104
Мотивациялық ынталандыру ұстанымы құралдарға деген эстетикалық,
экономикалық
талаптарды айқындап, дайындық үдерісінде дидАКТикаық
мақсаттарға қол жеткізуді талап етеді.
Педагогикалық технологиялылық ұстанымы оқытушының жұмысындағы
сабақтың әдістер мен тәсілдерін анықтауда ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың қолдануын қарастырады[196, б.42, 197, б.233-240].
Тәсілдер мен құралдар ретінде ақпараттың дәстүрлі (әдістемелік нұсқаулар
мен теориялық-әдістемелік мазмұндағы әдебиеттер қоры) ғана емес, ақпараттық
(компьютердің
бағдарламалық
қамтылуы,
әдістемелік
және
аудио-,
бейнематериалдар, Internet желісінің ресурстары) қайнар көздері де
қолданылады. Модель педагогикалық іс-әрекеттіңкеңістігінде,инклюзивтік
ортадаақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
қолданудың
қалыптастыру құралы ретінде қызмет етеді.
3Диагностикалық блок.Бұл блоктың құрамына компоненттер,
өлшемдер
көрсеткіштері мен деңгейлері қарастырылған.
Өз жұмысымызда біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді инклюзивті
білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану даярлығында мынадай компоненттерін айқындап, ұсынамыз:
Мотивациялық.Бұлкомпонент– болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің
жеке тұлғалық кәсіби маңызды қасиеттерінің қалыптасуы (ерекше білім алуға
деген қажеттілігі бар білім алушылармен эмпатикалық қарым-қатынас,
балалармен өзара қарым-қатынас жасаудың жеке тұлғалық үлгісіне бейімделуі
т.б.). Өлшемдері болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану көмегімен білімі мен біліктерін, әр түрлі жаттығулар
мен тапсырмаларды орындауға дегенынтасы мен ықыласы.Бұл компоненттің
көрсеткіштеріөзінің кәсіби шыңдалу қажеттілігін сезіну,
ерекше білім беруге
қажеттіліктері бар балалрға деген эмпатикалық қарым-қатынасын жасауға
деген ынтасы, оқу үдерісінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіруді жете түсіну, өзін-
өзі басқару мен белсендіру, ақпараттық-қоммуникациялық технологияларды
өзінің мүмкіндіктеріне орай қолдануды бейімдеу қызығушылығы, инклюзивті
білім беру жағдайында ақпараттық-коммникациялық технологияларды қолдану
ықыласы, әлеуметтік құзіреттіліктерді қалыптастыруына ынталанушылығы мен
ұмтылысы.
Ғалымдардың көп бөлігі бірінші қатарға бастауыш сынып мұғалімдердің
эмпатикалық
қасиеттерін
қояды
(Ю.Н.Кулюткин,
З.С.Максимова,
Г.С.Сухобская т.б.). З.С.Максимова эмпатия толеранттылықпен бірге болашақ
бастауыш сынып мұғалімдері үшін мүмкіндігі шектеулі балалармен гуманистік
(адамгершілік) қарым-қатынас жасаудағы ең маңызды әрі басты ұстаным болуы
тиістігін айтады. Н.А.Абрамова эмпатия
қасиетін бастауыш сынып
мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуды басқару үлгісі деп түсіндіреді.
И.Г.Синельникова мен Л.В.Кузнецов кәсіби маңызды қасиеттерге талдау жасай
отырып, ішінде ең басты әрі маңызды қасиет деп эмпатияны көрсетеді.
И.В.Бакунова педагогқа аса қажетті мынадай ерекше қасиеттерді атап
көрсетеді:
105
– мейірімділік;
– көмекке дайындық;
– сезімталдық (тәрбиеленушілердің қажеттілігі мен қызығушылығын
сезіне білу);
– шығармашылық тұлға болу т.б.
Тұлғаның көптеген қасиеттері маманның мүмкіндігі шектеулі немесе
денсаулығында ауытқу бар білім алушыларға деген эмпатиясының көрінісі
болып табылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тұлғалық қасиеттерінің ішінде кәсіби
маңыздыларының қатарына даярлықтың тұлғалық компоненті енеді.
Тұлғалық-бағдарлық тұғырды дайындық барысында қолданған студент – өз
бетімен даму, білім беру кеңістігінде өздігімен «қозғала» білетін субъект болып
саналады.
Когнитивтіккомпонент туындаған кәсіби мәселелер мен міндеттерді
ақпараттық-коммникациялық технологиялардың көмегімен шешу үшін қажетті
теориялық және тәжірибелік-бағдарлық білімдердің сапасын сипаттайды. Бұл
компоненттің көрсеткіштері:инклюзивті білім беру туралы жалпы түсініктер
мен ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың психологиялық
түсінігі болуы мен білім беру ортасында АКТ-ны қолдану туралы білімдерінің
негіздерін білуі. Бұл компоненттің көрсеткіштері мүмкіндігі
шектеулі
балалардың ерекшеліктері туралы білімдерді меңгеруі;инклюзивті білім беруде
АКТ-ны қолдану негіздері туралы білімдерді жетік білуі; АКТ құралдарын
қолданудың әдістемесі туралы білімдердің қалыптасуы;кәсіби іс-әрекетінде
шығармашылықты
дамыту;коммуникативтік
және
ұйымдастырушылық
дағдыларды игеру, мүмкіндігі шектеулі балаларға АКТ қолданудың
кемшіліктерін ескеру керек, яғни физиологиялық зақымдануынан қорғау
ережелерін білуі.
Еріктік
компоненті
туындаған
кәсіби
мәселелерді
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар көмегімен шешудің тәжірибесі,
дағдысының
көлемі мен сапасын қамтиды. Бұл компонеттің өлшемі болып әр түрлі
компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалану, білім беру ортасына АКТ құралдарын
бейімдеу, жаңа компьютерлік бағдарламаларды жасау біліктері мен дағдылары
алынады. Бұл компонеттің көрсеткіштері: инклюзивті білім беру жағдайындағы
АКТ-ны пайдаланудың жаңа тенденцияларының құзіреттіліктерін дамыту
дағдылары;халықаралық тәжірибені ескере отырып, оқыту үдерісінің жаңа
бағдарламалық-әдістемелерді саралауда өзіндік дербес тәсілін жасау
іскерліктері;ақпараттық технологиялар арқылы оқу-практикалық модульдерді
жасап шығару;балалардың ерекше қабілеттерін ескере отырып, компьютерлік
бағдарламаларды пайдалану дағдыларына үйрету;ашық ақпараттық білім беру
кеңістігінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың тиімді бағдарламаларын
саралай алу және тапсырмаларды жасау біліктіліктері.
Когнитивтік және еріктіккомпоненттердің қажеттілігі педагог мамандарды
даярлаудағы
іс-әрекеттік
тұғырдың
басты
ұстанымдарына
сүйеніп,
айқындалады.