Оралбекова алия курбановна


Дивергентті ойлау тестінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу



Pdf көрінісі
бет38/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
 
Дивергентті ойлау тестінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу 
қорытындысы
Шапшаңдық – оқушы үлкен өнімділікпен жылдам жұмыс жасайды. 12 сурет 
салынады. Бағалау – әр сурет үшін бір ұпайдан. Мүмкін болатын ең жоғары ұпай – 
12. 
213 


11 
Икемділік – оқушының түрлі идеялар айтып, өз көзқарасын өзгертіп, заттарға 
жаңаша қарауына қабілеттілігі. Бірінші өзгерістен бастап санағанда әр өзгерген 
сурет категориясы үшін 1 ұпай (4 мүмкін категория бар). Мүмкін болатын ең 
жоғары жиынтық ұпай – 11. 
Ерекшелік — оқушы жабық шеңберді елемейді, ол оның сыртына да, ішінен 
орын алмастыра сурет салады, стимулдық фигураны барынша суреттің бір бөлігі 
етуге тырысады. Әр ерекше сурет үшін 3 ұпай беріледі. Мүмкін болатын ең жоғары 
жиынтық ұпай – 36. 
Өңделгендік — оқушылар жабық шеңберге қосымша бөлшектер қосады, 
асимметрия мен бейненің күрделі болуын көздейді. Әрбір сырттай да, іштей де 
асимметриялық сурет үшін 3 ұпай беріледі. Мүмкін болатын ең жоғары жиынтық 
ұпай – 36.
Атау — оқушылар тілдік құралдар мен сөздік қорды оңтайлы қолданады. 
Әрбір мазмұнды, ерекше, суреттің астарлы мағынасын ашатындай суретке 3 ұпай 
беріледі. Мүмкін болатын ең жоғары жиынтық ұпай – 36. 
Барлық тест үшін мүмкін болатын ең жоғары жалпы жиынтық көрсеткіш 
(ұпаймен берілген)– 131. 
214 


12 
ҚОСЫМША Д 
«Ғаламтор желіге деген студенттердің қарым-қатынас» сауалнамасы
Ұсынылған сұрақтарға жауап берулеріңізді сұранамын. Жауаптарын 
дөңгелект қорша 
 
1. Жалпы алғанда сіз Ғаламторға деген көзқарасыңыз қандай?
- Өте пайдалы 
- Қажет, бірақ қолжетімсіз 
- Қызық емес 
- Ғаламтор не екенін білмеймін 
2. Сізде Ғаламтормен жұмыс жасау мүмкіндігіңіз бар 
- Үйде және оқу орнында 
- Тек оқу орнында 
3. Сіз өзіңізді Ғаламтор –технологиялар саласын білетін маман ретінде 
санайсызба? 
- Ия 
- Қазір емес, бірақ міндетті түрде боламын 
- Жоқ, маман бола алмаймын 
4. Ғаламтор-технологияларды кәсіби пайдалану үшін сізге қандай деңгейде
білім мен дағдылар қажет деп ойлайсыз? 
- Қажеттілікті сезінемін 
- Бұл салада тек болмашы білімдер қажет деп санаймын 
- Қазіргі уақытта қажет емес, бірақ болашақта керек деп санаймын 
- Қажет емес. 
5. Ғаламтор желісінде сізді не қызықтырады? 
- Барлығы 
-Тек қажетті тақырыптар аясы
- Ештеңе 
6. Сізің ойыңызша инклюзивті мектептердің оқу үдересінде Ғаламтор қажет пе? 
- Әрдайым қажет 
- Тек сирек жағайларда қажет 
- Қажет емес 
7. Ғаламтор желісінің мүмкіндіктері туралы білімдердің негізгі қорын қалай 
жинақтадыңыз? 
-Колледже немесе мектепте 
- Ата-аналардан және достардан 
215 


13 
- Арнайы курстардың көмегімен 
8. Сіз ғаламтор қолданушысы ретінде қай деңгейінде тұрмын деп ойлайсыз?
- Ғаламтор-технологиялар маманы 
- Тек қолданушы 
9. Сізге Ғаламтор-технологиялары туралы кәсіби білімдер мен желі 
мүмкіндіктері жайлы арнайы білімдерді алу қажеттілігі бар деп ойлайсызба? 
- Ия, жоғары оқу орнында 
- Ия, басқа оқу орталықтарында 
-Жоқ, қажет деп санамаймын 
10. Ғаламтор саласы жайлы білімдер болашақ еңбек іс-әрекет жасауда қажет 
деп санайсызба? 
- Ия 
- Жоқ 
- Білмеймін 
11. Орташа есеппен Ғаламторда сіз қанша уақыт өткізесіз? 
- Барлық бос уақытты 
- Тек оқу кезеңінде
-
Тек қажеттілік туындаған кезде (жоғары оқу орнында, үйде, курста және т.б.) 
12. Инклюзивті мектепте пәндерді оқыту үшін Ғаламтор сізге көмек бере алады 
деп ойлайсыз ба? 
- Ия 
- Біршама деңгейде 
- Жоқ 
13. Сіздің ойыңызша біздің еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың
Ғаламторды пайдалану деңгейлері қаншалықты деп ойлайсыз? 
- Жоғары 
- Орташа 
- Төмен 
- Өте төмен 
14. Сіз Ғаламторды қолдану астамшылдықтың белгісі деп ойлайсызба? 
- Ия 
- Жоқ бірақ оны құны тым жоғары деп ойлаймын 
- Жоқ, ондай емес 
216 


14 
15. Сіздің ата-аналарыңыздың пікіріңізше білімді адам болу үшін Ғаламторды 
пайдалану қажет пе? 
- Ия 
- талқылаған жоқпыз 
- Жоқ 
16. Сіздің ата-аналарыңыз еңбек іс-әрекетінде Ғаламтормен байланысы бар ма? 
- Ғаламтормен кәсіби деңгейде жұмыс жасайды 
- Ғаламторға тек жанама қатысы бар 
- Ғаламтормен ешқандай байланысы жоқ 
17. Ғаламтордағы базалық қормен жұмыс жасау тәжірибе мен дағдыларыңыз 
бар ма? 
- Ия, бар 
- Жоқ 
- Түсінбедім 
18. Сіз Сайттарда мәтінді үлкейту мен аудиоқолдаушылардың мүмкіндіктері 
туралы білесіз бе? 
- Ия 
- Жоқ 
19. Ғаламтордың қайсы саласы сізді қатты қызықтырады?
- Оқу 
- Болашақ кәсіби іс-әрекет
- Жеке қызығушылықтар (қарым-қатынасғ ойын-сауық, бос уақыт т.б.)
20. Сіздің ойыңызша Ғаламтор арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау 
адамның шын өмірдегі қарым-қатынас жасауды алмастыра ала ма?
- Ия 
- Біршама дәрежеде 
- Жоқ 
21. Сіздің пікіріңізше мүмкіндігі шектеулі балаларға Ғаламтор қандай әсер 
етеді деп ойлайсыз? 
- Оң әсер етеді 
- Ешқандай 
- Теріс әсер етеді
- Педагогикалық жағдаятқа байланысты
22. Қаншама достарыңыз Ғаламтор желісімен кәсіби деңгейде жұмыс жасайды?
- Көп
- Аса көп емес
- Ондай достарым жоқ 
217 


15 
23. Инклюзивті мектептерде Ғаламтордың мүмкіндіктерін пайдалану туралы 
оқу пәндерін оқыту қажет пе?
- Ия 
- Жоқ 
24. Оқу мақсатында Ғаламторды қаншалықты қолданасыз?
- Жүйелі түрде 
- Өажеттілік туындаған кезде
- Сирек (немесе ешқашан)
__________ 
Аты-жөні__________________________________________ 
Туылған мерзімі (күні, айы, жылы)___________________ 
Ата-аналардың білімі: (керектісін сызу) 
анасы: а) орта, б) орта кәсіби білім, в) жоғары 
әкесі: а) орта, б) орта кәсіби білім, в) жоғары 
Отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы:
а)ортадан төмен, б) орта, в) ортадан жоғары 
218 


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет