78
Я.Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам
тарихын зерттеуде орасан зор рөл атқаратынын баса айтады. Тіл дамуындағы
заңдылық дегенді сөйлеудегі
дыбыстардың өзгеру заңдылықтары
ретінде
түсіндірді. Тіл білімі тарихында алғаш рет тіл дыбыстарында болатын
өзгерістердің заңдылығын дәлелдеп берді.
Бұл саладағы Гримм ашқан
заңдылық ХІХ ғасыр лингвистикасының елеулі табысы болды. Тіл ғылымында
фонетиканың өз алдына жеке бір сала болып қалыптасуына игі әсерін тигізді.
Осылайша тіл білімінде
Гримм заңы
деп аталатын теория қалыптасты. Гримм
заңының мәні мынада:
- көне үнді, грек, латын тілдеріндегі қатаң дауыссыздарға герман ата тіліндегі
қатаң фрикативтілер сәйкес келеді;
- көне үнді тіліндегі ұяң дауыссыздары мен ертедегі гректің қатаң
дауыссыздарына жалпы герман тіліндегі b, d, g фонемалары сәйкес келеді;
- көне үнді, грек, латын тілдеріндегі жалаң ұяң дауыссыздарына жалпы герман
тілдеріндегі p, t, k дауыссыздары сәйкес келеді.
Сонымен қатар1820 жылы жарияланған А.Х.Востоковтың «Славян тілдері
жөніндегі пікірлер» деген еңбегінде славян тілдері фактілерін өзара салыстыра
зерттеу арқылы
олардың арасындағы ұқсастық, өзгешелікті көрсетеді. ХІХ
ғасырдың ІІ жартысында салыстырмалы-тарихи әдісті орыс тіл білімінде
кеңірек қолданған ғалымның бірі – Бодуэн де Куртенэ. Тіл тарихында аналогия
бойынша даму заңдылықтары, тілдік өзгерістерді зерттеудің негізгі тәсіліне
айналған
хронология принципін ұсынды; жазуы жоқ диалектілерді зерттеді,
соның нәтижесінде диалектологияны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің
негізгі бөлімдерінің біріне айналдырды.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімін қалыптастыруда Ф.Бопп, Я.Гримм
есімдерімен қатар тұратын көрнекті ғалым – Вильгельм фон Гумбольдт
саналады.Ол санскрит, қытай, малай, Америка үндістерінің тілдерін зерттеген.
Тілдің құрылымы,
тіл мен мәдениет, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл
ғылымындағы антропоөзектік принциптің қалыптасуы сияқты мәселелер В.
фон Гумбольдт есімімен байланысты.
Жалпы алғанда, тіл тарихы әр кезеңдегі тілдің жай-күйін өзара салыстыра
зерттеу арқылы іске асырылады. Салыстыра-салғастыра зерттеу арқылы тілдік
таңбалардың өн бойындағы тұлғалық және мағыналық өзгерістер нәтижесі
алынады. Бұл өз кезегінде, тілдің тарихи даму
сипатын айқындауда маңызды
болмақ.