Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет20/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131

Қазақ 
тіл 
біліміндегі 
сегментті 
және 
суперсегментті 
фонетика.Қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесі тек сегментті фонетиканың 


34 
аясында емес суперсегментті фонетика тұрғысынан да зерттеліп жатыр. Себебі 
тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, сөздердің 
дыбыстар тіркесімінен ғана тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегментті 
деңгейін, яғни сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да 
қамтиды.
Суперсегментті фонетика−сөйлеу тілінің интонациялық жүйесін, 
интонациялық бірліктер ретінде танылатын әуен, қарқын, интенсивтілік, 
ырғақ, екпін, ұзақтылық, дауыс реңкі сияқты компоненттерді синтаксис, 
семантика 
салаларымен 
байланыста 
қарастырады. 
Интонацияның 
компоненттерін, жоғарыда көрсетілгендей, әуен (мелодика), пауза, қарқын 
(темп), екпін, ырғақ, дүркінділік, тембр, тон құрайды. Дүние жүзі тілдеріне 
тән интонацияның универсалды компоненттерінің бірі әуен болып табылады. 
Әрбір тілдің ауызекі сөйлеу тіліндегі әуен ерекшелігіне қарай бір тілді екінші 
бір тілден ажыратып тануға болады. Әуеннің сөйлеу тілінің ағынын жіктеуде, 
сөйлемнің коммуникативтік түрлері мен стильдік ерекшеліктерін айқындауда, 
сөйлемнің логикалық және эмоциялық мазмұнын жеткізуде маңызы зор. Сол 
сияқты сөйлеу үдерісінде тонның да қызметі ерекше. Сөйлеу тіліндегі 
қарқындылыққа қарай айтылатын ақпарат мазмұнының қаншалықты маңызы 
бар екендігін анықтауға болады. Егер жеткізілетін ақпарат маңызды болса, 
онда cол ақпарат баяу қарқынмен айтылады.
Қазіргі тілтаным жүйесінде интонацияны өз алдына жеке бір тілдік 
құбылыс ретінде арнайы зерттейтін интонология ғылымы қалыптасты. Қазақ 
тіл 
білімінде 
интонология 
мәселесі 
З.Базарбаеваның 
еңбектерінде 
қарастырылады. Ғалымның айтуынша, сегментті бөлшектерді, яғни 
фонемаларды фонология зерттейтін болса, сингемаларды –сингармонология, 
ал суперсегментті бөлшектерді –интонемаларды интонология зерттейді. Тілдік 
жүйеде интонацияның өзіндік мағынаға ие болатын бірліктері интонема деп 
аталады. Интонемалар сөйлемді ажырататын ең кіші функциялық бірлік 
ретінде қарастырылады. Мәселен, бір сөзден құралатын атаулы сөйлемді 
сөйлем етіп тұрған оның интонациясы екені анық. Тілдік жүйедегі жай және 
құрмалас сөйлемнің өзіндік интонациялық ерекшеліктері болады. Бір сөздің 
айтылу интонациясына қарап, ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын 
білу адамға қиындық тудырмайды. Сондықтан интонацияның сөйлеуде, сөзден 
бұрын пайда болғанын мойындай отырып, оның кейінгі сөйлеу тіліндегі 
мәнінің зор екенін де баса айту керек (3,105). Әр сөйлемнің өзіне тән 
коммуникативтік функцияны толық атқару үшін интонеманың мәні ерекше. 
Интонеманың негізгі қызметі сөйлемді ажырату болып табылады. 
Интонемалар сөйлеушінің интенциясына байланысты түрлі варианттарда 
көрініс табады. Сөйлемнің әр алуан құрылымдық-коммуникативтік түрлеріне 
жан-жақты экспериментті-фонетикалық зерттеулер жүргізудің нәтижесінде 


35 
қазіргі қазақ тілінде сегіз түрлі интонема бар екені дәлелденді. Қазақ тілінің 
интонемалары: 
- жалпы сұрақ интонемасы; 
- лепті сөйлемнің интонемасы; 
- қыстырма сегменттердің интонемасы; 
- қатал бұйрықты сөйлемнің интонемасы; 
- арнаулы сұраулы сөйлемнің интонемасы; 
- сыпайы бұйрықты сөйлемнің интонемасы; 
- ойдың аяқталғанын білдіретін тиянақты интонема;
- ойдың аяқталмағанын білдіретін тиянақсыз интонема (3, 124‒125). 
Синтагманың соңғы сөзіне түсетін тонның бәсеңдеуі, тиянақты әуені 
барлық тілдерде сөздің аяқталуының белгісі болып табылады, ал фразаның 
соңындағы тонның көтерілуі аяқталмағандығын білдіреді. Қарқынның баяу, 
байсалды болуы ақпараттың маңыздылығынан хабар береді, ал қарқынның 
жылдам, тез болуы оның мәнінің шамалы екенін айқындайды. Әр тілдегі 
просодикалық тәсілдердің көрінісі сол тілдің интонациясының жалпы 
ерекшелігіне байланысты болатыны анық. Мысалы, орыс тілі интонациясының 
ерекшелігін түзетін нәрсе ‒сөз екпіні екені белгілі. Орыс тілінің динамикалық 
сөз екпінінің сөздердің морфологиялық құрамын ажыратуда ғана емес, 
олардың негізгі мазмұнын да анықтайды. Қазақ тілінде синтагманың соңғы 
сөзіне түсетін синтагмалық екпін түрі бар.
Жалпы тіл білімінде интонацияның атқаратын негізгі функциясын 
төмендегідей көрсетуге болады: 
- мазмұнның өзгешеліктерін ажырату; 
- әртүрлі эмоцияларды дифференциялау; 
- жеке коммуникативтік типтерін ажырату; 
- сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтау; 
- сөйлемдерді, синтагмаларды мәтінде бір-бірінен айырып, бөліп алу және 
қосу. 
Өзара тығыз байланысты болып келетін интонацияның функцияларын 
ешқашан бір-бірінен ажыратып, бөлек қарауға болмайды. Сөйлеушінің алдына 
қойған мақсаттарына қарай, сөйлемдегі интонация функциясының қолданылуы 
да түрленіп тұрады. 
Екпін және оның түрлері. Екпін ‒сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың 
басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. Сөз ішіндегі бір 
буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады, қазақ тілінде сөз екпіні, 
негізінен соңғы буынға түседі. Мәселен, Зере, мектеп, үй, қайту дегендегі сөз 
екпіні соңғы тұрған дауысты дыбысқа түседі. Тіл-тілде сөз екпінінен басқа 
фразалық екпін болады. Сөйлеу процесінде сөздер бір-бірімен тіркесіп, 


36 
айтылуы жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз 
тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Фразалық екпін орын 
тәртібі және дауыс ырғағы арқылы байланысатын тіркес құрамында кездеседі.
 Сөзде белгілі бір буынға екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты,
сөйлем ішінде белгілі бір сөзге ерекше назар аударылып айтылатыны бар. 
Сөйлемде ерекше назар аударыла айтылған сөзге ой екпіні түседі де, ерекше 
әуенмен айтылады. Мұндай екпін түрі логикалық екпін деп айтылады. 
Логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғаны контекстен, оның мазмұнынан 
аңғарылады. Ауызекі сөйлеуде логикалық екпін сөйлеушінің қай сөзге 
айрықша назар аударуды қажет санап тұрғанын ажыратуға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет