6
Ораза
Ораза деГеН Не?
Ораза – Аллаһ Тағаланың разылығы үшін пен-
де өз нәпсісін белгілі бір уақыт (таңсәріден күннің
батуына дейін)
аралығында ішіп-жеуден, дөрекі
іс-әрекеттерден және жалпы жамандық атаулыдан
толығымен тыю деген сөз.
Оразада ауызға
кірген нәрселерге мұқият бо-
лумен қатар ауыздан шығатын сөзге де абай болу
керек. Өсек айтудан, біреуді ренжітуден аулақ бо-
лып, оразаның сауабын азайтатын жағдайлардан
сақтанғанымыз дұрыс.
Пайғамбарымыздан (с.а.у.)
«Ораза ұстаған кісі
оразасына қайтіп зиян келтіреді?»
- деп сұрағанда;
«Өтірік айтумен және ғайбат сөзбен…»
-
деп жауап
берген.
Өйткені, адамдар күндіз халал азық-түліктерден
өздерін мақрұм етіп ораза ұстағанымен өтірік-өсек,
ғайбат сөздер айтатын болса,
рухани мағынада
адам етін жеп ауыз ашқандай болып саналады.
Яғни, ғайбат, өтірік т.с.с. айтқан пенде ұстаған
оразасына
зиян келтіріп, сауабынан құр қалады.
Сондықтан сауабы былғанған оразалар мен на-
маздар туралы ардақты Пайғамбар (с.а.у.) былай
деген:
7
Ораза
«Қаншама ораза ұстағандар бар, олар өз оразасы-
нан аш қалудан басқа ештеңе таппайды! Түндерді на-
мазбен өткізген талай адам бар, бірақ оларға намазда-
ры ұйқысыз қалудан басқа ешқандай нәрсе әкелмейді!»
(Муъжамут-Табарани)
.
Оразаның сауабы тек Аллаһ тағалаға ғана аян.
Құдси хадисте:
«Адам баласы әр істеген амалын өзі үшін орын-
Достарыңызбен бөлісу: