25
Ораза
ниет етсе болады. Тек таң атқаннан кейін оразаны
бұзатын нәрсе жасамауы шарт.
Сәресіге тұрғысы келмеген адам ертеңгі күннің
оразасына ниет етсе жеткілікті, түнде
қайтадан
ниет етпесе де болады. Ал бірақ сәресіге тұрып,
оразаға
ниет етуді ұмытып кетіп, тәңертеңгісін
есіне түскен адам күн
арқан бойы көтерілгенше
ниет етсе болады. Мұндай кеш ниет еткендердің
оразаларында ешқандай кемшілік жоқ.
Рамазан
айында ұстамаған оразаның басқа күндері қазасын
ұстағанда ниеттің түнде жасалуы шарт. Кәффарат
оразалары да осылай. Бұл оразаларға таң сәріден
кейін ниет етуге болмайды.
Ниет негізінде жүректен, көңілден болу ке-
рек. Яғни түнде,
ертең ораза ұстайтыны жайын-
да шын жүректен ойлаған адам ниет еткен бо-
лып есептеледі. Ораза
ұстау ниетімен сәресіге
тұрған адамның бұл ойы да ниет болып есептеледі.
Оразаға жүрекпен ниет ету жеткілікті. Бірақ
жүрегімен қоса тілмен жеткізсе одан да жақсы.
Сондықтан ораза ұстайтын адам әрі жүрегімен, әрі
тілімен ниет етіп: «Ниет еттім Рамазанның ертеңгі
оразасын ұстауға», деп айтқаны абзал.
ОразаНЫҢ тҮрЛерІ
Оразаның алты түрі бар:
1. парыз оразалар: Рамазан айында ораза
ұстау. Сонымен қатар Рамазанда ұсталмаған