«Сәждеге бар да жақындай
түс!»
деп бұйырады. Демек, намаз – Аллаһ Тағалаға
жақындау, Оның (жәллә жәләлуһу) ұлылығымен
оңаша сырласу деген сөз. Әлдебір басшымен
жолығуға баратын болсаңыз, оған бейқам қарап
қол сілтер ме едіңіз? Әлде барыңызды киіп, ба-
рынша жағымды күйге еніп, алып-ұшып бір
сағат ерте барып, күтіп отырар ма едіңіз? Ал енді,
Аллаһ Тағаланың шақыруына түрлі сылтаулармен
бармауымызға жол болсын.
Екінші халифа Омар (Аллаһ ол кісіге разы
болсын) пышақталған күні қансырап жатқан кезі
еді. Есін жия алмай, есеңгіреп жатқанында бір кісі
оған:
«Уа, Халифам! Намаз уақыты өтіп барады»,
- деді. Сонда ол дереу есін жиып: «Намазсыз
дін болмайды!» - деді де намазын өтеді. Міне,
түсінген адам үшін намаздың құны сондай жоғары.
Жауапкершілігі Аллаһтың алдында өте үлкен.
38
Ораза
Қорыта айтқанда, «әһлі-сүннәт» сенімі бойын-
ша: наным-сенім бөлек ұғым, ғибадат-құлшылық
бөлек түсінік. Сондықтан, тәніңізге рухани азық
беретін, сауабы мол ораза құлшылығынан қапы
қалып жүрмеңіз ағайын!
ОразаНЫҢ пайдаЛарЫ
а) Ораза мінез-құлығымызды кемелдендіреді
Ораза – үнемі Аллаһты есімізге салып отыра-
ды, жауапкершілік сезімін арттырады. Жүрегімізді
жаман сезім мен ойлардан тазартып, басқаларға
жамандық жасаудан сақтандырады. Ораза – мінез-
құлқымызды жетілдіріп, тіпті періште сияқты хал-
ге жеткізеді. Сондай-ақ, ораза − харам нәрселерге
қараудан, тілді өтірік және жаман сөздерден,
құлақты харам нәрселерді тыңдаудан, асқазанды
харам нәрселерді жеуден, қолды жаман нәрселерді
жасаудан, аяқты жаман жерге барудан қорғайды.
Оразаның парыз етілуінің сыры – мұсылманның
Аллаһқа деген құлшылық міндетін орындауы және
жамандықтардан сақ болуы.
ә) Ораза адамның мейірім сезімдерін күшейтеді
Өмірінде аштықтың не екенін білмеген
әл-ауқатты адам кедейлер көрген аштық пен
қиыншылықты жеткілікті түсіне алмайды. Бірақ
осы адам ораза ұстаса, аштықтың не екенін
түсініп, кедейлердің қиыншылықтарын әлдеқайда
жақсы сезінеді, оларға деген мейірімділік сезімдері
оянады. Нәтижесінде кедейлерге қол ұшын беріп,
қиыншылықтарын жеңілдетеді.
|