыналық жүктемесі мал шаруашылығының
қажеттіліктерінен туындағанын атай келе, былай деп жазады: «Қазақ халқының
географиялық терминдері мен атауларының ақпараттық жүктемесіне қатысты
мынадай мәселелерді атап өтуге болады:
- Мал шаруашылығын жүргізу тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа жергілікті табиғат
ерекшеліктерін ескеру, ортаға бейімделу тұрғысынан беріліп отырғандықтан,
географиялық жағдайлар, шаруашылықтың мамандану тәрізді факторлары халықтық
географиялық терминологияның жіктелуі мен өзіндік ерекшеліктерін тудырды;
- Табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарында жергілікті жердің
ландшафттық келбеті бейнеленіп, халықтың географиялық білімі жинақталған;
- Халықтың табиғатты пайдалану жүйесі, оған негіз болған ландшафт
компоненттерінің (литология, жербедер климат, су көздері, топырақ, органикалық
дүние) біртұтас жүйенің ерекшеліктері микротопонимдердің мағыналық
жүктемесінде өз «ізін» қалдыратыны нақты мысалдар арқылы дәлелденеді;
- Жайылымдардың семантикалық үлгілерін қарастыру нәтижесінде олар-
да табиғат ерекшеліктері (рельефі, литологиясы, ылғалдану дәрежесі, өсімдік
дүниесі) және шаруашылықты пайдалану дәрежесі мен мүмкіншіліктері
жөніндегі деректер жинақталғандығы анықталды;
- Мал шаруашылығын ұйымдастырудың көшпенді сипаты қазақ топоними-
Тарихи т
опонимик
а
54
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
ясында бағдарлау нүктелері мен маусымдық қоныстарды, көшу маршруттарын
айрықша атаулармен бейнелеуге негіз болғандығы анықталды» [224,56].
Жоғарыда келтірілген топонимдер мен географиялық апеллятивтердің ақпарат-
тық жүктемесі дегеніміз – табиғат ерекшеліктері мен мал шаруашылығына
тиімді немесе тиімсіз жағдайлары, қоршаған ортаға шаруашылық мүдделеріне,
мұқтаждықтарына сай ерекшеліктерін, қасиеттерін байқау және пайдалану сияқ-
ты көптеген ақпарлар, оларды халықтық географиялық білім деп түсінуіміз ке-
рек. Осы ғасырлар бойы қалыптасып жинақталған аялық білім халық жадында
концептуальді және лингвоментальді түрінде сақталып, қызмет еткен. Сол бұрын-
ғы көшпелі заманнан алыстап кеткен, урбанизация мен глобализацияның ықпал-
әсерлеріне ұшыраған бүгінгі қазақтар мол және бай халықтық географиялық
білімнен, рухани құндылықтарымыздан арылып қазіргі сәтте мүлдем мақұрым
қалып отыр.
Жоғарыдағы ойдан төмендегідей тұжырым жасауға болады: әлемнің
топонимия лық көрінісі динамика процесіне ұшырайды, демек, әр тарихи заманда
(дәуірде) өзгеріп тұрады, кейбір элементтері ескіреді, ұмыт болады, ал қайсыбірі
жаңаланып, адамдардың дүние туралы ментальді түсініктері толыға түседі.
Мысалы, өткен және одан бұрынғы ғасырлардағы әрбір малшы қазаққа мәлім
және түсінікті болған жайылымдар жөнінде (түрлері, ерекшеліктері, пайдала-
ну жолдары мен тәсілдері т.б.) лингвоментальді ұғымдар қазіргі қазақтардың
көбінің тілдік санасында жоқ десек қателеспейміз.
К.Каймулдинова жайылымдық терминдер мен топонимдік атаулардың
семантикалық ақпараттарын қарастыру арқылы олардың табиғат ерекшеліктері
(рельефі, литологиясы, ылғалдану дәрежесі, өсімдік дүниесі) және шаруа-
шылыққа пайдалану дәрежесі мен мүмкіншіліктері жөніндегі деректерді ескере
отырып, жайылымдардың мынадай семантикалық топтамасын жасады: «түсіне
байланыс ты – ақтебін, алатамыр, алатебін, боз, керала, қараот, қоңыр, шұбар;
литологиясы бойынша – ащы, ащылауыт, борбас, құм, сор, сортаң, тақыр, татыр;
жер бедері бойынша – аяқ, бауыр, бөктер, жарық, қабақ, қойын, өзек, тепсең, төр,
төскей; климаты бойынша – желкем, желқара, күнгей, қағыл, қараш, теріскей;
ылғалдығы бойынша – бидайық, қақ, қопа, саз, томар; өсімдігі бойынша – ат-
жал, аңыз, беделік, көкорай, тал, тоғай, шалғын, шиыр, шұрат, шілік; пайдала-
ну ерекшелігі бойынша – биебау, жайлау, көктеу, күздеу, келте қыстау, қойтебін,
қорық, қыстық, отар, өртең» [224,39].
К.Каймулдинованың келтірген топтамасынан мал шаруашылығына бай-
ланысты жайылымдар жөнінде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған
ақпараттарын, қоршаған ортаның, дүние болмысын егжей-тегжейлі сипаттай-
тын ментальді таным көзқарасын байқауға болады. Сырт көзге қарағанда тек
түсті білдіретін жайылым атауларында басқа да аялық қосымша коннотацияла-
ры бар ақпараттар жинақталған. Мысалы, ақтебін және алатебін деген атаулар-
да ақ, ала терминдерінің семантикалық жүктемесі ерекше, себебі алатебіндегі
Тарихи т
опонимик
а
55
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
ала – тұяғымен «теуіп (тебіп)» қар астындағы шөпті ақ қар астынан ашып, кей
жерлерде қар ашылмай қалып, ала болып қалған қар басқан қысқы жайылым-
ды сипаттайды. Сонымен, алатебін толығымен пайдаланылмаған қыстық жай-
ылымды білдіреді. Жұт болудың бір себебі – тебіндік жайылымдардың үстін
қатты аяздан кейін (қар аралас жаңбырдан соң) ат тұяғы сындырамастай мұз ба-
сып қалады. Мыңдаған қой, жылқы мұз астындағы шөпке жете алмай үш күнде
түгелімен қырылып қалады екен. Міне, осыдан келіп «Бай – бір жұттық, батыр
– бір оқтық» деген түсінік қалыптасқан болу керек.
Сортаңды жайылымдарды қазақ халқы түсті білдіретін атаулармен
атаған, бірақ Қазақстанның әр ландшафттық бөліктерінде, аймақтарында
осы жайылымдардың өз ерекшеліктері болған. Мәселен, ХІХ ғасырда қазақ
шаруашылығын зерттеген орыс экспедициясы еңбегінде керала атауы жөнінде
былай жазылады: «...селеулі даланың жалпы көрісінен ерекшеленіп тұратын,
ойдым-ойдым сортаңдармен жабылған даланы қырғыздар (қазақтар – Т.Б.М.)
осылай атайды» [225,15]. Селеулі (ақселеу) дала боз болып көрінеді, боз деп
қазақ селеудің бір түрін де атайды, ал даланың сортаңды жерлері қоңыр (ба-
ран) түсті болып көрінгендіктен, сол жайылымның түрі керала аталған
көрінеді. Жайылымның аталған түрі негізінен Қазақстанның солтүстік, орталық
аймақтарында кездеседі.
Шұбар атты – жайылымдар Қазақстанның әр өңірінде өзіне тән өзгешелік-
терімен сипатталады. Шұбар Солтүстік Қазақстанда – «қайыңды – көктеректі
шоқтар». Ал Жетісуда Алакөл маңында шұбар деп «құрғақ сортаңдарды» атай-
ды [189,126]. Сортаңды жайылымдарға алатамырлар да жатады. Ғ.Қоңқашбаев
алатамыр терминінің Қазақстанның шығыс бөлігінде қолданылатынын айта
келіп, оларды «астық тұқымдас өсімдіктер мен көкпекті, жусанды сортаңдар
кезектесіп келетін жерлер» ретінде сипаттайды [224,40].
Әлемнің, қоршаған ортаның топонимиялық көрінісінің белгілі бір
құрылымдарын, бөліктерін құрайтын жайылым, ландшафт атаулары қазақ
халқының ментальді өрісінде, жадында сақталып таным процесінде және тілдік
қолданысында болатындығын атап кеткеніміз жөн. Ал жоғарыда келтірілген
және де басқа лингвоментальді микроконцептілер қазіргі заман қазақтарының
тілдік санасында, когнитивтік өрісінде жоқтың қасы деп айтуымызға болады.
Бұл құбылыс көп факторларға байланысты, солардың ең негізгісі – көшпелі
мал шаруашылығы қазақ этносының кәсібі, тұрмыс-тіршілігінің өзегі ретінде
сақталмай, біржолата жойылып кеткендігінде болып тұр.
Қоршаған ортаның, яғни, ландшафттың ерекшеліктерін жіті байқап, ментальді
және тілдік болмысында шебер жіктеген көшпелі қазақ халқы Қазақстанның
құмды шөлдеріндегі жайылымдарды қоңырлар, құмдар және шұраттар деп
бөледі. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірінше қоңыр деп өсімдікпен бекіген, қыста мал
үшін жақсы жайылым болатын төбелерді атайды. Е.Қойшыбаев өзінің сөздігінде
қоңыр жөнінде былай деп жазды: «Қоңыр – республика облыстарының көбіне
Тарихи т
опонимик
а
56
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
тау-тау, құмды, қырқалы, таулы аймақтарындағы жайлау, қыстау, жайылым атта-
ры. Түспен немесе ауа райымен байланысты атаулар болуы екіталай. Ыңғайына
қарағанда, топоним төркіні түркі немесе түркі-моңғол тілдерінде бұрын болған,
бірақ беріде жаңғырған өсімдік (от) атымен аталғанға ұқсайды» [184,170]. Осы
терминге байланысты Байқоңыр топонимі жөнінде проф. Т.Жанұзақ: «Кең
алқапты алып жатқан Байқоңыр даласы мал шаруашылығы үшін қолайлы жер
дей келіп, атаудың мағынасын топырақ пен өсімдіктің түсіне (қоңыр) және
«қоңыр» көмір кенінің (мол) болуына қатысты түсіндіреді [153,148].
Құм (құмдар) атты жайылымдар туралы К.Каймулдинова толыққанды линг-
воментальді түсініктер берген деп есептейміз.Осы зерттеушінің мәлім деуінше:
«Құмдар көшпенді қазақ шаруашылығы үшін ғасырлар бойы қысқы жайы-
лым ретінде пайдаланып келген. Қазіргі кездің өзінде малшылар оңтүстіктегі
құмдарға мал қыстатады. Қыста мұнда қар жамылғысының тұрақты болмауы,
күзгі жаңбырдан кейін өсімдіктің қаулап өсуі, құмды төбелердің малды суық
желдерден қорғауы, жерасты суының жақындығына байланысты құдық қазу
мүмкіншілігінің болуы құмдарды қысқы жайылымдар ретінде сипаттауға
себепші болды. Тарихи-археологиялық деректер де осы айтылғанды дәлелдей
түседі. 1839-1840 жылдары Батыс Қазақстанды аралаған Е.П.Ковалевский ту-
ралы Б.А.Вальскаяның жариялаған еңбегінде Үлкен Борсықта, Аққұмда қазақ
малшыларының қыстайтындығы туралы мәліметтер бар. Сонымен, «құм» сөзінің
ландшафтық термин ретінде қалыптасуына құмдардың шаруашылықтық маңызы,
яғни жайылымдық мүмкіншіктері белгілі дәрежеде рөл атқарған» [224,41-42].
Байқап отырсақ жайылым атаулары өзінің ақпараттық-когнитивтік се-
мантикасында мал шаруашылығы қажеттіліктерінен туындаған түрлі табиғи
жағдайларды сипаттайды, мал шаруашылығын жүргізу «технологиясының»
ерекшеліктерін айшықтайды, табиғатты (географиялық ортаны) тану, игеру, пай-
далану барысында оны концептілер арқылы бейнелейді. Жоғарыда көрсетілген
жайылымдарға қатысты түрлі тілдік және экстралингвистикалық ақпараттық
мәліметтер аталған терминдердің микроконцептілік құрылымын қалыптастырып,
құрайды. Әрине, сол микроконцептілердің өрісі мен аумағы жұмыста берілген
үлгілерден әлдеқайда кең және ауқымды, себебі келтірілген жайылымдар
түрлеріне қатысты лингвоментальді мәліметтерді әлі де толықтыруға, жан-
жақты сипаттауға мүмкіншіліктер бар.
Қазақ тілінде бейнеленген әлемнің топонимиялық көрінісі тек жайылым атау-
ларында жинақталған ақпараттық таным көріністерімен шектелмейді. Осында
микроконцептілік көріністер алуан түрлі, оларды толық, жүйелі түрде талдап беру
бір еңбектің көлеміне сыймаған болар еді. Қазақ топонимдерінде (топонимиялық
жүйеде) дүние, адам, қоғам, рухани және материалдық мәдениет, этнос өмірінің
сан қырлары жайында орасан мол когнитивтік ақпарат жинақталған. Адамның,
этностың дүниетанымы, ой-санасы, тарихы, шаруашылығы, мәдениеті, ғасырлар
бойы жинақталған сан-салалы тәжірибесі тілдік жүйеде, сол жүйенің құрамдас
Тарихи т
опонимик
а
57
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
бөлігінде: жалқы есімдер жүйесінде, ары қарай тармақтай келсек, топонимиялық
жүйеде де өз тілдік көрінісін сақтаған. когнитивтік ономастика, соның ішінде
когнитивтік топонимика аталған баға жетпес өте мол лингвоментальді байлықты
айқындап, ашып, ғылыми түрде сипаттап ұлт ұғымының ғылыми және рухани
әлеміне қайта жаңғыртып енгізу керек. Қазақ ономастикасының бүгінгі кезеңдегі
өзекті де елеулі мәселелерінің бірі – жоғарыда көрсетілген мәселе болып саналады.
Ғаламның (дүниенің) ономастикалық бейнесі – ономастикалық концептілердің
жүйелі де кешенді жиынтығы, ұлт танымының жалқы есімдер деңгейіндегі
және жүйесіндегі тілдік көрінісі. Дүниенің ономастикалық көрінісі адам таны-
мынан түрлеріне қарай бөлінеді. Мысалы, ғаламның мифонимиялық бейнесі –
мифологияның түрлі қабаттарынан құралатын мифонимдер арқылы ғаламның
моделін, құрылысын көрсететін лингвоментальді кешен. Дүниенің мифтік
бейнесін сомдайтын мифологияның өзі көп қабатты және диахрониялық
тұрғыдан келгенде көп деңгейлі болып келеді.
Антропонимдер, яғни антропонимдер жиынтығы (кешені) мифонимдер
сияқты тілдік семиотикалық таңбалар ретінде қазақ танымында, тілдік са-
насында өз әлемін құрып, сол әлемнің тілдік көрінісін бере алады. Ғаламның
қазақ тіліндегі антропонимиялық бейнесін суреттеудегі ең алғашқы мифтік
көріністерін құрайтын мифтік антропонимдер, мифоантропонимдер және
олардың коннотациялары, лингвоментальді кешендері болып табылады. Алуан
түрлі антропонимиялық концептілердің этномәдени мазмұны, хронологиялық
сипаты, әлеуметтік, тілдік ортадағы қызметі, қазақ дүниетанымындағы орны
ерекше және мәні зор.
Ғаламның (дүниенің) топонимиялық көрінісі топонимиялық жүйе арқылы іске
асырылады, яғни әрбір топонимиялық жүйе әлем бейнесінің фрагменті түріндегі
топонимиялық көрінісі тілдік сана, этностық таным тұрғысынан қарастырылуы тиіс.
Тілдік дүниетаным көріністері топонимияда негізгі үш қағида (ұстаным, стерео-
тип) арқылы берілген: 1) бағдарлық (маршруттық), 2) радиальдік модельдері,
3) тұрмыстық-тіршіліктік кеңістік моделі арқылы. Кеңістікке қатысты ментальді
және тілдік көріністер бір-бірімен изоморфтық түрде өзара байланысты, яғни
кеңістіктің тілдік көрінісі ментальді, когнитивтік болмыстың айнасы, айғағы іспетті.
Ментальді ( тілдік ой-санадағы) көрініс өз таңбасын, бедерін кодталған түрде тілде,
яғни топонимиялық (лексикалық) жүйеде тайға таңба басқандай қалдырған.
Әлемнің топонимиялық көрінісі динамикалық процестерге ұшырайды, әр
тарихи заманда (дәуірде) өзгеріп тұрады, кейбір элементтері (фрагменттері)
ескіреді, ұмыт болады, ал қайсыбірі жаңаланып дүние, адам, қоғам, рухани және
материалды мәдениет жайында сан қырлы орасан мол когнитивтік мәліметтер
мен ақпараттар жинақталған. Адамның, этностың дүниетанымы, ой-санасы,
тарихы, шаруашылығы, мәдениеті, ғасырлар бойы жинақталған сан-салалы
тәжірибесі тілдік жүйеде, сол жүйенің құрамдас бөлігінде – жалқы есімдер
жүйесінде, ал дәлірек айтсақ топонимиялық жүйеде өз тілдік көрінісін сақтаған.
Тарихи т
опонимик
а
58
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Қ. Сапаров
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры,
география ғылымдарының докторы
Достарыңызбен бөлісу: |