Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет17/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

29
Ораза
оразаға ниет қылмай, тамақ ішіп-жесе, ұстамаған 
күндерінің оразаларының қазасын өтейді, кәффарат 
шарт емес. Өйткені кәффарат – ораза ұстамаудың 
емес, бастаған оразаны себепсіз бұзудың жазасы.
Рамазан айында себепсіз ораза ұстамаған адам 
күнәхар саналады, Аллаһқа жауап беретін болады. 
Сондықтан тәубе етіп, Аллаһтан кешірім сұрап, 
көп кешіктірмей қазасын ұстау шарт.
ОразаНЫ БҰзЫп ӘрІ қазаНЫ, ӘрІ 
кӘФФараттЫ қаЖет ететІН ЖаҒдайЛар
Бұлар екіге бөлінеді:
1. Ешқандай себепсіз әдейі жеу. Мысалы, 
әдейі жеу, ішу, темекі шегу т.б. Бұлардың барлығы 
тамаққа кеткен кезде әрі қаза, әрі кәффаратты ке-
рек етеді. Бірақ ауызға салған азық ауызда езіліп, 
жұтылмаған болса, дәмі де тамақтан өтпесе, ораза 
бұзылмайды. Сонымен қатар, біреуді ғайбаттаса, 
қан алдырса немесе біреумен сүйіссе ораза 
бұзылады деп ойлап, осыларды істеп әдейі жесе 
де кәффарат қажет болады. Сол секілді аузындағы 
жаңбыр тамшыларын әдейі жұту кәффаратты 
қажет етеді. Тұз жеу де осындай. Бұл жайлы 
Хазірет Әлидің риуаят еткен мына хадисі дәлел: 
«Ораза, шыққаннан емес кіргеннен ғана бұзылады»
.
2. Ораза ұстаған адамның зайыбымен жақын-
дасуы. Яғни ораза кезінде әйелімен жақындасса. 
Айта кету керек, ауызды ашқаннан соң, яғни 
түнгі уақытта зайыбымен жақындасу оразаны 


30
Ораза
бұзбайды. Мұның дәлелі бір адам рамазан күнінде 
әйелімен 
жақындасқанын 
Пайғамбарымызға 
(с.а.у.) білдіреді. Пайғамбарымыз оған кәффарат 
үшін бір құл азат ету, оған шамасы жетпесе, екі 
ай қатарынан үзбей ораза ұстау керектігін, яки 
оған да күші жетпесе алпыс жоқ-жітікті тойдыру 
қажеттілігін айтады. Екі ай ораза ұстауға шамасы 
жеткен адам жоқ-жітіктерді тойдыру мүмкіндігін 
кәффарат жолына пайдалана алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет