Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет9/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Жарияланымдар.
Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша барлығы 24 ғылыми жұмыс 
жарық көрген. Оның ішінде 6 мақала - ҚР БҒМ Білім және Ғылым саласындағы 
бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда, 2 мақала - Scopus базасына 
енген шетелдік басылымда, 3 мақала - шетелдік ғылыми журналдар 
басылымында, 4 мақала - халықаралық конференциялар материалдары 
жинақтарында, 5 мақала - алыс-жақын шет елдік халықаралық конференция 
материалдары жинақтарында, 1 мақала - республикалық ғылыми журналда, 2 – 
«Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар» 
оқу-әдістемелік 
кешен 
(оқулық, оқушы дәптері, әдістемелік нұсқаулық) 
Диссертацияның 
зерттеу 
нәтижелерінің 
сенімділігі, 
мақұлдануы, 
тәжірибеге ендірілуі – талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, 
зерттеу пәнімен сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, педагогикалық эксперимент 
бағдарламасының зерттеу мақсатмен сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы 
көрсеткіш нәтижелерінің қорытындыларымен, болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 


17 
даярлығын қалыптастыру жағдайында олардың тиімділігін тексерумен 
қамтамасыз етілді. 
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, 
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделеді, ғылыми 
аппараты: зерттеу нысаны, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты мен міндеттері, 
зерттеудің жетекші идеясы, зерттеудің теориялық негіздері, зерттеу көздері, 
әдістері, негізгі кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және 
практикалық маңыздылығы, ғылыми болжамы, қорғауға ұсынылатын 
қағидалары ашып көрсетіледі. 
«Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
даярлығының теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде зерттеу жұмысының 
құқықтық, гуманистік, аксиологиялық, педагогикалық, психологиялық 
бағыттағы зерттеулер мен әдебиеттерде инклюзивті білім беру, болашақ 
маманның 
даярлық 
мәселелері, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолданудың теориялық негіздерін жүйелеу мақсатында шолу 
мен талдаулар жүргізілді. Зерттеу жұмысының теориялық негіздерін айқын 
танытатын базалық ұғымдар, атап айтқанда, «инклюзия», «инклюзивті білім 
беру», 
«құзіреттілік», 
«ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар» 
ұғымдары талқыланып, жүйеленді. Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану даярлығының психологиялық, педагогикалық 
ерекшеліктері анықталып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
құзіреттілігін 
қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен дидактикалық 
қағидалары айқындалды. Зерттеу міндеттеріне сәйкес, инклюзивті білім беру 
жағдайында болашақ 
бастауыш сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының құрылымдық-
мазмұндық моделі жасалып, ұсынылатын модельдің мазмұндық компоненттері 
мен деңгейлері анықталды. 
«Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлау әдістемесі»атты екінші бөлімде жоғары оқу орны жағдайында 
инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
даярлығының 
бастапқы диагностикасы анықталып, педагогикалық эксперименттің мазмұны 
ашып көрсетілді. Сонымен қатар ұсынылатын әдістеме және оның 
педагогикалық эксперименттің өткізілу кезеңдері мен қол жеткізілген 
нәтижелері талданып, түйіндер жасалынды. Зерттеу нәтижесінде инклюзивті 
білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдері ретінде 
болашақта қызмет ететін студенттерге «Бастауыш білім беруде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану» атты арнайы курс бағдарламасы 
дайындалды.


18 
Қорытындыда теориялық және педагогикалық эксперименттік жұмыстың 
нәтижелеріне негізделе отырып, ғылыми ұсыныстар берілді, тұтас зерттеу 
жұмысы бойынша қорытынды тұжырымдар жасалады. 
Қосымшада педагогикалық эксперимент барысында қолданылған 
әдістеменің компоненттері ұсынылды: қарым-қатынастың түстер тестісі 
(М.Люшер тесті); Тулуз-Пьерон тесті; Вильямстың креативті тесті; «Отбасы 
және компьютер» сауалнамасы; «Иинклюзивті мектепте ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдануға деген студенттердің қарым-
қатынасы» 
сауалнамасы; 
«Студенттердің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану мотивациясы» сауалнамасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет