Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Дескриптивті лингвистика –



Pdf көрінісі
бет109/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

Дескриптивті лингвистика – жалпы структуралды тіл білімі аясында ХХғ. 
30-50 жылдары пайда болып, жедел дамыған Америка тіл біліміндегі 
бағыттардың бірі. 
Дистрибутивті талдау – мәтіндегі жеке тіл бірліктерінің орналасқан 
айналасын, сол ортада жекеленуін, алатын орнынзерттеуге негізделген, бірақ 
олардың лексикалық я грамматикалық мағыналарына мән бермейтін әдіс. 
Денотат – тілдік бірлік арқылы белгіленетін шындықтың көптеген белгілері. 
Денотаттық мағына – әртүрлі реңк тудыратын үстеме мағынадан тыс сөздің 
негізгі мағынасы.
Деривация – бастапқы тіл бірліктерінің негізінде басқа тіл бірліктерін жасау 
процесі.
Деривациялық мағына – өз алдына дербес қолданылмайтын сөзжасам 
жұрнақтары білдіретін үстеме мағына. Ол арқылы сөздің лексикалық 
мағынасына өзгерістер енеді. 
Дублет (фр. doublet – екі еселенген) – мағыналық толық сәйкесетікке 
негізделген, қолданыста стильдік мәні жағынан ерекшеленетін, морфемдік 
құрамы әр басқа лексикалық бірліктер. 


157 
Дыбысқа еліктеу теориясы (ономатопоэтикалық теория) – тілдің шығуы 
туралы теориялардың бірі. Бұл теория бойынша, тіл адамның табиғи дыбыстық 
және дыбыстық емес белгілерге еліктеуінен туған.
Диссимиляция – ассимиляцияға қарама-қарсыкомбинаторлық өзгерістің бір 
түрі. Сөз ішінде қатар келген ұқсас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде 
өзге дыбысқа айналуы.
Диалектология – белгілі бір тілдегі диалектілер мен говорлардың қазіргі 
қалпын, тарихын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.  
Диалект – біртұтас жүйенің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) 
ерекшелігімен сипатталатын тілдің территориялық немесе әлеуметтік бір түрі.
Диалектологиялық атлас - тілді лингвистикалық география әдісімен
зерттеу нәтижесінде жасалған карталар жиынтығы. ХХ ғ. ІІ-жарт. «Жалпы 
славян тілдерінің атласын», «Еуропа лингвистикалық атласын», «КСРО-дағы 
түркі тілдерінің диалектологиялық атласын» жасау жұмысы басталып
алғашқы түрлері жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет