Ораза зекет Садақа


жақсылығының он есе артығы бар»



Pdf көрінісі
бет42/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

жақсылығының он есе артығы бар»
(Әнғам сүресі, 160-
аят)
деген аятын оқып, бұл Аллаһтың бізге берген 
уәдесі. Біз сол алты дирхамды бердік. Аллаһ Тағала 
да он есе артығымен сыйын берді! 
Бәззар, Әбу Һұрайрадан (р.а.) былай дегенін 
риуаят етеді: «Бірде Расулуллаһ (с.а.у.) бір қой сой-
ып көршілерге таратуды бұйырды. Ет көршілерге 
таратылды. Бір қол еті Хазірет Пайғамбарға алып 
келінді. Айша анамыз (р.а): «Қойдың тек бір қол 
еті ғана өзімізге қалды», деді. Сонда Расулуллаһ 
(с.а.у.) 
«Қол етінен басқасының бәрі бізге мәңгі бақи 
қалыпты»
- деді.
қайЫр-Садақа СҰраУ
Ислам діні мұқтаждарға басқалардан бір нәрсе 
сұрауларына тыйым салмағанымен әдептілік 
жағынан қолдамаған. Ұялмай кез келгеннен 
сұрауды үйреніп алғандар туралы Аллаһ Тағала 
Құран Кәрімде былай айтқан: 
«Садақалар тура-
лы саған сөз айтқандар бар. Егер оларға берілсе 
қуанады да, берілмесе дереу ашулана кетеді»
(Тәубе 
сүресі, 58-аят)
.
Хазірет 
Пайғамбарға 
(с.а.у.) 
осындай 
адамдардың бірі келіп зекеттен бір нәрсе сұрағанда 
оған: «Хақ Тағала зекет малдарын бөліп беру 
билігін ешбір адамға, тіпті Пайғамбарының арман-
қалауына да бермеген. Зекет малдары жұмсалатын 


77
Садақа
сегіз топ жерді көрсеткен. Егер сен осы топтың 
біреуінен болсаң, сонда ғана зекет малынан 
үлесіңді ала аласың» - деп айтқан.
Ислам тек қана ерекше қиындық кездерінде 
және шарасы болмаған жағдайларда қайыр сұрауға 
рұқсат еткен. Өйткені, елге қол жайып жүру 
негізінде адамды қорлайтын, абыройын түсіретін іс.
Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) былай деген: 
«Ке-
дей бір жапырақ нанды ана есіктен мына есікке барып 
тапқан кісі емес»
.
Сонда сахабалар: «Уа, Расулуллаһ! Ондай бол-
са кедей дегеніміз кім?» - деп сұрады.
Пайғамбар (с.а.у.): 
«Кедей мұқтаждықпен азап 
шегіп жүрген халде қажетін айтпаған, ешкімнен бір 
нәрсе сұрамаған кісі» 
(Мүслим, Зекет, Мискин бабы)
, - деп 
жауап берді. 
Пайғамбар (с.а.у.) осы сөздерімен мына 
жағдайды баяндаған: «Кез келген адамнан сұрай 
бергендер қалай да болмасын бір нәрсе та-
бады. Ал өз ахуалдарын жасырып сабырмен, 
қанағатшылдықпен пақыр өмір сүргендер туралы 
немқұрайды болмай, оларға көңіл аудару қажет. 
Өз халдерін жасырып айта алмай жүргендерге 
жұмсалатын инфақтың маңыздылығы Құран 
Кәрімде де баяндалған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет