39
Ораза
б) Ораза адамды сабырлы болуға үйретеді
Ораза ұстау арқылы белгілі бір уақыт өзін
ішіп-жеуден тыйып, сабырлылыққа үйреткен адам
өмірде кездесетін қиыншылықтарға оңайлықпен
мойымайды. Қайғы-қасіреттерге шыдайды. Керек
болса дұшпанмен соғысудан тайынбай сол жолда
кездесетін қиыншылықтарға төзе біледі.
в) Ораза ұстау адамның денсаулығын жақсар-
тады
Бұл жайында сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.)
былай дейді:
«Ораза ұстаңдар дендерің сау болады»
(Кәшфул Хафа, ІІ том 33 б.)
.
Жылдың он екі айында ас қорытумен шар-
шап, бөгіп қалған денедегі ас қорыту мүшелері
оразаның арқасында демалады. Рамазаннан кейін
жақсы жұмыс істей бастайды. Ғалымдар оразаның
денсаулық тұрғысынан организмге пайдалы екенін
анықтаған. Нобель сыйлығының иегері Француз
ғалымы, доктор Алексей Корель ораза жайында
былай дейді: «Ораза кезінде, денеде жинақталып
қалған, қоректік заттар іске қосылады. Содан
кейін олардың орнына жаңалары келеді. Осылай-
ша денеде жаңару іске асады. Ораза денсаулық
тұрғысынан өте пайдалы»
(Хаят энцеклопедиясы,
«Ораза» бөлімі)
.
г) Ораза адамдарға нығметтердің қадірін білуді
үйретеді
Адам қолында бар нығметтердің қадірін тек
қолынан шығып кеткенде ғана біледі, кеш түсінеді.
40
Ораза
Бірақ, болар іс болған соң оның еш пайдасы болмай
қалады. Ораза ұстау арқылы адам нығметтердің
қадірін әлдеқайда түсінетін болады. Бұл түсінік
адамға қолындағы дәулет, нығметтердің қадірін
біліп, оны берген Аллаһқа шүкір етуді үйретеді.
ІІ БӨЛІМ
зекет
|