Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары


Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (ДБІ)



бет18/67
Дата09.05.2022
өлшемі2,25 Mb.
#33218
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
Байланысты:
Диссертация АШО1

2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (ДБІ)

П.М.Эрдниевтің пікірінше, ірілендірілген дидактикалық бірліктер әр сабақта ағымдағы оқу жұмысын қорытып отыруға, материалдағы қисынды байланыстарды айқындауға, материалдың бастысын және мәндісін атап көрсетуге, оны эмоциялық түрде беріп, бекітілуін неғұрлым тиімді етуге мүмкіндік береді.

П.М.Эрдниев дидактикалық бірліктерді ірілендірудің төмендегідей тәсілдерін ұсынады:

1 бағдарламаның өзара байланысты мәселелерін бірге әрі бір уақытта үйрету;

2 шешілген мәселелерді соған ұқсас немесе кері тапсырмалар түрінде өңдеу, бұл бастапқы жаттығуларды әрбір түрлендірген сайын жаңа мазмұн алып отыруға мүмкіндік беру;

3 өзгертілген жаттығулар әдісі арқасында ойлау қабілетінде ұтымды білім жүйесін қалыптастыру;

4 оқушылардың өзіндік жұмысында шығармашылық тапсырмалардың үлес салмағын арттыру.

Ірілендіру қағидасы білімді меңгертуде айқын бірізділікті, беріктікті және саналылықты ұстанады. Сонымен, П.М.Эрдниев материалды жүйемен, таңба үлгілері, сызба, кесте түрінде беруді ұсынады. Бұл технологияның басты ерекшелігі оқу пәні аумағында, ал кей жағдайларда - туыстас оқу пәндері блогының ішінде материалдың дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет