«Өзіңді зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керек?»
Жасөспірімдерге кеңес:
Үйден қашып кетпе! Егер үйдегі өмір шыдамсыз болса, мұғаліммен немесе өзің сыйлайтын ересектермен сөйлес. Сен үйден қашқан кезде, нашар адамдардың қасына түсесің де, олар сені наркобизнес, порнография және жезөкшелік жолда пайдаланғысы келеді;
Өзінің достығын ұсынатын адамдардан сақ бол. Сен өзіңді жалғыз сезінгенде және күйзеліске түскенде, саған жалған қамқорлық көрсететін адамдардың мақсатына айналасың;
Ешқашан адам көзінен таса және беймәлім жерлерге шақырту алсаң, келіспе. Өте жақсы жалақысы бар жұмыс ұсынатын адамдармен абай бол. Егер жұмыс жасағың келсе, таныстарың арқылы іздестір;
Сені танымайтын адамдар суретке түсіріп, танымал етемін десе де, атақты адамдар осылай бастаған десе де ешқашан келіспе;
Ешқашан көлікке танымайтын адамдармен бірге отырма;
Топтасып не досыңмен бірге қыдыр;
Ата-анаңа достарыңмен бірге баратын жерді хаьарлап айт және доспарларың өзгеріп жатса ескертуді ұмытпа;
Ешкім саған сенің рұқсатыңсыз жақындаса алмайды. Осылай істегісі келетін адамға қаламайтыныңды айтуға ұялма;
Ішкі түйсігіңе сен, егер сен үрейленсең, демек себебі бар.
Жадынама (жасөспірімге)
Егер зорлық-зомбылықтың құрбаны болғың келмесе, бірнеше ережелерді сақта:
Танымайтын компанияда кеш өткізейін деп жатырсаң, өзіңмен бірге сенім артатын досыңды алып кет;
Кеш басында барлығын қоштаспай кетіп қалатыныңды ескерт. Егер кештен біреумен кетіп қалсаң, достарыңа кіммен екенін айт;
Өз ішкі түйсігіңе сен. Егер сіз психологиялық жайсыздықты сезінсең, өзіңді қауіпсіз сезіне алмай алмай тұрғандықтан болар;
Өзің үшін нақты шектеу қойып ал: нені қалайсың, нені қаламайсың.
Нақты шешім қабылдау және кез-келген жағдайға дұрыс әрекет ету қабілетін сақта;
Өзіңді сенімді ұста. Тіпті біреудің сезіміне тиіп кетсең десе өзің туралы ойлауыңа және қамқор болуыңа құқығың бар;
Егер сені кештен күтіп алатын және алып кететін мүмкіндік болса, соны пайдалан (бұл саған үлкен сенімділік береді де сен өз әрекеттеріңді бақылай аласың). Жеке көліктің қызметімен жалғыз өзің пайдаланба. Бұл жағдайда шығарып салушыдан көліктің номерін еске сақтан не жазып алуын сұра;
Болуы мүмкін жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғанудың дұрыс тәсілі жоқ. Бірақ сіз күдіктенетін қауіп белгілері болуы мүмкін, мысалы адамға деген сыйластықтың болмауы, оның жеке кеңістігін бұзу. Сақ болыңыз, егер біреу: сізге тым жақын келіп, сіз сезінген ыңғайсыздықтан ләззат алса; сізге көз алмастан қарап, сізді сығалап бақыласа; сіздің айтқаныңызды тыңдамай, сіздің сезімдеріңізге мән бермесе; сіз танымасаңыз да жақсы танитын адамдай араласса. Осындай белгілерге назар аудара отырып, тек кеште ғана емес, басқа жерлерде де зорлық-зомбылықтың болу мүмкіндігін азайтасыз. Мұндай жағдай біреумен алғаш рет кездесіп жатырғанда, киноға не дискотекаға барғанда, достар мен таныстардың ортасында жүргенде болуы мүмкін.
Егер сіз өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдыратын, сіздің сезімдеріңізді елемейтін, сізге деген сыйламаушылықты бір тәсілдермен жеткізіп отырса ол кісімен ара қатынасты тоқтатыңыз.
Ата-аналарға ұсыныстар
Өз балаңызды қалай қорғауға болады
Балаңызды кез-келген ересекке егер одан келетін қауіпті сезсе «жоқ» деп айтуға құқығы бар екенін үйретіңіз.
Балаңызды егер біреу оны ұстап алуға тырысса «Бұл менің мамам емес!» (немесе «Бұл менің папам емес!») деп қатты айқайлауға тырысыңыз. Бұл айналадағылардың назарын аудартып, қылмыскерді шошытады;
Өз балаңызды қайда бара жатырғанын, қашан келетінін және егер жоспарлар өзгеріп жатса телефонмен хабарласуын үйретіңіз;
Балаңызды балабақшадан не мектептен өзіңіз алып кетуге тырысыңыз. Егер оны алып кетуге басқа біреу баратын болса, тәрбиешіні не мектеп мұғалімін алдын-ала ескертіңіз;
Балаңыз екеуіңіз пароль ойластырыңыз және сол парольді білмейтін кісімен ешқайда бармауын, көлігіне отырмауын үйретіңіз;
Жалғыз қыдырғаннан көрі, әсіресе түнде, достарымен бірге қыдыру қауіпсіз екенін айтыңыз. Қылмыскерді жалғыз жүретін балалар қызықтырады.
Балаңызға телефон-автоматпен (халықаралықты қоса) қолдануды үйретіңіз. Үй телефонының және көмек көрсету телефонының номерлерін жатқа үйретіңіз.
Балаңызды жылына бір реттен кем емес суретке түсіріңіз, ал жазып қойған сырт келбетінің сипаты мен ерекше белгілері бала жоғалған не ұрланған жағдайда керек болады.
Бала үшін не болса да сеніп айта алатын ата-ана болыңыз. Бала оны әрқашан жақсы көретініңізге және ол жоғалса не ұрланса іздеуді тоқтатпайтыныңызға сенімді болуы керек.
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Сондықтан да, бүгінгі ұлттық салт дәстүріміздің қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын айтып өтпекпін.
Әдептілік, инабаттылық, сыйласу қонақ күту жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Әрбір бойжеткен қыз бала , әке- шещенің ортасындағы бұлғақтаған бал дәуренін қалдырып, басқа бір үйге барып келін атанады. Өз шаңарағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп түтінін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы әрі бақыты. Бұған әсіресе әке- шеше қуанады.
Біздің халықта ежелден келе жатқан ұғым – тәлімде өнегелі қыздың ер жетіп өсуі ата-анаға және оның тәрбиесіне байланысты. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білек» деген еңбегінде « Қызға үлгі көрсет , ерлік ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет. Мезгілі жеткенде тұрмысқа бер» дей келе қыз баланың барлық талап – тілегін орындау арқылы қатал ұстауды міндеттеді.
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан- жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады. Қазіргі кезде мектептегі кейбір қыздарымыздың тәртібінің төмендеп бара жатқандығы. Яғни ибалы қыздарымыздың арасындағы келеңсіз жағдайлар оқу – тәрбие жұмыстарына кесірін тигізіп жатқаны рас. Оқушыларымыздың осындай теріс жолға түсуіне бірден -бір себепші кінә – теледидар. Себебі оның қай арнасын қоссаң да қантөгіс, кісі өлтіру, тыржалаңаш әйелдердің ерсі қылықтары. Бұны көрген бала оған еліктеп көргенін істегісі келеді. Одан қала берді ұялы телефон. Оның әр түрлі хабарласу түрлері бар. Онымен айналысқан бала оның жағымды жақтарынан гөрі жағымсыз жақтарына құмар. Осыған шектеу қойатын бірден бір адам, ол ата- ана. Үйдегі баланың немен шұғылданып жатқанына бір мезгіл көңіл бөліп, сабағына қараса.Ұұлы мен қызын тек тамақтандырып, киіндірумен шектелмей халқымыздың әдет-ғұрпын үйретіп , үлкенді сыйлауға, кішіге ізет етуге тәрбиелеу басты мақсат болуға тиіс. Сондай- ақ қыз баланы кішкентайынан еңбекке баулыса ертеңгі күні нағыз маман дайындалатыны анық. Баласының болашағына әрбір ата-ана жауапты болғаны ләзім. Сонда ғана мына келеңсіз жағдайлар азаятыны анық. Шынында мына заманда бала тәрбиесіне бейтарп қарауға болмайды. Баланы сәт сайын қадағалап, сабағын тексеріп, жүріс тұрысын бақылап отыру қажет. Бала тәрбиесі мектеп кезінде ғана емес, мектеп жасына дейін де, одан кейін де басты назарда болуы шарт. Үйдегі бір-екі баланың тәрбиесімен айналыса алмасақ, онда қандай ата-ана болғанымыз. Ал мұғалімдердің қарауында қаншама оқушылар бар. Олардың әрқайсысының мінездеріне, еркеліктеріне төзіп, олардың әрқайсысына сабақ үйретудің өзі оңай емес. Кейбір ата-аналар «Бала тәрбиесіне ұстаздар жауапты, олар сол үшін айлық алады» деп бар жауапкершілікті мұғалімдердің мойнына арта салады. Тәрбиесі қиын, үлгерімі нашар оқушыларымыздың ата- анасымен сөйлесейік деп шақыртсақ, олар уақыттыры жоқтығын айтып келмейді. Тіпті мектептің табалдырығын аттамайтын ата- аналарымыз да бар. Сөйте тұра баланы дұрыс оқытпайсыңдар деп мұғалімдерді кінәлайды. Сабақтан соң бала үйде болады 12 сағатыңыздың 1 сағатын ғана балаңызға қисаңыз, сіздің балаңыз тәртіпті де, озат оқушыға айналады.
Қазір мектепте « мектеп формасы» дегенімізге 4-5 жылдай болып қалды. Бірақ кейбір оқушыларымыз дженсий жалбар мен тырысып қалған , түрлі жылтырақтары бар юбкаға құмар – ақ. Оны әперетін кім? Әрине ата-ана. Неге « мектеп па, мектеп формасын ки» -деп айта алмаймыз. Сол ақшаға мектеп формасын әперіп , баламызды киіндіріп қоймаймыз. Мектепте бір іс-шара өткізетін болса көптеген оқушы қыздарымыз тырыстырып шалбармен келеді.Тіпті көшеде де белдері мен кіндгін көрсетіп шалбар киген қыз баланы көреміз. Ол қыз ертең қандай дені сау ана болып, болашақта дүниеге дені сау перзент әкеле алатынына кім кепіл бола алады.
Осылардың бәрін қорта келгенде «Қыз болашақ ана», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі». Қыз баланың тым әлем – жәлем киініп көзге түспкке тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болады. Бұл оның тәрбиесінің төмендігін көрсетеді. Сөзімді бұрынғы білімпаздардың «Әйелдері тәрбиелі болған халық - тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық - тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық,жігерлі, талапты болса халық бай, ал жалқау, салақ болса халық пақыр, кедей болады» деген екен.
Өмірдің бар қызығы бала деген. Өміріміздің қызығы- балаға дұрыс тәрбие бере алмасақ, оның келешегіне де үміт артпай-ақ қояйық. Күндіз –түні тынбай еңбектенсеңіз мол ақша табуыңыз мүмкін, ал есейген балаңыздың бойына сіңіре алмаған тәрбиені күндіз қолыңызға шырақ алып іздесеңіз де таппайсыз. Сондықтан да басты назарды бала тәрбиесіне аударайық. Ағашыңыздың жемісін жегіңіз келсе, шыбық кезінде дұрыстап қараңыз. Сонда ғана еңбегіңіз еш кетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |