Ономастикалық хабаршы №2 (32) 2016



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата31.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#10997
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиеттер тізімі:

1. Подольская Н.В. Словарь русской ономастической терминологии. – Моск-

ва: Наука, 1978. – С. 200.

2. Шмелева Т.В. Ономастика: учебное пособие. – Славянск-на-Кубани: Изда-

тельский центр филиала ФГБОУ ВПО «КубГУ», 2013. – С. 161.

3. Касымбаев Ж., Агубаев Н. История Акмолы (ХІХ – начало ХХ века). –Ал-

маты: Жеті жарғы, 1998. – С. 176.

4. Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты. 250-Қ., 1-Т., 3-І.

5. Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты. 32-Қ., 1-Т., 7-І.

6. Дубицкий А.Ф. Пройдемся по улицам Целинограда. – Целиноград, 1990. – С. 111. 

7. Мазур Л.Н. История России ХХ века а названиях населенных мест //Вопро-

сы ономастики. 2011, № 2 (11), стр. 5-18.

8. Дубицкий А.Ф. Город на Ишиме. -Алма-Ата: Казахстан, 1986. – С. 152.

9. Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты. 32-Қ., 1-Т., 7-І.

10. Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты. 32-Қ., 10-Т. (қосымша), 307-І.

11. Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты. 36-Қ., 2-Т., 34-І.

12. http://egemen.kz/2015/02/25/50835


32

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Ш. Жарқынбекова

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры,

филология ғылымдарының докторы

А. Маукара

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті,

филология ғылымдарының кандидаты

Годонимдер жүйесіне атау берудің қазіргі принциптері 

Заманауи  тіл  білімі  ғылымында  қала  ішілік  нысандарды  ғылыми  тұрғыдан 

зерттеуге аса қызығушылық танытылып отырғаны белгілі. Қала кеңістігіндегі 

урбанонимдік нысандардың ерекше түрі – годонимдер болып табылады. Өз ге 

нысан табиғатымен салыстырғанда, көше атаулары (годонимдер) өзінің динами-

калық сипатымен айрықшаланады. Л.В. Егорованың пайымдауынша, «годоним-

дер  –  көшелердің,  жағалаулардың,  орамдардың  «куәлігі»  іспеттес.  Ол  қоғам 

өмі рінің оңтайлы қызметін реттеуші маңызды бағдар болып саналады»  [2, с. 

231].  Урбаноним  және  қаланың  ономастикалық  кеңістігі  жөнінде  әр  кезеңнің 

ғалымдары  әр  алуан  қырынан  қарастырып  келеді.  Атап  айтқанда,  А.В.  Супе-

ранская, М.В. Горбаневский, Э.М. Мурзаев, A.M. Мезенко, В.П. Нерознак, Г.П. 

Смолицкая, В.А.  Никонов, Н.В. Подольская, М.В. Голомидова, Т.В. Шмелева, 

Б.Я. Шарифуллин, Т.Д. Жанұзақов, Е.А. Керимбаев, А. Әбдірахманов, К.Р. Рыс-

берген, С.К. Иманбердиева, Ә.Т. Қайдар, О.А. Султаньяев, Г.К. Қонқашбаев, Г.Б. 

Мадиева, Б.К. Бектасов, Б. Тілеубердиев, Ш.К. Жарқынбекова, А.Ш. Акжигито-

ва, Д. Қамзабекұлы, Б. Әбдуәлиұлы, Т.Г. Котлярова және басқалардың еңбектерін 

көрсетуге болады.  

А.В.  Суперанская  атап  көрсеткендей,  бір  типті  мәдениетті  елдерде  қала 

ішілік нысандар да бір типтес болып келеді екен. Топонимдер, көбінесе, өзі атау 

алған жердің табиғатына сай қойылады. Олардың атауларын қоюға жергілікті 

тұрғындардың өздері қызығушылық танытады. Сол себепті басқа микротоптарға 

қарағанда,  топонимдер  сөйленісте  жиі  қолданыс  тауып  отырады  да,  олардың 

модельдері бірыңғай болып келеді. Бұл көше атауларының өте жоғары жиілікте 

аталуының  бір  себебі  ретінде  қаралады.  А.В.  Суперанскаяның  айтуынша, 

урбанонимдердің  табиғаты  өзгеріске  жиі  түседі,  «оның  табиғи  жолмен  дұрыс 

дамуына адамдардың өздері кедергі келтіреді» [3, c. 75]. Бұл жайт, әсіресе, қала 

ішілік  нысан  атауларының  дамуында  жиі  көрініс  табады,  себебі  адамдардың 

қатысуымен ономастикалық комиссияның не болмаса жеке бір тұлғаның (тұрғын 

үй атаулары мен эргонимдерді атауда) бастамасы арқылы нысандарға атау беру 

белең алып отыр. Алғашқы жағдайда атау беру үдерісін үнемі қадағалап отыру 

қолға алынған, ал екінші жағдайда бұндай бақылау аса іске аса бермейді, өйткені 

әр  ғимараттың  өзінің  «атау  беретін  тұлғасы»  бар.  Урбанонимнің  құрамына 



Тарихи т

опонимик

а

33

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

көшелерден  басқа  бірқатар  ғимарат  атаулары  да  кіреді.  Сол  себепті  урбано-

нимдерге  талдау  жасау  қала  кеңістігін  таныстыру  үшін  аса  қажет.  Өйткені 

ономастикалық  кеңістікті  өз  бойына  ауылдықғ  қалалық,  ғарыштық,  әдеби, 

материалдық, рухани, ментальдық және т.б. нысандарды жинаған тұтас бір әлем 

деуге  болады.  Бұл  тұрғыдан  алғанда,  урбанонимдерді  кешенді  түрде  зерттеу 

қала кеңістігін нақты бір жүйеде қарастырғанда өз нәтижесін беретіні сөзсіз.   

Бұл  мәселе  урбанонимдердің  ұлттық  ерекшеліктерін  танытады.  Олардың 

ерекшелігі  қызметі  жағынан  да  айқын  көрінеді.  Урбанонимдер  бөлшектеуші, 

мекендік  немесе  бағдарлаушылық  және  символикалық  қызмет  атқарады.           

А.М.  Мезенко  урбанонимдердің  мынадай  белгілерін  атап  өтеді:  «обусловлен-

ность  внеязыковыми  факторами;  системность  организации;  общность  выпол-

няемых  функций;  наличие  вариантов  официальное/неофициальное  название; 

наличие словообразовательных формантов структурно-грамматических типов; 

возможность быть зафиксированными в текстах художественных произведений, 

в результате чего вступать в другие системные связи и участвовать в стилисти-

ческих приемах и др.» [4, c. 14].  

Нысанды  қарастыруда  оны  қай  қырынан  алып  зерттеудің  маңыздылығы 

ерекше.  Ал  урбанонимдерге  келсек,  оны  грамматикалық  сипат  тұрғысынан 

талдау  орын  алған  екен.  Годонимдер  жөніндегі  зерттеу  жұмыстарында  көше 

атауларының  сөзжасамдық  формант  ерекшеліктерін  талдауға  көп  көңіл 

бөлінетіндігі  байқалады.  Қазақ  тіл  білімінде  топонимдерді  сөзжасамдық 

тұрғыдан зерттеген деп Б. Бияровтың еңбегін атауға болады. Ал грамматикалық 

белгілері  Т.Г.  Котлярованың  жұмысында  қарастырылады.  С.  Л.  Казакованың 

еңбегінде  урбанонимдердің  лексикалық  жүйесіне  кешенді  түрде  зерттеу 

жүргізіледі:  олардың  мағыналық  сипаты  сол  жергілікті  жердің  географиялық 

белгілеріне сай талданады. Урбанонимдердің лексикасы экстралингвистикалық 

факторларға қатты тәуелді болып келеді. С.Л. Казакованың пікірінше, олар өз 

кезегінде біздің дүниетанымымызға әсер етеді. Автордың бұлай прагматикалық 

тұрғыдан зерттеуі онимдердің функциялық мәні түсіндіріп, қоғамдық жағынан 

практикалық мәнін айқындауға да көмектеседі. С.Л. Казакова аталмыш тәсілді 

жүзеге асыруда логикалық факультативтілік, тілдік верификациялау ұғымдарын 

атай отырып, лексикалық тұрғыдан да зерттеу жүргізеді: «В самой семантике на-

звания закодирована информация об отношении именующего к именуемому, за-

ложен прагматический потенциал. Экспрессивность новых названий неразрыв-

но связана с прагматикой, т.к. именно в них отображается эмотивное отношение 

субъекта речи к человеку, к его внешнему и внутреннему миру. Экспрессивность 

топонима – его способность производить на реципиента определенный прагма-

тический эффект. Топоним экономно не только сообщает об объекте, но и, одно-

временно с этим, и об отношении субъекта к называемому. Мотивом для соз-

дания эмотивного отношения служит образ, вызванный сложнейшим спектром 

Тарихи т

опонимик

а


34

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

ассоциаций» [5, c. 48]. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды, аталымдардың 

уәжділігі белгілі бір түсінік тудыруы тиіс топонимдерді қабылдауда көп жағдайда 

тұрғындардың танымдарында ғана ашыла түседі. Автор, сондай-ақ, аталымдар 

мен олардың уәжділік үдерістері мән беруге тиісті нысандар екендігін көрсетеді, 

дегенмен олардың қандай жағдайда іске асатындығын ескертпейді.  Келтірілген 

бұл дерек атаулардың қандай да бір себеппен біздің санамыздан өшіп, оның тек 

бейнесі не болмаса нақты бір түсінігі ғана сақталған жағдайда орын алуы мүмкін. 

Зерттеушілер  атау  беру  үдерісін  прагматикалық  құндылықтарды  жеткізетін 

«кеңістікті вербальды символдардың көмегімен түсініп, құрылымдау» ретінде 

қарастырады. Топоним топонимикалық тұлғаның ментальды тұрмысында өмір 

сүреді. Прагматикалық тұрғыдан қарағанда, урбанонимдік жүйе «материалдық 

және  рухани  бейне  арасындағы»  периферияда  ғұмыр  кешеді  [5,  c.  47].  Бұл 

жағдайда өзінің бойында сөйлеуші тұлғаның түсінігі мен символын жинақтайтын 

нысанның алғашқы аталымы маңызды орынға ие болады. Автордың бастапқы 

көзқарасы өзі қызығушылық танытатын нысанға бағытталады, ол өз кезегінде 

ассоциациялық  аяның  уәжділігін  қалыптастырып,  бейнелейді.  Дегенмен, 

прагматикалық ақпарат сезім, көңіл-күй арқылы көрінуі де мүмкін. Мұнда басқы 

орынды  коннотация  алуы  мүмкін.  Бұл  психолингвистикаға  жақынырақ  келетін 

өте  терең  де  күрделі  үдеріс:  реципиент  урбанонимнің  жеткізетін  ақпаратынан 

жалпыланбайды,  керісінше,  көп  жағдайда  саналы  түрде  вербальды  таңбаның 

эмоциялық және зияткерлік бағалауыштығына қатысып отырады. Әлеуметтік өмір 

шегіндегі  қоғамдық  және  сөйлеу  тәртібінің  стереотиптерін  ашып  беретін  тарихи 

мәдени  кеңістіктегі  ақпараттық  және  әлеуметтік  қызметтер  аталымдардың  нақты 

анықтамаларын ашып, айқындап бере алады. Таңбаларды оқу,  көбінесе, адамның 

формальды  парасатынан  гөрі  оның  эмоционалды  зеректігіне  байланысты  болып 

келеді. С.Л. Казакова урбанонимдерді прагматикалық аспект тұрғысынан халықтың 

мәдениетін  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  рухани  әлемі  мен  құндылықтарын 

бейнелеуші мәдени, ментальды құрылымдардан құралған белгілер деп түсіндіреді. 

Прагматикалық айқындылығы бар белгілерді танытатын ақпараттарды есептеу аса 

маңызды болып табылады. Себебі  «Прагматическая прозрачность имени – это реф-

лексивная способность реципиента (носителя языка, инокультурного восприемни-

ка) к соотнесению языкового и внеязыкового знака имени, т.е. опознаванию в язы-

ковом  знаке  культурно-значимых,  национально-специфических  установок.  Таким 

образом, прагматический аспект – это понимание ономастической номинации как 

особой модели речевого поведения, где имя – это знак-индивидуализатор, который 

не только на языковом, но и на речевом уровне свидетельствует о ценности вербаль-

ного выделения отдельной реалии» [6, c. 51]. 

Маңызды  құндылықтың  құрамына  халықтың  мәдениеті  жататындығы 

анықталды, сол себепті топонимдерді мәдениеттанымдық тұрғыдан қарастырған 

П.З.  Гольдиннің  ұстанымын  дұрыс  жасалған  ұсыныс  ретінде  қарауға  болады. 

Тарихи т

опонимик

а


35

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Зерттеушінің ұсынған тәсілі белгілі бір ақпараттарға толы белгілер ретінде урбано-

нимдер жөніндегі зерттеу болып саналады. Аталмыш тәсілде бірліктер ғана емес, 

толыққанды таңбалар жүйесі туралы, олардың танымдық-аксиологиялық деңгейге 

тигізетін  ықпалы  жөнінде  айтылады.  Сонымен,  көшелердің  мәдени  мәтініндегі 

өзектілігін  анықтауда  ақпараттар  ағынының  сол  жергілікті  жерде  қалыптасып, 

сақталғанына көңіл бөлген жөн. Автор қала кеңістігінің өзіндік сипатын айқындай 

келе, оның екі жағын ажыратып қарайды – қала-кеңістік ретінде және қала-атау 

ретінде. Бұл бөлшектеуде тілдік белгілерінің де көрініс бар ономастика саласының 

о баста география ғылымының ғана нысаны ретінде қарастырудың тарихы жатыр. 

Географиялық жақындық, сондай-ақ, алғашында «физикалық өлшемі мен шегі бар 

нақты бір мекенге тиесілі мәдени мәтінді қамтитын кеңістік» ретінде түсіндірілген 

«локус» терминінде көрініс тапқан еді [7, с. 112]. 

Зерттеушілердің  жасаған  түйіндері  урбанонимдердің  бойында  біріктіруші 

сипат  бар  екендігін  танытады.  Сондықтан  годонимдер  жүйесін  семантикалық 

және  анықтамалық  жағынан  талдау  мәселесі  туындайды.  Осыған  байланысты 

және  ҚР-ның  топонимдік  жүйесінің  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  годонимия 

құбылысын  метонимиялық  ауыстыру  мен    когнитивтік  ұстаным  тұрғысынан 

қарастыру маңызды. Метонимиялық ауыстыру ұстанымының ерекшелігі Екате-

ринбург  қаласының  урбанонимдік  дизайнын  қарастырған  М.В.  Голомидованың 

еңбегінде  арнайы  сөз  етіледі.  Когнитивтік  ұстанымның  басты  мәні  халықтың 

дүниетанымындағы ұлттық ерекшеліктерді беретін концептілер мен ұғымдарды 

танытуында  жатыр.  Әлемді  танып,  қабылдай  алу  ерекшеліктері  атаудың  терең 

түкпірінде жататындығы анық. Аталмыш ұстаным қазақ топонимиясының негізінде 

жүргізілген  Б.М.  Тлеубердиев  пен  К.Р.  Рысбергеннің  лингвомәдениеттанымдық 

қырынан қараған талдау жұмыстарынан келіп шығады.  

Метоноимиялық ауыстыру ұстанымының мәні көшелерге атау берудің негізінде 

жатқан нысан атауларында жатыр. Ономастикалық кеңістіктің сан қилы аталым-

дар жүйесін ұсынып отырғандығы, соның нәтижесінде Ономастикалық комиссия 

өкілдерінің көшелерге атау таңдауда басты деген ономастикалық жіктелістерді 

басшылыққа  алғандығы  белгілі.  Бұл  жайт  Астана  қаласының  урбанонимдік 

жүйесінің Қазақстан Республикасының ономастикалық кеңістігін тұтас бейне-

леп отырғандығын көрсетеді. Бас қаламыздың көше атаулары еліміздің түкпір-

түкпірінің физика-географиялық нысандарын қамтуымен айрықшаланады. Бұл 

уәжділік ономастикалық кеңістіктің түрлі топтарын ұсына алды. Атап айтқанда, 

гидронимдер (су кеңістігі атаулары), оронимдер (жер бедері ерекшеліктері атау-

лары), ойконимдер (жергілікті жер атаулары), астионимдер (қалалар атаулары), 

зоонимдер (жануарлар әлемі атаулары), фитонимдер (өсімдіктер әлемі атаула-

ры), хрематонимдер (материалдық әлем атаулары), космонимдер (аспан денелері 

атаулары), мифонимдер (аңыз, ертегілерде кездесетін нысан атаулары), поэто-

нимдер (көркем шығарма және олардың кейіпкерлері атаулары), дримонимдер 

Тарихи т

опонимик

а


36

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

(орман атаулары), сонымен қатар тарихи ескерткіштер мен маңызды нысан атау-

ларын кездестіруге болады. Аталымдардың сандық көрсеткіші төмендегі сурет-

те көрсетілді (1-сурет).

   

     


Сурет – 1. Метонимиялық ауысулар ұстанымы бойынша атау беру көрсеткіші

Аталмыш  суретте  көрсетілгендей,  метонимиялық  ауысулар  бойынша  атау 

алған нысандардың көбісі гидронимдер (су кеістігі атаулары) тобы екен  (40%). 

Ең көп пайыздық көрсеткішті гидронимдердің қамтып отырғаны кездейсоқтық 

емес, себебі еліміздің көпшілік аумағын өзендер мен көлдер алып жатқандығы 

белгілі.  Су  ілкі  заманнан-ақ  өмірлік  ең  қажетті  ресурстың  бірі  болып  сана-

лады,  сол  себепті  халық  оған  ерекше  құрметпен  қараған.  Ес  білер  ескі  сақ, 

үйсін, ғұн дәуірлерінің өзінде суға бай өлке айрықша қадірленіп, мал және жер 

шаруашылығымен айналысуға арнайы бөлініп отырған. Су кеңістігі атаулары – 

тіршіліктің ең қажетті табиғи байлығының бірі. Метонимиялық ауысулар бойын-

ша атау алғандардың ішінде екінші орында ойконимдер алады (25%). Бұл жайт 

Қазақстна Республикасында қалалық жерлерден гөрі ауылдық нысанның басым 

екендігімен түсіндіріледі. Қазақ ойконимдерінің ерекшеліктері көне аңыздардың 

негізінде уәжделген қазақ тілі онимдерінің түбіріне байланысты. Ол түбірлерде 

жергілікті жердің бейнесін суреттеуші сипат болғаны анық. Жергілікті жер ата-

лымдары қала атауларына қарағанда әлдеқайда ескі, сондықтан Ономастикалық 

комисссияның көптеген онимдерді жергілікті жер атауымен атағандары көңілге 

қонымды. Келесі орынды оронимдер (жер бедері атаулары) алады (20%). Оро-

нимдер тобына тау, жайлау, асу, шың, құзарлардың атаулары кіреді. Қазақстан та-

уларымен мақтанады, таулар керемет табиғат ландшафтын сыйлайды, олардың 

көпшілігінің  бойында  гиперонимдер  орны  алған  –  «тау»:  Қаратау,  Ұлытау, 

Тарихи т

опонимик

а


37

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Мұзтау, Шыңғыстау, сондай-ақ, «құм» гиперонимімен келетін құмды дала атау-

лары да кездеседі: Қарақұм, Сарықұм, Алтынқұм. Дегенмен, тау атауларының 

ішінде  Керегетас  деген  де  атау  кездеседі.  Атау  тастардан  құралған  қабырға 

ретінде таумен салыстырылып қойылуы мүмкін. Одан кейінгі орынды тарихи 

ескерткіштер алады (10%). Бұл топ тарихи жағынан маңызды орын алады, себебі 

атау қола дәуірінің, мезолит кезеңінің археологиялық ескерткішіне жатқызылады, 

сондай-ақ, атау құрылтай өткізілген тарихи орын ретінде қаралады. Бұл секілді 

атау беру үрдісі бізді тарихтың терең қойнауына жетелейді. Ал өзге аталым топ-

тарына астионимдер (қалалар атаулары), дримонимдер (орман атаулары), хрема-

тонимдер материалдық әлем атаулары, космонимдер (ғарыш кеңістігі атулары), 

фитонимдер (өсімдік әлемі атаулары), поэтонимдер (көркем шығарма мен оның 

кейіпкерлері атаулары), зоонимдер (жануарлар әлемі атаулары) жатады.  

Когнитивтік ұстаным бойынша аталған аталымдар іштей мағыналық қатарға 

жіктелді: «туған жер», «адам», «өмір», «Отан», «қазақтың ұлттық мәдениеті». 

Аталымдардың сандық көрсеткіші келесі суретте анық көрініс береді (1-сурет). 

    


Сурет – 2.  Когнитивтік ұстаным бойынша атау берудің көрсеткіші 

Келтірілген  диаграммада  когнитивтік  принцип  бойынша  атау  берудің 

пайыздық  көрсеткіштеріне  қарағанда  «туған  жер»  (50%)  ұғымымен  бай-

ланысты  туғандарының  саны  басым  екені  байқалады.  Бұл  қазақ  халқының 

дүниетанымының сырларынан мәліметтер береді: ежелгі замандардан бері, қазақ 

халқының  көшпелі  тұрмысында,  бағыт-бағдарды  айқындап  отыруда  маңызды 

рөл  атқаратын  нысандарды  есте  сақтау  «топонимикалық  ойлау»  жүйесін 

қалыптастырды.  Осы  негізде  қалыптасқан  атаулар  қазіргі  заман  мүддесіне  де 

қызмет етіп келеді. 

Осылайша  ономастикалық  кеңістіктің  перифериясына  қатысты  атаулар 



Тарихи т

опонимик

а

38

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

олардың  қалыптасуында  да  елеулі  рөл  атқарады.  Атау  берудің  метонимиялық 

прнциптері мен когнитивті принциптері қазақ халқының ұлттық дүниетанымының 

айнасы  болып  табылады.  Қазақтың  топонимикалық  ойлау  ерекшеліктерін 

көрсетеді  және  Астана  қаласы  тұрғындарының  түйсігіндегі  мәдени  кодтарға 

функционалдық бағдар береді.



Әдебиеттер тізімі:

1.  Подольская  Н.В.  Словарь  русской  ономастической  терминологии.                     

– Москва: Наука, 1978. ‒ 198 с. 

2.  Егорова  Л.В.  Структурные  типы  годонимов  Чувашской  Республики  // 

Вестник Чувашского университета. ‒ Чебоксары: Чувашский Государственный 

университет им. И.Н. Ульянова 2012, № 4. – С. 231-235. 

3.  Суперанская А.В. Что такое топонимика? – Москва: Наука, 1985. – 177 с.

4.  Мезенко А.М. Урбанонимия Белоруссии. Автореф. дисс. … докт. филол.

наук. – Минск, 1991. – 59 с.

5.  Казакова С.Л. Урбанонимы в составе лексической системы языка // Про-

блемы теории, практики и дидактики перевода: материалы II Международной 

научной конференции. – Нижний Новгород: НГЛУ, 2009. – Вып. 11. – С. 121-126.

6.  Казакова С.Л. Система урбанонимов и их прагматический аспект // Уни-

верситетские чтения. – Пятигорск: ПГЛУ, 2009. – Ч. VI. – С. 45-51.

7.  Гольдин П.З. Топонимика, локус и топос малых улиц в парадигме семио-

тики // Исторические, философские, политические и юридические  науки, куль-

турология и искусствоведение. Вопросы теории и практики. -  Тамбов: Грамота, 

2012.‒ № 11 (25): в 2-х ч. Ч.II. ‒ С.66-69.



39

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

М. Қайырова 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

институты орыс тілі мен әдебиеті 

кафедрасының доценті

ПРАГМАТОНИМДЕР ҚАЛА ОНОМАСТИКАСЫНЫҢ 

ҚҰРАМАДАС БӨЛІГІ

 (Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің атаулары бойынша)

Қазіргі  елімізде  ұлт  бұрын  соңды  болмаған  дәрежеде  өзін-өзі  танып(басқа 

жақын  шетелдердегідей),  әрі  жақын  шетелдермен  қарым-қатынас  тереңдеген 

сайын жаһандаудың тегеурінді ықпалы айқын сезілуде және ол ономастикалық 

кеңістіктен де көрініс беруде. Осы мәселемен айналысатын сала мамандарының 

жіті  назарына  алынған  топонимдер  мен  антропонимдер  ономастикалық 

аймақтың негізгі алаңына айналып отыр.

Ғылыми-зерттеу  ізденісіміздің  негізгі  мақсаты  ономастикалық  аймақтың 

перийфериялық  алаңына  айналып    отырған  нысан  –  тұрғын  үй  кешендерінің 

атаулары.  Олардың  әрқайсысы  өзімен-өзі  қалып  қоймай,  қаланың  атау  беру 

кеңістігінің құрамды бөлігін өз аясына топтастырады. 

Тұрғын  үй  кешендері  атауларының  типологиясы  мен  семантикасын  зерде-

леу  үшін  Астана  қаласының  аудандары  бойынша  синхронды  зерттеу  аясында 

атаулардың қорын құрған болатынбыз. Астана қаласы үш қалаішілік хороним-

дерден  (қаланың  аудандары  мен  шағын  аудандарының  атаулары)  тұратыны 

белгілі: Сарыарқа, Алматы және Есіл.

Астана қаласы бойынша 391 тұрғын үй кешені бары анықталды. Сарыарқа 

ауданында – 70 кешен, оның 40-ы қазақ тілінде, 27-і орыс тілінде, 3-і ағылшын 

тілінде. Алматы ауданында – 153 кешен, оның 76-сы қазақ тілінде, 67-і орыс 

тілінде,  10-ы  ағылшын  тілінде.  Есіл  ауданында  –  168  кешен,  оның  47-і  қазақ 

тілінде,  59-ы  орыс  тілінде,  62-і  ағылшын  тілінде.  Бұл  материалдар  интернет 

беттерінде жарияланған, сондай-ақ баспадан жарық көрген ақпарат-кітапшалар 

мен туристік карталардан алынды.

Сызбалар бойынша ұсынып көрелік:

                            



Тарихи т

опонимик

а

40

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Тұрғындар мен қала қонақтары көшелердің атаулары мен нөмірлері бойынша 

ғана емес, сонымен қатар тұрғын үй кешендерінің атауларына да қарап бағытын 

айқындайтын  болғандықтан,  қазіргі  қоғамда  жылжымайтын  нысандарға  атау 

беру барынша маңызды. 

Жаңа қала құрылысы қарқынды дамып жатқан қазіргі жағдайда Елорданың 

онимдерін ғылыми-зерттеуге бағытталған жұмыстарды тұрғын үй кешендерінің 

атауларына арнаудың маңызы зор, өйткені қаланың ономастикалық кеңістігінің 

елеулі бөлігін тұрғын үй кешендерінің атаулары алып жатыр.

Қазіргі мегаполистің ономастикалық кеңістігіөте ауқымды және нөмірленген 

нысандардың түрлеріне қарай әртүлі болып келеді. Өмір сүрудің қазіргі қарқыны, 

байланыстың  дамуы,  қалаға  көшушілер  санының  артуы,  мобильділіктің 

жоғарылығы  өз  кезегінде  құрылыс  көлемінің  ұлғаюына  алып  келіп  отыр. 

Осыған  байланыстықала  ономастикасының  құрамы  жеделдетіп  жаңа  атаулар-

мен толығып жатыр. Айнала қоршаған ортаны тереңдей танып, адамзат игерген 

білім салалары тереңдеген сайын тілдің сөздік қор қазынасы жаңа бірліктермен 

толығып  келеді,  бұл  бүгінгі  күннің  шындығы  болып  табылады.  Нарықтық 

экономиканың  дамуы  өмірге  көптегенжаңа  кәсіпорындар  мен  тауар  түрлерін 

алып келді, олардың қолдан-қолға әрі қарай жылжуы үшін  да лайықты атаулары 

болуы  керек.  Осы  қарқынды  даму  ономастикалық  атаулардың  дамуына  үлкен 

өзгерістер әкелді. Бұндай себептерге байланысты ғалымдар мынандай пікір ай-

тады: «Именно поэтому большой интерес в настоящее время представляют так 

называемые периферические поля ономастики, включающие такие названия, в 

которых признаки имен собственных проявляются не в полной мере» [Исакова 

А.А.]. Они обычно занимают промежуточное положение между именами соб-

ственными и именами нарицательными и, как правило, называются прагмато-



нимами [Подольская, Суперанская] или прагмонимами [З.П. Комолова, Исакова 

А.А.]. Под прагматонимом (словесным товарным знаком) исследователи вслед 

за Н.В. Подольской понимают имя марки, товара или вида предлагаемых услуг, 

охраняемое законом» [Подольская, 1988, 110]- деген қорытынды жасайды..

Бұған дейін жалпы ғылымда белгілі болғандай, лингвистер прагмонидерге се-

риялы шетелдік тауарларды, қолөнерді, өсімдік сорттарын, машина маркаларын 

т.б. білдіретін сөздік тауар белгілері ретінде қарайды [Исакова А.А.].

Прагматоним  термнімен  қатар  лингвистикалық  әдебиеттерде  прагмоним 

термині кеңінен қолданылады А.А. Исакова бұл терминнің мағынасына мынан-

дай  түсінік  береді:  «также  отвечает  всем  критериям  образования  ономастиче-

ских  терминов  и  может  быть  использован  как  синоним  словесного  товарного 

знака» [Исакова А.А.].

Бұл жұмыста екеуі әртүрлі мағыналы термин ретінде қолданылады. 

И.В.  Крюкова  бұл  топтағы  онимдер  үшін  «жарнамалық  атау»  терминін 

ұсынады,  алайда  бұл  терминдердің  аясына  тек  қана  сөздік  тауар  белгілері 

Тарихи т

опонимик

а


41

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

(прагматонимы,  прагмонимы)  ғана  емес,  кәсіпорын  атаулары  (эронимдер), 

бұқаралық ақпарат құралдары атаулары (гемеронимы), салтанатты іс-шаралар, 

фестивальдар, конкурстар, сонымен қатар концерттер (геортонимдер), кез кел-

ген  көлік  түрлерінің  жалқы  атауы  (порейонимдер)жатады.  Автордың  пікірі 

бойынша бұларды прагматикалық бағыттылығы және жарнама тіліне жататын 

ерекшеліктері біріктіреді [Крюкова В.И.].

А.В.  Суперанскаяның  пікірі  бойынша,  ономастикалық  кеңістіктегі  прагмо-

нимдердің  шеткерілігі  оларды  жеке  кластарға  бөлуге  мүмкіндік  бермейді. 

Олардың онимдер класындағы ерекшеліктері тауар маркалары немесе сөздік тауар 

белгілеріне келетінін мойындай отырып, автор соционимдер мен аппелятивтердің 

(жалпы  есімдер)аралық  жағдайында  тұрғанын  ескеретеді.  Алайда,  «тауарлық 

таңбалар мен тауар белгілерінің арасындағы тығыз байланыс – оларды жалқы 

есімдердің қатарына жатқызуға мүмкіндік бермейтін басы белгі» [4]. Н.Л. Шве-

дова сондай-ақ прагматонимдерді де перифериялық онимдерге жатқызады, оның 

себебін прагмотонимдергі құрылымдылық пен жүйеліліктің әлсіздігі, олардың 

ұзақ сақталмайтындығы, орфографиялық тұрғыдан тұрақсыздығы, тілдік мода-

лар ықпалына көп түсетіндігі бойынша түсіндіреді [5].

Лингвистер прагматонимдердің төмендегідей негізгі белгілерін атап көрсетеді:

–  прагматонимдердің  шығу  уәждері  болуы  керек,  яғни  олар  мекеменің 

қозғалыс түрлеріне, белгілеріне және қызметіне сәйкес болуы тиіс

–  прагманимдер  жарнамалық  қызмет  атқаруы  тиіс,  яғни  жарнамаланып 

отырған өнімге, тауарға (оның материалдық немесе рухани құндылық екеніне 

қарамай) адамның қызығушылығын арттырып, назарын өздеріне аудары керек;

– атау жеңіл есте сақталуы тиіс [Исакова А.А.].

Сонымен жоғарыда аталған прагмотонимдердің үш түрлі сипатына тоқталып, 

оларды Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің атауларына көшіріп көре міз.

1.  Прагмотонимдердің тұрғын үй кешендерінің атауы ретінде шығу уәждері 

құрылыс  фирмалары  мен  олардың  белгілерінен  және  міндеттерінен  шығады. 

Мысалы, BI City, BI Town, BI Village; Кенесары, Жеңіс, Ұлытау, Бөгенбай ба-



тыр, 6 микрорайон, За рекой и др. (көшедегі, шағын аудандағы, өзеннің басқа 

жағалауындағы  орналасқан  жерін  көрсетеді);  Целиноград,  Жетісу,  Есілжәне 



т.б. (тарихи орындардың атауларын көрсетеді); Алтын босаға, Шанырақ, Ке-

реге (көшпенділердің қазақ үйі мен оның жабдықтары бойынша атау); Север, 

Запад, Восток, Юго-восток (қай тұста орналасқанына байланысты төрт құбыла 

атауларынан  жасалаған);  Свечки,  Радуга,  7  бочек,  Китайская  стена  (сыртқа 

«формасына»  байланысты  қойылған  атаулар),  Кукуруза  («түсіне»  байланысты 

атау) және басқалар. 

Ономосологияда  уәжділік  –  атаудың  өн  бойынан  көрінетін  уәжделген 

белгілердің негізінде атау берудің уәжделген формасын құру үдерісінің нәтижесі. 

Лексикологияда уәжділік – атаудың тілдік немесе тілден тыс қызметінің өзара 

Тарихи т

опонимик

а


42

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

қатыстылығы негізінде дыбысталуы мен мағынасының арасындағы байланыстың 

шарттылығын сезінуге мүмкіндік беретін, сөздің құрылымдық-мағыналық таби-

ғаты [О.И. Блинова]. Сонымен О.И. Блинова, А.И. Моисеевтың соңын ала былай 

дейді: «слова, ясные в словообразовательном или этимологическом отношении, 

при прочих равных условиях (степень употребительности, характер предметной 

соотнесенности  и  проч.),  легче  воспринимаются  и  воспроизводятся,  прочнее 

удерживаются в памяти, нежели слова, лишенные мотивации» [Моисеев, с.60].

Тұрғын үй кешендерінің атауларындағы шет тілі сөздерін игеруде көптеген 

қиындықтардың туындайтыны кездейсоқтық емес. Кірме сөздердің дыбыстық 

тұлғасын  игерудің  қиындығы  мен  шарттылық  жақтары  бар,  өйткені  мұнда 

атаудың  мағынасы  белгілі  болмағандықтан,  оның  шығу  уәжі  де  белгісіз, 

мұндайда «бөтен сөзді» есте сақтау да қиын. Мысалы, Фиеста, Аурика, Апато 

(Аппато Тауэр), Эгалите, Max Royal, Avesta және басқалар.

Астана  қаласының  ономастикалық  кеңістігінде  тұрғын  үй  кешендерінің 

уәжделген  атауларымен  қатар,  уәжделмеген  атаулар  да  кездеседі:  ОМК  центр, 

№753,  Нипи,  Лея.  Бұл  аталған  тұрғын  үй  кешендерінің  атауларындағы  уәждері 

белгісіз.  Алайда,  Т.Р.  Кияк  уәжділікті  формасы  (сыртқы  сипаты)  мен  мазмұны 

(ішкі  ерекшелігі)  жағынан  ажыратады.  Мазмұндық  уәжділік  ішкі  форманың  

бейімділігін сипаттайды: «Содержательная мотивированность характеризует спо-

собность внутренней формы отражать наиболее релевантные признаки языкового 

содержания слова или выражения, т.е. раскрывает ее структурно-семантические 

особенности в сопоставлении с лексическим значением» [Кияк, с. 77]. Мынаны 

ескеруіміз керек: шығу кезінде кез келген сөз уәжделген болып табылады.

2.  Прагматонимдер  –  тұрғын  үй  кешенінің  атаулары  жарнамалық  қызмет 

атқарады, олар жұрт назарын өзіне аудара отырып, тұрғын үй, мекен, отбасылық 

тамаша  өмірді  бейнелеу  арқылы  адам  санасына  әсер  етеді.  Эмоционалды-

экспрессивтік  және  компоненттерінің  мағынасындағы  лингвистикалық 

елтанымдық  ақпараттар  арқылы  прагматонимдердің  семантиалық  моделі 

коннотативтік  деңгейге  көтеріледі.  Мысалы:  Мирный,  Жибек  жолы,  Арман, 



Казына,  Береке,  Сказочный  мир,  Жаркын,  Изумрудный,  Янтарный,  Керемет, 

Меруерт,  Көркем,  Грация,  Тумар,Ақ  Отау,  Шанырақ,  Алтын  босаға,  Кереге, 

Жар-жар,Женис, Ұлытау, Хан Тенгри, Аманкелді, Тұлпар, Абай, Авиценна, Абы-

лайхан,  Байконур,  Каратау,  Москва,  Французский  квартал,  Дания  и  т.д.  Бұл 

жөнінде  ғылыми  пікірлер  мына  жайтқа  назар  аударады:  «Эмоционально-экс-

прессивный компонент в большинстве случаев имеет положительный характер, 

что связано с рекламной функцией названий. Созданию экспрессивности спо-

собствует  использование в качестве наименований разных объектов в разных 

странах оценочной лексики с положительным семным набором, а также конно-

тативных имен собственных ядерных разрядов (антропонимов, топонимов, ми-

фонимов, астронимов, мифотопонимов)» [Крюкова, с. 14].Құрылыс компания-



Тарихи т

опонимик

а

43

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

лары қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді, сондықтан олар нарықта 

өз  қарсыластарын  жеңе  отырып,  сатылымның  дәрежесін  арттырудың  жолда-

рын тұрғын үй кешенінің атауларынан да іздейді. Бұлар компания мен қаланың 

имиджін көтеретін, жылжымайтын мүлік нысанын сауатты сипаттап бере ала-

тын, тек жағымды жақтарымен есте қалатын атаулар болуы керек. Осындай атау-

ларды  пайдалану  арқылы  нысан  белгілі  дәржеде  прагматикалық  нәтижелерге 

қол жеткізеді. И.В. Крюкова мынандай сипаттама береді: «... рекламные имена 

выполняют важные социальные функции, несвойственные другим группам соб-

ственных имен: рекламную, информативную, функцию охраны собственности и 

гарантии качества» [Крюкова, с. 12].

3. Прагматонидер – тұрғын үй кешендерінің атаулары жеңіл есте сақталады 

және сөйлегенде бірге аталады. Мысалы, «ЖК «Солтүстік шұғыласы», сыртқы 

келбетінің  тамаша  сипатымен  көзге  түседі:  билеп  тұрған  үш  әсемдік,  үш 

сұлулық  тәңірі,  әсемдік  пен  қуаныш  ақбауыр  бұлттар  астында  қалықтап  бара 

жатқан секілді (жарнама). «Жетіген» ТК – бақытты өмір әуендері! (жарнама). 

И.В. Крюкова былай атап өтеді: «Мотивационные связи рекламного имени по-

могают  ориентироваться  в  большом  количестве  названий,  отражая  при  этом 

коммуникативно  значимые  признаки  реалий.  Эти  связи  поддерживаются  кон-

текстом»  [Крюкова,  с.  13].  Әртүрлі  тұжырымдамалар,  түпнұсқалық  әрі  батыл 

сәулеттік шешімдер арқылы тұрғын үй кешендерінің атаулары қала тұрғындары 

мен қонақтарының көз алдында және ойында оңай сақталады. Салыст.: Свечки, 



Радуга, 7 бочек, Китайская стена және басқалар.

Осындай  сипаттарына  қарай  тұрғын  үй  кешендерінің  атауларын  толық 

мәнінде прагмотнимдердің немесе прагмонидердің класына жатқызуға болады.

Н.Л.  Шведованың  ілгерідегі  пікірінде  атап  өткендей,  прагматонимдерге 

орфографиялық тұрақсыздық тән болып келеді десе, бұл атаулардың графикалық 

бейнеленуінің  тырнақшасыз  берілуінен  көрінеді.  Аудандар  мен  шағын 

аудандардың  (қалаішілік  микротопонимдік  атаулар)  атаулары  тынақшасыз 

жазылатынына  міндетті  түрде  назар  аударуымыз  керек:  Сарыарқа,  Алматы, 



Есіл  аудандары.Алайда,  тұрғын  үй  сөзі  қосылып  аталатын  кварталдардың, 

массивтердің,  кешендердің  және  жекелеген  үйлердің  шартты  атаулары 

тырнақшаға алынады, мысалы: «Оңтүстік-шығыс» тұрғын үй алабы, «Жеңіс» 

тұрғын  үй  кешені,  «Верный»тұрғын  үйі.  Соның  ішінде  латын  әріптерімен 

берілген  жазулар  тырнақшаға  алынбайды.  Осы  орайда,  тырнақшаға  алынбау 

латын әріптерімен ғана ажыратылады, оның атау құрамындағы сөздің санына 

тәуелсіздігі, сөздердің тектік (род) қатынасына қатысының болуы не болмауы 

қалыптасқанереже секілді. Салыстырып көрелік: Жилой комплекс EXPO Plaza, 

Жилой комплекс Arnau Premium, Жилой комплекс England.

Біздің  байқауымызша,  баспадан  шыққан  және  интернетте  берілген  турис-

тік  карталардағы  тұрғын  үй  кешендері  атауларының  мемлекеттік  тілдегі 

Тарихи т

опонимик

а


44

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

нұсқаларында  қателер  кездеседі.  Қазақ  әліпбиіне  тән  ерекше  ә,  ө,  і,  ұ,  қ,  ң,  ғ 



секілді дыбыс таңбалары ескерілмейді. Мысалы,Коктал, Коксу, Коркем, Жети 

жол, Торлет, Сатты, Алтын босага, Алтын гасыр, Шанырак, Акерке, Ак дала, 

Жас канат, Жагалау, Ак бота,Улытау, Жануя, Казына, Саулет, Шыгыс және 

басқа атаулар осылай жазылады..

Прагматонимдердің табиғатына тән ерекшеліктердің келесі бірі тілдік мода 

ықпалына ұшырағыштығы. Мода ұғымына қызығушылық мәселесі әлеуметтік 

лигвистикада заңды құбылыс ретінде қабылданады. Соңғы он жылдықта қазіргі 

әлеуметтік лингвистика үшінөзекті мәселелер ауқымы кеңейіп, оның зерттеу ны-

саны тілдік мода, тілдік стиль, тілдік талғам ұғымдарымен толықты.

Бұл жағдайдың қалыптасуының себебін  В.О. Врублевская былайша түсіндіре-

ді: «изменение общественно-политического и экономического устройства стра-

ны, расширение международных культурных контактов, а в связи с этим стремле-

ние к владению иностранными языками и желание создать имидж европейского 

человека обуславливает престижность иностранных слов в речи» [Врублевская, 

с. 85]. Шетел тіліне әуестенушіліктің белгілері Астана қаласындағы тұрғын үй 

кешендері атауларынан айқын көрінеді. Жартылай шет тілі сөздерінен тұратын 

атаулар: Айсанам De luxe,Арман De luxe, Alma Village, Asyl Park, толықтай шет 

тілі сөздерінен тұратын атаулар: ЖКHighvill Park, Manhattan Residence, Europe 



Palace, Pioneer, Expo Towers.

Астана қаласының тұрғын үй кешендеріне шетел атауларын беру соңғы орын-

да тұрмағанын ескеруіміз керек. Бұны дұрыс үрдіс деп есептейміз, өйткені соңғы 

жиырма жылда кірме лексика, соның ішінде шет тіліндегі атау беру әлеуметтің на-

зарында құнды жаңалық ретінде орнығып келеді. Жаңалық қазіргі жаңашылдық 

талаптарының  бірі  болып  табылады.  Ал  жаңашылдық  нысандардың  модаға 

лайықтылық шарттарының бір көрінісі. А.Б. Гофман оны мода құрылымындағы 

іргелі құндылық деп атаған: «Быть современным – значит идти в ногу со време-

нем» [ с. 18].

Сөзімізді  аяқтай  келе,  зерттеу  барысында  жасалған  қорытындылар,  соның 

ішінде қаланың прифериялық ономастикасына қатысты тұжырымдар қосымша 

тереңдете зерттеуді талап ететінін айтқымыз келеді. 



45

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Б. Тілеубердиев

М. Әуезов атындағы ОҚМУ филология 

факультетінің деканы, 

филология ғылымдарының докторы

профессор


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет