Дулат Бабатайұлы
алқара аспаннан тағы бір самолет ұшты...
* * *
Күйек аяқталған соң да Барханның мазасы болмады. адам
тірлігінің ұшы-қиыры жоқ, таусылмас күйбеңі бұйдалап алып,
ой мен қырға дедектетіп кеп жүргені.
меңіреу даланың мең-зең етер тыныштығын маңыраған
қой, жамыраған төл бұзса, осы мәңгіртіп жіберер үннің өзі
әлдебір тылсым қуаныштан ептеп хабар таратқандай да еді.
Бархан міне қырықтың бесеуіне келді – ертеңнен қара кешке
тыным таппай қанша еңбектенсе де, буыны босап шаршаған
да, көңіліне қаяу түсіп жалыққан да емес. Ол жалғыздықтан
– айналасында даңғыр-дұңғыр айғайласып, оқта-текте сыр
шертісер адам табылмай талықсыр еді. Қойын қоралап, жұбайы
қайнатып берген шайды терлеп-тепшіп ішіп алған соңғы бос
уақыты жүйкесін тоздырады-ай.
Ой десек, оны күні бойы аттың үсті, қойдың соңында ілбіп
жүргенде таусап біткен. радио деген шуылдақты бұрап қалса
болды, шүлдір-шүлдір етіп не басқа тіл шыға келеді, не анау
бір әрі композитор, әрі әнші жалғыз өзі қақсап кеп түрғаны.
Бұлардан да әбден мезі болды. ал, айына бір рет үйіп-төгіп
тастайтын газеттің бетін ашып қалса, баяғы бір кісілердің,
баяғы сол көрші Сейітқұлдың сығырайып өзіне қарап отырған
етектей суретін көреді, оған жазылған етектей мақаланы
оқиды.
Іргелес қойшы Сейітқұл туралы ауданнан бастап, тіпті
сонау алматының газет-журналы өкіртіп жазып жатады.
Әнеугүні бұйра бас жас жігіт келіп кітап жазам деп, деректер
алып кеткен.
333
Сейітқұлдың үйінде бір ай жатқан жігіт қарға адым жердегі
Барханның баспанасына бас сұққан жоқ.
«О несі екен? Есенбісіз десе, есінен адасар ма еді?»
Күйекті алдымен аяқтаған Барханның жылдағы әдеті
Сейітқұлға қол ұшын беру. міне, аттай зулап бес жыл өтті,
құдай көршісі – қыстық қытымыр суығын, жайлаудың салқын
самалын бірдей көріп келеді. Тонның ішкі бауындай араласып
кетпегенімен, «Кемедегінің жаны бір деп», көмектесе алмай
тұрмайтын. Сейітқұл он жас кішілігіне қарамастан, жанкешті
пысық, қолды-аяққа тұрмайтын жылпостау. алғашында
Барханға көмекші шопан болып жүрді де, кейін келе өз қолымен
үйлендірді де. Қашан қаз тұрып кеткенше қамқор қанатына
алған Барханға кейін жалдана, қондана келе, қорс етіп мінез
көрсететінді шығарды. Бірақ, табиғатынан жуас, кісі бетін
қайтарып көрмеген ол кешегі айрандай аптап, күбідей пісіп
өз үйінде тайраңдап жүрген жігіттің бұл әбестігіне налып,
пәлендей мән бермеді.
«О несі екен?»
Қарашаның қан құстырар көп-көп қарбаласы артта қалды.
Жылдағыдай емес, ауа райы жайлы болып тұр еді. Тек күні
бойы ызыңдап, сүп-суық жел еседі демесең, күн ашық. Қас
қылғандай қойды күйекке түсірер шақта қар аралас жаңбыр
жауып, оңтүстік өңірінде бұрынды-соңды бола бермейтін
лайсаң күз болып еді. Табиғаттың осы бір қылтқи берер
қытымырлығы дәл мұрынға су жетпей, екі қолыңды төртеу
ете алмай арпалысып, күш күресіп жатқан шағында қағынуы
онсыз да жұқарған жүйкеңді тоздыра түсер еді. Үлкен науқан
есен-сау аяқталып, уһ деп бел шеше бергенде, күн шайдай
ашылған. Шайдай ашылған күннің ендігі жан жадыратар
қоңыржайлығы Барханның шамына әбден тиіп болды. Қойды
құм шағылдардың ара-арасына қаптата өргізіп жіберді де,
анау төбенің ар жағында құдық қазып жатқандарға барады.
Ермек іздегені болар. машиналарын дүрілдетіп, беріштеніп
қалған құм қиыршықты бұрғылаған үш-төрт жігіт, олар да
ермек іздейді білем, жуас түйе жүндеуге жақсы дегендей,
мұны қажап, қайдағы-жайдағыны шұқылап, сұрай беретін.
Ішіндегі ересегі Серіктің жасы Барханмен шамалас, «құрдас»
деп қатты қалжыңдасады. Қуақы, сөзге жүйрік, үнемі көңілді
334
жүретін, үнемі күлімдеп, үнемі мұрнынан әлдебір әннің
әуенін ыңылдап айта жүрер еді. Олардың міндеті, бастығы
Серіктің әмірін тыңдап, қойшыға арналған әрбір қалжыңына
жосықсыз тырқылдап күле беру. Құдық қазушы үш азамат
Барханның үйіне қонып, ертелі-кеш ыстық шайын айырып жүр.
алғашында Сейітқұлдың үйін торуылдап көріп еді, теріс қабақ
танытқан соң, олай қарауды да қойған. Тіпті күңкілдеп, «әйелі
жас болған соң қызғанады, шық бермес Шығайбай» екен десіп,
жамандап та қойысады. Ондайда Бархан ойда-жоқта тауып
алған «туыстарына» тәйт деп жекіп тастайтын. Жекіп тастамас
та еді, өзін майлы шелпек, ит-құс іше берер жайдақ су көрмесін
деген оқыс мінезі-ау. Өзі де ұл-қыз өсіріп, ешкімнің ала жібін
аттамай, адал ғұмыр кешіп келе жатқан азамат екенін аңғарту-
ма екен...
Барханның әйелі қой аузынан шөп алмас момын, өз
шаруасына берік тұйықтау адам. апама жездем сай осынау
жұбайлардың белдеу-белдеу құмның арасына түтін түтеткеніне
он бес жылдан асып бара жатса да, шәй десіп бірінің бетінен бірі
алған кезі болған емес. Қандай қиын-қыстау шақта ақылмен ғана
қимылдап, өзара үнсіз келісумен кірісетін жұмысқа. айрандай
ұйыған осыншалық әдемі семьяны жер-көктен іздесе де
табылмасы, бірақ бәрібір байқалмай, бағаланбай, құмға сіңген
судай жоғалары хақ еді. Бес баланың үшеуі ауылда, апайының
қолында тұрып оқу оқиды, екеуі әлі кішкене, қозысын құшақтап
үйде отыр. Киіз үйден қыстауға көшіп келгелі балаларының да
өңі кіріп, пештің қызуына қақтанып, мәз болысып жүрген.
Бұдан он бес жыл бұрын дәл осындай қарашаның күзінде
әйелі Жұмагүлге үйленген. Әке-шешеден ерте айрылған
жалғызілік жігіт Егемқұл қарттың қолында қысы-жазы көмекші
болып, бауыр басып алған. Біртоға, жол саудасы жоқ, Барханды
туған ұлынан бетер жақсы көріп, қызымен көңіл қосуын іштей
көксеп те жүретін. Бала мен бала бата сұрап келгенде, көзінен
жас шыға қуанған, маңдайларынан алма-кезек сүйіп, «бағың
ашылсын, қос ботам» деген, сонсоң қолын жайып: «ендігі
мал да, осы үйдегі жан да екеуіңнің еншің. Кемпірім екеумізге
кештік ғана ғұмыр қалды. Тату-тәтті, жұптарың жазылмай
өмір сүріңдер» деп еді. Қарттың тілеулі батасы қабыл болды,
құдайға шүкір, он бес жыл от басының берекесі кеткен жоқ...
335
* * *
Бархан бүгін отарын ерте өргізді. ауыз үйде тырайып
ұйықтап жатқан үш жігіт те, кіші қызы Нұргүлдің ауызы уылып,
жылап мазаны алған соң, түн ортасы ауғанша көз ілмеген әйелі
де, енді ғана таңғы тәтті ұйқының құшағына енгендей еді.
Сыртқа шыққанда ептеп тоңазыған дене жылы төсекті қайта
сағынды. Күн шыққан жоқ. ала дөнденіп мінгесіп-ұшқаса
келеңсіз далаға қарай жарыса созылған құм төбелер, сол құм
төбелер, сол құм төбенің қырқасына ойдым-ойдым қойнауына
жармаса өскен сексеуілдер жағаласа жарысып, көзге суық
тартады, көңілді жүдеткендей болады. Бархан алды-артына
– иә, айналасына, қарашаның салқынына бедірейе арқасын
беріп, бетпақ жатқан құйқалы құмды тұңғыш рет аяғандай,
жанарын тайдырмастан көпке дейін қарайды-ай. Ойлап тұрса,
он бес жыл мекен жай болған Талдыөзектің бойынан зәредей
өзгеріс таппаған екен. Сол есіліп-есіліп қалған бұйра құм, сол
ербиген сексеуіл, албастыдай алба-жұлба түзген, жер тағандап
өсер жыңғыл; сол аспан – бірде бұлтты, бірде ашық, бірде
қар, бірде жаңбыр; сол күн – өз орнынан шығады, өз орнына
асықпай, аяңдап барып батады; сол бір мал – маңыраған қой
– ол да өмір бақида кісіней алмайды; сол көрші Сейітқұл
– күні кеше жап-жас елгезек жігіт еді, бүгінде құм санайтын
қу болды. Енді Бархан сол Сейітқұлдың қыстағына қараған.
Жым-жырт, тұяқ серіппей қаперсіз ұйықтап жатыр. Қорасына
совхоз ерте бастан жеткізіп берген шөп қаздай тізіліп, кеше
ғана мектеп оқушылары қазып берген қой қораның қиынан әлі
де бу шығады. Кеше балалар опыр-топыр іске кіріскенде, бұл
да қолына күрегін алып, жападан-жалғыз ат шаптырым қораға
беттеп еді, әйелі Жұмагүл: «Еруліге қарулы болып қайтесің,
Сейітқұлдың басына пыр етіп қонған баққа таласқандай
болмайық, ертең де күн бар», деген соң, атына мініп қиқайып
өріске кеткен. Өріске беттеген Барханның соңынан Сейітқұл
айқай салды:
– Отағасы десе, менің де отарыма көз қырыңды сала жүр.
– Жарайды, батыр-еке, – дегеннен басқа жарытып жауап
таба алмады.
«анау балаларға біздің қоралардың да қиын ойғыза сал»
дегісі келді-ақ, әттең мінезінде жоқ бөтендік танытуға дәт
шіркін бара алмаған. Бірақ, Бархан бұдан соң көпке дейін өз-
өзінен күңкілдеп, сөйлеп жүрді қой шетінде.
336
– «Осы совхоз басшылары қызық, Сейітқұлға жіберген
оқушыларға маған неге көмектес демейді?»
– «Осы совхоз басшылары қызық, Сейітқұлдың шөбін жер
қара, күн жылыда тартып береді, ал маған тышқан ізін салған
жоқ».
– «Осы совхоз басшылары қызық, саулық қойдың ең іштісін,
егіз қозылайтынын Сейітқұлға жиып-теріп бергені несі?»
– «Осы совхоз басшылары қызық, Сейітқұлды екі күннің
бірінде ауданға, облысқа, тіпті анау алматыға машина жіберіп,
шақыртып жатыр, мал-жанына сен ие бол. Ой, пәтшағарлар-ай,
«ие бола тұрыңыз» демейді, «ие бол!» деп кесіп айтады. Егер
есептеп беретін есі бар адам табылса, Сейітқұлдың қойын одан
гөрі мен көп бағып келемін».
Сонсоң ол «жоқтан өзгеге басымды ауыртып қайтемін»,
– деп өз-өзіне басу айтады. Сонсоң, құдық қазушы сырықтай
ұзын Серік ыңылдай беретін әуен қайдан есінде қалып
қойғанын білмейді, әйтеуір сол түсініксіз де мұңдылау әнді
ысқырып, әлгінде ғана алай-дүлей болған көңілін жұбататын.
Бұл оқиға кеше еді ғой. Бүгін болса мынау, бір қызығы, Бархан
күнде ертеңгілік тұрғанда мұны да ауданнан машинаға салып,
алып кететіндей сезінетін. Тың-тыңдап, сол үлкен қаладан –
шулы өмірден шұбатылып келер қара жолға көз сатып, әйтеуір
бір бедеу үмітпен ұзақ-ұзақ қарайтын. Тағы ешкім жоқ... Қыл
аяғы қара құйрық та, былтыр қолынан жем жеген қара құйрық
та, шаң бермеді-ау. Жасқана күрсінетін... Қатты күрсінсе
әлдекім естіп қойып, «ел аман, жұрт тынышта неге уһілейсің,
не жетпейді саған» деп ұрсардай қорқар еді. Қазір де сол шулы
өмірден жалғасар шұбатылған жолға көз қиығын тастады да,
көңілі әбден қалғандай жанарын тез тайдырып әкетті, бұдан
соң бір құшақ сексеуіл құшақтап, үйге қайта кірді.
Үш жігіт басын басып кетсе де, қыңқ етіп сезер емес, өлі
ұйқы қылғындырып, қор-қор етеді. Енді ғана кірпігі кірпігіне
айқасқан Жұмагүл кішкентай қызына омырауын емізген күйі ол
да әдемі ұйқыға берілген. Бархан әйелінің ашық қалған төсіне
бұрынды-соңды бола бермейтін лыпыған сезіммен таңырқай,
қызықтап, сексеуілін құшақтаған күйі серейіп тұрып қалды.
Тәңірім-ау, он бес жыл бойы қалайша байқамаған. Таңғы нұр
құйылған жұбайының қос анары не деген аппақ еді; құдайым-
ау, шынымен-ақ анау сәбиін бауырына қысып, күнәсіз сүп-
сүйкімді болып албырап жатқан өз әйелі Жұмагүл ме?
337
Бархан сексеуілді пеш қасына оқыс тастай беріп, жүрегі
тулаған күйі еңбектеп, әйелінің жанына барды. Сексеуілдің
бұтағы секілді тарбиған саусақтары дірілдеп, төсін ақырын
сипай беріп еді, Жұмагүл селк етіп, шошып оянып кеткен.
Сонсоң ол:
– албасты, не көрінді саған, әбден таң атқанда? – деп
көрпесін қымтап, жауып алды. Бархан сонан соң да, көпке
дейін әлгі бір алғаш рет сең боп қалған сезімін қытықтаған
әдемі әсерден арыла алмай жүрді. Баяғыда, ерте-ерте, ертеде...
құм басып қалған асылын енді қайтып тауып алғандай
алабұртты. Пештің отын тездетіп жақты да, қойды өріске
айдады. Қайтып келіп қой қораның қиын апыр-топыр жалғыз
өзі қаза бастады. Даңғарадай қораның жалғыз-ақ пұшпағынан
– жалғыз күрек қи алынғанда әбден таң атып, анау белдің
астынан күн жарықтықтың құлағы қылтиған. Сонау қырдың ар
жағынан күннің шекесі көрінгенде Сейітқұл да тысқа шығып,
керенау есінеген. мұнан соң рақаттанып тұрып қасынды да,
топ сексеуілдің түбін айналып кетті. Жастығына қарамай,
ерте есейген кеспелтек денесі, аласа бойына қонымсыздау
іркілдеп, алыстан қарағанда қорбаңдаған аюға ұқсайтын. май
баса бастаған соң ба, онсыз да қысықтау көзі шылқамай бетке
кіріп, жоғалу сыңайда. Кеңкілдеп өп-өтірік күлуі, реті келгенде
кеңірдектеп жеңістік бермей дауласуы, орайы келсе тізеге
салып тізерлетіп, омырауға салып опырып жіберер ожарлық
бас-аяғы бес-ақ жылда пайда болды. Озат шопан десең де
Сейітқұл мен Барханның арасында жер мен көктей өзгешелік
бар. Ол өзгешелік бәлкім, мінез-құлықта да, сыртқы пошымда
да емес шығар. Ол өзгешелік тіпті, бұл екеуіне ғана тән емес,
жер бетінде тырбанып жүрген пенденің бәріне ортақ қасиет
те?
Топ сексеуілді айналып келген Сейітқұл сым тордың қор-
шауында маңырап өзіне қарай лап қойған қойдың бір-екеуін
басқа теуіп жіберді де, есігін ашып қалды. Темір тордан босаған
отар «әріптестерінің» оттауға бағана өріп кеткені жындарына
әбден тиген болуға керек, алды-арттарына қарамай, боздақтап
барады-ай. Сейітқұл құзғын сәріден тұрып алып, жыбыр-қыбыр
мазаны алатын құс ұйқы көршісіне жек көре қарады. Әсіресе,
биылғы мінезі ұнап жүрген жоқ. Ұят та болса, іргесін аластап,
қоңсылыққа басқа қойшы сұрасам ба деп бір ойлады. Сонсоң,
«москвич» тұрған сарайдың тесігінен сығалап, машинасының
338
амандығына көзі жеткен соң, күпісін сүйреткен күйі үйіне
қайта кірді.
Осы кезде бір апта бойы құдық қазамыз деп әуре-сарсаңы
шығып жүрген үш жігіт те ербиіп далаға шыққан, олар да әлгі
Сейітқұл паналаған топ сексеуілді бір-бір айналып, қой қорада
ақ тер, қара тер қи ойып жүрген Барханның жанына барды.
Әуелгі сөзді әрине, аға бұрғышы Серік бастады.
– Әй, құрдас, қазар көбейсін.
Екі жігіт тырқылдап өп-өтірік күледі. Бархан жауап қатқан
жоқ. маңдайдағы мөлдіреп-мөлдіреп тұрған таңғы шық секілді
терді сұқ саусағымен сырып тастады да, борсып, сартаптанып
жатқан қиды төрт бұрыштап алып аударып жатыр.
– Жарықтықтың иісін-ай, – деді Серік қидың шетінен
опырып алып иіскеп. Екі жігіт мәз, тағы күлді. - Көршің он
шақты оқушымен бір күн қазып әрең тауысқан қиды жалғыз
өзің неше айда бітірер екенсің, жазған.
– Оған несіне басыңды ауыртасың. Жылда ойып жүрген
үйреншікті шаруам, ешкімнің жаны қиналмас. мені мүжігеннен
бір нәрсе түсе ме, одан да беті-қолдарыңды жуып, шайларыңды
ішіңдер түге.
– Әй, адалым-ай, ертеңгі күнің не болар екен. Шайға өзің де
жүр, сонсоң төртеулеп ойып тастармыз, бүгін жұмысты қойдық,
жарты ғасыр қазсақ та бәрі-бір шықпайды су құрғыры.
Осы кезде үй жақтан «әй, шайға келіңдер» деген Жұмагүлдің
жіңішке дауысы естілді.
Бұлар дөңгелек столды қоғамдай отырып, құла шайды
сораптауға кіріскенде, самолеттің даусы естілді.
– Сағат сегіз болған екен, – деді Бархан. Қолындағы саға-
тына қараған Серік таңырқап:
– Оны қалай білдің? – деді.
– Осы қыстақтың үстінен әрбір екі сағат сайын самолет
ұшады, сондықтан сағат салмаймын қолыма,– деген Бархан
түні бойы, қыңқылдап, ауырып шыққан қызын қолына алып.
Жұмагүл самауырды тағы бір үстеп, шоқ салды. Серікке кезекті
кесені ұсына беріп, көзінің астымен ұрлана қарап қойды. Сонсоң
Барханға жалт бұрылды да, өз қылығына өзі ұялғандай жасып,
жанарын төмен салды. азғана уақыт меңдеген тыныштықты
тағы да Серік бұзған:
– Құрдас, осы сен самолетке отырып көрдің бе?
339
Тосын сұрақ Барханды мұрттай ұшыра жаздады. «Не десем
екен?» аз-кем қипақтап отырды да шынын айтты.
– Жоқ.
Екі жігіт шайға шашала тырқылдай жөнеліп еді, Бархан
одан әрі кірерге тесік таба алмай қысылды. ал Жұмагүл болса,
бетінен оты шыға, бүкіл семьясы, ата-бабасы атынан ұялды. Екі
күлегешті Серік «Тәйт әрі, ырсалаңдамай» деп тиып тастады
да, замандасының тотыққан тікенек-тікенек жез бетіне аяй
қарады. Осының бәріне... көрінген жерді тыртықтап, айлап,
жылдап құдық қазып су шығара алмай итшілеп жүрген өзін
кінәлағандай, кесені асыға төңкерді де, далаға атып шығып
кетті. – Әй, – деді үй сыртынан, – әй болыңдар, қораның қиын
оямыз.
Сейітқұл атын ерттеп тұр екен, қой қораға бір-бір күрек
арқалай жөнелген самаладай төрт жігіттен тайсақтағандай
атының шап тартпасын тартып бүгежектеп басын көтермеді.
– аман-ей, – деді Серік айғай салып. – Неғып мықшыңдап
тұрсың, әйелің сау ма?
– Соқтықпай жүр, – деп қайырып тастады Сейітқұл.
Қызылқұмның арасындағы адасқан қаздай ғана төрт-бес
адамның таңғы тілдесуі осымен тәмамдалды да, маңайды тағы
мылқау тыныштық басқан. Осынау меңіреу тыныштықты тек
әрбір екі сағатта әуелей ұшқан самолеттің гүрілі тілгілейді,
– иә, тым-тырыс тірлікті тілгілеп өтеді.
* * *
Бархан қой соңына ерген жылдарда қаншама су ақты,
қаншама жапырақ сарғайды, қаншама рет құстар келіп
қайтты; құдай-ау, қанша рет самолет ұшып өтті... Тек баяғыда
сусылдап, қоныс таппайтын ұшқалақ құмдар ғана іштей
тынып, жым-жырт жатып алған. Қызылқұмның көшіп-қонбай
безбүйректеніп, бүк түсіп жатуы бұл өңірді мекен етер елді
елеңдетпей қойған жоқ. Қайсыбірі жаман ырымға жорыса,
енді бірі «берекемізді алар сусылынан гөрі осы момақан мінезі
дұрыс, құм көшпесе, жер беті құйқаланады. Шымданып шөп
шығады, малға өріс болады» десті. Қазақпен бірге табиғат
жарықтықтың құмы да ірге теуіп, отырықтануы, бағамдаған
кісіге ғажап бір көрініс сезілетін. Баяғыдай емес, ит тұмсығы
өтпейтін қалың сексеуілдің бұл күнде мінтеліп, етек-жеңі
түріліп бара жатқаны Барханның қабырғасына қатты бататын.
340
Трос тағып, трактормен қопарып-қопарып, жөн-жосықсыз
отынға жөнелтіп жатқан қайран сексеуілдің, әне, тек ойдым-
ойдым орны ғана қалған. Тамырымен жұлып әкеткен әлгі
сексеуілдің орны алыстан қараған адамға зеңбірек снарядтары
түскен ұлы бір ұрыс даласындай шұрық-шұрық жыртық еді.
Әлі есінде, баяғыда, баяғыда емес те-ау, үлкен ұлы туған
жылы осы Қызылқұмның сексеуілі мен түзгені есен-сау шақта
бұл өңірде аң-құстан аяқ алып жүргісіз еді. Қоймен бірге өріп,
қоймен бірге жусайтын аң екеш аңның да тұқымы құрып, азып-
тозып барады-ау. Бір-бір жеңіл машинаға мініп алып, шамын
жарқыратып, таң атқанша не қасқыр, не қарақұйрық қуады.
Қуатындардың көбі облыстан, ауданнан келіп ерігіп жүрген
қызметкерлер болушы еді. Олардың анық кімдер, аты-жөні
қалай, не қызмет істейді – Бархан күні бүгінге дейін білмейді.
Білмейтіні – олардың қай-қайсысы да жол соғып шаршағандай
болса, таңдайы кеуіп шөліркегендей болса, ат басын озат шопан
Сейітқұлдың үйіне тірейтін. Әйтеуір, «Газ-69», «УаЗ» деген
маркалы машина мінгендердің бәрі атқа мінер болып көрінетін
оған. «Кеше кімдер келді үйіңе» деп тақуалап сұрар Бархан ба?
Сейітқұл өз еркімен айтпаған соң, томаға-тұйық жүре беретін.
Барханның анық жыға танитыны «Талды» совхозының
директоры, бас зоотехнигі мен бөлімше басқарушысы Әліқұл
ғана. Әсіресе, Әліқұлды күншілік жерден шырамытар еді.
Оны ылғи да Сейітқұл ауылдан өз «москвичімен» арнайы
барып алып келетін. Қонақасын беріп, түнеткен соң қыстақ
маңында өріп жүрген сидам сирақ тамам түйе тауықтың екеу-
үшеуін сойып, жүнін жұлып, машинасына тиейтін де, қайтадан
ала жөнелетін. Әліқұл келген күні кеште Барханда тыным
болмайды. алдына тұрғызып қойып, дем алмастан екі-үш сағат
жерлеп, жер-жебірі жекен суына жетіп ұрсатын, ал оның неге
ұрсатынын әлі күнге дейін білмейді.
* * *
ат үстінде алысқа қарап, мелшиіп тұрған Бархан күн
ұясына қона қалың түлейдің ішіне бытырай жайылып кеткен
отарын кіш-кіштеп жинастыра бастады. Қар баспаған жыңғыл
мен изенге әбден құнығып алған, ақтылы қой айдауға көнбей,
жер табандай оттап жүр. Күн қызуы ептеп қайтқан соң,
Қызылқұмның ызғырығы есті. Бүгін болмаса ертең қылышын
сүйретіп, жетіп келер қыстың тықыры таянғалы Барханда
341
маза жоқ. Бағымындағы 700 бас қойдың әзіргі күйі жақсы
болғанымен, жаман айтпай жақсы жоқ, қар тобықтан жауып
қалса қайтпек... Наурыздың қара суығында қарны жер сызып
жүрген саулық жем-шөпсіз тістей қатып, іш тастамай ма? Тым
болмағанда бірер машина шөп жеткізіп берсе...
Санасында масадай ызыңдап, тыныш таппаған осынау
ойдан арылған күні өлетінін білді. Дәурені өтіңкіреп бара
жатқан күздің соңғы сонысын қызықтап қалғысы келгендей,
изенге тас кенеше жабысқан қой жан-жаққа бытырай қашысып,
көпке дейін құрықты қолға қайыру бермеді. Өстіп арпалысып,
әр саулықты сүйрелегендей боп қыстаққа беттеп келе жатқанда
Талды жақтан құстай ұшқан машинаның қарасы көрінді. Тура
Барханға қарай атылған оқ боп зымырап келеді.
«Әкесі өлгендей айдауын», – деді даусын шығара. авто-
клубтың даңғарадай машинасы түп-тура жанына келіп, қойды
үркіте солқ етіп тоқтағанда, Барханның жаман тырақысы да
жалт етіп, үстінен бейқам отырған иесін түсіріп кете жаздаған.
Кабинадан жап-жалпақ болып бөлімше бастығы Әліқұл
шыға бергенде, Бархан әлгіндегі бір ешкім жоқта оқыс айтып
қалған «әкесі өлгендей» деген сөзін шынымен-ақ біреу естіп
қойғандай, шошынып қалды. Әліқұлдың «хал қалай?» деген
морт сәлемін алған жоқ, бар болғаны қалбалақтап: «мал аман,
мал аман...» дей берді.
– Неғып дегбірің қашып тұр?! – Әліқұлдың жарқаштана
шыққан ожар сөзін тағы да ести алмаған сыңайда. Жаман
торысын тепеңдеп, тақай берді де: «ассалаумағалейкум», – деді
күс қолын ұсынып. Қамшысы түсіп кетті. Басқарушы быж-тыж
болды. Қолын қалтасынан алмай шіренген қалпы зілдене әмір
берді.
– Түс аттан!
– Қой қайырусыз қалды ғой, үй жаққа барып әңгімелессек
қайтеді.
– Әңгімелескішін.
Әліқұлдың апшысы тіптен қуырылды. Жел жақта арсылдап
тұрған оның жайтаң аузынан ащы бір иіс мүңкіп Барханның
қолқасын қапты. Ішпей жүргенде мас кісіше әкіреңдеп, әңгір
таяқ ойнататын әкімнің дәл қазір қармағына жем болудың
ешқандай реті жоғын сезді ме, атынан түсті де, бір басып, екі
басып жасқана жанына барды.
342
– Сен оңбайсың, – деп бастады сөзін Әліқұл. – Он жыл
болды сөзін осылайша бастаудан таңған емес. – Егер сен оңды
шопан болсаң, менің төбем көрінгеннен қарсы шауып, қарсы
алуың керек еді. Егер сен оңсаң...
– Әлеке-ау, сіздің төбеңізден көз жазып қала берем, ылғи да
Сейітқұлдың қызыл машинасымен келуші едіңіз...
– Тоқтат! – деді қолын сермей кесіп айтып. – Көргенді
шопан, сөзді бөлмес болар. мен жаяу жүруден арланбаймын,
қарапайым басшымын. мына сендер жерден аяқтарың екі елі
көтерілсе, едіреңдеп, ел үстінен құрық түсірмейтін. Әттең,
сендейлерді менің орныма үш күн тағайындаса, Қызылқұмнан
бір түйір қалдырмай сатып, саудалап жіберер едіңдер,
мұндарлар.
Бархан көзін етігінің басынан алып, анадай жерде қыстаққа
қарай жөңкіліп бара жатқан отарға аудара беріп еді, Әліқұлдың
саңқ еткен үні селк еткізді.
– Оңбайсыңдар, қыс болса мынау, тойдан құр қалғандай
сықсиып келіп қалған. Сен болсаң мынау, не қораңның қиы
ойылмаған, не бүтінделмеген, жағаң жайлауда, есінеп-құсынап
жүргенің. анау өзің секілді, өзің секілді деймін-ау, боғыңмен
жасты Сейітқұлды қарашы, қандай азамат, жем-шөбі мол,
қорасы саңдай, алты ай қыс болса да қыстырмаймын... деп
отыр. Қырықтан асқанша қыртып, айналдырған алты жүз
тұяққа ие бола алмай...
– Жеті жүз деңіз.
– Қарашо, жеті жүз-ақ болсын, какой разница... сөзді бөлме,
өсетін, қосымша ақы алатын шопан сөзді бөлмес болар. ал,
сенде жиырма жыл мал бақсаң да анау есіктей кеудеңе қадар
значок те жоқ. ана...
– Он бес жыл деңіз.
– Қарашо, он бес... сөзді бөлме... ана өзіңдей, өзіңдей деп
оттаппын-ау, қаршадай ғана Сейітқұлда бір емес, қос орден
бар, осы бесжылдықтың аяғында тағы да наградаға ұсынамыз.
– Оныңыз рас.
– Не рас.
– Сейітқұлды наградаға ұсынатыныңыз деймін, аға...
– Е, солай жөніңе көш, қалқам. Қалай, мал-жан аман ба?
Келіннің дені-қарны сау болар. Балалар өсіп жатыр... Кешке
Сейітқұлдың үйінде жолығармыз. Әйда, отарға шапқыла.
343
Қане, шапқылашы қойға қарай, мен артыңнан қарап тұрайын.
Шапқылай бер, жарқыным...
Әліқұл осы сөзді асығыс айтты да, автоклубқа мініп,
қыстаққа қарай доңғалай жөнелді. атына мінбей аң-таң селтиіп
тұрған Бархан екі кештің арасында зымырап бара жатқан
машинаның соңынан көпке дейін көз алмады.
Осы мезетте Барханның дәл үстінен тағы бір самолет ұшып
өтті...
* * *
Бүгін құдық қазушылар келмеді. Тегі ауылға қайтып
кетсе керек. Күнде кешке саймандарын сылдырлатып, желіп
келетін үш жігіттің орнын жоқтағандай, Барханның қыстағын
асыранды көңілсіздік қайта басты-ай. Қойды қотандап, бәкүн-
шүкүн шаруамен сыртта көп айналғаны – үйге кіргенде көрері
де, естірі де бәз баяғы... екенін білгені және осы көңіл қалды
тірліктің өзі әбден зерезеп қылғаны еді. Бағана бөлімше
басқарушысы машина ойнақтатып кеткен соң да, ертеңгі
атар таң, кешер ғүмырына көз салған, шабандау болса да ой
жүгірткен-сымақ болған. Көсіле шабар, иә немесе көлдей
толқып шығандап, шалқыр мардымды ойдың жалына жармаса
алмағанымен, жеті жүз саулықты өлім-жітімге ұшыратпай
қыстан қалай алып шығамын, қалай төлдетем, бесжылдықтың
айқындаушы жылында 140 қозы ала аламын ба? секілді тағы сол
үйреншікті, он бес жылдың бедерінде санасына қонақтаған ой
– баяғы ой тыныш таптырмаған. Ол тіпті Әліқұлдың бақырып-
шақырған сөзін шыбын шаққан құрлы көріп, елеген жоқ. Оны
бас қатырып есіне де түсірмеді, тек күндіз-түні көлеңкедей
көлеңдеп, еріп қалмайтын өз пікірі, өз мақсаты – өз иманымен
әуре-сарсаң.
Қағынып-сілкініп үйге кіргенде Сейітқұл «движогін» от
алдырған. Қатар отырған екі қыстаққа бір мотордан берілетін.
Сейітқұл аға шопан саналғандықтан «движок» та соның
иелігінде: көңілі түсе от алдырады, көңіл хошы жоқ болса,
«бұзылып тұр» деп Барханның үйін май шамға қаратады.
мотор дырылдай жөнелгенде ең әуелі анау Сейітқұл отарының
шыр айналасы самаладай жарқырайтын. аямай-ақ онды-солды
орната берген электр лампалары бейне-бір шаһар көшелеріндей
көз қарықтырады. Көз қарықтыра жайнап, алыстан қарағанда
адамға осынау шағыл-шағыл құмның ортасында отырған тіпті
344
қойлы ауыл емес, Ніл бойының түнгі аспаны бір пұшпағын
кесіп алып осында тастап жібергендей, сонадайдан жымың-
жымың сиқырлы сәуле шашар еді. Сейітқұл соңғы рет облысқа
жиналысқа барып келгелі әр лампаны сан түсті: қызыл, жасыл,
көк, сары бояумен бояп қойғаннан бермен тіпті ғажап көрініске
бөленген. ал, Барханның екі үйінде екі жарық, есік алдына
бірді орнатып бер, түнде күзетке шыққанда құлай берем деп
қолқа артқанына үш жыл болды, «мотордың қуаты жетпейді»
деп міз бақпады. расында да, ескі ай батып, жаңасы тумай,
өліара болып тұрған шақта түн түнекті жамылып, қоздайтын
саулықты бас-басына түгендеп шыққаннан азап не бар?
Қолында фонарь болушы еді, оның да батареясы таусылып,
қаңсып көрінген жерде шашылып қала беретін. айналасы ат
аунағандай ғана ойпаңда бірге, бір мақсатпен өмір сүріп жатқан
екі қойшының екеуі арасындағы осыншалық кереғар, таңба
басты айырмашылықтың сыры неде?– осының түп тамырын
іздеп, сарсаңға түсер Бархан ба? Барханның міндеті – өз ісіне
адал, бүлкек-бүлкек желіп, шаруасын тиянақты атқару; атақтың,
құрметтің; аяққа тұсау, арқаға артық жүк болар байлықтың,
тіпті аспандағы жұлдыздай түнде бар, күндіз жоқ қылтқып кеп
тұрар алдамшы бақыттың да бұған бес тиындық құны жоқ.
Шам жана шайға отырған шағын семьяны өзгеше қоңыр,
іргеден күздің қара суығы аңырағандай, аса бір көңілсіздік
басқан еді. Әркім өз ойымен болып, оңаша тұнжырған. Бес
жасар қыз Әтіркүл «әкелеп» Барханның мойнына асылып еді,
«қоңыр қозым» деп мекірене маңдайынан иіскеді де, «шешеңе
бара ғой»,– деп тезірек жөнелтіп жіберді. Күні бойғы салаң-
салаң ат үсті жүріс енді ғана бел шеше білініп, екі қарасаны
шоқпармен ұрғандай талып жатқан. Қырықтың бесеуіне
ілінбей-ақ, кәрілік деген иттің қаба бастағаны ма? Бұрын
мұншалық бой-бойы салдырап, ондырмай сойылға жыққандай
езіліп, шаршамаушы еді ғой. Баяғыда ауданның атақты шопаны
атанып, сый-құрметке қолым міне-міне жетеді деп, дәмеленіп
жүрген шағында, тіпті талдығу... жалығу дегенді білмейтін,
қайта жап-жас бала Сейітқұлдың еріншектігіне налып, «әй,
інішек, ерте тұрғанның бір ісі артық деген, жайбасарды – май
басар. Елгезек бол» – деп ақыл айтатын. Сонда Сейітқұл
күліп:
«Ой, отағасы десе, асықпаған арбамен қоян алады, жүгірген
алмайды, бұйырған алады» деген нақылды қазакем бекер
345
айтпаған» – дейтін де теріс қарап қор етіп қаперсіз ұйықтап
кетер еді. Енді ойлап отырса, сол, Сейітқұл сөзінің жаны бар
екен, әне бұған бұйырған бар дүниені сол, кешегі тоңқайып
пыс-пыс ұйықтап жатар көмекші бала еншілеп кетті; әне, сол
жайбасардың асығы алшысынан түсіп отыр.
Барханның ойын Жұмагүлдің майда үні бөлді.
– Құдық қазушылар, тегі, бүгін келмейді-ау... – Күйеуі
үндемеген соң мұңая бір қарады да, терең күрсінді... Былайғы
жұрт байқай бермейтін үлбіреген мамық сағыныштың әрі
рақат, әрі тұншықпа жұмсағына батқандай. Сол сағыныштың
ба, әлденеге өкінудің бе – әйтеуір, бір жіңішке шарасыздықтың
шарабын сіміргендей, шамның болымсыз жарығы түсіп,
боталай жасаурап тұрған жанарын майда жұмды. Жұпыны
ғана үйдегі жұбайлар тірлігі жалқы сәт жусап, жалқы сәт мызғи
бергенде, үйдің іргесі дыңылдап, қабырғасы солқылдап, жер
сілкінгендей тербеледі-ай.
– Бармаймын! атып жіберсе де тырп етпеймін ғой осы,
– деді Бархан жүкке арқасын тістене тіреп.
– Неге? Неменеге бармайсың? – деді аңқау әйелі.
– Әй, Жұмагүл-ай, бес жылдан бері осы үйдің бұрышы
солқылдаса, Упр шақырып жатқанын сезбей-ақ қойдың-ау.
– Бұл қыздай алған өз қосағына тұңғыш рет ренжігені-тін.
– Е-е, – деді Жұмагүл самауырынның суын сарқып. – «айғай
ағам» келіп қалған екен ғой.
– Иә, келіп қалғаны да... Қой, барып бір-ер сағат лекциясын
тыңдамасам, құйрығына қауға байлағандай тулап жүрер.
– Бар, – деді әйелі, – бар, тыңда, тыңдай бер, басыңды шы-
бындаған атша шұлғи бер. – Бұл Жұмагүлдің жігіттей қосыл-
ған қосағына тұңғыш рет тік айтуы еді.
Бархан далаға шыққан соң өз тамы мен Сейітқұлдың үйі
арасына керіле тартылған сым темірге жиіркене қарады. Оны
бұдан тағы бес жыл бұрын Әліқұлдың бұйрығы бойынша
орнатқан еді. «мен келген сайын озат шопан басыңмен бала
құсап безектеп жүресің бе? Жүгіртіп жіберетін қолды-аяқты
балаң жоқ. Одан да саған мен бір адам білмейтін әдіс айтайын.
анау есік көзіндегі ат байлайтын мама ағаштан Барханның
үйінің бұрышына сым темір тартып таста. Шырағым, мұның
өзі – аға шопанның телефоны секілді, қатып кетер еді. Бархан
керек бола қалса, есік алдына жүгіріп шығасың да, сол сым
темірді бар пәрменіңмен періп-періп қаласың. Жаман үйі
346
поездың үстінде келе жатқандай солқылдап кеп бергенде... ха-
ха... Бәкең аяғын қолтығына қысып алып, безектесін.
Сонда Сейітқұл кеше ғана ағасындай болған Барханнан
ұялды ма, «кішкентай сәбилері бар, шошымалды болып жүрер»
деп тартыншақтаған. Бірақ, артынан бөлімше басқарушысы
із суытпай жиі келіп, ары-бері жүгіре-жүгіре шаршап қалар
болған соң, «телефонды» орнатып тынған. Пенде шіркіннің
үйренбейтін, көнтулаққа айналмайтын кезі бар ма, Барханның
үй іші де бұл құқайға ырықтанғандай еді.
Әліқұл өзінің меншікті орнында бір шынтақтай, балшықтан
соғылған орыс пештей боп теңкиіп жатыр екен. алды-арты
құс жастық. Қазіргі қалпында ер-азаматтан гөрі, кеше ғана
босанып, қалжа жеп, сорпаланып жатқан әйелге көбірек
ұқсайтын. Барханның ойына осы азғырынды салыстырманың
қайдан ғана сап ете қалғанын шыдай алмай мырс етіп күліп
жіберді. Упр:
– Неменеңе жетісіп күлесің-ей? – деп жекірді.
– Жәй, өзім ғой, ағасы.
– Сен ағасыны қой, неге күлгеніңді айт.
– Жәй өзім ғой, аға.
– Сен, «өзімді, өзім ғойды» – қой, неге күлгеніңді айт.
Әңгімеге Сейітқұл килікті.
– Отағасы десе, Бәкеңнің ойына әлдене түсіп күлгенде.
Несіне тақуалайсыз.
Ол бұл сөзін иесін көрген иттей еркелеп, ыржалақтай
айтты. Сосын дастарқан басына жүрелей отырған Барханға
стақанға толтыра арақ құйды, жартылай желініп, тоңазып
қалған етті табағымен жылжытты. Әліқұл әпігін әлі баса
алмай отыр, жұрттың көзінше осына ешкімге жалынуды,
жалпақтауды білмей, өз бетімен оттап, өз бетімен жусайтын
жүген-құрыққа ырық бермейтін тоңмойынды мықтап тұрып,
мұқатып алмақ сыңайда. Шынында да, Барханның үйінен
Әліқұл басқарушы болғалы бір малдың басын мүжімепті. Бұл
не деген масқаралық!
– Сайтан қытықтағандай күледі-ей, жоқ-ау, несіне жетісіп
күледі деймін-ау. Он жыл болды, жүзіне 110 қозы, әр қойдан 2,5
килограмм жүн қырқып келеді, не озбай, не қалмай сүмеңдейді
де отырады. Қырықтан асты, медалі жоқ... күлгені несі, жүдә.
– Қойыңызшы... Отағасы десе, Бәкеме тіпті сол сый-
құрметтің керегі шамалы-ау.
347
– Әй, қара құрт шаққандай қипақтамай отыр. Сенің де
сырың белгілі. Иә, бұған түктің, еш нәрсенің абсолютна нарқы
жоқ, подумаешь қызықтырмайды... рас, итке темір не керек.
Әліқұл шаптығып, тіл тигізе берген соң Бархан алая
қарады да, тамағын кенеп ырғалды. Бұдан соң бет-аузын
күректей алақанымен құшырлана уқалап әкелді де, жұдырыққа
айналдырып, өз тізесін өзі бір нұқыды. Көршісінің мәңгі бақи
ұйықтап келген арыстан ашуы атылмай тұрғанда екі жақты
бірдей бітімге шақыру ниетімен Сейітқұл болымсыздау әзіл
тастады.
– Отағасы десе, әзірде сіз қара құрт шаққандай дедіңіз.
Бағамдап отырсам, сол қара құртты біз де жейді екенбіз-ау.
– Кет-ей, оттамай, – деді Әліқұл бар денесімен еңсеріле
бұрылып.
– рас айтам, отағасы десе. Тіпті қазір жеп отырмыз.
– ал, дәлелде.
– Не дәлел керек. Өйткені, қара құртты қой жейді, қойды
біз жейміз.
– Ой, ит-ай, ойлап таппайтының жоқ-ау. – Әліқұл ірі денесі
саба піскендей іркілдеп, рақаттана қатты күлді. Бархан болса
алдында мөлдіреп тұрған жоян стақан араққа телмірген күйі
езу тартпастан сұлық отыр.
– Ей, – деді упр, – сен неге күлмейсің, понимаешь.
– Сіз ұрсасыз ғой.
– Неге?
– Күлсем деймін...
– Фу... понимаешь, мынау не деген мылжың еді. мен
ұрыссам, қоса ұрыспайсың ба? Давай, анау алдыңдағы арақты
ішіп қой, сосын сөйлесерміз.
– мен қашан ішуші едім, ағасы.– Бархан алдындағы мелдіреп
мұрын жарып тұрған арақты ары таман қолының сыртымен
ысырыңқырап қойды. Әліқұл енді оң жақ жамбасына аунап
жатты. Шынтағындағы жастық бір уыс болып иленіп қалған.
Сейітқұлдың әйелі ас үйге кіріп-шығып, ыдыс-аяқты
жинастырып, шай қойып, тыным таппай жүр. Өзі де тасы-
райған, қара торының өңдісі еді. маған десе, алдында әкесі
тұрсын, бетің бар, жүзің бар демей, дүрс еткізіп турасын
айтатын. Бархан оның жайтаң қағып, лыпыған жүрісі мен бедеу
бейнесіне көзінің астымен барлай қарап отырып: «Жұрттың
қатыны да өзіне тартып туады?» деп ойлады.
348
– Сонымен, – деді басқарушы,– бағанағыдай емес, дауы-
сын қоңырлай созып, – арақ ішпеуші едім де. Жө-ө-н, әттең
заманнан не бұрын, не кейін туғансың. Колхоздың қара
өгізіндей жұмысты мұрның пысылдап, істейсің келіп, істейсің
келіп, жарқыным-ау, қазір өгіз адам емес, түлкі адам керек
бізге. мына өзіңнен он жас кіші Сейітқұлды қарашы, майға
тыққан күміс қасық секілді, иненің көзінен өтердей болып,
жылпылдап тұр-ау, жылпылдап тұр. анау күні жұмысшылар
комитетінің жиналысында қалай қатырып сөйлеп берді. Әй,
бала, – деді Сейітқұлды сұқ саусағымен нұқи. – Сен ғой, сонда
аздап бөсіңкіреп жібердің, ә... понимаешь...
– Отағасы десе, өзіңізден озып қайда барам... Ептеп су
қосып, ұрып жібергенім рас.
– айттым ғой, бұл түлкінің күшігі өлмейді деп. – мәз болып
күліп алды. – ал жігіттер, – деді бұдан соң, – мал қыстатуды,
ойдағыдай аяқтап, көктемгі төл алу науқанына сақадай-сай
болу үшін осы тосты алып қоялық.– Өзі қырлы стақандағы
шүпілдей толған арақты аузына апарып, ақтара салды да,
шеңгелдеп-шеңгелдеп ет асады. Екі ұрты бұлтылдап, шайнаң
қаққан Әліқұлдың қап-қалың қорасан бетіне қарап отырып,
тойып қалғандайсың.
Барханның бағана кеткісі келген.
– ағасы, ақылыңызды айтып болсаңыз, қайтайын деп едім.
Әлгі кішкентай қызымыз да аузы уылып, ауырып жүр еді.
– Сен кеткенді қоя тұр, – деді аузындағы етті шайнап біте
алмай жалмаң қағып. – Осы бесжылдықта жүз қойдан қанша
қозы өндіретініңді, әр бастан неше килограмм жүн қырқа-
тыныңды айт. Кіммен жарысасың? Тағы да мына Сейітқұлмен
бе? айтпақшы, бағана өріс басында қатты кетіппін, кешір,
білмеген у ішеді деген осы емес пе, қораның қиын тазалап
тастаған екенсің, көрдім, оныңа рақмет. Бірақ анау он күн бойы
он жерді құр бекерге қазғылап, көзге тамызатын су шығара
алмаған құдықшы қуларды үйір қыла берме, олар бүгін қи
тазалауға көмектессе, ертең, әйеліңе... тоист, басқасына
көмектесуі мүмкін. Ол дала безер бездельниктерді мен ауданға
айтып, аяғын аспаннан келтірейін, понимаешь, ал бара бер?
Бархан шығып бара жатып:
– Биыл Сейітқұлмен жарыспай-ақ қойсам қайтеді. Бәрі
бір оздырарсыздар... – деді. Көршісінің бұл астарлы сөзін
бөлімше басқарушысы ұқпағанымен, Сейітқұл аңғарып қалған.
349
мысқылдай мырс етіп күлді де: «Өзіңіз білесіз, отағасы десе,
маған бәрібір.
атақты Жазылбек Қуанышбаевтың өзімен рұқсат етсе,
жарыса берем», – деді. Әліқұл айғайға басты:
– Сен немене, понимаешь, соц. соревнованиені қылжаққа
айналдырасың? Саяси сауатсыздық бұл. Әй, Сейітқұл ком-
муниссің ғой, мына мотының сауатын аш. Баяғыда партияға
мұны емес, сені алғанымыз қандай дұрыс болған, бәрібір
көгертпейді екен.
Бархан ары қарай тыңдаған жоқ. Есікті тарс жауып шыға
жөнелді. Әліқұлдың «понимаешь жаман айғырға жал біте
бастапты» дегені босағаға қыстырылып қалды.
аспан ашық, түнгі ауадан күздің қара суығы сезіледі.
Қас қарайып, алқара көктегі сансыз жұлдыздар тым алыстан
сиқырлана көз қысысады. Сол тұп-тұнық аспаннан самолет
ұшып барады-ау. Гуілдеп, жүрекке нендей бір қаяу тастар
үнін естігені болмаса, Бархан сол «құсты» әлі көрген жоқ.
Көргісі-ақ келетін, ұшқысы-ақ келетін құрғыр, жол түспейді.
Өз қыстағының дәл төбесінен ұшар самолетті, кейде ойша
санайтын. Және қай уақытта өтерін де жатқа айтар еді, бірақ
сол шіркіндердің қайдан ұшарын, қайда қонарын, қандай
адамдар ұшып бара жатқанын білмейтін. Оған төбесінен өткен
самолеттің бәр-бәрінде өңкей бір төрт құбыласы тең, қағанағы
қарқ бақытты адамдар мініп отырғандай сезілетін.
Неге екені белгісіз көңілі жасып, үйге кіргісі келмеді.
анадай жерде үркердей үйіріліп, жусап жатқан отарын бір
айналып шықты да, екі қолын артына ұстаған қалпы құм
төбеге қарай асықпай аяңдады. Күндізгі өкпек жел толастамай,
түннің бар еркіндігін өзі билеп-төстеп, еркелей еседі. Жылдар
бойы суырыла-суырыла есіліп қалған бұйра құм баяғыша
жер бауырлап, сусымай, албатты лағып көше бермей байыз
тауып, біржола қоныстанған. Соңғы кезде Қызылқұм мінезі
мүлдем өзгеріп, мынау қазақтарша отырықшы болғандай еді.
арпалысып, көшіп-қонып жатар мазасыз дәурен әлдеқашан
қош-қошын айтып, ендігі бұйығы да жуас «Сен тимесең, мен
тимен» тағдырды таңдап алғандай еді. Сумаңдап кеп, сусылдап
кеп суыртпақтала жортар жорға жүрісі саябырсып, тобан аяқ
болып, томпайып-томпайып қалған құмдақ, енді саябыр тауып,
қызыл күреңдене топыраққа айнала бастаған. Төбе-төбенің
шекесінен мап-майда ұнтақ құм ғана жылбысқы жылжиды.
350
Оның өзі де ендігі пананы мал тұяғы мен қотан, қораның іргесі
яки, киіз үйдің маңайынан іздеп, үп етіп жел тұрса болды, төрге
шығады. Егер шайнап қалған асыңнан шақыр етіп құм шықса,
әлгі тұқымы азып, есік көзінде қалған қайран құмның адамдарға
көрсеткен ақырғы қысастығы сықылды еді. Ең ғажабы, осына
жота көрсетіп, беріштене бастаған құмның әр жері сорланып,
ақтаңдана жауырға айналған. Бұл өңірде тұз төгіп тастағандай
әктеніп, шыт-шыт айырылып жатар жер барған сайын молайып
келеді. Әлгі аппақ сортаңға тіл тигізсең – ап-ащы.
Осыншалық кеспірсіз ұлан-ғайыр даланы шекпен киген
қазақтың ғасырлар бойы қимауы, анау қып-қызыл, әрі сұп-
сұр жосыған құмды жер жәннатына балап, қаншалық қорлық,
қаншалық зорлық көріп азсын, тозсын, таңдайы кеберсіп,
шөлден қаталап өлсін, жан бағып, өзге ел, өзге жұрттан жұмақ
іздеп, кешіп кетпей, осы сорда, осы қатыгез құмда рақаттана
жан тапсыруы – неліктен? Кей күндері мынау шымдауыттана
бастаған құмның сыңсып, әлде бір аянышты үн шығарарын,
кейде мынау тарихтың бар шежіресін қойнына тығып, бүк түсіп
жатқан қызыл құм өз-өзінен өксігендей, демігіп, сырылдарын
Бархан естігендей болушы еді. Сонда жаздың жаймашуақ
күндерінің бірінде киіз үйдің керегесін түріп қойып, таң
атқанша құлақ түрер еді. Құлақ түре-түре өзінен басқа тірі жан
естіп, ұға бермейтін сыбыр естігендей екі көзін тас қып жұмып,
елітетін, ерте – тым ерте айырылған әке-шешенің сол қызыл
құмның астынан әлдиі талып жетіп, мәпелеп тербеткендей,
жабырқаңқы жанын уатқандай болушы еді. Содан айдың
аппақ нұрына шомылып жатқан сонау құм төбелер жазықсыз
жапа шеккен, өмірден өз орнын, өз еншісін, өзіне лайық сый-
құрметін ала алмаған жандардың моласына ұқсар еді. Сол,
ай астында мұнарланған құм төбеге өзінің де әні-міне айнала
бастауы есіне түсіп, селк етіп шошынып, керегені оқыс жауып
алар еді...
– Иә, құм жылайтын...
– Иә, құм сөйлейтін... Иә, құм жырлайтын...
– Иә, құм толғайтын...
– Иә, құм ән айтатын...
– Иә, құдая құм күлетін, кәдімгідей сақ-сақ күлетін...
– Иә, құмның даусы қандай әдемі еді десеңізші. Көзден де,
көңілден де шалғай ұжмақ дүниеден хабар жеткізгендей, сол бір
тым алыста, әрі тым жақында жатқан сиқырлы дүниені аңсап,
351
жалғызсырағанда, жабыққанда айтар әсем әні, әмәнда ұзақ-
сонар толғауға барып, бебеу қаға тоғысар еді. Қызылқұмның
тілін тек өзі ғана білетін Бархан онымен күбір-күбір әңгіме
шертісер еді. Шынында да, ол ғажап үн естігендей өзгеше
бір шыншылдықпен иланатын. Ол өзінің ішкі үні, сырласар,
мұңдасар адам таппағанда сөйлеп қоя берер жан сарайы екенін
ұға бермейтін, оның құлағына, тәңірім-ау, әйтеуір үн келері хақ
еді.
– «Күні кеше жер қайыстыра жортып жүрер аң-құс
қайда?»
– Бір жағы Жамбыл, бір жағы Фрунзеден келіп түні бойы
машинаның жарығымен аулап құртқан».
– «Ей, Қызылқұм, баяғыдай неге көшпейсің?»
– «Көше бергеннен көрген пәтуаң кәне?»
– «адамдар үшін жалғыз жұтым суыңды неге қимайсың?
Қазған сайын қаша бересің».
– «Қазір адамдардан су ғана емес, табиғаттың орман-
тоғайы, аң-құсы бәр-бәрі қашып барады».
– «Ей, Қызылқұм неге күлесің?»
– «Сені мазақтап... алдыңдағы малдың амандығына мәзсің.
Жалпақ жаһанда не болып жатқанынан хабарың жоқ. ана
самолеттер қайда ұшты? Онымен кімдер ұшуға міндетті?
– «менен гөрі Қызылқұмның тірлігі озық,– деп ойлады
бұдан соң Бархан. – Қыста сұп-сұр боп, қанын ішіне тартып,
кетеуі кетіп жатқанымен, көктем шыға құлпырып, қып-қызыл
қызғалдақтан көйлек киіп сексеуілі мен түзгені, жыңғылы мен
изені жайқалып, азын-аулақ адасып жүрген аң-құсымен ойнап,
қуанышы келте болса да, мәз-мейрам. ал мен, менің түрім
мынау: ес біліп, етек жапқалы көрген қызық, кешкен ғұмыр
– қараша үйдің түтінін түтетіп, арқандаған аттай қотаннан
ұзап шыға алмаймын шырғалап, жоспар орындау, міндеттеме
қабылдау, Сейітқұлмен жарысу, өмір бақи озбайтын жарыс...
Әліқұлдың айғайы... Дегенмен осындай тасбақа тірлікті тастап
кетпей, төзудің өзі – ерлік екен-ау... Өзіңнің адалдығыңа – өзің
сенуің батырлық екен-ау».
Құмтөбенің басында күпісін жамылып, омырауын аңырайта
аша сонау батысқа қарап ой үстінде тұрған Бархан тағы да,
тағы да сол көп кешеуілдемей, салып ұрып келер қыстың
қамын ойлады. Бұл өңірдің қысы қызық, алдамшы болушы
еді. Жер бауырлай сусып соғар үскірік желі құм мен қарды
352
араластыра ұшырып, бұйрат-бұйраттың ықтасынын, сексеуіл
мен жыңғылдың түбін қасат қармен қымтайтын. Құм жалдың
үстін қар жалдары жауып, шымқай құрғақта сары аяз буады-
ай. Жұмсақ жылдары төрт түлікті ылғи тебінмен шығаратын
ел кейде қамсыз қалып, жемшөптің тапшылығынан малын
жұтқа ұшыратып алатын. Жайшылықта отарды неғұрлым
қалың құмның ара-арасына өргізіп, ықтасын қуып, қыстақтан
жылыстай жылы жер, соны тебін іздеп кетер Бархан енді елмен
бірге меншікке тиер жемшөпті сығымдап, қой қоздар шаққа
сақтар сақтыққа көшкен. мұндай ауыр жылдарда төлдемейтін
бойдақ мал болса, қардың шеті тесіле кең жазира, құйқалы жер
арқаға айдап кетер еді. Қарындары жер сызып жүрген саулық
қолды байлайтын.
анау жылдар жақсы еді... ақпан айында май тоңғысыз
жылымық тұратын. Бетін қар қабыршақтары күптеген құмды
көсіп қалсаң, буы бұрқырап, жып-жылы леп шығатын. Әсіресе,
шабылып құм көшкенде қатты суық болмайтын. Егер мелшиіп,
үн-түнсіз тұншығып жатса, екпіні жоқ, өті қатты қара суық
сексеуіл сындыра зәрін шашатын, кәрін тігетін. Жарықтық
құмның ара-тұра көшіп-қонарына не жетсін. Не нәрсе де
қоныс аудармай, жер тағандап жатып алса, көргені де азайып,
қатыгезденіп, жидіп кетеді білем. Ие, көшу керек-ау... Бірақ,
қайда?
Қыста мұның сенері совхоз берген там-тұм азық емес,
анау құмның арасындағы аяз бен қасат қарға ырық бермей
тұрар кемпіршаш, күйреуік, дәндіқара секілді малға жұғымды,
жұмыр шөптер. Биылғы қыстың қандай айбармен келерін күні
бұрын болжау қиын. Түлкі бұлаңға салып алдап кете береді.
Табиғат жарықтықтың да соңғы жылдары осындай бір мінезсіз,
жұмбақтана қылтқып тұрар қылығы кісінің жынына тиетін. ал
совхоз болса, Сейітқұлдың қорасын тотияйындай көкпеңбек
шөпке толтырды да Барханды ұмыт қалдырды. «Беретін
шығар,– деді күбірлеп – кешіксе де жеткізіп берер...»
Құмтөбенің басында тұрған Барханның көз алдынан қара
құйрық жүгіріп өткендей болды. Бұл не, елес шығар... жел
барған сайын ішін тартып, үдей соқты. Отар үркердей үйіріліп,
әне қаперсіз жатыр. Сейітқұлдың қыстағы самаладай жарқырап,
көз шағылыстырады, сайқалдана көңілді қытықтайды. Өзі
қаперсіз ұйқыға берілген-ау, сым шарбақтың ішіндегі қойларды
даланың бөрісі түгіл (егер бар болса), қаланың әккі ұрысы ебін
353
тауып ала алмайды. Ол айтады: «Тордың сыртынан тағы бір
тікенек тор тартамын да ток жүргізіп тастаймын. Сөйтіп, қой
күзету деген ата-баба азабымен мәңгілік қоштасамын», – деп.
Сонда Бархан айтқан: «Қойды күзетпесе несі қызық»
«Тіршілікшіл, әйтеуір арам өлмейтін жігіт» – деді ішінен.
«Тіршілікшіл» жігіттің үйінде қонып қалған Әліқұл
тәлтіректеп далаға шықты. Электр жарығымен шағылысып, от
болып жанған қойлардың көзіне бағжия қарап, арбасып тұрды
да: «Понимаешь, дәл Бархан сияқты бедіреюін» – деп қолын
бір сілтеді де, үйге қайта кірді. Бағана ғана ашық тұрған аспан
да, сол аспандағы сансыз жұлдыз да – жым-жылас, әлдекім
теріп алғандай. Табанының астынан басталып, анау Бетпақ
далаға ұласар шетсіз де, шексіз құм дариясы бейне бір асау
толқынды, асығыс толқынды теңіз жалдарының бақилыққа
қатып қалғаны іспетті, өркеш-өркеш, бұйра-бұйра. Әлдебір
әннің қайырмасын жалықтыра қайталап, күй сандықтың инесі
бір орнында тұрып қалғандай, ызың-ызың үн шығады. Сол үнге
желге бетін берсе де, белін бермей сидам тұрған сексеуілдің
уілі қосылып, Барханнан басқа ешкім ұға алмайтын, әлдебір
әнді шырқағандай. Тіпті бұл өзге жұрттың құлағына ән емес,
жыр емес, толғау емес – зарлаған жоқтау сықылды естілері де
мүмкін-ау. Өзге жұртқа құлазып, тісін шақұр-шұқыр қайрап,
қағынып жатар Қызылқұм – аңызға айналған аңызақ шөл
даланың – кейуана жердің мәңгілік мойымайтын, мәңгілік
өзгермейтін қайратты да қайсар мінез-құлқын танытар ұлы
елдің бел баласы екен-ау... «Осына кенезесі кеуіп, ерні кеберсіп
жатар ен дала – қолқаны қабар жалмауыз құмда не құты қалды
екен бұл елдің? Құдіретті қуатқа толы ғажап сиқыр бар ма?!
Құдая-ау, сол кезде баяғы қытықшыл, жас ботаның телпегімді
ала қашып ойнағанындай қылықтарын күрт өзгертіп, не
буырқанып, ашу шақырмай, жер бауырлап өксіп жатып алғаны
несі? Қайда, кешегі сусылдап, әндетіп, қым-қуыт көшіп қонар
көшпелі құм? Қайда, көшпелі құм?
Барханның ойын тағы да көз алдынан өткен елес бөлді.
алғашқыда селк етіп шошынып қалғанымен, еті үйрене,
шынында да түн ішінде елбеңдеп жүрген не нәрсе дегендей
алыстан өлеусірей түскен шам жарығы сәулеленіп тұрған
маңайына көз талдыра қарады. Үдере соққан жел ызыңынан
өзге дүние қараң. аспаннан айрылған жер ғана қара жамылып
қорқынышпен қарауытады. анда-санда осы етпетінен құлап,
354
талықсып жатар жарықтық деміге ұзақ жөтелгендей, күрк-күрк
үн желге мініп, жетіп келеді. Табиғатта әзірше неге соқтырары
беймәлім беймазалық бар. Түн түкпірінен тағы да әлдене ағараң
еткендей болды да, ақырын ғана мекіренген қара құйрықтың
сүлдесі көрінді. Төбе басында серейіп тұрған Барханнан
үрікпей, еркелей ойнақтап жетіп келді де, етегін иіскелеп,
жып-жылы, жұм-жұмсақ тұмсығымен Барханның қолын
түрткілеп, жалай бастады.
– «Ү-й-й...- байғұсым-ай, сен екенсің ғой. Хайуан болсаң да
қолдан жем берген иеңнің жақсылығын ұмытпаған екенсің».
Қарақұйрықтың арқасын сипап, құшағына қысты. Өткен күзде
әлдекім атып жаралап, қалың түлейдің ішінде жасырынып,
қансырап жатқанын тауып алып еді. ай бойы аяғын емдеп, жем
беріп, Сейітқұлдың төрткөз сарыаяқ итінен торып, асыраған.
Сонсоң қыстақтан тым алыс, Паң далаға ұзатып салған. Содан
бергі уақытта бір жыл өтсе де, қара үзіп кетпей, шырғалап келіп
тұрғаны мынау.
«Хайуан екеш, хайуан да істеген жақсылықты ұмытпайды.
Бара ғой, қозым, бара ғой. Сен анау шамдары түн түндігін
жыртып, ежірейіп тұрған сәулетті қыстаққа жолама. ақылың
болса менен басқа адамға жуыма. Неғұрлым қашық жүрсең,
неғұрлым қорқып, сасып жүрсең – ғұмыр жасың ұзақ болады,
жарқыным. Бара ғой қозым, бара ғой. мен бейбақты іздеп
қайтесің... мен бір өзің секілді оқ ерте тиген мұңлықпын...
Бара ғой...»
Осы сәтте қатты құйын көтерілгендей болды да, жылдар
бойы сіресіп жатқан Қызылқұм айдаһардай ысқырды.
Әлгінде ғана желге арқасын сипатып, жым-жырт қалғыған,
әлгінде ғана тәңіріне табынып, дүниенің бар үзірін баз кешіп,
жалыққандай есінеп-құсынап мантыраған даланың талағы
тарс айрылды. Шабына кім түртті өз-өзінен буырқанып, өз-
өзінен шамырқанып, екі езуі көпіріп бураша бұлқынып шыға
келді. Әлдене құйын боп аспанға шапши тік көтеріліп еді,
енді сол ұйтқыған құйын өзі секілді мың-миллион құтырық
қарабас сарбаздарын мұқым қызыл құмның бойына анталатып,
қаптатып жібергендей болды. Сол, сол-ақ екен, беріштене
қатқан төбе-бұйраттар бүлкілдеп, тісі-тісіне тимей, бақсы
боп сақылдағандай, дірілдеп-қалшылдап безгегі ұстағандай
жынын шақырды. Сонан соң бүған дейін ешқашан естімеген:
өкірген, әлде өксіген үнмен жоқтау айтты, сыңсыды, булығып
355
барып, зар еңіреп жылады – аса бір алапат екпінмен батысқа
бақанын алып лап қойды. Жер мен көк, ой мен қыр - бәрі-
бәрі тұтаса қып-қызыл әлде қап-қара құмның тұтқынында,
бейне бір африкадағы ағайын құмдардай алып қуатпен алға
көше жөнелді. Дәл алдындағы сексеуілден қапелімде шап
беріп ұстауға шамасы әрең келіп көзін жұма етпетінен құлаған
Бархан бұдан әрі не болғанын білген жоқ әйтеуір, қалың шуыл,
зор майданның басталып, үстінен жүздеген жүйрік ат тапалдап
өткендей дәрменсіз халде. Едәуір мәуріттен соң құмның көшуі
аяқталғандай, маңайды тағы да баяғыша жым-жырт құлақ кесті
тыныштық билегендей болған. Құмға тірідей көміліп қалған
денесін зорға ашып, тәлтіректей тұрған Бархан ал дегенде
қыстағына қарап еді, орнында сияқты. Тек Сейітқұлдың
қотанында сайқалдана жымыңдайтын шамдар ғана сөніп,
қою қараңғылыққа тұншығады. Ес біліп, етек жапқалы мұн-
шалық ұрланып келер ұрымтал құйынды көрмеген, қатты
қайран қалды. Иә, бүгін Қызылқұм бөтен мінез көрсетті! Неге
ашуланды, ненің ырымы бұл? Үйіне қарай сүріне-қабына
балаша зыр жүгірген Бархан ашық қотанда бағана ғана бейбіт
жусап жатқан отардың бірде-біреуі жоқ, тақыр таза орны ғана
қалғанын көрді. Есі шыға айғай салды да жын ұрғандай құм
көшкен ізбен дедек қағып, қос өкпесі қабына жүгіріп барады
әне... Әне, Бархан көшкен құмның артынан қуып барады
– Әне, Бархан жеті жүз бас қойын ала қашқан құтырық
құмды өкшелей қуа жөнелді...
Ең болмағанда өзі секілді отыз жылда бір рет мінез
көрсете алмаған ұлының ынжықтығына сақ-сақ күліп, мазақ
еткен Қызылқұм ақ жүрек әрі қара қылды қақ жарған адал
шопанның отарын ала қашқаны рас еді! Бірақ, бәрібір Бархан
қуып жетеді! Өйткені, оның тақымында азап деген арғымақ
бар, жылдар бойы тамшылап жиналып, тас тесер ашу-ызасы,
айта алмаған арманды сөзі бар... Бәрібір Бархан қуып жетеді:
арқа еті – арша, борбай еті – борша, мойны ырғайдай – биті
торғайдай болып ашаруаққа айналар – бәрібір отарын табар...
мұрнының астынан құдықшы Серік үйреткен әнді ыңылдап,
қойын алдына салып айдап, оралар... Жұмагүл «жаным-ау,
тірімісің» деп жымия күліп қарсы алар; жүкке арқасын тіреп,
Нұргүлін тізесіне отырғызып, жұбайы майысып ұсынған құла
шайды сораптап ұзақ ішер; сонан соң үйдің оң жақ іргесі жер
сілкінгендей солқылдар – Бархан Әліқұлдың шақырғанына,
356
құдай біледі, осы жолы бармай, жау түсіріп келгендей-ақ,
аяғының басын қайқайтып, кергіп жатып алар-ау... Не деген
бақытқа, шаттыққа толы өмір?! Тәңірім-ай, қайғысыз қара суға
семіріп, тірлік деген түлкіні жаяу қуғанға не жетсін... Әкесі
құсап ақ бас атанға мініп, көкжиекке сіңіп, жоқ болса, мәңгіге
жоқ болса қайтер еді.
Әне, Бархан, отардың соңынан 42-ші размерлі керзі етігін
сыпырып тастап, жас балаша жалаң аяқ безектеп барады. Бұдан
отыз жыл бұрын он бес жасында дәл осылай кұм кешіп жүгіріп
еді... отыз жыл бұрын...
алқара аспанда самолет ұшып өтті...
* * *
Өзгерген ештеңе де жоқ. Бархан құм құйынмен бірге ықтап
кеткен отарын тауып, аман-есен қыстағына айдап келді. мал
түгел. Жұмагүл қарсы алды. Жүкке арқасын тіреп, маңдайы
жіпсіп, бой-бойы балқып, шай іше бергені сол еді, үйдің оң жақ
бұрышы солқылдап қоя берді. Бархан жаңа ғана ұрттай берген,
шай құйылған кесені асығыс қоя салды да, күпәйкесінің сыңар
жеңін ғана киіп, есіктен ата жөнелді. Әйелінің: «И-и, бейшара-
ай, өстіп жүріп өлесің-ау» – деп күрсінгенін, көзіне жас
алғанын естіген де, көрген де жоқ. Упр баяғы орнында жатыр
екен. Жүзі сынық. Барханның сәлемін ернінің ұшымен алды
да, күреңіткен қалпы бір нүктеге қадала, көп ойланып барып:
– Да-а... – деді даусын соза – Понимаешь, беда деген аяқ
астынан. Бұлай боларын кім білген, үш ұйықтаса ойымызда
бар ма тәйірі. Да-а... жиырма бес қой, тфу, безобразие, ішпей-
жемей...
Әліқұлдың осыншалық жүйке тоздырар таусыла айтқан
жұмбақ сөзі ішін кептірді білем, Бархан шыдай алмай:
– Не болды ағасы? – деді. – Өңіңіз сынық қой, Сейітқұл
қайда?
– Ол ит, қой сойып жатыр, – деді саусағымен алдындағы
столдың шетін шертіп.
– Тағы да қонақасы ма?
– Осы жолғы қонақасыға сойылған қой бүкіл совхозға
жетеді. Түнгі құтырған құйын жиырма бес қойды жайратып
кетті. Осы итке қаншама рет қақсадым, понимаешь, артық
пысықтық маңдайға сыймайды деп... Түрмеге қамағандай,
357
қотанның сыртын темір сыммен қоршап... енді міне, дауылға
шыдай алмай, өре түрегеліп ыққан отар сым шарбаққа
қыстырылып, бірінің үстіне бірі шығып, бастырылыққан да
қалған. Жиырма бес саулық тіл тартпай кетті он шақтысының
кірпігі ғана қимылдап жатыр.
– Да...а.. жаман болған екен, – деді Бархан басқарманың
мақамымен. Әдейі айтқан жоқ, шын жаны ашып, толқығанда
байқамай қайталап алған.
– Нендей ақыл бересің?
– Білмей отырмын, аға... Ел емеспіз бе, бір амалын ойлас-
тырайық.
– Ендеше қазір сен Сейітқұлға барып өлген қойды сойыса
бер. Терісіне пышақ тигізіп, бүлдіріп алмаңдар,– деді де ауыр
денесін ып-ықшам сезініп, орнынан ырғып тұрып кетті.
– Жүріңіз, Бәке, әлгі балаға көмектесіп жіберейік, мұрны
пышылдап, шамасы жетпей жатқан шығар.
Екеуі қыста қой қамайтын жабық қораға беттеді.
Сейітқұл ақ тер, қара тер боп, бастырылып, арам өлген
қойдың ішін жарып, терісін сыпырып жатыр екен. Барханды
көріп ұрлығы ашылып қалғандай алғашында сасып-ақ қалды.
Қолындағы жезмойын мүйізсап қан-қан пышақ қапелімде
сусып түсіп кетіп еді, ақтарыла бүлкілдеп, буы бұрқыраған
қойдың қарнына кірш етіп кіргенде жыны бырқырап, мүңкіп
қоя берді.
– Көзіңе қара, о, несі-ей, сасқалақтап... Бұдан үлкен қылмыс
жасасаң, ажалыңнан бұрын өлерсің, понимаешь. ауылды үйдің
ұрлығы жата ма, тәйірі. Бархан бөтенің емес, өз ағайың. Кеше
ғана емес пе еді, түтініңді бөлек шығарған. Тумаса да туғандай
болған ағаңның меселдесін қайтарып, екі жастың біріне келмей
кердеңдейсің... понимаешь...
Сейітқұлдың әншейінде кірпідей тікірейіп тұрар түгі
судан шыққан тышқандай жығылып, сүмірейіп-ақ қалған
екен. Кірпігін жыпылықтатып, жасқаншақтана қарайды. Үсті-
басының бәрі қан мен жынға былғанып, кеспірі кеткен. Ел аман,
жұрт тынышта жиырма бес қойды жайратып тастау жанына
батпайды дейсің бе? Қой өлсе, орнына қой қосар, не болмаса
он жыл жинап-терген «көк кнежкесін» берер – бірақ жігіттің
артынан «шаруаға қыры жоқ» деп сөз ергені қинайды. Қазір
ел құлағы елу емес, жүз болып тұрғанда ертең-ақ «Сейіткұл
қойын қырып алыпты» деп ереуілдеп шығар.
358
Бархан кісесінен бәкісін алып, қайрақ тасқа жанып-жанып
жіберді де теңкиіп, іші кебе бастаған қойдың бірін жәукемдей
жөнелді. Қимылы шапшаң. мықынын таянып, өрт сөндіргендей
сызданып тұрған Әліқұлдың екі көзі Барханда. Таңқала басын
шайқады.
– Әй, Бәке-ай, мына қарқыныңмен Сейітқұлдың бір қора
қойын бір сағатта сойып шығатын түрің бар-ау. Понимаешь,
ха-ха...– деді өзі-өзі болып тауып айтқан сөзіне масаттанғандай.
Бархан қаракетінен қол үзбей жауап берді:
– Үйренген кәсіп қой... Өлмеліге – өткір пышақ...
– Әліқұл сөз төркінін түсінген жоқ. «Тауып айттың» деп
қарқылдап күлді. Іле іске кірісіп:
– ал, не ақыл айтасың, Бәке. Ініңізді төтенше келген
зауалдан қалай құтқарамыз,– деді қарнын салбырата жүрелей
отырып. Бархан осы кезде келесі қойдың ішек-қарнын ақтара
беріп еді, бөлімше басқарушының төңкерілген ішіне көзі түсіп
кетті де, баяғыша мырс етіп күлді. Бірақ осы жолы Әліқұл
«Неге күлесің?» деп жер тепкілеп сұраған жоқ. Желдеген иттей
шоқиып отыра берді.
– ақыл мен сана – ата-бабадан да үлкен деген осы, – деді
Бархан ұйып қалған белін жазып. – Не кеңес берейін... Туғалы
бері ақыл-кеңес сұрап келген алғашқы адам өзіңіз. Оның
ішінде де бақа-шаян, құрт-құмырсқа емес, арыстай азамат
- бөлімшенің басқарушысы... Қиналып тұрмын, бір түрлі ұят
сияқты...
– Енді сен бүгіннен бастап ұялмайтын бол, понимаешь.
– рас, өз ұятымды өзім бауыздап тұрғандаймын...
Баяғыдан бері құнжыңдап, танауы шуылдай, қой сойып
жатқан Сейітқұлға үн бітті. Даусы қарлығып, бала әтештің
шақырғанындай жарықшақтана шықты.
– Отағасы десе, «ешкінікі күнде ашылса шам емес, қойдікі
бір күн ашылса шам» деген емес пе, қазекем. Қиналып тұрмын.
Білген ақылыңызды аямаңыз. Жақсылық жерде қалмас...
– Сіңірген еңбек табалдырықта қалады да, күдік пен күмән
төрге шығады деген екен баяғыда біреу...
– Әкесінің аузын... күдік, күмәнді қайтеміз, басымызды
ауыртып. Не істеу керек? Соны айт бізге, – деді Әліқұл кеше ғана
үйретілген аюдай алдында билеп тұрған Барханға ала көзімен
ата қарап. Одан артық суырдың айғырындай шақылдауға, сең
359
бұзар екпінімен баяғыша омыраулауға арты белгілі – сайтанның
жаны құйрығында дегендей...
– Отағасы десе, сіз не бұйырасыз, сол – заң, – деді Сейітқұл
әлі де даусы дірілдеп. «Бөрі арығын білдірмес, түгін сыртқа
қампайтар». мына бала әккі қу ма десем, басына күн туса
беліне қамшы тиген жыландай қайқаң қағатын борпылдақ
осал екен-ау» – деп ойлады Бархан. Сыр берген жоқ, сыр берсе
үндемегеннен үйдей пәле шығарға жорыр.
– Өзің жегенді итке де тастай отыр, тіпті ол сені қапқан ит
болса да, – деген екен баяғыда біреу.
Әліқұл күйіп кетті білем.
– Ей, сен бізге мораль оқығанды қой, понимаешь. ақыл айт,
понимаешь, «баяғыда біреу, баяғыда біреу»... баяғыда ол біреу
болып осыншама ақыл айтса, біз үшеуміз...
– рас, отағасы десе...
– Жарайды, – деді Бархан белін жазып дем алып.– Жамандық
жасау жағдайы күніне жүз рет туса, ал жақсылық жасау реті
жылына бір-ақ рет келеді деген екен баяғыда біреу.
– Опять «баяғыда біреу», жарқыным-ау өзің мына сен...
с-с-с-ен не айтасың!– Әліқұл орнынан секіріп тұрып кетті.
Сонсоң өз елгезектігіне өзі таң қалғандай ары-бері қаздаңдай
қораның қиын бұрқыратып шапшаң жүре бастады.– апыр-ай,
осыншалық ұшан-теңіз пәлсапаны бұрын неге айтпаған.
– Сіз сұраған жоқ едіңіз! – деді Бархан бәкісін саспай жанып
тұрып. – аузымды ашсам– алқымға жармастыңыз. Тіпті «неге
күлесің?» деп қамшы үйірдіңіз. «Неге малың өлмейді, неге
жүзіне 115 қозы аласың» – деп ат ойнаттыңыз... Бәрібір орденге
ұсынбаймын» деп қорыққаннан бұрын жұдырықтап байбалам
салдыңыз... маған сол сіз алып берген жалған атақтың бес
тиынға керегі жоғын білмедіңіз.
– Құдай-ай, үндемегеннің бәрі ақылды деген осы. – Әліқұл
ерсілі-қарсылы жосықсыз жортуылын доғарды да, Барханның
жанына келді, көзіне тура қарап:
– ал сен жеңдің, мен жеңілдім, ризасың ба? Егер саған
керегі сол болса.
– маған керегі ол емес.
– Енді не, ойбай?!..
Сейітқұл да пышағын тастай беріп, ұмтылды:
– Отағасы десе, қалағаныңыздың құлы болайын.
360
– маған керегі екі-үш мая шөп. анау жеті жүз тұяқ
шуылдаққа шашымды жұлып бермеймін. Биылғы қыстың
қатты боларын түндегі құмның көшуі сездіріп кетті.
– Уай, батыр-екем-ай, соны да бұйымтай деп. Соны да
жұмбақтап, бәлдеп. мал сенің меншігің емес, өкіметтікі ғой,
қырар дейсің бе, ертең-ақ қораңды шөпке толтырайын.
– Отағасы десе, менің маямды алыңыз,– деді Сейітқұл
құрақ ұшып.
– Жоқ, сенікін алмаймын, сенікін алсам герой бола алмай
қаласың. маған жұрттікі жұқ болмайды, керек емес, өзіме
тиесілі заңды дүнием керек.– Ол осы сөзді айтты да, қанданған
қолын кесіліп-кесіліп көзі ақшия домалап жатқан қойдың
басына сипай сүртті. «мен қазір келем» деп сыртқа шықты.
Есік көзіндегі діңгекке тартылған сым-темірді қолына құрық
алып ұрып-ұрып қалып еді, үйінен атып шыққан әйелі Жұмагүл
бұған қарай құстай ұшты. Екі өкпесін қолына алып, жүгіріп
жеткен әйелі ыржия күліп тұрған өз күйеуі Бархан екенін жаңа
байқап:
– Түу байғұс-ай, не көрінді, Упр ағай екен деп қалсам.
– Шай қоя бер, бәйбіше, – деді арқасынан қағып. – Упр ағаң
шөлдеді білем.
Қорада қалған екеудің:
– мына малғұн шпион болып жүрмесін, әкесі, қалай-
қалай орағытады. «Жуастан-жуан шығады» деген осы,– деп
сыбырласқан әңгімесі Бархан келе сап тиылды.
– Шаршап, қаталаған шығарсыздар, біздің үйге жүріп, шай
ішіңіздер, – деді.
– Отағасы десе, келініңіз түннен тоңазып тұрған етті
жылытып жатыр.
–Жо-жоқ, сенің етіңнен тіс сарғайды, Бәкеңнің үйіне
барайық, – деген Әліқұлдың өзі бастап қасқая жөнелді.
Жұпыны ғана қос бөлмелі үйдің табалдырығынан едірең
қағып аттай берген бойшаң Әліқұл төбесін маңдайшаға
оңдырмай соғып алды. Қарақұстан тиген ауыр соққыдан тілін
тістеп, есі тана ауырсынса да, сыр берген жоқ.
– Есігің аласа екен, Бархан, – деді де төр алдына көлденеңдей
сұлап жатты. Жұмагүл әперген екі-үш жастық шынтағына жұқ
болған жоқ, бір уыс болып шипасы шырылдады да қалды.
Жан-жағына соңырқай қарады да, жұпыны ғана шопан үйінің
байлығы көңілін тоғайтпағандай әдетінше: – Да-а... – деді.
361
Үйіне Упрдан үлкен қонақ келмеген, жайшылықта аяғына
бас ұрып кіргізе алмайтын ел ағасының құдай айдап өзі келіп
қалғаны Жұмагүлдің есін алды. Қанша тырысса да шаруасының
қиюы қашып, қолы дірілдей берді. Әйтеуір өлдім дегенде түтіні
басылмай, бықсып тұрған ақ самауырды жеткізді.
Құдай қосқан қосағының әзірейіл көргендей осыншалық
дірілдеп-қалшылдауы Барханның жынына тиді. «Не болды,
байғұс», – деп құлағына сыбыр етіп, мықынынан түртіп қалса
да толқуы басылмаған. «Жап-жас боп Сейітқұлдың әйелі
қандай пысық», – деді ішінен. Сосын Әліқұлдың кесесін
әпере беріп: – Бұл үйден ішкілік тапқаннан, Қызылқұмнан
құдық қазу әлдеқайда оңай, – деді жадырай сөйлеп.– Өзіміз
ұрттамайтын, ешкім келмейтін болған соң, әуре болып сатып
алғанды қойғанбыз. Әйтеуір Сейітқұл інім іргеде тұрғанда
ешкім келіп, мазамызды алмайды. Жә, уәде құдай сөзі, іске
көшейік. Сонымен, менен ақыл сұрайсыңдар, ә... Қызық. мен
осы күнді көптен тосқанмын. Сонымен былай жолдастар,
жеп-ішсеңіздерші, барымен базар деген, дастарқанның
берекесі болмай отыр-ау, бәлкім. Қайтеміз көлдей көңіл болса,
аяқтай қарын қайда барар дейсің ағасы. Сый-құрметке бұл
шаңырақсыз-ақ бөленіп жүрсіз ғой. Баяғыда біреу «үнемі
рақаттану – мүлдем рақаттанбаумен бірдей» деген екен...
Әліқұлдың шыдамы шарт сынды. Онсыз да әйнекте
отырғандай еді:
– Шырағым, «баяғыда біреуді» қойып іске көш демедік пе,
понимаешь. Ол не деген ащы ішектей таусылмайтын – «Баяғыда
біреу».
– ағасы-ау, ақыл сұраған өзіңіз емес пе, ендеше былай,
жолдастар: арам өлген жиырма бес қойдың жарасы жеңіл.
Дұрыстап тұрып бақшалап соялық, сосын автоклубқа тиеп,
сонау Шу шаһарына аттану керек. Құмырсқаша быжынап,
біреуді-біреу танымайтын қан базарында бұл қойдың, иә, һарам,
иә һалал өлгенін ешкім білмейді. Килосын үш сомнан, тіпті бес
сомнан пышақ үстінен үлесіп аларына кепілдік беремін.
Сейітқұл мен Әліқұл аузынан суы ағып, еміне түсті.
– Иә, сонсоң?..
– Сонсоң қыруар ақша табасыздар. Оны қалтаға мықтап
басасыздар.
– Ибай-ау, жиырма бес саулықтың орнын қалай жабамыз
деймін. – Упр жастықтан басын қақшаң еткізіп жұлып алды.
362
– асықпаңыз ағасы, Сейітқұл Талдыға барсын да, әлгі
ақшаның азын-аулағына ғана тілеу тілесін. Бөтен ешкімге
дабырламай, ауыл толған осының ағайыны «ер басына күн
туды» деп жұқалап шақырып, помощь сұрасын, яғни жылу-
сатал дейміз. Екі жүз грамм ішкен соң, шекесі қызған туыстар
бір-бір қойын сүйреп, өздері келеді. Кейбіреуі тоқты да әкелуі
мүмкін. Әрине, сіздерге керегі тоқты немесе тұсақ емес, туатын
саулық қой. Ендеше, ағайыннан зекеттеп жинаған тоқтының
мойнына қоңырау қылып, бір-бір «экстра» байлайсыздар да
осы совхоздың көңілдес әр шопанын сауғалап, бас-басына
базына айтып шығасыздар. Әрине, онша тереңдетпей, шулатпай
– әзіл-қалжыңға шаптыра жіңішкелеп бастайсыздар сапарды.
Сонда деймін-ау, өлген жиырма бес қойдың бесеуінің-ақ құнын
шығын етіп, отардың олқылығын толтырасыздар. арам өлген
жиырма қойдың құны өз қалталарыңызда қалады.
– мынау бір керемет ақыл екен! – деді Сейітқұл көзі
жайнап.
– Ұят емес пе, – деді шай құйып отырған Жұмагүл. Тар-
сылдап қолқасына тығылған жүрегі байыз таппағандай. – арам
өлген қойды алдап сату – имансыздық.
– Ол жағын өздері шешсін. менің иманым – қысылғанда
ақыл беру ғана, – деп, Бархан кесесін төңкеріп, дастарқан
басынан кері ысырыла берді.
Әліқұлда үн жоқ. Тегі әлгі ақылды ойша қорытып, алды-
артын тұжырымдап, пысықтап алмақ-ау.
– Ой, – деді бір уақытта. – Әбден табылған ақыл, молодец,
– Бәке, ризамын. Дәл сен айтқандай жасаймыз. Дегенмен,
есіңде болсын, пісміллә дегенде өзіңнен көмек сұраймыз.
Сен берер көмек сол болады – осы операцияны тістеріңнен
шығармайсыңдар.
– мақұл – деді Бархан. – Өз қолымды өзім кесемін бе? Тек
қысқа жететін жем-шөппен қамтамасыз етсеңіз болғаны.
– Әкел қолыңды!
– мінеки!
Бөлімше бастығы мен шопан сарт-сұрт қол алысты.
айдаладағы Қызылқұмның қойнауындағы отырған қыстақтың
үстінен тағы бір самолет құйрығы жылтылдап, ұшып өтті...
363
* * *
Қыс өтіп, көктем шықты. ал дегенде алынбас қамалдай
боп көрінген қыраулы қысты артқа тастағаннан бермен де
Барханда бәрібір маза жоқ. Бел шешіп, аяқ суытар шақ көзден
бұлбұл боп ұшқалы қашан. Бірінің артынан бірі иін тіресіп
келіп, желкеңе мініп алар қойшы тірлігінің таусылмас шаруасы
қанша жалықтырса да, қашып құтыла алмас - шаңқай түстегі
өз көлеңкесі іспеттес еді. Шаңқай түс демекші - қырықтың
бесеуіне шыққан Бархан өз ғұмырында да ертеңге ауар сәті
тым жақын қалғанын алғаш рет есіне алды. Есіне алмас та
еді, қой төлдету науқаны басталып, сақманшылыққа келген
бүлдіршіндей үш қыздың бірі - Бақшагүл мұның жылдар бойы
мұз сіреу болып қатып-семіп келген көңілін ептеп, түртіп
оятқандай-тын. Дүниедегі бар пәлені тақылдап сұрап, маза
бермейтін зар жақ қыз «ой, ағай-ай...» деп қойып... тот басып,
тозаңданып қалған сырды қазғылайтын.
Төл алу науқаны, шүкіршілік, ойдағыдай өтіп жатыр.
Отары қыстан күйі таймай шықты. Қарашадағы уәде бойынша
Әліқұл екі мая шөп жеткізіп берген. Содан бермен көршісі
Сейітқұлдың да бұл дегенде жаны қалмай, сыйлайды. Обалы
қане... рас, Упр Барханнан гөрі оған екі төлшіні артық берген
екен, енді қайтсін, бір малы екеу болсын дегені де... алайда,
осы ерлік деген не? Осы жасына дейін Барханның түсіне алмай,
дал болып жүргені осы. Өзіне тапсырылған жұмысты табан
ет, маңдай термен адал да абыройлы атқару емес пе? «Сайып
келгенде, – деп ой түйетін – батыр болу дегеніміз, ең әуелі адал
болу».
Кеше кешке қызық оқиға болды. Күндізгі төл алу, қора
тазалау сияқты кәдімгі қойшы қаракетінің жамыраған тірлігі
бәсеңсіп, шам жана орынға отырған тыныш сәтінде үлкен
бір әңгіменің ұшығы көрінген. Үстеріндегі саталақ-саталақ
жас қозының тоңғағы жабысқан киімдерін сыпырып тастап,
жуынып-шайынып шайға отырған үш қыз Қызылқұмның
көктемгі қызғалдағындай құлпыра қалып еді. Қара көздері
шам сәулесімен боталап, күлкі үйірілген. Бархан осына он
сегізге жаңа шыққан уыздай пәк қыздардың жүзіне бұрынғыша
ұялшақтамай, қымсынбай тұңғыш рет тесіле қарап еді.
Сонда ол қарындастары қаншама жадырап, жайнаң қағып
отырғандарымен, күлкі көлегейлеген дидардың ар жағында,
тереңінде тұнып жатқан мұңның көлеңкесін көрген. Сол мұң
364
ертеден қара кешке дейін дамыл таппай жылбысқы төлмен
төбелескен қыздардың қой көзіне шаба бастағанын, егер
дәл осылай ойын-сауық, күлкі-қуанышсыз ертеңді қара кеш
безектей берсе, арман-мақсаттарынан ерте, тым ерте тоналып,
жасына жетпей шау тартары үшін өлердей аяған.
«Ертеңгі күндерің не болар екен, қарақтарым, не болар
екен...»
– Ой, ағай-ай, – деді түйеден түскендей Бақшагүл. – Неге
осыншама қадала қарадыңыз? Жеңешеме айтып, сабатамыз...
Сонсоң үшеуі де сыңғырлап таза күлді. Дастарқан қамымен
жүрген Жұмагүл де мырс етіп, шыншыл көңілмен әзіл
тастады.
– ағаңның қырықтан асқалы жасаған ұрлығы ғой, сендер
өкпелемеңдер, мен кешірдім, – деді.
Бархан қызарақтап қалды. Сейітқұл «бензин таусылды»
деп бүгін «движогін» от алдырмаған соң, шамға кересін құйып,
соның болар-болмас жарығымен отыр. Шаңырақсыз шам шалқи
жанып, қоңырқай күйге шақырады. Балалардың алды ұйықтап
қалды да, өзгеше бір тыныш, әрі жуас хал меңдегендей еді.
– Ой, ағай-ай, – деді тағы да сол үнсіздікті бұзған Бақшагүл.
– Сіздің мына қоңсыласыңыз түк ұнамайды маған. Бағана
қорасының жанынан өте беріп едім, қозысын алмай жатырқап
тұрған саулықтың басына бар пәрменімен теуіп жіберді. –
Бархан жауап берген жоқ.
– мен білсем ол алдыңғы күні жоғалтқан егіз қозының
сыңары. Соны теліп тұр, – деді екінші қыз. Бархан одан әрі
шыдамады білем:
– Қойыңдар, айналайындар, кісінің сыртынан ғайбат сөз
айтпаңдар, – деді.
– Біз ғайбаттап отырған жоқпыз, шындықты айтып отырмыз,
– деді шашын қырықтырған үшінші қыз. Бұдан соң бәрі тым-
тырыс отырды.
– Қой енді қызыл сөзден не пайда түге. Ертең ерте тұру
керек, жатып демалыңдар, – Жұмагүл төсек қамына кірісе
бастады. Қыздар ыдыс-аяқ жиып, күйбеңдеп жүрді де, жым-
жырт жатып қалды.
Бархан шошып оянды.
Үйдің бұрышы дыңғырлағандай болып еді, елегізген екен,
бөтен дыбыс сезілмейді. Сырт киімін шешпей, дастарқан
басына қисая салғандікі ме, быршып терлепті. ақырын басып,
365
алдыңғы бөлмеден өте беріп еді, баудай тізіліп, көрпеден
бастары қылтиып, башпайлары көрініп, ұйықтап жатқан
қыздардың бірі: «Конкурстан өте алмадым» деп ұйқысырап
аунап түсті.
аспан ала бұлтты екен, терістіктен жел бар. Биыл көктем
ерте шыққанымен, суықтың сына қоймаған беймезгіл шағы
еді. Қар әлдеқашан қашып құтылған. Оңтүстіктің көктемі ұзақ
болады. ақпанның аяғынан жер қарайып, шілденің басына
дейін жалықтырмас әдемі кезең келетін. ыстық түспей,
жайлауға көшіп, жан сауғалайтын малшының рақаттанар күні
болады десек, ол да сол жайлауға жетіп, қонғанда ғана туатын.
Қызылқұмның жаз жайлауы паң дала – арқа жақта: таулы,
ағашты, сай-салалы болмағанымен, қалың шалғынды, ауыз
суға зарықтырмайтын құйқалы жер. Қазіргі былығып, ластана
бастаған қыстақтан екі жүз, үш жүз шақырым ұзай көшіп, тек
қоңыр күзде ғана мекеніне қайтып оралар қойшының – үлкен
қала, дүбірлі жаңалықтан құлақ үзер уағы бұл. Көп ұзамай ол
күн де туар...
аспаннан тағы бір самолет ұшып өтті...
Жайлау әсіресе, Барханның зарығып тосар – бақытты
шағы. Көш қамын елден бұрын сайлап, қалайда бұрынырақ
жетіп, із тимей тұнып жатқан жап-жасыл даланың самалын
қызғана жұтып, ал қызыл, ал сары гүлдерін елден бұрын
қызыға жұлатын; ешкім қарап тұрған жоқ па дегендей жан-
жағына жалтақтап алып балаша тызылдап, жалаң аяқ, жалаң
бас жүгіретін, жүгіретін... бұл баяғыда, бұдан отыз жыл бұрын
ақ бас атанға мініп, көкжиекке сіңіп кеткен әкесінің соңынан
қуған аянышты халдей емес, мүлдем басқа, басқа жүгіріс;
Барханда балалық шақ болған жоқ, оны ерте жоғалтқан...
ерте... сол батысқа, жаудың бетін қайтаруға аттанып кеткен
балалығымен тек жарықтық жайлауда жолығып мұңдасатын,
ағыл-тегіл жыласатын, сосын мәз болып күлетін, күліп жүріп
гүл теретін; жайлау дегенде, байғұс Жұмагүлдің де есі қалмаушы
еді; сондықтан осыдан бес жыл бұрын күйеуі ауданға барғанда
сатып әкеп берген қызыл ала жалғыз көйлегін киіп, бейне бір
той салтанатына жиналғандай бір жасап қалушы еді; Бархан
екеуі бір-бірінің көңіл-күйін айтпай түсініп, қол ұстасқан,
қолтықтасқан қалыпта көкпеңбек теңізді армансыз кешер еді,
көкпеңбек шалғын шалқарын қатар жүзіп бара жатар ерлі-
зайыпты қойшы өздерінше шырқап, өздерінше ән салатын; ол
366
ән шыншыл да сезімтал жүректің, бұйығы әрі тар арнадан асып-
төгіліп, еркіндігін, көптен аңсаған бостандығын бозала таңда
енді-енді ғана алғандай, әуелеп алысқа... әлдеқайда жыраққа
шығандап, шымшымдай тарап жатар еді; әншейінде әнді қойып
бір ауыз әңгіме айтпайтын адамдарға кең тыныс қанаты талмас
қиялмен әуелете шырқаған әнін ұйып тыңдағандай әрі бас иіп,
тағзым ете таңырқағандай жайлаудың мың-миллион гүлдері
ырғалып, әдемі әуезге қосылғандай болушы еді; ал, Бархан мен
Жұмагүл болса осынау кең жайлау – жасыл бесікте жылына
жалқы рет құшақтасып, өзінің жұбы жазылмас жұбайлар екенін
еске алысатын; сонда Бархан қыздай қосылған қосағының
қуаныш пен мұң араласқан шаршаңқы көзінен мөп-мөлдір
таза жасты сұқ саусағының ұшымен сүртіп тұрып: «Жұмагүл-
ай, сендей әйелі бар менде арман бар ма екен» – деуші еді;
осына жылына жалғыз рет қана айтылар әрі келте, әрі терең
сөзден кейін Жұмагүлдің де бақытында шек болмайтын; бұл
өмірде бар екенін сезінетін, жылдың төрт мезгілінде осы
сөздің қуатымен жүретін, жылдың төрт мезгілінде осы сөзді
сағынып, санамен сарғая тосатын... Жұрттың көзінше жаласып,
ал түні бойы төбелесіп, бет-ауыздарын тырналап шығатын
кейбір замандастарынан ала-бөтен өзгешелігі осы десек те,
былайғы ағайын «осыларды да күйеуім бар, қатыным бар деп,
қарқ болады-ау» – деп өсектеуші еді. Былтырғы жазда Бархан
Сейітқұлдың әйеліне бір буда гүл теріп әкеп берді қырдан.
Қоңсыласының бұл қылығын естіген Сейітқұл: «Шал шатасқан
шығар, – деді миығынан күліп. – Шалдың делебесі жаз шыға
қозатыны рас».
ала бұлтты аспанның жыртық тесігінен сығалап тұрған
жұлдыз ғана бүгінгі түннің шырақшысы. Бүгінгі түннің
шырақшысы ол ғана емес, қолына май шам ұстап, қой қораны,
қозы қамаған үйшікті аралап жүрген Бархан еді. Қой түгелге
жуық төлдегенімен, он шақты саулық тумай кешеуілдеп қалған.
Қуаныштысы сол биыл егіз қозылаған аналық көп болды.
Қыстан екі мая шөптің арқасында қоңды шыққан малдың іш
тастауы, өлім-жітімі болмады. Оның бер жағында жемшөп
мол екен деп отарды қотаннан шығармай тырайып жатып
алған жоқ, ашық шуақты күндері үнемі өріске маңқыстатып
тебіндетіп қайтатын. мал екеш мал да далаға шығып, бой жаза
сергігенді жақсы көруші еді. Бұрынғы жылдарда сыңар айыр
шөпсіз бір тұяқ шетінетпей, әйтеуір ілдалдалап қыстан шыға
367
беретін. Бархан совхоз екі мая шөп түсіріп бергенде соғыста
өлген әкесі тіріліп келгендей қуанышы қойнына сыймаған.
Енді міне, Құдайға шүкір жер аяғы кеңіп, күн жылынды. Ендігі
жыртың-жыртың ұрымтал соғар боран-шашынға ырық етпейді.
Кеше кеште қоздаған он қойды жеке бөліп қамап еді, қолында
ауа ұрып қалтыраған май шамы бар Барханға көздері жаудырай
қарады, сонсоң өз иесі екенін таныды ма, біреусі мекіренді.
мекіренген қойға жақындап еді, алдында қап-қара боп буы
бұрқырап жатқан қос қозыны көрді. Тегі, әлгінде ғана туса
керек, саулықтың шуы түсіп үлгірмеген. Бархан сәби секілді
мөлдіреп, су-су болып шарбыға оранып жатқан төлдің мұрнын
сығып, құлағын үрледі де енесінің алдына қайта салды, жалап,
аяқтандырсын дегендегісі. Туа салып ала қашқан қозыны енесі
жатырқап алмай, әуре-сарсаңға түсіретіндері де толып жатыр.
май шамды сөндіріп, қораның бұрышына қалдырды да далаға
қайта шықты.
ала бұлтты аспаннан гүрілдеген тағы бір самолеттің даусы
естілді...
Бархан қалтырай тітіренді де, рақаттана есінеді. Есіне
әлдене түскендей үйдің сыртындағы құм төбеге көтерілді.
Оның санасынан сонау қарашада қағынып, көше жөнелген
қызыл құмның оқыс мінезі кетпей-ақ қойды. Неге, неге мінез
көрсетті! Жылдар бойы нығызданып, дөң айбат жасап жатып
алған қиқар құмның аяқ астынан ер-тоқымын бауырына
алып, тулауы қайран қаларлық. Құйын болып көтеріліп,
құйғыта шапқан қызыл құм тырбиып енді-енді өсе бастаған
бұта-қараған, шөп шаламды жалғыз-ақ түнде жаба салды да,
ирелеңдеген мап-майда құмнан шашу шашты. Кешелер ғана
шымдауыттана бастаған жер беті енді, міне сиыртаңдайланып,
қиялыңды тербеп, алысқа шақыра көз қытықтағандай болады.
«Жарықтық қызыл құмның бой жасағаны шығар... Енді қайтып
долданып, енді қайтып ашу шақыра шамырқанып, мінез
көрсете алмайтын шығар... Жарықтық мәңгілікке көз жұмып,
өлген шығар-ау...» Бархан өз ойынан өзі шошып кетті.
«Өлгені несі... Құм марқұм болар ма... Жаман ырым неге
ғана иектеп алды мені... Өлгені несі... Құмның жаны жоқ...
мүмкін адамдар ұға бермес нағыз тіршілік иесі, нағыз адам
айналайын алтын құм болар...»
маңай жым-жырт ауыр ұйқының құшағында. Тек Бархан
ғана ояу, мынау өзгермелі өмірдің мәні, ертеңгі атар таңы
368
жайлы ойлады. Сонау бір қарашадағыдай бойы мұздап, көңілі
жүдеген жоқ. азапты шақ, ауыр еңбек артта қалып, адал істің
нәтижесін көрмек. Иә, енді бір аптадан соң санақ болады.
Қозыны совхозға өткізеді, енді бір аптадан соң сақманшы үш
қыз да жыл құсындай үйлеріне қайтады... Үш қыз... Барханның
көз алдына құмнан шыға-шыға келгендей қаз-қатар тұра қалған
елес-қыздардың маңдайынан сүйгісі келді. Екі беті бейне бір
сүтке тамған қан секілді шырайланып тұрар Бақшагүл әсіресе,
жеті қат түн ішінде қалың түлейдің ортасынан шыққан от
секілді жанып тұр-ау, лапылдап тұр. ал, екінші қыз ше? Біртоға,
тындырымды... Үшінші қыз еліктің лағындай моп-момақан,
көп сөйлемейді, көбінесе іштей тынып жүретін ақылды бала...
«Ертеңгі күндерің не болар екен, қозыларым, не болар
екен?»
Әліқұл осы үшеуін автоклубтың ішіне салып алып,
даңғырлатып-дүңгірлетіп келгенде, Барханның көңілі толмай
нәумез болып қалған. Он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздарға
сенбеп еді алғашында.
– Саспа, – деді Упр Барханның қырын қабақ түріне қарап.
– Саспа, әлі осылар озады... Қарашы өзің... үшеуінің де
мемлекеттік сапа белгісі бар. Ә, понимаешь, – деп қарқылдап
кеп күлген.
Көз алдынан әлде не ербең еткендей, ізінше қарасы
болжанды. Иесін жазбай таныған хайуан сексеуілдің тамыры
секілді тарбиған қолын иіскелей бастады.
– «Қоңыр қозым-ай, – деді көңілі босап. – Тірі екенсің ғой,
тірі... Жаман әкеңді ұмытпаған екенсің ғой», – қара құйрықтың
басынан сипап, бауырына қысты.
«аман жүрші, қозым. Сен барда мен жалғызсырамаймын.
Күлге аунаған қотыр түйедей болып жүдеп-жадағандай болсам
көңіліме медет болар жұбанышым бол. адамның қолы қанат
емес, ұшуға жаралмаған. Ұшып жүргендерді атып түсіру
оңай деуші еді, қаңғыған оқ, қаңғырған аңшыңнан сақтан,
жарығым».
Түн пердесін қақ тіліп, Талды жақтан жалғыз жарық
көрінді де қыстаққа қарай жұлдызша ағып келе жатты. Сол бір
тіміскіленген жарықты Барханнан бұрын сезген қарақұйрық
тұра атылып, зыта жөнелді. Қас қағым сәтте құшағындағы
сәбиінен айрылып қалған әке түн жамылып, суыт келе жатқан
машинаны мықтап тұрып сыбап алды. Кім болды екен?!
369
Әлгі жарық құмтөбенің басында тас батырдай қасқайып
тұрған Барханға түсті де көлеңкесін ұзарта-ұзарта алып адамға
айналдырды. Тура жанына еңкілдете келіп, зырқ етіп тоқтағанда
ғана Сейітқұлдың машинасын таныды. Үлкен шамын өшіріп,
асықпай аяңдап, сөйлей жақындаған озат шопан аңдығандай
алдынан шыққан көршісінің осыншалық құс ұйқылығы
қытығына тиді. Әйтсе де әбігер сезімін сездірмеуге тырысты
білем, бекерден-бекер жеңілтектеніп, күлген сымақ болды.
– Отағасы десе, құмнан соққан мүсіндей боп неғып тұрсыз.
Хор қызындай үш сақманшы келгелі ұйқыңыз қашып жүр-ау
осы,– деді де, қол беріп амандасты. Бархан жігіттің орынсыз
қалжыңына шамданған жоқ, бәз салмақтылықпен «онысы рас»
деді де қойды.
– Өзің қайдан келесің, түнделетіп?
– ауданға барып айналып қалдым. То анау, то мынау деп
көр-жерді сұрап, кісінің басын қатырды. Сайлаушыларға есеп
бер дей ме-ау, – алдымен қозының санағын өткеріп алайын
дедім.
Жел жақта тұрғандікі ме, Сейітқұлдың аузынан ашқылтым
иіс мүңкігендей болды. Осынысын сезді ме, ойысып Барханның
ық жағына шықты.
– Отағасы десе, – биыл жүзінен қанша айналатын сыңайы
бар? Егіз туғандары көп деп естідім бе...
– Қайдан білейін, маңырап жатыр ғой, әйтеуір.
– Әй, сауысқаннан сақсыз-ау, отағасы десе. Шыныңызды
айтпай-ақ келесіз. Бірақ сізге ризамын, жиырма бес қойдың
ақылын тауып, абыройымды асырдыңыз.
Осы кезде анадай жерде тұрған қызыл «москвичтен» қозы
маңырады. Екеуі бірдей елең етісіп қалды.
– Інішек, – деді Бархан күліп,– немене, сенің машинаң да
қоздайтын болған ба. Ілгері басқанның иті оттайды деп.
– Жоқ, отағасы десе, өрісте туып қалса керек тауып алдым.
маған бөлінген сақманшы қатындар салақ, еттері үйреніп
алған, әбден бастары ісіп, ертеңді қара кеш ұйықтай береді...
Бағана отарды жайылымға шығарғанда байқамаса керек, жә, не
тұрыс, үйге қайтайық, – деп машинасына беттеді.
«москвичтің» жүк салғышында маңыраған жас қозының
дауысын алып қашып, қыстағына беттеген Сейітқұл әлденен-
дей күдікті ой тастап кетті. Бүгін сақманшы әйелдердің отарды
370
қырға шығармағаны белгілі. Сонда бұл қу қозыларды қайдан
әкеле жатыр?
«Е-е, білдім-білдім. Сауғалап, сауын айтып, әр қойшы, әр
ағайыннан жинап-терген жетім қозылар-ау. Бәрі де жүз қойдан
– 150 қозы алудың қамы да... Әй, құдай-ау, атақ қуу не істетпейді
дейсің адамға».
алқара аспаннан самолеттің даусы естілді. Неге екені
белгісіз Бархан дәл осы самолетке тас лақтырғысы келді-ақ.
Сапырылысып жатқан жабағы бұлтты көкке қарап: «Ей аспан
сенің, ей адам сенің қулығыңда түп жоқ»– деп күрсінді.
Төл алу науқаны аяқталып, сақманшы қыздар ауылына
қайтатын болды. Құм теңіздің ортасына адасып келіп қонған
үш аққу ұшатын болды; құм даланың бетінен ойда-жоқта
сылдырап аққан үш бұлақ суалатын болды; аспаннан құлап
түскен үш құс – үш жұлдыз секілді жапан дүзде жетімсіреп,
жаһанның көп-көп қызығынан қаға беріс қалған қыстақты
базарға айналдырған; суығандай, ұмытылғандай жүдеу тарта
беретін көңілдің көк тоңын жібіткен – үш тотыдан айырылатын
болды. Күзде құдықшылар келіп, сезімнің шаң басып тұрған
қос ішегін дыңғырлатып-дыңғырлатып кеткендей еді, ал қыздар
сол иесіз қалған шешен домбыраны армансыз тартқан еді;
бұл әлемде жақсылық-жамандык, уа құмырсқаның илеуіндей
қайнаған қаймана халық барын гәй-гөйлегендей еді; Бархан мен
Жұмагүлдің өгейсіген өмірін қағып-сілкіп күн нұрына жайып,
дегдіткендей еді; өздері де осына айрандай ұйыған семьяның
шырықты тірлік, жас балаша талпынған ыстық жүрегінің
жылуына бөленгендей еді. Құм теңіздің ақ желкені секілді
алыстан ағараңдап, бірте-бірте мәңгіге ұмытылған – келте
таныстық, қысқа білістіктің күрмеуге келмес жалғыз сәттілігі
қинады да. Қиналмай қайтеді, сыңғырлаған күлкі, әсем ән, «ой,
ағай-ай!» деп наздана естілер үн баяғыша... мұнан отыз жыл
бұрынғыдай... мұнартып, жұмбақ күйде сақиналанып тұрған
көкжиекке сіңіп, бәлкім, бақилыққа жұтылар... жоқ болар...
Енді қайтып көре алмас, енді қайтып ести алмас арманды бейне,
өкінішті шақтары қандай көп еді адамның! Кімге ерте, кімдерге
кеш келер болымсыз қуаныштың тәттілігі, ұмытылмастай
құны да сол – қысқалығында ма екен. Пенде дегенің жалғыз
аяқ жолмен жүреді, сосын әлденені тауып алады, бәлкім ол
371
күніне жүз рет көрген заты шығар, бұрын елеп ескермеген
шығар, бірақ осыншалық қадір-қасиетін енді ғана аңғарып,
қуанышына шек қалмай алақайлайды.
Ол не сонда? Ол – өмірдің өзі екен? Дүниедегі ең құнды да,
ең құнсыз да сол адамның өз өмірі-ау. Жас бала жарық дүниеге
көзін жұмып туады, бәлкім атысып-шабысқан сұрқиялық пен
сұмдықты көргісі келмегені де... ал, сол бала ер жете келе,
өмірдің бар кереғар бақыты мен қайғысына еті үйрене келе –
қимай қиналады. Жалғыз ғұмырды тастап, арғы дүниеге аттана
алмай – көзін ашып өледі... Өліге де, тіріге де төсек болған қара
жер ғана тентек пендесін теңестіреді. Бархан кейде қой жайып,
анау сұлап жатқан бетпақ далаға қарап отырып ойлайтын:
«табиғаттан әділетсіз не бар, бір жерге бар байлығын: суын,
ағашын, тау-тас, аң-құс, орман-тоғайын төгіп бере салады; енді
бір жерді бір жұтым суға, тіс шұқыр ағашқа зарықтырып қояды;
бір адамдарға көрікті де, талантты да аямай сыйлайды, енді
біреуді... енді біреудің басын таз, аяғын ақсақ қылып қойдың
соңына салады, қойманың күзетіне қояды. Әділетсіздіктің өзі
табиғаттан жұққан екен-ау».
Қыздар аттанатын болған соң, қоштасу дастарқаны
жасалған. Жұмагүл осы үйде не бар, түгел жайып салып, өз
әлінше ақ түйенің қарнын жарған екен. Науқан бастала жемге
байлаған қарабас тоқтыны Бархан таңғы сағат алтыда алып
соққан. Буы бұрқырап, төре табақ ет келгенде бәрі де жамыраса
күліп, жыртық үйдің құдайы барды еске түсірген. Жәукемдеп
ет турауға кіріскен Бархан бастың екі құлағын кесіп Екінші
Қыз бен Үшінші қызға бөліп берді де таңдайын сыпырып
алып Бақшагүлге: «ал, айналайын, таңдайды саған берейін,
тақылдаған шешен өзіңсің, алақаныңды тос», – деді күліп.
Бақшагүл алақанын тосып, Бархан «ал ұста!» деп алғаш соғып
қалғанда-ақ қақшып түсті.
– Түу, ағаның қолын жұлып әкете жаздадың ғой, – деді
Екінші қыз.
– ағаңның қолын Бақшагүлді қойып, трактор да жұлып
ала алмас, – деді Үшінші қыз. Таңдай жеп отырған Бақшагүл
айтты:
– Ой, ағай-ай, сіздің көрсеткішіңізді қайталар бұл «Талды»
совхозында бір қойшы шыға қоймас. мақтанып, атақ-даңқ
372
алам деп жанталасып жүрген Сейітқұлдың өзі 140 қозы ала
алса, үлкен ерлік болар еді. ал, сіздің отарда құдай біледі деп
айтайын, жүзінен 150-ден бірақ секіреді. рекорд деген осы!
– Өздеріңнің арқаларың, қарақтарым, – деді бастың
мүжуірін әйеліне жөнелте беріп, – құтты қыздарым келгенде
қойым егізден тапты. Жұмагүл риза – мен риза.
– Егер оқуға түсе алмасақ, келер жылы тағы да сізге
келеміз,– деді Екінші қыз шын пейілмен.
– Оқуға түсуге жазсын. мені қойшы... мен... ептеп-септеп
отыра беремін ғой. Сендер болмасаңдар, басқасын жіберер.
Ендігі тапсырар аманат – шамаларың келсе де, келмесе де
оқыңдар. Тіпті мына жеңгең екеуміз үшін де оқыңдар.
– Ой ағай-ай, – деді Бақшагүл, – қай қазақ шыққан тауым
аласа болсын дейді. Жолымыз болмай жүр де. Әйтпесе,
мектепте төрт пен беске оқығанбыз. мына екеуі мұғалім
болсақ дейді, ал мен КазГУ-дің тарих факультетіне түскім
келеді. Сонсоң жоғарғы партия мектебін бітіріп, осы ауданға
секретарь болсам деймін. Егер алда-жалда түбі секретарь бола
қалсам, ең әуелі сіз секілді цифр үшін емес, сана мен сапа үшін
күресетін азаматтарды қолдап көтерер едім...
Ертеңінде қыздар совхоз арнайы жіберген машинаға
отырып жатты.
Жұмагүл қыздарды шығарып салып тұрып, беттерінен
алма-кезек сүйіп, көзіне жас алды. Бархан түндегі әңгімеден
соң ләм деп аузын ашқан жоқ болатын. Ұмыт қалдырып, есіне
түсіре алмай басы қатқан қимасын іздегендей меңірейді де
жүрді. Жылымық сәуле шалып, жіпсігендей болған көңілінен
ел көшіп, жел кеуледі. Тағы да томаға-тұйық, бітеу өмір
басталарына іші удай ашиды да.
Қозғала берген машинаның кабинасын тоқпақтап тоқтат-
қан Бақшагүл қораптан секіріп түсті де, құстай ұшып келіп
Барханды құшақтай алды. Құшақтаған күйі бетінен сүйді,
сонсоң, тағы еңкейіп бетінен сүйді! «ағатайым, көріскенге
жазсын»,– деді. Сонсоң ағыл-тегіл жылап, жүгірген бойы
машинаға қайта секіріп мінді... Әне, жаулығы желбіреп ұзап
барады, ұзап барады... Енді бір сәтте құмға сіңіп, көзден
тасаланды...
Үйінің бұрышынан тартылған сымды бар пәрменімен
ұрғылаған Барханның жанында долы да дабылды дауыл
басталған еді...
373
аспаннан тағы да самолет ұшты. Қайдан ұшты, қайда
қонады, бәрі-бәрі жұмбақ...
«Самолетті қойшы... Бұл жалғанда мәңгілік шешімін
таптырмай кететін жалғыз-ақ жұмбақ бар. Ол – адам жаны,
адамзаттың ойы десек, оған да шабуыл жасар күн алыс емес-
ау. Егер ой аулайтын құрал табылса, ақырзаман орнағаны да,
басқаны қойып, өзіңнің не істеп, не қоятыныңды бал ашып,
біле аласың ба? адам өткенімен емес, тек қана ертеңімен өмір
сүретінін сезе тұра бүгінгінің – бір күнінің мұңсыз-қамсыз
тыныштығын неге көксей береді екен? Ендеше, ертеден кешке
дейін еңбек етіп, атар таңды жүз беріп, аман-есен қарсы алсаң,
одан үлкен бақыт бар ма? Бақыт деген не өзі? Бақыт дегеніміз
атақ па, байлық па, әлде самолетке мініп, жер шарын шыр
айналып шығу ма? «мені жұрттың бәрі біледі, мен кереметпін»
дейтін шақырымпаздарға, «мені тірі жан білмейді, мен жай
ғана қарапайым қойшымын» деп қарсы жар салуға хақымыз
неге жоқ. Әлде менен басқа елдің бәрі «атағы, алтыны бардың
кемтарлығы білінбейді», деген қағида үшін күресе ме?
Бархан өз ойынан өзі шошынып қалды. Бес жылға бір-ақ
қартайғандай талықсып ұйықтап кеткен еді. Оны бақыты мен
қуанышы мәңгі алмасып отырар ертең, тағы да ертеңгі мазасыз
күн күтіп тұрған.
...Бархан түс көрді: «Құмнан құйып жасаған терең зынданда
шалқасынан түсіп жатыр екен дейді. Сонсоң сол түпсіз де,
суық... жанға жат зынданнан шығамын деп қаншама жанталасса
да әурешілдік – қысыр үміттің қылша мойнында қыл арқан
болып оралуы ғана еді. Тырнағының көбесі сөгіліп, дал болып
қанағанша тырмысады, сұп-суық, сұп-сұр қабырғаны тағы да
тырмалап өрмелеген болады, сусып қайта түседі, жұдырығымен
тоқпақтайды, аяғымен тепкілейді, бар даусымен айғайлайды
– тіпті тісімен тістемек те болады, бәрі бекершілік. Осы кезде
құм құдықтың... сонау... сонау ернеуінен Сейітқұл мен Әліқұл
сығалайды; мұның төбесінен тас жаудырып, қарқылдап күледі
екен дейді; бір қызығы әлгі жоғарыдан зулап төмен қарай
құлаған тас қаншама құлдырап, Барханның үстінен жаңбырша
жауып зымырағанымен, жетпей-ақ қойды... Бархан қорғанған
күйі әні-міне мыжидымен бұғып көп отырды... Тас әлі құлап
келеді... Осы кезде самолеттің гүрілдеген даусы естілді. Сонсоң
құм зынданның дәл аузына кеп тоқтаған әлгі вертолеттен
бір адам сығалайды да, бұған қарай аппақ арқан лақтырады.
374
Басқыш арқаннан шап беріп ұстаған Бархан алқынып, жан-
дәрмен жоғары көтеріле бастайды. Самолеттің есігін ашып,
ішіне кірсе, құдая, әкесі отыр екен дейді. «Ұлым, шаршадың
ба?», «Шаршадым, әке», «Ендеше кетейік, енді сені ешкім
құм зынданға қамап ұстай алмайды» – дейді де вертолетін
аспандатып, қалықтап ұша жөнелді. Әкесінің арқасында
өмірінде тұңғыш рет аспанға ұшқан Бархан көкпеңбек боп
тұрған көкке, сонсоң көк мұнардың астында тып-тыныш болып
жайрап жатқан айналайын Жерге қарайды. «Биіктен қараса не
нәрсе де кемшіліксіз, әдемі болып көрінеді білем. Сондықтан
да мені байқамайды екен-ау» – деп ойлады. Самолеттің дөп-
дөңгелек терезесінен өз қыстағым көріне ме деп көз талдыра
үңіліп еді – тек қана кілкіп жатқан көк мұнар дүниені көрді.
Көк мұнар дүние! «Құдая, биіктен қарағандарға мен тіпті
құмырсқадай болып та көрінбейді екем ғой, бұған дейін қалай
ғана байқамағанмын». Биікте жүргендерге көріну үшін – өзінің
де сөзсіз биіктеуі керек екенін жаңа ғана ұққандай болған
Бархан самолетті басқарып келе жатқан әкесіне: – Әке, мені
қыстағыма апарып тастаңыз, – дейді. «Неге ұлым?». «мен
енді қалай ұшу керектігін және неге ұшу керектігін үйрендім»,
– дейді. Құлағында уілдеген мотор үні.
Шошып оянып еді, үйдің оң жақ бұрышын әдетінше гүріл
тербеп тұр екен. «айында-жылында түшіркеніп ұйықтайын
десең, өстіп маза бермейді. Бармаймын не қылар екенсіңдер»
– деп күбірледі де іргеге қарай аунап түсіп, басын бүркеніп
жатып алды. Бұрыш тағы гүрілдеді. Енді Бархан дауыстап
тұрып сыбады да, келесі жамбасына аунап түсті. Сәтке сап
болған сым темір тіпті ойбайлап қоймаған соң атып тұрып,
тез-тез киінді. Далаға шығып еді, Сейітқұл көйлегі ағараңдап
жүгіріп келе жатыр екен.
– Отағасы десе, сізді Әлекең мен совхоздың бас зоотехнигі
шақырып жатыр.
– Тәулігіне бір сағат тыныш ұйқыны да қимайды.
Әлгіндегі түстің әсерінен айыға алмай, мең-зең халде
Сейітқұлдың артынан дедек қағып ере берді. Қоңсыласы
самбырлап сөйлеп келе жатыр.
– Отағасы десе, мені кінәлай көрмеңіз, өзімді де сирағымнан
суырып оятты.
«апырай, осы жігіт мінезін ұстатпай-ақ қойды. Судағы
балық секілді жалт-жалт, жылт-жылт... Сырттай қарасаң қойдан
375
жуас, дөңгеленген қара торы жігіт. Жұп-жұмыр жұмыртқадай-
ақ. Бірақ ұстайтын жері жоқ» – деп ойлады Бархан көршісін
өкшелей қуып келе жатып.
– Отағасы десе мен сіздің алдыңызда... мәңгі борыш-
тымын.
міне түн жамылып дегендейін...
Бархан оның сөзін естіген жоқ, өз ойымен өзі әуре...
«Бастықтар неге шақырды екен?»
– Отағасы десе, биыл сіз ерледіңіз. Бүкіл ауданда алдыңызға
түсер ешкім жоқ көрінеді.
«Бастықтар неге шақырды екен?»
Упр өз орнында әдетінше жамбастап жатыр. Оң иығын
ала малдас құрып отырған ашарық, бадырақ көз бас
зоотехник осы совхозға былтыр күзде ғана келген. Содан бері
Барханның үшінші рет көруі. Пәлендей өзгермеген екен. мал
мамандарының көбі төртпақ, іркілдеген семіз болып келуші еді,
осына отыздың үстіндегі жігіттің бойына шыр жұқпай; жұлған
тырнадай болып жүргеніне таң қалды. Барханның таң қалғаны
ол ғана емес, Әліқұлдың бұл кіріп келгенде қалбалақтап,
орнынан ұшып тұрып, қос қолын бірдей ұсынғаны, арқасынан
қағып сол жағынан орын бергені, бала-шаға, бау-шарбақ, үрім-
бұтағынан түк қалдырмай жездей қақтап есендігін сұрағаны,
сонсоң биылғы қыстан ырқ етпей шыққанын, жалпы Бархан
Егемқұловтың іштен қойшы болып құтты таяғын ала туған
сұңғыла талантын жарты сағат бөстірген. Барханның таң
қалғаны, бөлімше басқарушысы осыншалық керемет, ес білгелі
естімеген мақтау сөздің құлағын оңды-солды бұраған сайын,
бас зоотехник басын шұлғи қостап, қолпаштап, ымырласып
отырғаны еді. «Қай жағымнан ықтап барып шығар екенсіңдер»
– деп ойлады. Тоқ етері Әліқұл алып-қашып ауыздығын
шайнаған арғымағының басын мынандай қазыққа байлады.
«Бағанадан бері айналып шапқанша төтеден тартпаймысың
осылай», – деді ішінен.
– Общем былай, жолдас, – деді Упр, – мына Сейітқұл
деген жігіт қой өз ұяңнан ұшырған балапаның, сулы жерде
асып, сусыз жерде қуырып жеуге хақың бар, қолыңнан ешкім
алмайды. Ендеше осы жаман ініңнің бағы тасып, тасы өрге
домалап жатса – сенің де абыройың, бөтен шаңыраққа емес,
ырыстың өз үйіңе қонғаны.
376
«...мынауың қалай-қалай орағытады», – деп ойлаған Бархан
Әліқұлдан осыншалық жүйелі сөз күтпеген еді. Иланғандай
ұйып тыңдады.
– Олай болған жағдайда понимаешь, екі торының өзге-
шелігі жоқ, сен – кім, ол – кім, жақтан басты айыра алмайсыз.
«алаштың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген қазақ.
Ендеше, мынау басы салбырап, жүн жеп, жабағы саңғытып
отырған ініңіздің айқындаушы жылдағы көрсеткіші оңбай тұр.
ал, біз, бүкіл аудан бұл жаманды үкілеп, үстіміздегі жылдық-
тың қорытындысында наградаға ұсынайық деп дабырлап,
бөркін қара қазандай етіп алдық та, аяғы сымпиып қалдық...
Әрине, Сейітқұл Тәңірқұлов күш-жігерін іркіп қалған жоқ,
аянбай еңбек етті. амал не, фактінің аты – факті: жүзінен 140-
ақ. Бізге керегі жүзінен – 150.
– менің қолымнан не келеді? – деді Бархан сиырдың
сілекейіндей созылып алған әңгімені тұжырғысы келіп.
– Тфу, Беке-ай! Тіпті кейде аяқ астынан аңқаусып қаласыз-
ау,-деді Әліқұл быж-тыж болып. – Сіздің анау түйенің
табанындай қолыңыздан бәрі келеді. Ұзын сөздің қысқасы,
ініңізге қырық қозыны қарызға бере тұрсаңыз, келесі жылы
қайтарып береді...
Бархан төбесінен жай түскендей сұлқ қалды. Үйді үнсіздік
жайлады.
– аспаннан былғары жауса құлға оқшантайлақ тимейді
деген осы, – деді де терең күрсінді. Барханның бұл сөзін тек
бас зоотехник ұққандай, әрі-бері қипақтап, тамағын кенеп, сөз
бастады.
– Отағасы десе, – (құдай-ау, деді ішінен Бархан. Бұл да:
«отағасы десе», осы сөз менің түбіме жетер.) – Отағасы
десе, сіздің ересен еңбегіңіз әлемге әйгілі, сіз жүдә, баяғыдан
батырсыз. Бірақ мына қисынсыздықты сезесіз бе? Сіздің та-
бысты еңбегіңіздің нәтижесі қағаз бетіне кеп түсіп, жиналыстар-
да, пленумдарда айтылмаған, әншейінде қақсап, құлақ етін
жейтін, яғни газет, радио да жұмған аузын ашпапты. Және де
сіздің еңбек жолыңыз болғанымен, жариялы атағи өсу жолыңыз
жоқ, яғни мақтау грамотасы, медаль, ордендермен бұрынды-
соңды наградталмағансыз... Демек, көзге түспегенсіз.
– Кімнің аузына ілігіп, көзіне түсуім керек еді, – деп айқай
377
салды Бархан. – астымда машина, үйімде телефоным тұр
ма, қит еткенді ауданға жерден жеті қоян тапқандай жеткізіп
отыратын.
– Отағасы десе, жәй айтыңыз, осы үйде саңырау ешкім
жоқ. мен бар шынымды ақтардым. Бұл маған дейін жіберілген
кемшілік. Енді постепенно-постепенно сіз боп, біз боп түзейміз.
ал, қазір көршіңізге қырық қозы бермеуге амалыңыз жоқ. Қой
– мемлекеттікі.
– Неге? мен ғана ма?
– Отағасы десе, жат жұрттыққа дабырлағымыз келмеді. Сіз
енді, былайша айтқанда, туған ағасы секілдісіз ғой. ренжімеңіз,
өзіңізді ұсынбақ болдық, ешқандай тізімде жоқ, жоғары жақ
бұрын білмейтін, аспаннан түскен озат шопанды қайдан
таптыңдар,– деп шыбын жанымызды шырқыратар болған соң,
осындай шарасыздыққа тіреліп...
– Сен бірден секіріп кетейін деп тұрсың, – деді манадан бері
тісін шұқып, әңгімеге араласа қоймаған Әліқұл. – Көрсеткіштің
біртіндеп эволюциялы өсіп отыруы абзал. Сонда ағайын,
награда не саған, не оған жоқ... далада қалайын деп тұр.
– Отағасы десе, сіз өйтіп ауа жайылып кетпеңіз, – деді бас
зоотехник. – мемлекеттің үлестіре алмай далада жатқан атақ-
құрметі бар дейсіз бе?.. Қайдағыны айтады екенсіз. Жалпы
естеріңізде болсын, түймедейді түйедей ететін дәнеңе жоқ.
Сейітқұл Тәңірқұловтың бес жыл бойы көрнекті табысқа
қалай жетіп, аудандағы ең озат шопан аталып келгенінен менің
абсалютно хабарым шамалы. Үстіміздегі жылғы көрсеткіші
сіздікіне жетпей тұр, отағасы. ал, сіз жайлы бұдан бұрын ешкім
білмей келгені және рас. мұқым аудан бойынша социалистік
жарыста озып шығып, озат шопан атанған малшы үкімет
наградасына ұсынылуы керегі тағы рас. Сонда не істеу керек?
Әрине, сіз мені кешіріп қойыңыз, отағасы. Сондықтан сізге де,
бізге де шегінер жер қалмай тұр.
Бас зоотехник сөзін түйіліп барып, кілт үзді де Әліқұлға
қарады. Ол алдында мөлдіреп тұрған қырлы стақандағы араққа
қолын енді ғана соза беріп еді, өкілдің суықтау жүзінен тайсап,
іркіліп қалған. Сонсоң созған қолын не ары, не бері апара
алмай сәл қаңтарылып қалды да жолай соғып, бауырсақ ала
кетті. Зоотехник: – Жігітім, мынау асай-мұсайларды жиып ал,
378
тойға келгеніміз жоқ. Әлі ертерек...– деді сол салқын қалпын
сақтап. Сейітқұл жозы үстіндегі арақты лып еткізіп, жинап-
теріп әкетті. Әліқұл тамағын қырнап, бір нәрсе демек болды,
бірақ шытынаған күйі дым сызбады. Бархан суалған қара күрең
жағын сипап, ой үстінде отырған.
– Не ақыл айтасыз, отағасы,– деген зоотехниктің сөзі жаңа
ғана қаймақши бастаған тыныштыққа тас лақтырды. Барханнан
жауап болмаған соң:
– Сізді келесі жылы ұйымдаспақ жас шопандардың
комсомол-жастар бригадасына ұстаз етсем деймін, отағасы,
қарсы емессіз бе? – деді жүзін жылыта.
– Оны уақыт көрсетер. – Бағанадан тілі кесілгендей жұмбақ
отырған Барханның үзілген сымы қайта жалғанғандай болған
соң, бәрі-бәрі елең етісті. – алатын қозыларыңды таңертең
санап берем. Тек ақырғы рет болсын.
– Немене, бұрын да алып па еді, отағасы.
– Бірінші жылы – бес қозы, екінші жылы – он, үшінші
жылы – жиырма, төртінші жылы – отыз, енді мінеки – өзің
келіп, шырағым, қырық қозы сұрадың.
– мынау сұмдық екен! – деді бас зоотехник ұялы көзі лап
етіп. – масқара екен!
– Ешқандай сұмдығы жоқ, қанша төл берді, ақшасын да,
қосымша ақысын да Барханның өзіне жазып келеміз. Жалпы,
ағайынның арасына жылбысқы бес қозы, он қозы деген сөз
болып па? ат та, атан да, алыс-беріске еленбей жүре бермеуші
ме еді.– Әліқұл атына қайта мінді.
– адамды қаралайтын ондай ағайындықтың енесін ұрайын!
Таңертең қырық емес, елу қозы санап берем. Шығатын тауына
– шыға берсін, иығымды төсеймін!– деп есікті тарс жауып,
бұлқан-талқан шыға жөнелді. Бұл Барханның Бархан болғалы
өз байламын тік, бетің-жүзің демей, пышақ кесті айтқаны-
тын.
Бархан сөзінде тұрды. Ертеңінде елу қозыны санап берді.
Әліқұл ауданға «Сейітқүл Тәңірқұлов әр жүз аналықтан
– 150 қозы, әр бас қойдан 3,5 кг. жүн алып, міндеттемесін
артығымен, абыройлы түрде орындады» деген мәлімет әкетті.
Сол күні кешке облыстық, ал үш күннен соң орталық радиодан
айтылып, құмның арасындағы ең шалғай қыстаққа тілшілер
сауыт-сайманын арқалап, сау ете түскен.
379
Көп ұзамай сессияға аттанатын болды. азамат жолға
жүргелі жатқан соң, Бархан қош деп қалайын деп, көршісіне
келді. Су жаңа кремплин костюмін киіп, жуынып-таранған
Сейітқұл тығыршықтай әп-әдемі жігіт болып шыға келген екен.
Төртбақ, жұмыр денесі, дөңгелек жүзі, көзіне міне орналасқан
қою қара қасы – бәрі-бәрі жарасым тауып, ұялмай көрінетін
озат пошымға енген. Әсіресе, кеудесінде сылдыраған орден,
медаль көркіне көрік қосып, салиқалық танытқандай еді.
Ол-пұлын жинастырып, сусылдап жүрген әйелі Данагүлдің
қимылына көз ілеспейді. Дәу қара чемоданында не бары
белгісіз, ыңырандырып апарып, «москвичтің» жүк салғышына
әрең сиғызды.
– Қаладан не базарлық әкелейін, отағасы, – деді Сейітқұл
ма-шинасын тілмен жалағандай етіп сүртіп тұрып.
– Не әкелесің... Есен-сау оралсаң – одан үлкен олжа бар
ма?
– Е, аман болмағанда жау алар дейсіз бе? Қалаға жаңа бара
жатқаным жоқ, – деп тойына сөйледі, – елу қозының карымта-
сын қайтарам, отағасы. Ер мойнында қыл арқан шірімейді.
– Жо-жоқ, ол не дегенің. азаматтың абыройына садаға да.
– Бархан бағанадан бері байқамапты, анадай жердегі күресінде
Сейітқұлдың төрткөз, сарыаяқ иті ешкінің лағы секілді бір
нәрсені жұлғылап жатқан. Ол не болды? – деген әуестік жеңдеп,
жемтікке жақындай берген Барханды ырылдап, маңайлатқысы
келмеді. Бірақ иттің жұлқылап жатқаны қарақұйрық екенін
жазбай таныған. Иә, былтыр жарасын емдеп жазған өзінің
асыранды хайуаны! Жүрегі зырқ ете түсті. Қапелімде аузына
сөз түспей, делдиіп қалды да даусы қалтырап:
– Сей-іт-құл, – деді, – Жолдыаяқтың жеп жатқаны не?
– Қайдан қаңғып жүргенін білмеймін, таңертең ерте тұрып,
жол жүретін болған соң қора жақты болжасам, анау сіздің
құм төбеңізде қалқайып тұр. малапулкамен құлақ шекесінен
көздеп, басып едім, қалпақтай ұшты. ажал айдап келген екен,
былтыр оң аяғынан жараланып, қашып кетіп еді... (қарқ-қарқ
күлді).
Барханның көзіне қан толып, басы айналғандай болды,
енді-енді құлап кетердей буынын зорға бекітті де:
– Онда... күнәсіз сәбиде әкеңнің құны қалып па еді! – деп
айғай салды.
380
– Отағасы десе, немене даланың аңын да қызғандыңыз
ба? Керек десеңіз облыстық табиғат қорғау қоғамының
мүшесімін...
– Ой, сенің... соқырлар қоғамының, пахорон бюроның мү-
шесі шығарсың бәлкім, сенен ол да шығады. Тұрған жеріңде
атып тастайын ба осы, әбден жүйкелетіп біттің. – Ұмтыла
берді. ал дегенде жасқанып қалған Сейітқұл ілезде күшіне
қайта мінді.
– Дауыс көтермеңіз, отағасы. Заң кімнің жағында екенін
ойлаңыз.
– менің өз заңым бар. Оған ешкім қол сұға алмайды.
– Бархан шәнтиіп тұрған Сейітқұлдың жағасынан ала түсті
де, омырауындағы наградаларды бытырлатып, жұлып-жұлып
алды.
– Әкеңнің аузын ұрайын. «Өз асыраған күшігім өз басыма
қарғыды» деген осы. Быртиып алып, ішің толған сасық қулық
пен сұмдық. Қайтер екен, жас қой, ақыл кірер ме екен десе,
қайтеді, әкемнің шоты шапқан сайын дамып... міне, мына
медаль да, мына орден де бәр-бәрі менікі. мына маған тиесілі
сый-құрмет! Сен ұрлап алдың, саған тартып әперді анау Упр
ағаң. Енді, мен сенен тартып аламын оны. Бар, баратын жеріңе!–
қарсыласып қолына жармаса берген Сейітқұлды шықшыттан
бір періп құлатты да «москвичтің» доңғалағын бір теуіп жүре
берді. «Ойбай, өлтірді!» деп жау жеттілеп аттандаған Данагүл
күйеуінің басын сүйеп, үйге алып кетті. Осы көріністі басынан
бағып тұрған Жұмагүл ара түскен жоқ, ерінің қырықтан
асқандағы қауқарын тамашалай күліп, жоламаған. Ол тіпті
Барханнан жылдар бойы сарғая, сағына күткен ашуды енді
танып, жоғы табылғандай қуанған да еді.
Сейітқұл өз мұрнын өзі періп қанатты да, омырауын
саталақтап сорғалатқан күйі, су жаңа костюмінің әр жерін өзі
былғап, жыртып алып, ауданға тартқан.
Бархан мінез көрсетті...
ала бұлтты аспаннан тағы бір самолет ұшты...
Бархан қойдан шығып, расында шығарып тастап, ауылға
көшетін болды. Тіпті сотталып кете жаздады. Себеп белгілі,
онсыз да құлағалы тұрған тауға қой жайған соң оңсын ба.
Бас зоотехник қанша барын салып, ара түскенімен, алып қала
381
алмады. Тек шығарып салып тұрып: «Қамықпаңыз аға, бір
жыл дем алыңыз, мал бақпай отыра алмайтыныңызды білем.
Пәле-жаладан аман болсақ, келесі жазда ұйымдасатын жас
шопандардың бригадасына жетекші, яғни наставник қылып
жіберем» – деді жұбатып. алғашында бадырақ көз арық жігітті
суқаны сүймеп еді, қазір іші жылығандай болды.
Совхоз жіберген машинаға жүгін тиеп жатқанда, өз орнына
шопан болған қағылез жігіт «Урал» мотоциклін дырылдатып
жетіп келді. Иненің көзінен өткендей жылпылдап тұрған
пысық екенін Бархан амандық айтысқанда-ақ танып үлгерген.
– Жасың нешеде, шырағым? – деді білекті сыбанып жіберіп,
ешкім айтпай-ақ іске кірісіп кеткен бұйра бас жігітке.
– Жиырма бестемін, аға, – деп тақ ете қалды. «менен
жиырма, Сейітқұлдан он жас кіші екен» деп ойлады.
– Қойға алғаш шығуың ба?
– Бұрын оныншы класты тәмәмдаған соң, екі жыл көмекші
болдым, сонсоң ауылшаруашылық техникумын бітіріп,
өзіңіздің жұртыңызға жолдамамен келдік дегендей...
– Оның жөн екен, бірақ қызмет істемедің бе? Дипломың
бар ғой.
– Ой, аға, веттехник болып жалтақтап, жек көрінішті
болғанша, өз қотырымды өзім қасымаймын ба? аға, сіздің
біліміңіз қанша еді?
– Білімің қанша еді дегенше, қулығың қанша еді деп
сұрамайсың ба? Шынымды айтсам, сегіз-ақ класс.
– ал, анау көршіңіздікі?
– Сейітқұлды айтасың ба? Ол онжылдықты бітірген.
Бұдан әрі екеуі де үнсіз жүк тиеп, сөйлеспеді. аттанар
алдында Бархан:
– ал, шырағым, жүр қорадағы қойды санап ал,– деді. Бірақ
осы сөзді әлденендей бір терең өксікке толы, өкінішке толы
көңілмен айтқандай болды. аса бір қимасымен мәңгілікке
қоштасардай қиналып айтты.
– Сізге сенем ғой, аға.
– Жоқ, ол болмайды, шырағым. Әкең болса да жауапты
нәрсені түгендеп алу керек. – Қой – тауық емес.
– аға, – деді жас шопан салмақпен. – Сіз аға, алданбасаңыз,
алдамайды деп бас зоотехник айтқан маған. Екі кештің
382
арасында санап, әуре болып қайтеміз. Қараңғы түспей ауылға
жетіп үлгеріңіздер.
– Ендеше не айтайын, шырағым. Ұстаған таяғың құтты
болсын. анау қоңсыласың тым жаман жігіт емес, тату-тәтті
сыйласып тұрыңдар.
– Сізді қандай дәрежеде құрметтесе, сол үдеден мен де
шығармын, аға. Болашақ көрсетер, бақ шаба ма, бап шаба ма...
Бархан көзі от шашып, атылатын арыстандай ырғып-ойнап
тұрған бұйра бас, ат жақты жігітке үрке қарады.
машинаға отыра беріп, Сейітқұлдың үйі жағына елеңдеп
болжап еді, ешкімнің төбесі көрінбеді.
– Енеңді ұрайын, қош деуге жарамадың-ау, – деп өкінгендей
болды. Өкпеге қиса да, өлімге қиған жоқ. Сейітқұлдың ертеңін
ойлап, қатты аяды...
Барханның жүгін тиеген машина құмға сіңіп, көзден таса-
ланғанша, төбенің басына шығып, қасқайып қарап қалған жас
шопан Сейітқұлдың үйін меңзеп: «Көрерміз! – деді даусын
шығарып. – Көрерміз... кімнен кімнің озарын...»
аспаннан тағы бір самолет ұшты...
Достарыңызбен бөлісу: |