42
зекет
зекет деГеН Не?
Бұл өмір сынақ болғандықтан Аллаһ Тағала
адамдарға әр түрлі сынақ түрлерін беріп қойған.
Біреулер байлықпен сыналса, енді біреулері кедей-
лікпен сыналуда. Кедейдің міндеті шүкіршілікпен
сабыр сақтау болса, байдың міндеті өз қолындағы
аманатты мұқтаждармен бөлісу.
Аллаһ Тағала былай айтқан:
«… Дүние өміріндегі
адамзаттың тіршіліктегі несібелерін араларын-
да біз үлестірдік. Бір-біріне жұмыс істеулері үшін
де кейбіреуінің тіршілігін басқасына қарағанда
бірнеше есе артық қылдық. (Бірақ) Раббыңның
рақымы
олардың
жиған-тергендерінен
өте
қайырлы»
(Зұһруф сүресі, 32-аят)
.
Осы аяттың баяны бойынша мал-мүліктің
үлестірілуінде айырмашылықтар бар, бірақ
жауапкершіліктер де соған қарай белгіленіп,
әлеуметтік деңгейдің сақталуы көзделген. Яғни:
дәулетті болғандар байлықтарының нәтижесінде
қоғамдағы
азғындықтардың
алдын
алса,
мұқтаждардың да байларға қызғаныш пен кек
сақтау сияқты жаман пиғылдарына кедергі болып
43
зекет
әлеуметтік деңгейді сақтау көпірі болғандықтан
«зекет» парыз болған. Ислами қоғамда бай мен
кедей арасындағы деңгейді және сүйіспеншілікті
қамтамасыз ету үшін зекет ғибадаты өте маңызды
орынға ие. Бай кісі мал-мүлкін қайдан тауып,
қайда жұмсағаны жайында, Аллаһ Тағаланың ал-
дында есепке тартылады. Ол дәулетінің белгілі
бір бөлігін кедейлерге беруге міндетті болуымен
үлкен сынақта. Сонымен қатар, басқа құлшылық
міндеттерімен бірге осы сынақтан сүрінбей өтсе,
Аллаһтың ризалығына және жәннаттағы игіліктер-
ге қол жеткізеді. Кедей кісі де, жоқшылықтағы
сабырсыздығы, наразылығы, адамдарға масыл
болуы, қажет болмаған сұраныстары, қызғанышы
мен өзінде болған нашар мүмкіндікті қабылдамай,
Аллаһқа қарсы келуі сияқты жағдайлармен,
сондай-ақ мінез-құлқы мен ар-намысын сақтағаны
не сақтай алмағаны жөнінен есепке тартылады.
Егер есептің нәтижесі Аллаһтың ризалығы болып
шықса, оның дүниеде көрген қиыншылығы мәңгі
болған ақырет бақытына айналады.
Зекет Құран Кәрімде 27 жерде намазбен бірге
ескертіледі. Осынша көп ескертілуі оған берілген
маңыздылықты көрсетеді. Жалғыз бір жерде
ғана (Мүминун сүресінде) намаз зекеттен бөлек
түрде ескертіледі, сонда да намаз оқығандардың
зекет бергендері баяндалады. Негізінде амалдар
бір-бірінен бөлек, яғни біреуінің орындалмауы
орындалған ғибадатты жоймайтынымен зекетсіз
|