44
зекет
намаздың жоқ екендігі Хазірет Пайғамбардың
(с.а.у.) баяны бойынша белгіленген:
«Намаз
оқығанымен зекет бермеген адамның намазы жоқ!»
(Мунауи, Кунузул-Хақайқ 143)
(Яғни, намазы оны
жақсылыққа жеткізбейді).
Сондықтан Халифа Әбу Бәкір (р.а.) на-
маз оқығанымен зекет бермегендердің осы
әрекеттерінен оларды діннен шыққан (мүртәд) деп
қабылдап, оларға соғыс ашқан. Өйткені, зекет –
жағдайы болғанның әл-ауқаты нашар кісілерге
Аллаһ Тағланың белгілеген қарызы. Аятта бы-
лай айтылады:
«Мұқтаждың немесе ар-намысынан
себеп, ұялып сұрай алмағанның дүние-байлықта
белгілі бір хақы бар»
(Зарият сүресі, 19-аят)
.
Ал, Аллаһ Расулі (с.а.у.) былай дейді:
«Малыңның
зекетін бергенде кедейдің малыңдағы ақысын төлеген
боласың»
(Тирмизи)
.
Сондықтан зекет нисаб мөлшерінен артық мал-
мүлікке ие болғандардың кедейлерге құдайы салық
ретінде байлықтарының бір бөлігін беріп қалған
малдарын адал қылуы деп табылады. Зекет арқылы
қауымда тұрақты деңгей, әділет пайда болады.
Байдың дәулеті тазарады. Мал-мүлкі толығымен
иесіне халал болады. Бұл жағдайды аңғару үшін:
«…
Зекет бергендер де тазарып құтылды»
(Мүминун сүресі,
4-аят)
деген аятқа назар аударуымыз қажет.
Зекет берген кісі мен алған кісінің арасын-
да сүйіспеншілік пайда болып, әрі жақындық
күшейе түседі. Зекет мұқтаждарға берілетін
45
зекет
иләһи салықтың ең аз мөлшері. Кәміл иман
иелері жомарттық танытып дәулеттерін садақа
тарату арқылы немесе басқа қайырымдылық
жұмыстарымен әшекейлендіреді.
Дүниеде бұрынғы заманнан қазіргі күнімізге
дейін бай-кедей таласы болып келе жатыр.
Көбінесе кедейлер байларға қарсы кек сақтап
қызғанышпен қараған, байлар да кедейлерді төмен
деңгейдегі жаман кісілер деп көріп тәкаппарлықпен
менсінбеушілік танытқан. Ал Хақ дінді насихат-
таушы Исламда қамқорлық, мейірімділік және
бауырластық туралы үгіттерден зекет беру, садақа
тарату және әр түрлі қайыр істерін жасау сияқты
қоғамдық өмірге қамқорлық сәулесін шашқан
дәуірлер болған. Бүгін зекет дәл ме дәл есептеліп
берілсе, қоғамда кедейлікпен қайғыда жүрген адам
саны жоқ боларлықтай азаяр еді.
Халифа Омар бин Абдуләзиз дәуірінде
қала әкімдері «зекет алатын ешкімді таба
алмағандықтарын» білдіріп халифадан ақыл
сұраған. Өйткені, бүкіл байлар зекет қарыздарын
төлеп жатқан. Сондықтан Омар бин Абдуләзиз
дәуірі төрт халифадан кейінгі ең жарқын дәуір деп
саналады. Осы ахуал мал-мүліктің және жанның
Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін жұмсалуының
мейірім көріністері.
Шын мәнінде, зекет Исламның адамзатқа
сыйлаған өте ұлы негіздердің бірі. Зекет
|