18
Ораза
ден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын»
, - де-
ген
(Бақара сүресі, 185-аят)
. Міне, осыған байланыс-
ты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
«Жаңа
туған айды көрген бойда ораза ұстаңдар! Жаңа
туған айды көрген бойда ауыз бекітіңдер! Ал, егер
ол сендерге көрінбесе, онда отыз күнді санаңдар»
(Мүслим)
.
Жаңа туған айды көрген елдің мұсылмандары
ораза тұтуды бастауы тиіс. Географиялық жағдайға
байланысты жаңа айдың көрінуі әр елде әрқилы
болуы мүмкін (мәселен,
Еуропаға қарағанда
Азияда, Америкаға қарағанда Африкада жаңа
айдың пайда болуында елеулі айырмашылық бар),
сондықтан әрбір ел немесе әрбір өлке тұрғындары
оразаның басталу уақытын өздері белгілейді. Ал,
егер жер жүзіндегі барлық елдердің мұсылмандары
қайсыбір елде жарты ай көрінсе, соған байланыс-
ты ораза тұтуды бірдей бастаса,
онда Исламның
біртұтастығы және бауырластығы секілді бір
ерекшелігі көрінері хақ.
Рамазан айының басталуын білдіретін жаңа
айды көрген бір не
екі әділ адамның куәлігі
жеткілікті. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі бұл
жағдайда бір адамның куәлігі де жеткілікті
деп санаған. Ал
Шәууәл айындағы жаңа айды
көргендігі туралы, яғни ауыз ашып жіберетін күнді
белгілеуге байланысты куәлік ету – кемінде екі
әділ адамның қатысуымен жүзеге асырылады
.
19
Ораза
Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.)
ауыз ашатын
уақыттың басталуын белгілеуге бір әділ адамның
куәлігі жеткіліксіз болатындығын ескерткен.
Осы мүбарак мейірімі мол жарылқану айын-
да назар аударылатын жағдайлардың бірі – Қадір
Түнін ғибадатпен өткізу.
Қадір Түні Аллаһ Тағаланың Мұхаммед (с.а.у.)
үмбетіне шексіз мейірімін төккен өзгеше сый түні.
Осы түнде талай рухани қазыналар сыйлануда. Бұл
түннің ұлылығына қарай арнайы сүре түскен.
Қадір Түні Құран Кәрім (сол түнде) түскендіктен
нұрланған, Жәбірейл
мен басқа періштелердің
жер бетіне түсуімен де рухани ұлылыққа жет-
кен. Мүминдерге көзбен көрілмейтін нұранилер
(періштелер) тарапынан сәлем берілген бұл түн;
сауап пен берекетке толы ілтипат түні,
Құдай
Тағаланың құлдарына деген мейірім түні және
Рамазан айының көктем мезгілі. Һәм Хазірет
Пайғамбардан (с.а.у.) қалған, руханиятқа толы
мейірім және жарылқау ескерткіші болған түн.
Хадис шәріпте:
«Қадір түнін ерекшелігіне және
қасиетіне сеніп, сауабын тек қана Аллаһтан күтіп
ғибадатпен өткізген кісінің өткендегі істеген (құл
ақысынан тыс) бүкіл күнәлары кешіріледі»
,
(Бұхари, Саум
6)
- деп айтылған.
Бізді Қадір Түнінің ақиқатына тек қана,
дүниелік мақсаттар араластырылмаған; рия,
мақтану сияқты
ластармен кірленбеген және