Орфографиялық СӨздік


§ 23. Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады: Мысалы



бет128/132
Дата01.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#54172
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік


§ 23. Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады: Мысалы: жаза бер, жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды.
§ 24. Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: қызмет ету, жұмыс қылу, жәрдем ету, шап ету, лап қою, man беру, қол шапалақтау, ду ете түсу, баж ету.
§ 25. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады.
Мысалы: таяқ жеді, бас тартты, бас бұрды, қол жалғады, қол ұшын берді.
Ескерту. а) Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі -ты, (-ті,ды,
-ді) қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе -па (-пе, -ба, -бе) қосымшалы сөз болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады (олар сөздікте көрсетілді). Мысалы: алыпқашпа (сөз), жүрекжарды (қуанышты хабар), жолсоқты (болу), қағазбасты (болу), пышақкесті (тыйылу), бау- кеспе (ұры);
е) о баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанымен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен тұлғалар қосылып жазылады. Мысалы: ақсақал, атқамінер, көзқарас, ақсүйек, ойтолғақ, ойтүрткі (бұ- лар емле сөздіктерінде көрсетіледі);
б) әртүрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жеке сөзге айналған есімді тұрақты тіркестердің түбір қалпы да, қосымшалы түрі де бірге жазылады, мысалы: ержүрек, ержүректік, ақниет, ақниеттік, дүние- қоңыз, дүниеқоңыздық, дүниеқоңыздану, ақкөңіл, ақкөңілдік, жанпида, жанпидалық, алақол, алақолдық т.б.

БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР


§ 26. Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер, түрегелді, ерғашты, жарғанат, алтатар, көгөніс, қыргүйек, шегара, көгала (мылжың), көгала (қойдай сабау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет