Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет34/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
ҚОСЫМША Б 
 
Тулуз-Пьерон тесті
Тест өткізуге нұсқаулық 
Тулуз-Пьеронның жауаптар бланкісінен шаршы-үлгілер мен жаттығу жолының
бір бөлігін (10-12 шаршыны) тақтаға қайта салу керек.
Тақтадағы жаттығу жолының түрі. 
«Барлығыңның өз парақтарыңның сол жақ жоғары тұсында мынадай екі 
шаршы берілген (бланкіден және тақтадан көрсету) – бұл шаршы-үлгілер. Бұл 
шаршылармен келесі бетте салынған шаршыларды салыстыру қажет (бланкіден 
көрсету). Әуелі барлығымыз бірге тақтада орындап көрейік». Жаттығу бетінің 
бірінші шаршысын көрсете отырып, «Бұл шаршыға берілген үлгілер ішінен қандай 
да бір қатты ұқсайтыны бар ма?» (көрсету). 
Жауаптарды тыңдаңдар. Түсіндіріңдер, не себепті ұқсамайды: «Үлгіде сол 
жағы салынған, ал мұнда оң жағы». 
Сонан соң жалғастырасыздар: «Шаршы үлгіде берілгендерге ұқсамаса, оны 
сызып тастау қажет (тақтада көрсету)». Жаттығу жолының келесі шаршысын 
көрсетіңдер: «Ал бұл үлгіде берілгендердің біріне ұқсай ма? Иә. Онда оны 
ерекшелеп тік сызықпен сызу керек (тақтада көрсету). Осылайша жаттығу 
жолының, тақтадағы бейненің әрбіріне сұрақ қойыңыз: «Ұқсайды ма? Ұқсамайды 
ма?» және «Не істейміз: Ерекшелеп сызамыз ба? Сызып тастаймыз ба?».
Тақтада берілген мысал талданып, сынақтан өтушіге тапсырма түсінікті болса, 
жұмысты бастауға болатынын айтыңыз: «Өз парақтарыңның жаттығу жолына дәл 
жоғарыдағыдай әрекет жасаңдар. Жаттығу жолы нөмірленбеген және ол дәл 
үлгінің астына салынған. Кім түсінбеді, қолдарыңды көтеріңдер». Қолын көтерген 
оқушының жанына барып, нұсқауды жеке тағы да бір түсіндіріңіз. 
«Енді мен «Бастадық!» деп айтқанда барлығымыз бірдей тапсырманы 
орындауды бастаймыз. Жұмысты уақытпен шектеп жасайтын боламыз. Әрбір жолға
мен бір минут уақыт беремін. Бір минуттың ішінде барлық жол тапсырмасын жасап 
үлгермейді. Біреу мынадай (парақтың жартысын көрсету), енді бірі мынадай (одан 
сәл көбірек не азырақ етіп көрсету) жасауы мүмкін. Асығудың қажеті жоқ
тапсырманы аса мұқият орындау керек!». 
Бір минут өткен соң мен «Тоқта, екінші жол басталды!» деп айтамын. Сендер 
бірден екінші жолды жасауға кірісесіңдер. 
Тестіні өңдеу. 
Тестілеу нәтижесін өңдеу бланк бетіне түссіз материалдан жасалған бланк 
кілтін қою арқылы жүзеге асады. Кілтте іші сызылған шаршы болуы керек орындар 
дөңгелекпен беріледі. Дөңгелекке енбеген барлық шаршылар сызып тасталған 
болуы қажет. Әрбір жол төмендегіше есептеледі: 
• өңделген шаршылардың жалпы саны (қателерді де қоса алғанда);
207 



• қателер саны. 
Қате болып есептелетіндер: қате өңдеу (маркер ішінде шаршы - сызылып 
тасталған, ал оның сырты - сызылған болса); кез келген түзетулер мен қалдырып 
кету орын алған жағдайда. Екі көрсеткішті есепке алу міндетті болып табылады: 
тестіні орындау жылдамдығы және тестіні орындаудың дәлдігі (немесе зейінді 
шоғырландыру көрсеткіші). 
Тулуз-Пьерон тестісінің негізінде сынақтан өтушінің оперативтік есі, визуалды 
ойлауы, тұлғалық ерекшеліктері жайлы қосымша ақпарат алуға болады.
208 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет